Арал тенизи

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 23:23, реферат

Описание работы

Арал теңізі, Кайназой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын, Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан. Өйткені, теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектері тасқа айнала бастаған күйінде табылды. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді.

Содержание

I Кіріспе бөлім:
II Негізгі бөлім:
а) Теңіз туралы түсінік,
ә) Арал теңізінің экологиялық ахуалы,
б) Арал теңізінің экологияльқ мәселелері
в) Арал тағдыры - адам тағдыры.
III Қорытынды бөлім:
а) Теңізді құтқарудағы болжамдар.
ІV Қосымша:
V Пайдаланған әдебиеттер:

Работа содержит 1 файл

Арал теңізі.doc

— 366.50 Кб (Скачать)

Ғалымдардың есептеуінше  Арал теңізінің экологиялық дағдарысы  бұрынғы Кеңестер Одағындағы «Чернобыль» 

 

апатынан кейінгі екінші орында. Қазіргі Арал теңізінің экологиялық жағдайы шет ғалымдарын да алаңдатып отыр. Қазіргі заман экологиялық тауқыметтерді адам қолымен жасап, бүкіл тіршілікке қауіп төндіріп келеді. Еліміздің Арал теңізі мен семей полигонының қасіретін айта-айта шаршадық. Арал маңындағы экологиялық апат аймағында, әсіресе әйелдермен балалардың арасында асқазан-ішек ауралары мен қаны аздық, сәби өлімімен туа біткен ауытқулар жиі кездесуде. Мұнымен қатар Арал теңізінің Возрождение аралындағы бұрынғы биологиялық полигонның қызметінен бактериологиялық жұқпалы аурулар тарау қауіпі де бар. Өйткені онда әі де болса оба, күйдіргі секілді аса қауіпті жұқпалы аурулардың табиғи ошақтары сақталуы мүмкін. Ойландыратын тағы бір жайт жылына 200 млн.тонна пайдаланылған сарқынды су табиғи су көздерін ластайды екен.

Арал теңізінің  мәселесі жөніндегі іс-шаралар

Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім. Қазақстан  Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия Елбасыларының 1993 жылдың каңтарында Ташкентте қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қ-нда өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференциада жасалған келісім. Ол «Арал теңізі және Арал аймағы мөселелерін, экология-лық сауыкхыруды, аймақгың әлеум.-экон. дамуьш қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім деп аталды. Келісімге Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев, Қырғызстан Президенті А. Ақаев, Тәжікстан Жоғ. Кеңесінің төрағасы Э.Ш. Рахмонов, Өзбекстан Президенті И.А. Каримов, Түрікменстан Президеиті С.А. Ниязов қол қойды.

Келісімнің  арнайы баптарында Арал т. бассейніндегі  экол. дағдарысқа байланысты негізгі  мәселелер нақтылы қаралды. Апаттың  алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға  және Арал аймағынын, әлеум.-экон. дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттіктерді өтейтін істерге тікелей назар аударылды. Келісімді орындаудың алғашқы шарты есебінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі метекетаралық Кеңес құрылды, олардың ұйымдық мәселелері шешілді. БҰҰ-ның Бас Хатшысына Орталық Азия Елбасыларының атынан үндеу-хат жолданды.

 

Онда Аралды сақтап қалуға, Арал аймағының келелі мәселелерін шешуге арналған шараларға  дүн. жүз. қауымдастықтың назары аударылды.

Арал мәселелерімен  айналысатын Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) Елбасылары Кеңесінің атқарушы органы. 1993 ж. 26 наурызда Қызылорда қ-нда құрылған (қ. Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім). Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 кісі және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемл-аралық Кеңесті әр жылда Орталық Азия елдері кезекпен баскаратын болып шешілді. Алғашқы кезек Өзбек Респ-на берілді. Кеңес өзінің атқарушы к-тін, су мәселелері жөніндегі, әлеум.-экон., ғыл.-тех. және экол. даму жөніндегі комиссияларын бекітті. «Сырдария» және «Әмудария» бассейндік су ш. басқармаларын Кеңестің су мәселелері жөніндегі комиссиясы басқаратын болды. Кеңес өз жұмысын Халықаралық Арап қорымен және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүргізеді.

Арал anaтынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықар. келісім. 1990 жылдың 24 — 26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды. Бұл халықар. құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындықка қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11 — 12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғыл.-тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. «Диагностикалық құжат» 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен

 

 

Женева қ-нда  бекітілді, оған ҚР атынан Ү. Қараманов, К. Салықов, Н. Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып, Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және Халықаралық Арал қорының басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек Бағдарламасын» іске қосты. Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды

 

б)  Арал тағдыры - адам тағдыры:

 

Жалпы, адам үшін бірінші байлық – денсаулық. Сондай-ақ, ертеңін ойлаған әрбір ел алдымен  халқының саулығын, ұрпағының салауатты  өмр сүруін қадағалайтынын әркез  естен шығармағанда абзал. Сонымен бірге өңірде іш сүзегімен ауыратындар саны 7 есеге өскен. Сол сияқты қоршаған ортаның лакстануынан аймақта жүрек-тамыр және онкологиялық (обыр) аурулары әлдеқайда жиі кездеседі. Демек, бұларды ғаламшар тұрғындарын өлім-жітімге душар ететін, осы заманғы бірінші орындағы аурулар десе де болады. Жалпы, планетадағы көлдердің арасында көлемі жағынан төртінші орынды иеленетін Арал теңізі бұл күндері жер бетінен біржолата жоғалу үстінде. Өйткені, бұрынғыдан 66 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдыны қалып отырған сияқты. Ғалымдар теңіз 2015 жылдары жер бетіне толық жойылады деп отыр. Ал, Арал өңіріндегі экологиялық апат адам өміріне жыл өткен сайын өте қауіп төндіруде. Өйткені, республика территориясында алғаш теңіз жағалауы 100 шақырымнан артық қашықтап, кіші арал оқшаулана бастаған шақта, сол құрғаған теңіз ұлтанынан тұзды шаң көлемді аймаққа тарала бастаған сәтте Ю.У.Новиковтың деректеріне қарағанда Арал табанынан кезінде жылына 72 млн. Тонна тұз дүние жүзіне шаң болып тарап, ал Арал өңірінде әрбір гектар жерге 700 кг тұз аспаннан жауатынын дәлелдеген. Міне,

 

 

осыған орай бұл күндері теңіздің 70-80 пайызы жалаңаштанып құрғаған теңіз табанынан  жан-жаққа тарап ұшатын әлгі тұз  шаңының көлемін есептеп шығу қиынға соқпайды. Демек, бұл күндері  әлемнің түкпір-түкпіріне жылына орта есеппен теңіз табанынан 290 млн. Тоннаның үстінде тұз-шаң тарап жататыны белгілі болды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд. тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтерінің қалдықтары, гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар ондаған жылдар бойы Сырдария мен Амудария ағынымен ілесіп, теңізге құйылады.

Арал теңізінің  болашағы дүние дүзі халықтарын толғандыруда. Оның бір жолата жойылып кетуі  Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақтсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер, халықаралық қоғамдастықтар қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

         Қазақстан жағы өз тарапынан тым құрыса Кіші Аралды сақтап қалу үшін көптеген жұмыстар атқарды. Екіге бөлінген теңіздің Қазақстандық аймағындағы Кіші Аралдың деңгейі баяу болса да көтереліп келеді.

 

 

 

 

 

 

 

III Қорытынды  бөлім:

 а) Теңізді құтқарудағы болжамдар.

 

Арал теңізін қалпына келтіріп жандандыру жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:

  1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
  2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
  3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
  4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
  5. Жер асты суларын пайдалану.
  6. Арал теңізінің өздігінен табиғи ретттеулерін немесе толысуын күту.

Әрине, бұл жобалар  болашақтың ісі болғанымен, уақыт  талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа кірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.

Қазіргі кезде  аралды құтқаруда бағытында батыл  да жоспарлы түрде ғылыми негізде  жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры  – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.

 

ІV Қосымша:

 

АРАЛ ТЕҢІЗІ —Қаз. ССР-інің оңт.-батысындағы ағынсыз  тұзды көл. Үлкендігі жағынан  дүние жүзінде 4-орын алады. Солт.-шығыс  жартысы Қаз. ССР-нде, оңт.-батыс болігі Қарақалпақ АССР-нде. Әбу-л-Ғазының жазбасында (1630) А. т. аталуы Амударияның құйылысын мекендеген арал еліне байланысты делінеді; араб зерттеушілерінің «Үлкен сызба кітабында» (1600) Ховарезм (Хиуа) немесе Сырдарияның құйылысындағы Жанкент (Женді) қ-сының атауымен Женді аталған. Ер.- те замандағы географтар мен қытайлардың А. т. жайындағы білігі бұлдыр, тұспал болған. «А.. т.» деп алғаш рет араб жазушысы ибн-Русте (910) атайды, ал араб географтары әл-Истахри (920),

 

