Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 21:13, реферат

Описание работы

Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік таңдауының негізгі экологиялық құқық бұзушылықты жасау болып табылады , одан экологиялық құқықтың нормаларын реттеуді бұзатын құқыққа қарсы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік, мемлекетке,табиғат пайдаланушыға және қоршаған ортаға зиян келтіретін,ал осы арқылы адамның денсаулығына да, не осындай зиян келтірудің нақты мазмұны болатын қоғамдық қатынастар түсініледі.

Содержание

Кіріспе
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік ұғымы және жалпы сипаттамасы
Экологиялық тәртіп бұзушылықтың ұғымы мен жалпы сипаттамасы
Экологиялық құқық бұзушылық
Тәртіптік жауапкершілік
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің түрлері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік.doc

— 63.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  Білім Және Ғылым  Мининстрлігі

Д.А.Қонаев атындағы Университеті 
 
 
 
 
 

Реферат

Тақырыбы:  Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік 
 
 
 
 

                                             

                                                      Тексерген: Құрманалиева.Э.Б

                                                                       Орындаған: Қалданова.Б  

                                                   Алматы,2011 ж 

ЖОСПАР

      1. Кіріспе
  1. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік ұғымы және жалпы сипаттамасы
  1. Экологиялық  тәртіп бұзушылықтың ұғымы мен жалпы сипаттамасы
  2. Экологиялық құқық бұзушылық
  3. Тәртіптік жауапкершілік
  4. Қоршаған ортаны  қорғау туралы заңды бұзғаны үшін  заңдық жауапкершіліктің түрлері
      1. Қорытынды
      1. Пайдаланған әдебиеттер

      
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Кіріспе 

     Экологиялық заңнаманы бұзғаны  үшін заңдық жауапкершілік таңдауының негізгі экологиялық құқық  бұзушылықты жасау  болып табылады , одан экологиялық құқықтың нормаларын реттеуді бұзатын құқыққа  қарсы  кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік, мемлекетке,табиғат  пайдаланушыға және қоршаған ортаға зиян келтіретін,ал осы арқылы адамның денсаулығына  да, не осындай зиян  келтірудің нақты мазмұны  болатын  қоғамдық қатынастар түсініледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін  тәртіптік жауапкершілік ұғымы және жалпы сипаттамасы

  

  Заңды тұлғалардың,сондай-ақ азаматтардың  тарапынан экологиялық заңнаманы сақтаудың маңызды шарты табиғитты қорғау мен қоршаған ортаны ұтымды пайдалану туралы  нормалар мен ережелерді бұзғаны үшін жауапкершіліктің мемлекеттік шараларын белгілеу болып табылады.Бұл салада заңсыз аң аулау мен су кәсіпшіліктерімен заңсыз айналысу  фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің елеулі саны байқалады.Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің  деректері бойынша экологиялық заңды бұзғаны үшін жыл сайын кінәлі  адамдардан  экологиялық айыппұлдар мен төлемдер ретінде 600 млн.астам теңге алынады.Сонымен бірге, жауапкершілік шараларын қолдану тиімді  болмай отыр.  Адамды қоршаған табиғат ортасы өзінің құрамдас бөліктерін-жерді,суды,орманды,жер қойнауын,жануарлар дүниесі мен атмосфералық ауаны біріктіретін кешен болып табылады. Осыданда экологиялық жауапкершілік шараларын реттейтін нормалар да ерекше сипатқа  ие болады.Табиғат объектісі туралы әрбір кодексте жер,су,орман, так-кен заңнамалары және т.б. бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Экологиялық құқық бұзушылық субъективтік жағы кінәлі адам жасалған қылмысқа ,оның себептеріне,мүдделеріне қатысымен сипатталады.Экологилық  жауапкершіліктің міндетті  факторы бұзушының кінәсі болып табылады.Мұндай да қолданыстағы заңнама кінәннің екі нысанасы-жанама ниет және абайсыздықты көздейді .Егер кінәлі  адам табиғатқа немесе табиғат пайдаланушыларға  зиян келтіретін  әрекет жасаған және ол мұұны ұғынып,осыған ниет етсе,онда біз тікелей ниетті қарастырамыз.Егер кінәлі адам келеңсіз салдарлардың басталуына  жол беретін болса,оның құқыққа қарсы  әрекеттерін  тергеуінде жанама ниет көрініс береді. Абайсыздық дегеніміз- кінәлі адам өзінің мінез-құлқының салдарларын алдын ала білуге  тиім болдған,бірақ бұған байыпсыз қараған кезде ұқыпсыз мінез-құлықты білдіреді. Мысалы, отқа немесе аса қауіптің шығу көзіне ұқыпсыз қараудың нәтижесінде  орман алқаптарын абайсызда жою немесе зақымдау.Экологиялық жауапкекршілік шараларын  қолдану үшін экологиялық құқық бұзушылықтың барлық белгілерінің  және барлық элементтерінің болуы қажет. Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері табиғат объектісіне қарай бөлінеді.Олар мыналарға:

