Экологиялық қылмыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2012 в 08:52, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасында экологиялық қолайсыздық салдарынан халықтың денсаулығы нашарлай түскені ресми деңгейде көптен бері айтылып жүр.Табиғатқа келтіріліп жатқан зиянның көлемі бүгінгі күні баршаға мәлім: теңіздер,өзендер мен көлдер ластанып,жыртылмалы жерлер жарамсыз болып қалып жатыр,миллиондаған адамдар уланған ауа жұтуға мәжбүр болып,халық арасындағы өлім саны да көбейді.

Работа содержит 1 файл

Оқырмандарға.doc

— 88.00 Кб (Скачать)

      Курстық жұмыстың мақсаты:экологиялық құқық бұзу факторларын айқындау және табиғаттың тұтастығына қол сұғатын қылмыстардың маңызын ашу,қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу  жолдарын және осындай зиян үшін жауапкершілік шараларын белгілеу мәселелері болып табылады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Курстық жұмыстың :Табиғаттың тұтастығына қол сұғатын қылмыстар тақырыбы актуалды болып келеді.Себебі,қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу жолдарын және табиғи байлықтарды тиімді пайдалану шараларын іздестіру қазіргі уақыттағы қоғамдық қатынастар саласында ең маңызды шешілетін  сұрақтардың бірі болып табылады.

 
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                  
 

                                              Кіріспе 
Қазақстан Республикасында экологиялық қолайсыздық салдарынан  халықтың денсаулығы нашарлай түскені ресми деңгейде көптен бері айтылып жүр.Табиғатқа келтіріліп жатқан зиянның көлемі бүгінгі күні баршаға мәлім: теңіздер,өзендер мен көлдер ластанып,жыртылмалы жерлер жарамсыз болып қалып жатыр,миллиондаған адамдар уланған ауа жұтуға  мәжбүр болып,халық арасындағы өлім саны да көбейді. 
Бүгінгі таңда-ластайтын заттар қоршаған ортаға өте көп мөлшерде келіп түсуде,ал олардың  түсуін қадағалау өте төмен деңгейде қалып отыр. Мысалы, жер,су,ауаның ластануы қалыпты деңгейден 2-3 есе, кейбір жерлерде 10-15 есе асып кеткенін,жеріміздің 44 пайызы аридті (шөл), 23 пайызы субаридті (шөлейт) екенін,еліміздің егістік жерінің 20-30 пайызы табиғи жолмен пайдалану шеңберінен шыққанын,63 млн.гектар тозып кеткен жайылымдық жер тіркелгенін,республика жерінде 20 млрд. тонна өндіріс қалдығы бар екендігі,оның ішінде 237 млн.тонна радиоактивті қалдықтардың ашық аспан астында үйіліп жатқандығы мен ормандардың тілсіз жау өрт құшағына оранған оқиғалар жиілеп кеткендігін анықтап алған кезде сөзсіз Экология кодексін қабылдау қажеттігі туындайды. 
Ол туралы Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына жолдаған биылғы Жолдауында: «2007 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған. Экология кодексі қабылдануға тиіс» деп ерекше атап өткен болатын.Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 2007 жылы 9 қаңтарда қабылданған. Экологиялық кодексі келесі негізгі мәселелерді қарастырады: 
1. қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялау,экологиялық нормалау,экологиялық сараптама,рұқсаттар,экологиялық аудит; 
2. қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алу,табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары,өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры,зиянды заттарды,радиоактивті қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастры; 
3. жекелеген аумақтарды төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зілзала аймақтарын белгілеу,жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар,суды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар,ормандарды және өзге де өсімдіктерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар; 
4. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық қызметті жұзеге асыру кезінде қойылатын экологиялық талаптар,радиациялық материалдарды,атом энергиясын пайдалануға қойылатын экологиялық талаптар; 
5. өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар,қалдықтарды көму полигондарына және ұзақ мерзімді сақтау қоймаларына қойылатын экологиялық талаптар.   
Осыған орай,халық арасында заңдарды құрметтеу,әрбір адамның құқықтық санасын ояту және оларға құқықтық насихат жүргізу жұмыстарын жетілдіру мақсатын көздеген Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат Тұжырымдамасы дүниеге келді.Жалпы Тұжырымдама ұсынылған экологиялық қауіпсіздік пен табиғат пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердің,оның ішінде іргелі ғылыми зерттеулердің ілгерілмелі дамуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторингтің бірыңғай жүйесін енгізу, Қазақстан аумағын экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау үрдістері экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2004-2007 жылдар,2008-2010 жылдар және 2011-2015 жылдарды қамтитын үш кезеңдегі бағыттары мен негізгі тетіктерін жоспарлы түрде айқындап берілді. 
Қазақ халқының алдында тұрған стратегиялық мақсаттарын өткізуіне, яғни демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті құру, тұлғаны, оның құқықтарын және бостандықтарын қорғауы маңызды роль болып, әлеуметтік – саясаттық,экологиялық және  экономикалық шараларымен бірге құқықтық тәртіпті орнатылуы танылады. Бұл мақсатты іске асыруы қоғамдық өмірдің барлық салаларында заңдылықты сақтау, экологиялық құқық бұзушылықпен күресудің тиімділігін арттыру қажетімен байланысты.Экологиялық құқық бұзушылық –бұл Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігіне  қауіп-қатер.Сондықтан біздің мемлекетіміздің Президенті осы мәселеге көп көңіл аударады. Қазақстан Республикасының Президенті экологиялық құқық бұзушылықпен күресу бұл «Мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағытының бірі» деп мәлімдеді. 
Бүгін мен бұрын болмаған мөлшерде экологиялық зиян келтіріліп жатқаны туралы баса айтуға тиіспін деп ойлаймын. Экологиялық зиян деп қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзудың нәтижесінде қоршаған  ортаның жай-күйі сапасының нашарлауын немесе жағымсыз экологиялық салдарға әкеп соқтыра алатын оның санының азаюын, сондай-ақ осымен байланысты заңмен қорғалатын материалдық және материалдық емес игіліктердің,оның ішінде адамның өмірі мен денсаулығының азаюын ұғынған жөн. Зиянсыз құқық бұзушылық болмайды,қандай да болмасын құқық бұзушылық зиян әкеледі,себебі қоғамдық қатынастар қол сұғу объектісі болып табылады. Мысалы,қазақстандық ғалымдардың  «Правовое обеспечение рационального  природопользования» атты еңбегінде экологиялық құқық бұзушылық объектісі адамның қызметі мен қоршаған ортаның арасындағы тиімді қарым-қатынасты қолдауға,оларды тиімді пайдалануға бағытталған, қоғам қызметінің нәтижелерінің тікелей немесе  жанама түрде табиғатқа және адам денсаулығына зиянды ықпалының алдын-ала шаралар жүйесін жүзеге асыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар ретінде берілген. 
Бүгінгі таңда экологиялық құқық бұзушылықтардың жасырын деңгейі өте жоғары деп айтуға болады.Бұл жағдай нақты құқық бұзушыны айқындау қиындықтарымен де,құқық бұзушының іс-қимылдары мен зиян келтірудің арасындағы себептік байланыстарды дәлелдеу,сондай-ақ зиянның мөлшерін белгілеу қиындықтарымен де байланысты. 
Сондықтан қазіргі уақытта ғалымдар мен практикалық қызметкерлердің күш-жігері қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу мәселелеріне және экологиялық қылмыстар үшін жауапкершілік жағдайларына жұмсалуы қажет деп ойлаймын.
 
 
 

                 
 
 

     Экологиялық қылмыс – қылмыстық құқықта қоршаған ортаға нұқсан келтіретін қылмыс түрі. Экологиялық қылмысқа шаруашылық қызмет пен өзге де қызметке қойылатын экология талаптардың бұзылуы, экология тұрғыдан қауіпті химикалық, радиоактивті және биология заттарды өндіру мен пайдалану кезінде микробиология немесе басқа да биология агенттермен жұмыс істеу кезінде сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерінің, ветеринарлықережелердің, өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы, суды ластау, бітеу, сарқу, теңіз аясын ластау, Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңы және айрықша экономика аймағы туралы заңдардың бұзылуы, жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу, су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу, заңсыз аңшылық, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз әрекет жасау, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, ормандарды жою немесе зақымдау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы, экология ластау зардаптарын жою шараларын қолданбау, т.б. жатады (ҚР Қылмыстық кодексі, 278 – 292-баптар). . Экологиялық қылмыстар

 Жалпы   экология табиғат пен қоғам   қатынастарын, адам мен табиғаттың  тікелей байланысын, айналадағы  табиғи ортаны қорғауды реттейтін  құқық ережелерінің жиынтығы  болып  табылады. Айналадағы табиғи ортаны қорғау-ең алдымен адамның өмірі мен денсаулығын, болашақ ұрпақтың мүдделерін қамтамасыз етуге, табиғи ортаға қарсы зиянды іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге, табиғи тепе-теңдікті сақтау және қоршаған ортаны тиімді пайдалану мақсатын көздейді. Жалпы Қылмыстық кодекстің бұл тарауында экологияға байланысты қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтың жолмен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да көптеген баптар бар. Экологиялық қылмыс дегеніміз-қоршаған ортаға, оның ресурстарына, халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы іс-әрекеттер болып табылады. Экологиялық қылмыстардың заты-нақты табиғат ресурстары: жер, су, ауа, жануарлар дүниесі, орман-тоғай, мал т.б. болады. Экологиялық қылмыстардың топтық объектісі-қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, тірі организмдерге қолайлы табиғи жағдайларды сақтау және адамдардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі-экологиялық қатынастарды реттейтін нақты қоғамдық қатынастар. 

     Экологиялық қылмыс  түрлері. Қоршаған ортаны қорғау ережелерін бұзу. Арнаулы жұмыстарды орындау кезінде экологиялық  қауіпсіздік ережелерін бұзу. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылған экологиялық  талаптардың  бұзылуы . Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және  биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу.

     Өлі табиғатты қорғау ережелерін бұзу. Суларды ластау, бітеу және сарқу  түсінігі. Атмосфераны ластау теңіз  аясын ластау. ҚР құрылықтық шельфі туралы және ҚР айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы. Жерді бүлдіру. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу. Осы қылмыстардың түрлері. Тірі табиғатты қорғау ережелерін бұзу. Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу. Заңсыз аңшылық. Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу.  Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекет.

Ағаштар мен  бұталарды заңсыз кесу. Ормандарды жою немесе зақымдау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау. Экологиялық қатынастар

Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.

Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:

  1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.
  2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).
  3. Заңды тұлғалар.
  4. Жеке тұлғалар.

    Құқық саласының  принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі. ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңында былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:

    адамның өмірі мен  денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

    ҚР-ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;

    экологиялық жағдайы  қолайсыз аймақтардағы экологиялық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

    табиғат ресурстарын  ұтымды пайдалану және молықтыру;

    биологиялық алуан  түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар  қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

    қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;

    қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін  бағалау;

    халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысу;

    халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылады.

    Экология құқығының  жүйесі әдістемелік жағынан екіге  бөлінеді: жалпы бөлім және ерекше бөлім.

    Экологиялық құқықтың жалпы бөлімінде экологиялық  құқықтың мәселелері, табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер  қаралады.

Ерекше  бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары қаралады

 
 

  Экономикалық қызмет  саласындағы қылмыстар.

    Экономикалық  қызмет саласындағы қылмыстардың ұғымы  мен түрлері.

   Заңды кәсіпкерлік қызметке қарсы қылмыстар. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау. Заңсыз кәсіпкерлік: ұғымы, жасалу нысаны. Жалған кәсіпкерлік. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру: оның үғымы мен түрлері.

   Банктік қызмет саласындағы қылмыстар. Банктік  қызметтің ұғымы мен белгілері, несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану.

   Экономика саласындағы қылмыстар. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату, экономикалық контрабанда, тұтынушыларды алдау, заңсыз сыйақы алудың ұғымы мен белгілері. Бұл қылмыстардың саралану белгілері.

    Салық және кеден заңдылықтары саласындағы  кылмыстар. Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу. Азаматтың салық төлеуден жалтаруы. Ұйымдарға төленетін салықты төлеуден жалтару. Бұл қолсұғушылықтардың түрлері. ҚР ІІМ бұл қылмыстармен күресудегі қызметі.

          Экономикалық қызмет  саласындағы қылмыстар  ұғымы мен түрлері 

     Экономикалық  қызмет саласындағы қылмыстың түсінігі мен түрлері. Заңды кәсіпкерлік  қызметке кедергі жасау. Заңды кәсіпкерлікке  қарсы қылмыстар. Заңсыз кәсіпкерлік. Жалған кәсіпкерлік. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті заңдастыру, түсінігі мен түрлері.

     Заңсыз  банктік қызмет. Заңсыз банктік қызмет түсінігі, несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану. Экономика  саласындағы қылмыс.

     Экономикалық  контрабанда түсінігі мен түрлері, жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату, тұтынушыларды алдау және заңсыз сыйақы алу. Осы қылмыстың түрлері. Салық заңнама саласындағы қылмыс. Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу. Азаматтардың салық төлеуден  жалтару, ұйымға салынатын салықты төлеуден жалтару. Олардың түрлері. Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Бөлімдерінің осы қылмыстарға қарсы жұмыстары.


Информация о работе Экологиялық қылмыстар