Идриси (1154), Әбу-л-Фида (14 ғ.) нақтылы мәліметтер береді. Ке¬не заманда Каспий мен Аралдың қосылып жатқаны, бір кезде Амударияның Каспинге құйылраны жайында бір түйінге келмеген шашыранды пікірлер де бар. 1417 ж. Хафизи Абру Хорезм (Арал) көлі құрыды, Жайхунның арнасы ауып, Хозарға (Каспий) құйды десе, 1570 ж. Әб;у-л-Ғазы Аму қайтадан Аралға құйылды ДЕЙДІ. Орыс географтарынан А. т-н алғані рет зерттегендер Муравьев пен Бутаков (18-19 ғ.). 1848—49 ж. А. И. Бутаков А. т-н тұңғыш рет картаға түсірді. Аралдың теңіз деңгейінен биікт. 53 м. Ауд. 64,5 мың км2, (оның 2,3 мың км2 аралдар). Теңізддң ең ұзын жері 428 км, ені 235 км, алабы 690 мың км2, суының орташа көл. 1000 кле3, шамасында. А. т-нің ойысы жер қабығының плиоценде майысуынан пайда болып, суға толған. Теңіз түбінің бедері тегіс. Ор¬таша тереңд. 20-25 м, ең терең жері 67 м. Теңіздің оңт.-батыс жағалауын жүздеген ұсақ аралдардан тұратын.

Ақпекті архипелагы алып жатыр. Жалпы А. т-зде 300-ден астам  арал бар, ол теңіз аумағының 3,5%-і. Ірі  аралдары: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение. Солт. жағасы биік жар. Аласа жері қүрлыққа сұғына кіріп жатқан шығанақтармен (Құмсуат, Тұщыбас, Шевченко, Бутаков, Сарышығанақ, Ақкөл, Бозкөл, Қашқансу, Қаратума, Жалтырбас, Мойнақ т. б.) тілімделіп, бірнеше түбек (Қуланды, Қаратүп, Көктырнақ, Мойнақ) пайда болған. ІІІығ. жағасы ойпат, құмды және көптеген саяз шығанақтармен ұсақ аралдардан тұрады. Батиақты, ойпат болып келген оңт. жағасы Амударияның атырауымен тілімделген. Бат. жағасы аз тілімделген, бпікт. 190 м-гe жететін үстірттің жарлауыттары қоршап тұрады. А. т-не Орта Азияның үлкен 2 өзені Амудария мен Сырдария құяды. Ауаның жазғы орта темп-расы 24, 26° С, қыста — 7°-тан — 13,5° С-қа дейін жетеді. Жылдың 120—170 күні ашық, 70—90 күні бұлыңғыр. Қар солтүстігінде 3 айдан, оңтүстігіиде 1,5 айдан артық жатады. Жылдық жауын-шашып мөлшері 100 мм. А. т-ндегі су балансы: жауын 5,9 км3, құрлықтық ағыс 54,8 км3, булану 60,7 км3.,’ Маусымдық су деңгейінің орта ауытқуы 25 см, көп жылдығы (ғасырлық) 3 м-дей. 1960 жылға дейін А. т-нің абс. биікт. 53,4 л-ден 1967 ж. 51,66 м дейін төмендеді. ӨЗЕН суының 90%-1н суландыруға пайдаламғанда, теңіз деңгейі 12 м-гe төмендейді.

 

Қыста теңіз  бетінің темп-расы 0° С-тан төмен, жазда 26, 30° С. Қыста теңіз түгелдей қатады, оңтүстігінің мұзы жұқа болғандықтан, бұзылып тұрады. Тұздылығы өзендердің құяр жерінде 10-11 %о, оңт.-шығ. жағасында 14 %о. Теңіз суының азаюына байланысты тұздылық артып келеді (хлорлы 59,1%, күкірт қышқылы 40,9%). Судың түсі қара көк, мөлдірлігі 15- 25 м. А. т-не құятын Сырдария және Амудария өзендері теңізде сағат тілінің айналу бағытына сәйнес ағын туғызады. Теңіз көбінесе тынық. Толқын күші көбіне 2 балдан аспайды.

Оқта-текте болатын  теңіз дауылының толқын күші 6 балға, ұз. 120 м-те жетеді. Балықтардан бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа ауланады. Бейімделген балықтан шоқыр, салақа т. б. бар. Теңізде жылына 7 ай кеме жүзеді. Басты лорттары — Арал және Мойнақ. А. т. т-жағалауында халық аз қоныстанған. Жергілікті тұрғындарының айналысатын кәсібі — балық аулау, мал шаруашылығы, ондатра есіру және овощ-бақша шаруашылығы. Арал балық аулау ауданынық құрамында А. т-нің алабы мен оған құятын өзендердің сағасы кіреді. Теңіздің солтүстігінен РСФСР мен Орта Азия және Қазақстанды жалғастыратын темір жол өтеді. Негізгі экономик, орталықтары — көптеген балық колхоздары мен балық кәсіпшіліктері қарайтын солтүстігіндегі Арал және оңтүстігіндегі Мойнақ қалалары. бұлардың арасында майдан ноябрьге дейін жүк және жолаушы таситын кемелер қатынайды. Солтүстіктен өнеркәсіп товарлары, оңтүстіктен а. ш. товарлары тасылады. Балық тұздау з-дтары Амудария өзенінің атырауында, Көкаралдағы Аван пос-сінде, Бөгенде (шығ. жага-сы), Ұялы, Ұзыиқайыр аралдарында. Теңіздің солтүстігінен жылына орта есеппен 114000 ц балық ауланады. Сібір өзендерінің суын А. т-не бұру жобаланады.