    1. Жер құқық бұзушылығы;
    2. Су құқық бұзушылығы;
    3. Орман құқық бұзушылығы;
    4. Тау –кен құқық бұзушылығы ;
    5. Жнауарлар дүниесін қорғау мен пайдалану жөніндегі құқық бұзушылығы (фауналық құқық бұзушылықтары);
    6. Ауаны қорғау құқық бұзушылығы болып бөлінеді

     Экологиялық құқық бұзушылық  түрлерінің әрқайсынына  жер,су,орман,және т.б. заңдарының үлкен  тобы жатады,олардың  тізбесі табиғаттың осы оюъектілері туралы кодекстерде келтіріледі.Бұл ретте,экологиялық құқық бұзушылықтың бір-бірінен өзгеше ерекшеліктері болады,олар туралы объектілердің құқық бұзушылықтарын талдау кезінде төменде айтылатын болады.Экология заңдарын бұзу дегеніміз - белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік айтамыз.Экологиялық құқық бұзушылықтың объектісіне айналадағы табиғи ортаны қорғау және сақтаумен байланысты қоғамдық қатынастар жатады. Бұл қатынастар өзінің мазмұнына қарай табиғи ресурстарға меншік құқығын, таб пайдалану құқығы, айналадағы табиғи ортаны зиянды зардаптардан қорғау, экологиялық құқықты және адамдар мен азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және т.б болып табылады.Экологиялық құқық бұзушылықтың субъектісіне заңды, жеке тұлғалар, соның ішінде ҚР-сының аумағындағы құқық бұзған ел азаматтары және изаңды тұлғалары жатады.Экологиялық құқық бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік дегеніміз- мемлекет және оның органнаң заңның және заңдық тәртіптің сақталуы үшін, құқық бұзушыға қолданылатын мәжбүрлеу шараларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығын айтамыз.Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік-құқық бұзушылық туралы заңмен қарастырылған, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау болып табылады.Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексінің 19 тарауында "қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық” берілген. Мұнда барлығы 67 құқық бұзушылықтың құрамы берілген.

   Тәртіптік жауапкершілік жұмыскерге өндіріс, мееме және ұйым әкімшіліктердің тәртіпті талап ету шараларын қолдану арқылы жүзеге асырады.Тәртіпті талап етудің негізгі түрлеріне, ескерту,сөгіс қатаң сөгіс, жұмыстан шығару жатады.Тәртіптік жауапкершіліктің ерекше сипаты тәртіптік жауапкершілік шарасы қолданылатын құқық бұзған адамның ұйымға бағынуы. Азаматтық құқық жауапкершілік дүние мүлкіне, зиянды өтеуінің және т.б. тиімсіз шараларды көрсететін құқық бұзушыға қолданылатын шаралар.

   Азаматтық-құқық жауапкершілік өтемелі сипатта болады, себебі ол несие берушінің бұзылған мүліктік құқығы мен мүддесін қайтадан жөндеуге бағытталған. Ол құқық бұзушымен келтірілген зиянды толығымен өтеу принципіне негізделген.

   ҚР-ның Азаматтық Кодексі зиянды өтеудің 2 түрлі тәсілін қарастырған іс-жүзінде және ақшалай. Зиянды өтеудің іс-жүзіндегі түрі сирек қолданылады және оған кейде ұзақ уақыт керек.Мысалы: тал шыбықтарын отырғызы арқылы орманды қалпына келтіру.

