Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:08, курс лекций
Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.
1-тақырып. Экологиялық құқығының түсінігі, пәні, жүйесі ...........................2
2-тақырып. ҚР-ң экологиялық тарихы және қайнар көздері .........................8
3-тақырып. Табиғат объектілеріне меншік құқығы .......................................16
4-тақырып. Табиғатты пайдалану құқығы ......................................................21
5-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны ....қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.......... 29
6-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері ...................................................44
7-тақырып. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жаупкершілігі.........................................................................................................50
8-тақырып. Жердің құқықтық қорғау.............................................................. 64
9-тақырып. Жер қойнауының құқықтық жағдайы......................................... 71
10-тақырып. Судың құқықтық режимі ............................................................72
11-тақырып. Ормандардың құқықтық режимі ................................................80
12-тақырып. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі ....................................................................................................................83
13-тақырып. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау................................... 87
14-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі..97
15-тақырып. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы 1997 жылы 30 қазанда жердің озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы мен жердің озон қабатын тоздырушы заттар жөнінде Монреаль протоколына қосылу туралы заңдар қабылдады. Конвенцияда озон қабатына теріс әсер ететін заттардың тізімі анықталып, мемлекеттермен өзара осындай заттарды өндіру мен пайдалану және жасалып жатқан іс-шаралар жөнінде ақпарат алмасу туралы шешім қабылданған. Тұңғыш рет озон қабаты өзгеруінің адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға тигізер үлкен зияны және озонды қорғау мәселелері бойынша халықаралық байланыстың қажеттілігі жайында ресми мәлімделді. Монреаль протоколына сәйкес, ғалымдардың Жердің озон қабатына ең көп зиян тигізеді деп санайтын фреон мен хлорфуторкөміртекті өндіру мен пайдалануға бақылау орнатылуы тиіс.
Көрсетілген актілерде
атмосфераға технологиялық
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы қаулысымен қоршаған ортаға эмиссияларды азайтуға қатысты міндеттемелер мен квоталар сатудың Ережелері айқындалды.
Атмосфералық ауаны қорғау 1992 жылғы 14 маусымдағы Б¥¥ климаттың өзгеруі туралы Рамочной Конвенциясын қабылдауымен де байланысты. Қазақстан Конвенцияны 1995 жылдың 17 мамырында ратификациялады. Осы Рамкалық Конвенцияға 1997 жылдың 11 желтоқсанында Киоттық протокол қабылданды, Қазақстан 1999 жылы 12 наурызда ҚР Президенті Қаулысымен осы протоколга қосылды. Алайда, Киоттық протоколдың практикалық механизмін республикамыз ратификацияламады. Көрсетілген конвенциялардың негізгі тұстары ҚР Экологиялық Кодексінде бекітілген. Осылайша, кодекстің 310-бабына сәйкес, климатты және Жердің озон қабатын қорғау мынадай қағидаларға негізделеді:
климаттың өзгеруінің (жаһандық өзгеруді қоса алғанда) және Жердің озон қабатының тозуының орны толмас салдарларын болдырмау, бәсеңсіту;
атмосфераға парниктік газдарды және озонды бұзатын заттарды шығаруды мемлекеттік реттеудің міндеттілігі;
климаттың өзгеруі және Жердің озон қабатының тозуы туралы ақпараттың жариялылығы, толықтығы және дұрыстығы;
климатты және Жердің озон қабатын қорғау әдісінің ғылыми негізділігі, жүйелілігі және кешенділігі.
Климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Парниктік газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын заттардың тұтынылуын мемлекеттік реттеу мақсатында парниктік газдардың шекті жол берілетін шығарындыларының және озонды бұзатын заттарды тұтынудың лимиттері (квоталары) белгіленеді.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындылары көздерінің жекелеген түрлері үшін парниктік газдардың шекті жол берілетін шығарындыларын белгілейді.
Қалалық және өзге де қоныстарды салу кезінде шаруашылық және өзге де қызмет объектілерін жобалау, орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалану парниктік газдар шығарындыларының азайтылуы және оларды сіңіргіштердің абсорбциялау деңгейінің сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс (ҚР ЭК 313-314-баптары).
ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес, мұнай операцияларының барлық сатысында қоршаған ортаға эмиссия олар үшін белгіленген ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділеріне жол берілетін шекті нормативтерінен аспауға тиіс.
Ұңғымаларды пайдалану
кезінде, авариялық ахуалдың қауіп
төндіру жағдайларын
Ұңғымаларды сынау кезінде көмірсутегін алау етіп жағу барынша азайтылуға тиіс. Ұңғымалар құстардың өріс аудару жолдарына орналастырылған жағдайда, орнитофаунаға залалды болғызбау үшін ұйымдастыру-техникалық шаралар қабылдануға тиіс.
Мұнай операцияларын жүргізген кезде атмосфераға шығарындылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық практикада қабылданған, байқаудан өткізілген принциптер мен әдістерге сәйкес бақылануға тиіс (ҚР ЭК 262-бабы).
Атмосфералық ауага зиянды әсер ететін шыгарындылар көздерінің есебі
Атмосфераға парниктік
газдар шығарындыларының көздері бар
және озонды бұзатын заттарды тұтынуды
жүзеге асыратын заңды тұлғалар Қазақстан
Республикасының Үкіметі
Тиісті аумақтарда климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы статистикалық байқауды көзделген тәртіппен жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік статистика органдарымен келісім бойынша айқындайды.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес реттелетін озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын әзірлеуді ұйымдастырады,
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдардың мемлекеттік кадастрын әзірлеу үшін парниктік газдардың эмиссиясы мен сіңірілуіне жыл сайынғы мемлекеттік түгендеу жүргізуді ұйымдастырады.
