Валюталық операцияларды реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 06:59, реферат

Описание работы

Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін ашу мақсатында тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн. Валюталық операцияларға төмендегілер жатады:

1 Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.
2 Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және шығару операциялары.
3 Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру. Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялар тізімі шектелмейді.Валюталық бақылау жөніндегі заңға сәйкес валюталықоперациялар түсінігі валюталық құндылықтармен және Қазақстан Республикасының валютасында орындалатын операцияларды қамтиды.
4 Шетел валютасында орындалатын операциялар заңға сәйкес жүзеге асырылады. Банктер әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасында ақшалай есеп- айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық валюталық несие берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады.

Работа содержит 1 файл

Валюталық нарық.docx

— 23.88 Кб (Скачать)

   

                  Валюталық операцияларды реттеу.

 

      Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін ашу мақсатында тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн. Валюталық операцияларға төмендегілер жатады:

 

1  Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.

2   Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және шығару операциялары.

3  Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру. Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялар тізімі шектелмейді.Валюталық бақылау жөніндегі заңға сәйкес валюталықоперациялар түсінігі валюталық құндылықтармен және Қазақстан Республикасының валютасында орындалатын операцияларды қамтиды.

4 Шетел валютасында орындалатын операциялар заңға сәйкес жүзеге асырылады. Банктер әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасында ақшалай есеп- айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық валюталық несие берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады. 

 
     Валюталық қатынасты реттеуде негізгі ролді арнайы валюталық заң атқарады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі органы республиканың заңымен сәйкес валюталық реттеудің функцияларын атқаратын Ұлттық Банк болып табылады. Басқарма мен басқа мемлекеттік органдарзаңмен сәйкес болатын өзінің компетенциясы шегінде валюталық реттеуді жүзеге асырады. Валюталық реттеу бойынша негізгі нормативті акт «Валюталық реттеу туралы» заңы толықтырулар мен өзгертулер есебімен 24 желтоқсанда 1998 жылы шықты. Бұл Қазақстан территориясында валюталық операцияларды атқару тәртібі мен қағидаларын, валюталық операция субъектінің құқығы мен міндеттемелерін, валюталық заң бұзылуының жауапкершілігін анықтайды. Валюталық бақылаудың агенттері валюталық операцияларды жүргізу кезіндегі валюталық заңның сақталуын бақылаудың міндеті жатқызылған банктер мен банктік емес қаржылық өнеркәсіптер. Қазіргі кезде ҚР-да келесі негізгі валюталық шектеулер әрекет етеді: 

  • Резиденттер арасындағы операция бойынша төлемдер тек Қазақстандық валютада жүргізіледі, тек Ұлттық банктің, сонымен қатар салық және кедендік заңмен бекіткен нормативті құқықтық актілерді санамағанда:
  •  
    Ерекше банктік операцияларды атқаратын өкілетті банктер мен ұйымдардан, сонымен қатар олардың айырбастау ( пункт) орындарынан тыс шетел валютасын сатуға, сатып алуға және айырбастауға тыйым салынады:
  •  
    Резиденттердің тауар мен қызмет көрсету түрінде төлем алатын шетел валютасы, сонымен қатар несие түріндегі өкілетті банктерде шотқа есептелуінің міндетіне жататын, егер Қазақстан Республикасының Ұлттық банк лицензиясында басқалары да қарастырылмаса.

 
      Қазақстан Республикасының президенті халықаралық міндеттеменің атқарылу мақсатында және болжанбаған жағдай кезінде шектеу бойынша шешім қабылдауға немесе кез келген валюталық Қазақстан опнрациялардың тоқтатылуы құқылы. 
 
         Республикасының Ұлттық банк ҚР Президенттік «ҚР Ұлттық банк туралы» заңды күші бар жарғысымен сәйкес шетел валютасында валюталық операцияларды атқаруға қажетті шектер қоюға, соның ішінде мұндай операцияның көлемі мен сыйақы мөлшерлеменің деңгейіне шек қоюға құқылы.     ҚР. Реттеу туралы заңға сәйкес ҚР Ұлттық банк резиденттердің экспортты операцияның төлем валютасына шек қоюға құқы бар. Қазіргі жағдайда экспортты табыс сатуға шекті уақытша алып тастады. 
 
        Валюталық бақылау органдары ( Ұлттық банк пен ҚР-ның үкіметі) және оның агенттері ( өкілетті банктер) валюталық бақылауды жүзеге асырады. Оның мақсаты – валюталық операцияларды орындағанда валюталық заңдарды сақтауға бақылау жасау болып табылады.                                    

      Халықаралық валюта несие қатынастары бөлу, айырбастау, тұтыну салаларына жатады. Өндіріс салаларынан еркін және төлем балансында көрініс тапқан, халықаралық экономикалық қатынастардың барлық формаларының  аяқталғандығын білдіреді. Сонымен бір мезгілде олар салыстырмалы түрде дербес болып саналады, ұлттық экономика мен халықаралық экономикалық  қатынастардың бүкіл жүйесіне кері әсерін тигізеді.