  Қылмыстық жауаптылық мемлекет тарапынан қатаң шаралар қолдану арқылы сипатталады.Ол қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға қылмыстық заңның негізінде Сот тәртібімен тағайындалады.Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың түрлеріне бас бостандығынан айыру, айыппұл салу, түзету жұмыстары және т.б. саналады.Қоршаған ортаны қорғау мен пайдалану барысындағы барлық қылмыстардың құрамын объектісіне байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады; а) Табиғатты пайдалануға байланысты әрекет ететін ережелерді бұзу; в) Негізгі табиғат компоненттердің бұзылуы; г) Фаунаны қорғау аймағындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қылмыстар; д) Флораны қорғау аймағындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қылмыстар;

  

  Тәртіптік жауапкершілік – еңбек тәртібін бұзушыға құқықтық ықпал ету нысаны. Тәртіптік жаза қолданудан көрініс табады. Тәртіптік жауапкершілікке еңбек тәртібін бұзған жағдайда (себепсіз жұмысқа келмеу, еңбектік міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау) еңбек шартымен жұмыс істеп жүрген еңбеккер тартылады. Мемлекет қызметкерлер үшін лауазымдық өкілеттілік шегінен шығу мен мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамау да тәртіптік жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Тәртіптік жазаның ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметінен босату сияқты түрлері бар. Мемлекет қызметшіге бұларға қоса тәртіптік жаза ретінде қызметіне сәйкессіздігі туралы ескерту берілуі мүмкін. Тәртіптік жаза қолданылмас бұрын еңбеккерден жазбаша түсініктеме алынады және тәртіп бұзушылықтың деңгейі, оны жасау кезіндегі мән-жайлар және еңбеккердің біліктілігі мен мінез-құлқы ескерілуге тиісті. Бір тәртіп бұзушылыққа бір тәртіптік жаза қолданылады. Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық немесе қаулы еңбеккерге жарияланады. Мұндай бұй-рық немесе қаулыны шағымдау тәртібі еңбек заңнамасында белгіленген. Кейбір қызметкерлер санатына қызмет ерекшелігіне орай тәртіп жарғысына сәйкес арнайы тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін. [1]

 

  Қоршаған ортаны  қорғау туралы  заңды  жауапкершіліктің  түрлері

   Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны  қорғау туралы Заңның 85 бабына сәйкес  қоршаған ортаны  қорғау  туралы  заңдардың  бұзылуына  кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.Қоғамдық қауіптілік деңгейіне,субъектілер мен оюъектілерге ,басқа да белгілеріне қарай  экологиялық заңды бұзғаны үшінзаңдық  жауапккершілік түрлерге бөлінеді,ооларға сәйкес лауазымды адамдар мен азаматтар  табиғат қорғау заңдарын бұзғаны және қоршаған ортаға  зиян келтірілгені  үшін заңмен белгіленген тәртіптік, материалдық,әкімшілік не оған нақты қауіп төндіргені үшін қылмыстық жауапты болады. Қоғамдық қауіптіліктің жоғарғы  деңгейі бар аса ауыр экологиялық құқық бұзу деп экологиялық қылмыс танылады.Экологиялық қылмыс деп Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген экологиялық құқық  тәртібіне, қоғамның экологиялық қауіпсіздініге,қоршаған табиғат ортасына немесе  адамның денсаулығына елеулі  нұқсан келтіріп жасалған қол  сұғушылықтан көрінетін зиянкестікті  ұғыну керек.Экологиялық қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде  көзделген қылмыстық жауапкершілікке  жауапты болады.ҚР ҚК –нің 11- тарауына –Экологиялық қылмыстарға  мына баптар:

277- бап  Шаруашылық  және өзге  де  қызметке қойылатын  экологиялық талаптардың  бұзылуы;

281- бап Суларды   ластау,бітеу және  сақу

282-бап  Атмосфераны ластау

283- бап Теңіз аясын ластау

285-бап  Жерді бүлдіру

286- бап Ж ер қойнауын  қорғау және  пайдалану  ережелерін бұзу ;

287-бап  Су жануарлары  мен өсімдіктерін  заңсыз алу;

288-бап  Заңсыз аңшылық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  
 
 

Қорытынды 

    Әрине, табиғатты пайдаланғаны  үшін төлемдерді белгілеу тәртібін реттейтін келесі актілердің су,орман, тау-кен заңдары болуға тиіс екені де кездейсоқ емес.

   Сонымен табиғат   ортасына келтірілетін  нұқсанды өтеу  проблемасы бүгінгі  таңда бірнеше  бағытта шешіледі.Бұл  арада да осы  мәселеге азаматтық-құқықтық жауапкершілік  тұрғысындағы жалпы  көзқарас,сонымен бірге біз мүліктік  мүдденің мазмұны  экологиялық нормативтің нысанасы көрсеткен кезде жаңа әдістерді қолдануды да көріп отырмыз. Сонымен қылмыстық жауапкершілік қоғамға қауіптілігі жағынан жоғары дәрежеде болатын әрекеттерге тағайындалады. Ол сотпен ғана тағайындалады және жаза тағайындаудың негізі болып сот үкімі саналады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік