Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 00:17, реферат
Спорт және дене тәрбиесi. Қазақ халқының дене тәрбиесiне, оны шынықтыруға, ептiлiкке, денсаулықты, көңiл-күйдi көтеруге арналған осы кездегi дене тәрбиесi мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесiне жарағандығын кейбiр археол. деректер дәлелдейдi. 1970 ж. Оңт. Қазақстан обл-нда б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда тоғызқұмалақ тастары табылды.
Спорт және дене тәрбиесі
Спорт және дене тәрбиесi. Қазақ халқының
дене тәрбиесiне, оны шынықтыруға, ептiлiкке,
денсаулықты, көңiл-күйдi көтеруге арналған
осы кездегi дене тәрбиесi мен спорт нышаны
ерте заманда-ақ халық кәдесiне жарағандығын
кейбiр археол. деректер дәлелдейдi. 1970
ж. Оңт. Қазақстан обл-нда б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда
тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы
Тараз қ-нан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ
тақтасының тасқа қашап салынған суретiн
кездестiрдi. Түрiк қағандығы дәуiрiнде
Қазақстан жерiнде көптеген қалалар салынып,
мәдени орталықтар бой көтердi. Көне Таразда
әншi-күйшiлер, шабандоздар, садақ тартушылар,
балуандар, басқа да күш өнерiн көрсетушiлер
бас қосып отырған. 7 ғ-да Орта Азия мен
Қазақстан жерiн жаулап алған Араб халифаты
ислам дiнiн уағыздаумен қатар, шахмат
(шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына
айтарлықтай ықпал еттi. Сөйтiп, көшпендi
деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесiн,
оның iшiнде спортты дамытуға көңiл бөлгенi
байқалады. Ежелден садақ тарту, бәйге,
сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт
түрлерiмен айналысқан қазақ халқы басқа
да спорт түрлерiмен айналысу арқылы өздерiнiң
рухани байлықтарын жетiлдiрiп, толықтырып
отырған. Халық өзiне лайықты деп санаған
ұлттық спорт түрлерiн, әр түрлi дене жаттығуларын
үнемi жетiлдiрiп келген. Әр рудың, әр жүздiң,
әрбiр хан мен бай-манаптың, болыс-бектiң
өз балуаны, өз мергенi, өз сәйгүлiгi болған.
Олар бәйге-жарыстарда iрi рулардың намысын
қорғаған.Қазақ халқы арасында спорттың
дамуына әр ұлт өкiлдерiмен арадағы қарым-қатынастың
нығаюы көп әсер еттi. Мұндай жағдай, әсiресе,
Қазан төңкерiсiнен кейiн берiк қалыптасты.
Алғашқы кезеңде спорт пен дене тәрбиесi
еңбекшiлердiң денсаулығын нығайту, жалпы
гигиеналық мәселелер, әскери шынықтыру
даярлығын жақсарту мақсатында жүргiзiлдi.
1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында
гимнастикамен айналысатын үйiрмелер
ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары
мен комсомол ұйымдары қыруар жұмыстар
атқарып, жастар күшiмен спорт алаңдарын,
әскери даярлық iсiне жаттығу өткiзетiн
орындар жасады. 1920 ж. 1 қазанда Қазақстанның
сол кездегi астанасы Орынбор қ-нда дене
тәрбиесi нұсқаушылары және ұйымдастырушыла-рымен
әскерге баратын жастарды спортқа баулуға
арналған курстар ұйымдастырылды. Оған
жүзден астам кiсi қатысты. Оның тең жартысынан
көбi қазақ жастары болатын. Мұнан соң
Ақтөбе, Гурьев (қазiргi Атырау), Орал, Верный
(қазiргi Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда,
Семей қ-ларында iрi спорттық орталықтар
құрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай,
Жетiсу губернияларында спартакиадалар
өте бастады. Әйелдер арасында дене тәрбиесiн
дамыту мақсатында 1925 ж. Семей қ-нда арнаулы
спартакиада өттi. Дәл осындай әйелдер
арасында спартакиадалар Орал, Петропавл,
Алматы қ-ларында да ұйымдастырылды. 1928
ж. Петропавл қ-нда Бүкiлқазақстандық 1-спартакиада
өз жалауын көтердi. Оған қатысушылар футбол,
жеңiл атлетика, қалашық (городки), қазақша
күрес, баскетбол және нысана көздеуден
сынға түстi. Қазақстанда дене тәрбиесi
мен спортты дамытуда 1931 ж. енгiзiлген “КСРО-ны
қорғауға, еңбек етуге дайын бол” (ГТО)
деп аталған бәсекелердiң маңызы зор болды.
Бұл жастардың спортқа тұрақты түрде қатысуына
мүмкiндiк бердi. Дене тәрбиесiнен ұлттық
кадрлар даярлауға көңiл бөлiне бастады.
1932 ж. Алматыда дене тәрбиесi техникумы
ашылды. 1934 ж. респ. ведомствоаралық 1-спартакиада,
Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасындағы
1-спартакиада және мектеп оқушылары арасында
бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өттi.
Қазақстан К(б)П-нiң 1937 ж. өткен 1 съезi дене
тәрбиесi мен спорт және бұқаралық қорғаныс
жұмыстарын кеңейте түсудi атап көрсеттi.
2-дүниежүз. соғыс қарсаңында Қазақстан
спортшыларының саны 150 мыңға жеттi, оның
iшiнде 30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын.
Соғыс жылдарында әскери-спорт кадрларын
даярлауда көп жұмыс атқарылып, елiмiзде
1,5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары
тәрбиелендi. 1945 — 56 ж. Қазақстанда дене
тәрбиесi ұйымдары нығайып, спорт кадрлары
өсiп шықты. 1945 ж. Алматыда дене тәрбиесi
ин-ты (Қазақ физкультура ин-ты) ашылды.
1946 ж. Шоқыр Бөлтекұлы “Спартак” қоғамы
бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып,
қазақ жастары арасында бiрiншi болып спорт
шеберi деген дәрежеге жеттi. 1950 ж. Қазақстан
спорт ұйымдары құрылды. 1959 ж. бұл ұйымдар
спорт федерациясы болып өзгертiлдi. 1951
ж. “Колхозшы” спорт қоғамы құрылды. 1956
жылдан бастап “Қайрат” деп аталды. 1956
ж. Мәскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы
өттi. Қазақстан спортшылары 1956 жылдан
олимпиялық ойындарға да қатыса бастады.
Тау шаңғышысы А.Артеменко 1956 ж. Италияның
Кортина Д’Ампеццо қаласында өткен 7-қысқы
олимпия ойындарында, ал Е.Кадяйкин Мельбурнда
(Австралия) өткен жазғы 16-олимпиялық ойындарда
3000 м-ге тосқауылдар арқылы жүгiруден сынға
түстi. Қазақ жастары арасынан шыққан жеңiл
атлет Ғ.Қосанов 1960 10 м-лiк эстафеташылар
жарысында күмiсґж. Римде өткен 17-олимпиялық
ойындарда 4 жүлденi иемдендi.
Елiмiзде қысқы спорттың дамуына 1951 ж. ашылған
әйгiлi Медеу мұз айдыны (қ. Медеу спорт
кешенi) үлкен ықпал еттi. Мұнда көптеген
дүниежүз. және құрлықтық рекордтар жаңарды.
1960 жылдардың басында Қазақстанда спорт
клубтары (АДК “Шахтер”, “Болат”, “Динамо”,
т.б.) құрыла бастады. Қазақстан спортшылары
Кеңес Одағы тұсында айтарлықтай спорттық
дәрежеге қол жеткiздi. Көгалдағы хоккейшiлер,
допты хоккейшiлер, “Буревестник”, АДК
волейболшылары, “Динамо” су добы командасы
КСРО, Еуропа және дүние жүзi чемпиондары
атанды. Аталмыш командалар құрамында
М.Жексенбеков, С.Шаймерденов, С.Қалымбаев,
Е.Құмарғалиев, С.Сексенбаев, Ю.Варзин,
В.Бочков, В.Агуреев, О.Жарылғапов, М.Мәденов,
З.Жәркешов, Ж.Сауранбаев, В.Кравченко,
Е.Чебукина, О.Кривошеева, Н.Меңдiғалиев,
Е.Аяпбергенов, А.Оразалинов, С.Котенко
сынды спортшылар өнер көрсеттi. 1976 ж. 21-Олимпиялық
ойындарда (Монреаль, Канада) КСРО құрама
командасына 14 қазақстандық спортшы 11
спорт түрiнен қатысты. Бұл олимпия ойынында
жерлестерiмiз 8 алтын және 2 күмiс медальға
ие болды. Ал осы жылы өткен Қысқы олимпия
ойындарында шаңғы жарысынан 2 қола медальдi
иемдендi. Мәскеуде өткен 22-олимпия ойындарында
(1980) 20 қазақстандық спортшы 6 алтын, 2 күмiс
және 7 қола медальдi алды. Осы олимпияда
ойындарында Ж.Үшкемпiров, Ш.Серiков, т.б.