     Әлемдік валюта жүйесі, ұлттық экономиканың өзара тәуелділігінің күшеюімен әлемдік шаруашылық байланыстарымен келісілген, ақша экономикалық қатынастарының жиынтығын білдіреді. Халықаралық еңбек бөлінісі, тауарлы өндіріс пен әртүрлі елдер арасындағы  сыртқа сауда оның базасы болып саналады.

 

  Әлемдік валюта жүйесінің құрамды элементтері:

  • Халықаралық төлем құралдарының белгілі бір жиыны (ұлттық, шетелдік және ұжымдық халықаралық валюта);
  • Валюта бағамы және валюта өлшемі (паритеті) мен еркін айналым жасаушылығын қоса алғандағы, валюта айырбастау тәртібі;
  • Халықаралық айналымды валюта-төлем құралдарымен қамтамасыз етудің тетігі (механизмі);
  • Халықаралық есеп айырысу формалары мен валюта және алтынның халықаралық нарығының  тәртібін ретке және жүйеге келтіру;
  • Валюта қатынастарының тәртібін реттеуші, мемлекетаралық институттардың мәртебесі;
  • Әлем шаруашылығының сыртқы экономикалық қызметімен байланысты халықаралық есеп айырысу мен несие операцияларын жүзеге асырушы халықаралық және ұлттық банк мекемелерінің жүйесі.

     Әлемдік валюта жүйесіндегі барлық төлем мен есеп айырысу операциялары, аталмыш ұлттық валюта ақша бірлігінің бағасы басқа ел валюталарының ақша бірлігінде көрінетін валюта бағамдарының  негізінде жасалады.

      Алғашқы беттегі валюта бағамы (курсы) алтын мен және оның құнымен, ұлттық валютаның алтын құрамымен, валюталарды пайдалану арасындағы қарама-қайшылық тереңдей түседі. 60-шы жылдардың ортасында доллар стандарты, капиталистік әлемдегі Батыс Еуропа мен Жапонияның пайдасына өзгеруші күштер арақатынасының сәйкес келушілігін доғарды, әлем экономикасындағы тұрақсыздық империалистік шилініс  факторына айналды. 

      Бреттон-Вуд жүйесіндегі құрылымдық дағдарыс 1971-1973 жылдары оның барлық қағидаларының үзілуіне алып келді: доллардың алтынға бөлшектенуі тоқтатылды, алтынның ресми бағасы алынып тасталды, белгіленген бағамдар  тәртібі еркін айналыстағы бағамдармен ауыстырылды.

     Жаңа әлемдік валюта жүйесі, алтынның демонитизациялануына  белгілеген және валюталардың алтын өлшемдерін жойған, алтындоллар стандартының күйреуі 1976 жылғы Ямай  келісімімен заңдастырылды. “Қарыз алудың арнайы құқығы” валюта жүйесі негізінде жарияланды. Әрбір ел, валюта бағамының тәртібін өздерінің қараулары бойынша таңдау құқығын алды. Валюта бағамдарының әртүрлі тәртіптеріндегі валюталар жүйесі қалыптасты. 1979 жылдан бастап әлемдік валюта жүйесі шеңберіндегі аймақтық деңгейде, өзінің есеп айырысу бірлігі – ЕВРО енгізілді. Толыққанды ұжымдық халықаралық валюта болып саналатын ЕВРО Еуропалық валюта жүйесі (ЕВЖ) қызметін жүргізеді. Доллардың өктемдігінен “Ортақ нарықты” қорғау, Еуропалық валюта жүйесінің (ЕВЖ) негізгі мақсаты болып саналады.

     Қазіргі кезеңдегі әлем шаруашылығы байланыстарының қалыптасуы мен  әлемдік валюта жүйесінің құрылуы аяқталып біткен жоқ және тұрақты жетілдірілу үстінде.

Халықаралық есеп айырысу[1], халықаралық есептесу — әр түрлі елдер мен фирмалардың өкілдері арасындағы есеп айырысу. Ол экономика, саяси және мәдени байланыстар негізінде туындайды. Халықаралық есеп айырысу да тәжірибеде қалыптасқан, ұлттық заңдармен, халықаралық құжаттармен, ережелермен және ғұрыптармен тиянақталған, төлем шарттары мен тәртібі, сондай ақ оларды жүзеге асыру жөніндегі күнделікті банк операциялары қамтылады. Халықаралық есеп айырысуды несие беретін, кепілдік жасайтын банкілер қолма қол ақшасыз нысанда жүргізеді. Банкілер өздерінің шетелдік бөлімшелерін және шетелдік банкілермен корреспонденттік қатынастарын пайдаланады. Халықаралық есеп айырысу валюталық және несиелік операциялармен, сыртқы саудамен, несиемен, инвестициямен, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен, тех. көмекпен, сақтандырумен, байланыс қызметтерімен, сондай-ақ өкілдіктер мен делегацияларды ұстаумен, туризммен, тағы басқа өзара байланысты.алюта жүйесі ғасырдың төрттен бір.


Информация о работе Валюталық операцияларды реттеу