Маршрутизация и коммутатор

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 19:39, реферат

Описание работы

Коммутатор(лат. commuto – өзгертемін, ауыстырамын) – электрлік тізбекті жалғастыруға, ажыратуға және ауыстырып қосуға арналған электрмеханикалық, электронды немесе электронды-сәулелік қондырғы. К-дың қарапайым және аса күрделі түрлері бар.

Работа содержит 1 файл

коммутатор и маршрутизация.docx

— 23.71 Кб (Скачать)

Кіріспе

Коммутатор(лат. commuto – өзгертемін, ауыстырамын) – электрлік тізбекті жалғастыруға, ажыратуға және ауыстырып қосуға арналған электрмеханикалық, электронды немесе электронды-сәулелік қондырғы. К-дың қарапайым және аса күрделі түрлері бар.

 Коммутаторлар (лат. commuto өзгертемін, ауыстырамын) — электрлік тізбектің жалғанар ұшын таңдап алуға және оны өзге тізбекпен жалғастыруға, ажыратуға, ауыстырып қосуға арналған құрылғы. Коммутаторлар байланыс техникасында (оның ішінде әскери) абонент желілерін бір типті шеттік аппараттардан (телефонтелеграф, мәлімет беру және т.б.) және ақпаратты беру мен қабылдау үшін кедергісіз жолдар жасау мақсатында байланыс арналарын бір-бірімен электрлік жалғастыруға арналған. Жалғастыру тәсілдеріне байланысты коммутаторлар қолмен жұмыс істейтін және автоматты қызмет кәрсету болып бөлінеді. Қолмен қызмет көрсетуде коммутацияны оператор жүзеге асырады. Автоматты қызмет көрсетуде коммутация оператордың қатысынсыз шеттік аппараттардан келетін сигналдар бойынша орындалады. Жалғастыру тәсіліне қарай арналар коммутаторлары және байланыс коммутаторлары болып бөлінеді. Арналар коммуникациясында ақпаратты беру үшін тораптар желісі арқылы бір шеттік пунктті екіншісімен қосатын кедергісіз арналар ұйымдастырылады. Байланыс коммуникациясында берілуге тиісті ақпарат мекен-жайымен бірге сәйкес аппаратураға беріледі және есте сақтау қондыргысында сақталады. Сонан соң белгіленген пунктте аралық пунктердің қайта қабылдап-беруі арқылы беріледі. Коммутаторларды сондай-ақ абонент желілері мен арналарының санына карай да айырады. Коммутация байланыс торабының коммутациялық құрылғыларында электрлік қосындыларды, сымдарды, кабельдерді, байланыс желілерін, аппараттарды, аспаптарды әр түрлі ауыстырып қосу 

Коммутатор торабы

 

Коммутатор  торабы. Ең алғашқы телефон торабы коммутаторлар — техникалық құрылғыны пайдалану арқылы салынған.

Коммутатор арналардың шығысын басқа арналардың кірісімен  жалғайды, яғни хабардың қозғалыс бағытын  ауыстырып-қосып тұрады. Арналар  санының көбеюін коммутациялық  тораптарды салуға әкелді. Коммутаторлық  тораптардың ең маңызды бөлігі операторлар — адамдар болып табылады. Олар бір абоненттен екінші абонентке өтетін сымдарды қосып-ажыратып тұруды қамтамасыз етеді. Қарапайым коммутациялық жүйе — ол бір фазалы (бір буынды) схема-коммутатор деп аталады. Коммутатордың n кірісі және m шығысы бар. Олардың әрқайсысы бір-бірімен жалғана алады

 

Телефон коммутаторы — коммутатор қажетінше арна шығыстарын, басқа арналардың кірістерімен жалғауды қамтамасыз ететін техникалық құрылғы. Коммутатордың n кірісі және m шығысы бар және олардың әрқайсысы кез келген кіріспен жалғана алады.

 
 

Маршрут (route) —

  1. графтың екі төбесінің арасындығы жол;
  2. есептеу желісінің тораптары мен терминалдарының арасындағы хабарламаны жеткізу жолы;
  3. микрокомпьютерлерде - жинақтауыштың логикалық атауы мен файлды қайдан іздестіру керек екендігін көрсететін өзара бағыныңқы каталогтардың атауларының тізбекшесінен тұратын белгі.[1]
  4. аралық пунктер бойынша нақты реттелген өту жолы, ал кестеге сәйкес уақыт бойынша тұрақты жолаушылар тасымалдау жолы.
 

Маршруттауыш (Маршрутизатор; router) — 1) баспа қүрылғысы сұрайтын тапсырманы орналастыратын және жұмыс бекетінің жоспарлауышынан баспа басу бастиегінде орналасқан соққылы инешіктердің тиісті пішін үйлесімінің ілгері қозғалуы кезінде символдар қалыптасатын басу құрылғысы (принтер).

 

Маршруттау (Маршрутизация; routing) — желідегі бағдарды таңдау; хабар жеткізу (мәліметтер жеткізу) үшін оңтайлы жол таңдау процесі, яғни есептеу желісінде маршрутты тандау серверінің жоспарлауышына ақпарат жіберетін баспа үлгісінің сыңары; 2) мәліметтер жеткізудің оңтайлы жолын таңдауға арналған құрылғы (компьютер). Бұл құрылғы желілер арасында мәлімет- терді бағдарлайды. Әдетте, бағдарлауыш бірдей хаттамалы, бірақ әр түрлі желілік жабдықты есептеу желілерін байланыстырады. Бірдей технологиялы желілерді де байланыстырады, бірақ ол әр түрлі технологиялы (мыс., Ethernet, Token Ring сияқты) желілерде жиі қолданылады. Көпірден айырмашылығы — бағдарлауышта өзінің меншікті желілік адресі болады. Компьютер басқа желіге мәліметтер дестесін жеткізу үшін бағдарлауышты аралық орын ретінде пайдалана алады. Егер мәліметтер оған арналып жіберілмесе, бағдарлауыш еш уақытта қабылданған дестені сұрыптамайды. Бағдарлауыштар желінің топологиясы мен қалып-күйі, арналардың жұмыс істеу қабілеті және түйіндерге жету мүмкіндіктері сияқты ақпараттармен өзара алмасу жасап отырады.

Информация о работе Маршрутизация и коммутатор