олимпия чемпиондары атанды. 1988 ж. Сеулде
(Корея Республикасы) өткен 24-олимпия ойындарында
КСРО құрама командасында 30 қазақстандық
спортшы қатысты. Олар әр түрлi дәрежедегi
18 медальдi иелендi. Барселонада (Испания)
өткен 25-олимпия ойындарында (1992) Қазақстан
Республикасы ТМД құрама командасында
болды. Мұнда 11 спорт түрiнен 23 спортшы
қатысып, 5 медаль (Е.Чебукина, И.Герлиц,
Д.Тұрлыханов, Т.Меньшова, В.Вохмянин) алды.
Қазақстандықтар 1994 ж. бастап Азия ойындарына
қатысып келедi. Хиросима (Жапония) қ-нда
өткен 12 ойындарында қазақстандықтар
жалпыкомандалық төртiншi орынды иелендi.
Олар 77 медальға (оның 25-i алтын) ие болды.
Атап айтқанда Қ.Шағатаев, Н.Сманов (бокс),
М.Мамыров (еркiн күрес), Ю.Мельниченко,
Д.Тұрлыханов (грек-рим күресi), О.Шишигина
(жеңiл атлетика) сынды спортшылар алтын
медаль иегерлерi атанды. 1998 ж. Таиландта
(Бангкок қ.) өткен 13-Азия ойындарында қазақстандықтар
бесiншi орын алды. Олардың үлесiнде барлығы
78 медаль (оның 24-i алтын) болды. Чемпион
атанғандардың iшiнде В.Гуща, Д.Аспандиярова
(нысана көздеу), Д.Топоров, Қ.Нұрмағамбетов
(ескек), Б.Байсейiтов, С.Матвиенко (грек-рим
күресi), Н.Торшина, О.Шишигина, И.Потапович,
С.Арзамасов (жеңiл атлетика), В.Бурба, Е.Ибрайымов,
М.Дiлдәбеков (бокс) сынды спортшылар бар.
2002 жылы Корея Республикасының Пусан қаласында
өткен 14-Азия ойындарында жерлестерiмiз
76 медаль алды. Командалық есепте бесiншi
орында болды. 20 спортшы алтыннан алқа
тақты. Олардың арасында А.Тетерюк (велоспорт),
Ә.Иманбаев, Г.Цурцумия (грек-рим күресi),
Б.Ахметов, С.Филимонов (ауыр атлетика),
Н.Торшина, Г.Егоров, В.Борисов (жеңiл атлетика),
Н.Кәрiмжанов, Г.Головкин (бокс), О.Довгун,
С.Беляев (нысана көздеу), т.б. спортшылар
бар. 1994 ж. Лиллехаммерде (Норвегия) өткен
Қысқы олимпия ойындарында көкшетаулық
В.Смирнов олимпия чемпионы атанды. Атланта
(АҚШ) қ-нда өткен 26-олимпия ойындарында
Қазақстан тұңғыш рет жеке команда болып
шықты. Қазақстандық спортшылар 3 алтын,
4 күмiс және 4 қола медальға ие болды. Олимпияға
қатысқан 197 елдiң iшiнде Қазақстан 24-орынды
иемдендi. Ю.Мельниченко (грек-рим күресi),
А.Парыгин (бессайыс), В.Жиров (бокс) тәуелсiз
мемлекетiмiздiң тұңғыш чемпиондары болды.