Парниктік газдардың
мемлекеттік кадастрының
Қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы
Бұйрығымен парниктік газдардың
шекті жол берілетін
Алдында, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2005 жылғы 4 тамыздағы №217-п Бұйрығымен атмосфералық ауаға зиянды (ластайтын) шығарындыларды және зиянды физикалық әсер ету мен оның көздерін түгендеу ережелері бекітілген болатын.
14-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі
Дәріс жоспары:
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық жағдайы
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері
3. Құқықтық тәртіптердің ерекшеліктері.
Ерекше қорғалатын табиғи территориялар дегені-міз – ерекше қорғаудың құқықты режимі бар немесе шаруашылық қызметімен реттелетін, мемлекеттік табиғи-қорықтық қордың сақталуы мен қалпына келтірілуін қамтамасыз ететін, жер, су, орман мен жер қойнауының учаскелері.
Ерекше қорғалатын табиғи территориялар және оларда орналасқан ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылығы бар қоршаған орта объектілері, Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі болып табылады.
Мемлекеттік табиғи-қорықтық қор – мемлекеттік қорғауға алынған қоршаған орта объектілерінің жиынтығы, олардың табиғи эталондар, сирек заттар мен ескінің жұрнақтары ретінде, ғылыми зерттеулерге, ағарту ісіне, білімге, туризм мен демалысқа арналған зат ретінде ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылығы бар. Мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілері:
- Зоологиялық – жануарлардың сирек кездесетін және жоғалу қаупінде тұрған түрлері;
- Ботаникалық – өсімдіктердің сирек кездесетін және жоғалу қаупінде тұрған түрлері;
- Ормандық – ерекше қорғалатын территориялардың ормандары; орман дақылдары өндірісінің өзіндік үлгілері;
- Дендрологиялық – ғылыми және мәдени-тарихи мәнді жеке ағаштар немесе олардың топтары;
- Гидрологиялық – ерекше мемлекеттік мәні немесе ерекше ғылыми құндылығы бар су қоймалары;
- Геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық – ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге құндылығы бар жер қойнауының учаскелері;
- Топырақтық – әр түрлі топырақ белдемдеріндегі типтік, сирек кездесетін топырақ;
Олардың құқықтық режимінің және онда орналасқан табиғатты қорғау мекемелерінің құқықтық статусының ерекшеліктерін есепке алумен, ерекше қорғалатын табиғи территориялардың бірқатар категориялары заңмен ажыратылады.
Ерекше қорғалатын табиғи территориялардың құқықтық режимі жалпы сипаттағы экологиялық заңнаманың актілерімен («Қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңымен, «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар туралы» ҚР Заңымен), сонымен бірге қарастырылатын территориялардың нақты түрлері – қорықтар, ұлттық парктер, қаумалдар және т.б. туралы ережелермен анықталады.
Ерекше қорғалатын
территориялар мемлекеттік
Ерекше қорғалатын табиғи территориялар үшін ерекше қорғаудың құқықтық режимі не болмаса шаруашылық қызметтің реттелетін режимі енгізіледі. Ерекше қорғаудың құқықтық режимі қорықтық режимге (ерекше қорғалатын табиғи территорияда немесе кез-келген шаруашылық қызметінің арнайы бөлінген учаскелерінде, сонымен бірге табиғи қоршаған ортаның табиғи жағдайын бұзатын, басқа қызметке тыйым салуды көздейді) және қаумалдық режим (ерекше қорғалатын табиғи территорияға немесе шаруа-шылық немесе басқа қызметтің арнайы бөлінген учаскелеріне тек белгілі маусымдарда ғана, белгілі мерзімге және егер бұл мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерінің сақталуына қауіп төндірмейтін және олардың ұдайы өсірілуін нашарлатпайтын шамада ғана енгізуді көздейді).
Мемлекеттік табиғи қорықтар – типтік, сирек кездесетін табиғи кешендерді олардың құрауыштарының жиынтығымен табиғи жағдайда сақтау үшін тағайындалған, табиғатты қорғау мекемесінің статусы және қорғаудың қорықтық режимі бар ерекше қорғалатын табиғи территориялар. Мемлекеттік табиғи қорықтардың республикалық дәрежелі ерекше қорғалатын табиғи территориялардың жоғары категориясы бар.
Мемлекеттік табиғи қорықтарда, ерекше қорғаудың жалпы міндетті шараларынан басқа, төмендегілерге тыйым салынады:
- үймереттер
мен ғимараттардың, жалпы
- азаматтардың
қатынасуға арналған
Мемлекеттік табиғи биосфералық қорықтар әлемдік экологиялық мониторингті жүзеге асыру үшін, қолданылып жүрген немесе қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік табиғи қорықтар базасында құрылуы мүмкін.
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер – табиғатты қорғау мекемесінің ерекше қорғалатын табиғи территорияларының статусы бар және ерекше экологиялық, рекреациялық және өзге құндылығы бар, табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді көп салалы пайдалануға тағайындалған, қорғау режимінің белдемдері бойынша бөлінген, ерекше қорғалатын табиғи территориялар. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің республикалық дәрежелі категориясы бар.