АРАЛҚҰМ — Балқаш көлінід оңтүстігіндегі, Лепсі мен Басқан өзендерінің аралығындағы қырқалы, төбешік құм. Абс. биікт. 400—500 м. Оңт.-шығыстан солт.-батысқа қарай 50 км-ге созылып жатыр. Ені 18 км, жері 650 км2. Қырқалардың биікт. 8—10 м, төбөшікті құмдардың биікт. 15-20 м. Құмда жүзген, қоянсүйек, жусан, селеу, өзенге жақын жерлерде жыңғыл, баялыш, бұйырғын, құрақ өседі. А. қысқы жайылым ретінде пайдаланылады.

 

 

АРАЛ МАҢЫ ҚАРАҢҰМЫ — Арал теңізі мен Шалқар көлі аралығындағы төбешік құмдар. Шығысында Сарыарқамен  шектеседі. Оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай 250 км-ге созылып жатыр, ені 200 өлг-дей: Абс. биікт. 53—145 м. Теңіз жағалауындағы төбешік құмдардың биікт. 5-8 м. Төбешік құм мен бархан арасында қырқалар да кездеседі. Сазды, құмды саз топырақта жусан, еркекшөп, ақ сексеуіл, жүзгек өcеді. Климаты құрғақ әрі өте континенттілік. Жазда мал жаюға пайдаланылады.

АРАЛ МАҢЫНДАҒЫ  АРТЕЗИАН АЛАПТАРЫ — Арал теңізінің  солтүстігін, шығысын, оңтүстігін алып жатқан жер асты суы бар кең  аймақ. Жалпы көлемі 150000 км2 Солт. Арал, Шығ. Арал артезиан алаптары бар. Солт. Арал артезиан алабының арыны күпггі артезиан сулары бор жүйесі альб, сөноман ярустарының (70- 100 м тереңдікте) және палеогеннің (50-300 м тереңдікте) шөгінді жыныстарына байланысты. Альбсеноман суының минералдануы 1-3 г/л, ал палеогендікі — 2,5 г/л. Бұл алаптың оңт.-шығысындағы судың минералда¬нуы 8-12 г/л. Шығ. Арал алабындағы артезиан сулары бор жүйесінің жоғарғы бөлімінің сулы қабаттарында (100—300 м терсңдікте), судың мине¬ралдануы 1,5—2,5 г/л-ден аспайды. Алаптардағы су скважиналарының тәуліктік өніыі 1 ?0—2500 м3. Артезиан суларының жалпы қоры 500 млрд. м3 шамасында. Елдг ауыз сумен қамтамасыз етуде, мал жайылымын суландыруда, егіндік жерді суаруда бұл ар¬тезиан суларының мәні зор.

АРАЛ ОЙЫСЫ  — Арал теңізі және оның шығысы мен  оңт.-шығысын алып жатқан мезозой-кайнозой шөгінділерінен құралған тектоникалық құрылым. Туран плитасының құрамына кіреді. Геоморфохогиялық тұрғыдан алғанда Солт. Қызылқұмға жалғасып жатқан ойпат. А. о-ның солт.-шығысы, шығысы, оңтүстігі жайпақ жазық, ал Үстіртке жалғасатын бат. жағы тік жар болып келеді. А. ойысы солтүстік-те Тортай ойысының оңт. шеті шығыста Аққыр—Құмқала кезеңі, оңтүстікте Төменгі Амудария мегаантиклиналы, батыста Арал — Қызылқұм қырқасымен шектеледі. Ойыстың оңт.-шығысындағы Бозкөл қырқасы оны Шығ. Арал және Тәжіқазған қазан шұңқырларына бөледі. А. о. табанының жоғарғы ярусы жоғарғы койнозой мен триас шөгінділерінен түзілген. Оның үстін мезозой мен кайнозойдың қалыңдығы

 

1806—2000 м шөгінді  жыныстары (саз, құм тас, әк  тас, мергель) жауып жа¬тыр. А.  оның юра мен бор шөгінділерінде мұнай мен газ, палеоген жыныстарында қоңыр көмір, оолиттік темір рудасы, жерасты суы бар.

Информация о работе Арал тенизи