Сиднейде (Австралия) өткен 27-олимпия ойындарында
(2000) қазақстандықтар 3 алтын, 4 күмiс медальдi
иемдендi. Олимпияға қатысқан 199 елдiң iшiнде
Қазақстан спортшылары 22-орында тұрақтады.
Бұл олимпия ойындарында Е.Ибрайымов,
Б.Саттарханов, О.Шишигина чемпион атанды.
2001 ж. Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң
10 жылдығына арналған 1-жазғы спартакиада
өттi. Бұл бәсекеге елiмiздiң миллионнан
аса тұрғыны қатысты. Бәсеке қорытындысында
Оңт. Қазақстан обл-ның өкiлдерi (4430 ұпай)
бас жүлденi еншiледi. Алматы қ-ның спортшылары
екiншi (4272 ұпай), қарағандылықтар үшiншi
(3658, 33 ұпай) орынға шықты.
Ұлттық спорт түрлерi де жақсы жолға қойылған.
Атап айтқанда қазақша күрес, тоғызқұмалақ,
сайыс, аударыспақ, бәйге, көкпар, қыз қуу,
жорға жарыс, атан жарыс, асық ату, бестас
сияқты спорт түрiнен арнайы федерациялар
құрылған. Ресми жарыстар өтiп тұрады.
Тоғызқұмалақ ойыны Оңт. Қазақстан, Қызылорда,
Қостанай облыстарында кейбiр мектептерде
пән ретiнде оқытылады. Спорт базалары.
2001 жылдың қаңтар айындағы дерек бойынша
Қазақстанда 291 балалар және жасөспiрiмдер
спорт мектебi болды. Оның iшiнде олимпиялық
резервтi дайындайтын 55 арнайы мектептерде
142 мың жас спортшыларды 4420 бапкер жаттықтырады.
Бұлардан басқа дарынды спортшыларды
дайындайтын 9 мектеп-интернат (2340 жас
спортшыларды 210 бапкер жаттықтырады),
iрi халықар. жарыстарда жоғары жетiстiктерге
жеткiзу мақсатында құрылған спорттық
элита 6 мектебi (құрамында 1128 спортшы,
210 бапкер бар) жұмыс iстейдi. Қазақстан
кәсiпорындары мен мекемелерiнде 11,3 мың
дене шынықтыру ұжымдары бар (2001). Онда
1,4 млн-ға жуық адамдар әр түрлi секцияларда
дене шынықтыру және спорттың әр түрлi
салаларымен айналысады. Жылдан жылға
спорт базалары көбейiп келедi. 2002 жылғы
мәлiмет бойынша республикада 26019 спорт
құрылыстары тiркелген. Оның iшiнде 242 стадион,
20 спорт сарайы, 124 спорт кешенi, 13 оқу-жаттығу
орт., 150 бассейн, 6123 спорт залы, 34 спорт
манежi, 143 шаңғы базасы, 8 ескекшiлер жүзетiн
каналы, 1448 тир, 3 велотрек, 9 эллинг, 3 желкен
клубы, 2 шаңғымен секiретiн тұғыр, 13 спорттық
мұз айдыны және 142 теннис корты бар.
Бокс ерте Грек елi — Элладамен тығыз байланысты. Аңыздарға сенсек, ол кезеңдегi ең танымал «қолғап иесi» — Тезей болған көрiнедi. Ал Платонның жазуы бойынша, жұдырықтасу өнерiнiң атасы — теңiз құдайы Посейдон мен Мелия есiмдi нимфаның ұлы — Амыкус екен. Ерте Грекияда болған бокстың алғашқы белгiлерiн қыш құмыраларда салынған боксшылардың бейнесi де дәлелдейдi.Ал жақында археолог ғалым бiздiң жыл санауымыздан 3 мың жыл бұрын салынған шiркеудiң қабырғаларынан бокс қолғабының суретiн де тауып отыр. Бiр қызығы, ол кезеңдерде кубок жеңiлген боксшыларға берiлген көрiнедi. Айталық, соғыс өнерi десе, сақалын кесуге бар Рим императоры Калигула сонау Африкадан қайратты құлдарды сатып әкелiп, көз алдында қоразша төбелестiредi екен. Императордың екi сүйiктi спортшысы болса керек. Бұл Глаукос пен Меланкомас аталатын алыптар дәл қазiргi бокста қолданылатын бiршама соққы түрлерiне негiз салып кеткен екен.Алайда, Рим мен Грекияда белгiлi дәрежеде беделдi болған бұл спорт түрi олимпиадалық ойындарға мейлiнше кеш, тек 23-ойында барып қосылған (б.д. дейінгі 688 ж.). Олимпиададағы алғашқы ойындар жалаң қолмен жүргiзiлген, кейiн қос қолға белдiктi орауға көшедi. Одан соң көрермендердiң тiлегiмен бұл белбеулерге темiр сақиналар кигiзiле бастайды. Тұңғыш рет чемпион кубогын гректiң Ономастус есiмдi спортшысы иеленедi.Ал бокс жеңiмпазына арналған алғашқы арнау өлеңiн Пиндар есiмдi ақын жазған екен. Ололимпиада чемпионы атанған өзiнiң ұлы Диагоросты мадақтап, оған жыр арнайды. Бұл боксшылардың ерлiгi қарсыласының құлағын тiстеген Тайсонның әрекетiндей емес. Мәселен, Эуридиамас есiмдi боксшы ойын үстiнде жағы сынады да, мұны ешкiм көрiп қалмауы үшiн, сынған сүйектi жұтып қойып, төбелестi жалғастыра түседi. Оның ерлiгiн кейiн ақын Элиан мадақтап жазады.
Ал ерте Грекияның ең танымал боксшысының есiмi — Тагенес. Тарихшылар оның 1425 рет шаршы алаңнан жеңiмпаз боп қайтқанын айтады. Тагенес рекордының қаймағы бүгiнге шейiн бұзылмаған.Алайда Рим империясының бiздiң дәуірімізге дейiнгi I ғасырда құлағанынан кейiн бокстың қалай дамығаны жайлы деректер де сақталмаған. Мiне, осы деректердiң жоқтығынан да ағылшындар боксты өздерiне телiп жүр. Бокс (boxing) ресми аты да Англияда қалыптасқан. Джеймс Фигг алғаш бокс мектебiн ашып, жастарды былғары қолғап өнерiне баулиды. Бокстың алғашқы ережелерi де Фиггтiң отанында пайда болған екен. Бұл ережелерде рингтiң аумағы, раунд ұзақтығы және қолғап салмағы айтылады. 1908 жылы бокс ресми түрде олимпиада бағдарламасына енгiзiлiп, оған тек ағылшындықтар ғана қатысады. Бiрақ бұдан кейiн тағы да бағдарламадан тыс қалады да, 1920 жылдан берi қайта тұрақты түрде өткiзiлiп келедi.
Кәсiби бокс алаңында Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Джордж Формен, ағайынды Спайкстер, Флой Патерсонның есiмдерi ерекше аталады. Олимпиада тарихында боксшылары ең көп алқа тағынған ел — АҚШ. Бiрақ бүгiнде кубалық спортшылар алғы шепте келедi. 1992 жылғы Барселонада өткен олимпиадада кубалық боксшылар 12 алтын алқаның жетеуiн қанжығаға байлап кеткен. Ал 1996 жылы Атланта Олимпиадасында 4 алтын, 3 күмiс медальды жеңiп алды. Олимпиада тарихында екi боксшы ғана 3 мәртеден жеңiмпаз атанған. Олар — венгриялық Л. Папп пен кубалық Т. Стивенсон.
Бүгiнде әлем бойынша кәсiби боксқа аса көңiл бөлiнiп келедi. Қазақстан бойынша жұдырығының өнерiн кәсiп қып жүрген боксшылар санаулы ғана. Олардың алғы шебiнде Василий Жиров, Геннадий Головкин және Марат Мәзiмбаевтар тұр.
Бокс ережелері
Жекпе-жек қабырғалары ұзындығы 5-тен 6 метрге дейін болатын және 4 қатар канатпен шектелген алаң — рингте өтеді.
Жеңіс көп ұпай еншілеген боксшыға; нокаутпен ұтқанға; қарсыласы пәрменсіз болып жекпе-жекті жалғастыра алмағанда, дисквалификацияға ұшырағанда немесе жекпе-жектен бас тартқан жағдайларда беріоеді.
Бокста белден төмен, желкеден, арқадан ұруға, баспен ұруға және құлап жатқан қарсыласты ұруға тыйым салынады. Жекпе-жекке — ринг ішіндегі бір төреші, сыртындағы 3-5 төреші төрелік жүргізеді.
Салмақ дәрежелері
XIX және XX ғасыр басында салмақ дәрежелерді таптарға бөлу негізі қаланды. Негізгі себеп — ауыр боксшы әрқашан жеңілге қарағанда басымырақ болғандығы. Салмақ дәрежелерді таптарға бөлу АҚШ пен Англияда орын алған. Қазіргі кезде кәсіпқой бокста 17 түрлі салмақ дәрежесі бар. Бүкіләлемдік Бокс Кеңесі (ББК — WBC) енгізген салмақ дәрежелері:
cruiserweight («крейсер салмағы», бірінші ауыр салмақ) — 190 фунт (86,2 кг, ақырында төменгі шегін 200 фунтқа немесе 90,7 кг-ға дейін көтерген, кейде super cruiserweight — 195 фунт немесе 88,5 кг салмақта да жекпе-жек өткізілген);
super middleweight («суперорташа» немесе екінші ауыр салмақ) — 168 фунт (76,2 кг);
super welterweight (немесе light middleweight — екінші жартылайорташа немесе бірінші орта салмақ) — 154 фунт (69,9 кг);
super bantamweight (немесе junior featherweight — екінші жеңіл немесе бірінші жартылайжеңіл салмақ) — 122 фунт (55,3 кг);
super flyweight (немесе junior bantamweight — екінші ең жеңіл немесе бірінші жеңіл салмақ) — 116 фунт (52,6 кг);
light flyweight (немесе junior flyweight — бірінші ең жеңіл салмақ) — 108 фунт (49,9 кг);
strawweight (немесе minimumweight — ең аз салмақ) — 105 фунт (47,6 кг)
Әуесқой бокс
Әуесқой бокста басқа жүйе істейді, соған сәйкес боксшылар 11 түрлі салмақ дәрежесіне бөлінеді (ресми түрде кг-мен белгіленгендіктен бұл жердегі аттары шартты түрде берілген):
аса ауыр салмақ (91 кг-нан жоғары);
бірінші ауыр салмақ (91 кг);
жартылай ауыр салмақ (81 кг);
екінші орташа салмақ (75 кг);
бірінші орта салмақ (69 кг);
жартылайорта салмақ (64 кг);
жеңіл салмақ (60 кг);
жартылайжеңіл салмақ (57 кг);
жеңілірек салмақ (54 кг);
ең жеңіл салмақ (51 кг);
ең аз салмақ (48 кг).
Соққылар түрлері:
Бокстағы негізгі соққылар түріне:
тура соққылар (джеб, кросс);
жанынан соққы (хук, свинг);
төменнен соққы
(апперкот)
Қазақ
боксының жетістіктері
Әлем біріншіліктері алтын медаль иегерлері:
Салмақ дәреже Боксшы Жыл
67 кг Валерий Рачков 1978
63,5 кг және 64 кг Виктор Ружников 1989
51 кг Болат Жұмаділов 1999
57 кг Галиб Жафаров 2003
75 кг Геннадий Головкин 2003
57 кг Серик Сәпиев 2005
81 кг Ердос Жаңабергенов 2005
64 кг Серик Сәпиев 2007
Жазғы Олимпиада Ойындарындағы нәтижелер:Олимпиада Алтын Күміс Қола
XXVI, Атланта-1996 Василий ЖИРОВ, 81кг Болат ЖҰМАДIЛОВ, 51кг Болат НИЯЗЫМБЕТОВ, 63.5кг; Ермахан ИБРАИМОВ, 71кг
XXVII, Сидней-2000 Бекзат САТТАРХАНОВ, 57кг; Ермахан ИБРАИМОВ, 71кг Болат ЖҰМАДIЛОВ, 51кг; Мухтархан ДIЛДӘБЕКОВ, 91+кг
XXVIII, Афины-2004 Бақтияр АРТАЕВ, 69кг Геннадий ГОЛОВКИН, 75кг
Серiк ЕЛЕУОВ, 60кг