Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 21:07, реферат
Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттiк реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Сауда қызметiн реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi N 544 Заңы
Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттiк реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi
ұғымдар пайдаланылады:
1) әкетудi және (немесе) әкелудi сан жағынан
шектеулер – квоталарды белгiлеу жолымен
енгiзiлуi мүмкiн тауарлардың сыртқы саудасын
сан жағынан шектеу жөнiндегi шаралар;
2) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына
бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi –
бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны
рұқсат етiлген шекте ұстау және елде макроэкономикалық
тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында
белгiленетiн бөлшек сауда бағаларының
рұқсат етiлген деңгейi, оған дейiн сауда
қызметi субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар
азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын
айқындауға құқылы;
3) бөлшек сауда – кәсiпкерлiк қызметпен
байланысты емес, сатып алушыға жеке, отбасылық,
үй iшiнде немесе өзгедей пайдалануға арналған
тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк
қызмет;
4) кедендiк баждардың квотаiшiлiк ставкасы
– белгiленген тарифтiк квота шегiнде әкелiнетiн
тауарларға белгiленетiн кедендiк әкелiм
бажының мөлшерi (шамасы);
5) кедендiк баждардың квотадан тыс ставкасы
– белгiленген тарифтiк квотадан тыс әкелiнетiн
тауарларға белгiленетiн әкелiмдi кедендiк
баждың мөлшерi (шамасы);
6) көтерме сауда – кейiннен сатуға немесе
жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай
өзгедей пайдаланумен байланысты емес
өзге де мақсаттарға арналған тауарларды
өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
7) қоғамдық тамақтандыру – тамақ өнiмдерiн
өндiрумен, өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды
ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк
қызмет;
8) рұқсат – осы Заңға сәйкес сыртқы сауда
шарты (келiсiмшарт) негiзiнде сыртқы сауда
қызметiне қатысушыға берiлетiн рұқсат
ету құжаты;
9) сауда алаңы – тауарлар сату кезiнде
тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға
қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай
есеп айырысуға, сатып алушылардың өтуiне
арналған, арнайы құрал-жабдық қойылған
сауда объектiсiнiң алаңы;
10) сауда желiсi – ортақ басқарудағы және
(немесе) бiрыңғай коммерциялық белгiнi
немесе дараландырудың өзге де құралымен
пайдаланылатын, екi мың шаршы метрден
кем емес жалпы сауда алаңы бар, екi және
одан да көп сауда объектiлерiнiң жиынтығы;
11) сауда қызметi – жеке және заңды тұлғалардың
тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға
бағытталған кәсiпкерлiк қызметi;
12) сауда қызметiн реттеу саласындағы
уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган)
– сауда қызметi саласында басшылықты
және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын
орталық атқарушы орган;
13) сауда қызметi субъектici – Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген
тәртiппен сауда қызметiн жүзеге асыратын
жеке немесе заңды тұлға;
14) сауда объектiсi – арнайы құрал-жабдықпен
жарақталған, тауарлар сату кезiнде тауарларды
қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет
етуге және сатып алушылармен ақшалай
есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын
үй немесе үйдiң бiр бөлiгi, құрылыс немесе
құрылыстың бiр бөлiгi, ғимарат немесе ғимараттың
бiр бөлiгi, автоматтандырылған құрылғы
немесе көлiк құралы;
15) сауда саясаты – осы Заңда белгiленген
мақсаттар мен принциптердi iске асыру
үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдық,
құқықтық, экономикалық, бақылау және
өзге де шаралар жиынтығы;
16) сыртқы сауда (бұдан әрi – сыртқы сауда
қызметi) – тауарларды Қазақстан Республикасынан
әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына
әкелумен байланысты сауда қызметi;
17) тарифтiк квота – кедендiк әкелiм бажының
қолданыстағы ставкасымен салыстырғанда
тауардың белгiлi бiр санын әкелу кезiнде
(заттай немесе құнымен алғанда) белгiлi
бiр кезең iшiнде кедендiк әкелiм бажының
мейлiнше төмен ставкасын қолдануды көздейтiн,
үшiншi елдерден шығарылатын тауарлардың
жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының
аумағына әкелудi реттеу шарасы;
18) тауар – сатуға немесе айырбастауға
арналған, айналымнан алынбаған кез келген
еңбек өнiмi;
19) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына
және (немесе) импортына ерекше құқық –
уәкiлеттi орган беретiн лицензияның негiзiнде
ұсынылатын тауарлардың жекелеген түрлерiне
қатысты сыртқы сауда қызметiн жүзеге
асыру құқығы;
20) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортын
және (немесе) импортын қадағалау – тауарлардың
жекелеген түрлерiнiң экспорты және (немесе)
импорты серпiнiне мониторинг жүргiзу мақсатында
белгiленетiн уақытша шара;
21) iрi сауда объектiсi – сауда алаңы екi
мың шаршы метрден кем емес сауда объектiсi;
22) iшкi сауда – Қазақстан Республикасының
аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi;
23) экспортты дамыту – отандық өндiрушiлердiң
тауарларды экспорттау қабiлетiн дамытуды
ынталандыратын жағдайлар жасауға бағытталған,
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк
саясат шеңберiнде жүзеге асырылатын iс-шаралар
кешенi;
24) экспортты дамытудың және iлгерiлетудiң
институционалдық жүйесi – өңделген отандық
тауарларды сыртқы нарықтарға iлгерiлетуге
бағытталған шаралар кешенi;
25) экспортты дамытудың және iлгерiлетудiң
экономикалық құралдары – экспортты сервистiк
қолдау және экспорттаушылардың өңделген
отандық тауарларды сыртқы нарықтарға
iлгерiлетудегi шығындарының бiр бөлiгiн
өтеу;
26) Экспортты дамыту және iлгерiлету жөнiндегi
ұлттық ұйым – өңделген отандық тауарлар
экспортын дамыту және iлгерiлету жөнiндегi
мемлекеттiк шараларды iске асыру үшiн
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi
бойынша акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық
нысанында құрылған заңды тұлға;
27) экспортты iлгерiлету – Қазақстан Республикасы
экспорттаушыларының сыртқы нарықтарға
кiруiне жәрдемдесуге бағытталған, Қазақстан
Республикасынан тысқары жерлерде мемлекеттiк
саясат шеңберiнде жүзеге асырылатын iс-шаралар
кешенi;
28) экспортты сервистiк қолдау – өңделген
отандық тауарларды дамытуға және сыртқы
нарықтарға iлгерiлетуге бағытталған шаралар
кешенi.
. Сауда қызметiн реттеудiң
мақсаттары мен
принциптерi
1. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары:
1) халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту;
2) сауда қызметiн көрсетудi және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру;
3) Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу;
4) Қазақстан Республикасының әлемдiк сауда жүйесiне ықпалдасуы үшiн жағдайлар жасау;
5) сыртқы нарықтарда отандық тауарлардың бәсекелестiк қабiлеттiгiн арттыру болып табылады.
2. Сауда қызметiн реттеудiң негiзгi принциптерi:
1) сауда қызметi субъектiлерi құқықтарының теңдiгi;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың сауда қызметiне араласпауы;
3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау;
4) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау;
5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету;
6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi;
7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретiндегi бiрлiгi;
8) тұтынушылардың, сауда қызметi
субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары
мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды
қамтамасыз ету болып табылады.
Сауда қызметiн мемлекеттiк
реттеу нысандары мен
әдiстерi
1. Сауда қызметiн мемлекеттiк
реттеу нысандары:
1) сауда қызметiн жүзеге асыру тәртiбiн
айқындау;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
шекарасымен тұспа-тұс келетiн кеден одағының
кедендiк шекарасы арқылы тауарлардың
өтуi шарттарын айқындау;
3) сауда қызметiн дамытуды ынталандыру;
4) сауда қызметi саласындағы мемлекеттiк
бақылау және қадағалау;
5) сертификаттау болып табылады.
2. Сауда қызметiн мемлекеттiк реттеу әдiстерi:
1) сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк
реттеу;
2) сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес
реттеу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген тәртiппен тауарлардың сатылуын
тоқтата тұру және (немесе) сатуға тыйым
салу;
4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және
өтемақылық шаралар қолдану;
5) халықаралық экономикалық санкцияларға
қатысу болып табылады.
Iшкi сауда объектiлерi және түрлерi
1. Сауда объектiлерi мен қоғамдық тамақтандыру объектiлерi iшкi сауда объектiлерiне жатады.
2. Iшкi сауда объектiлерiне:
1) автомат - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
2) жылжымалы сөре - арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын тасымалды немесе жылжымалы сауда орны;
3) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған арнайы автокөлiк құралы;
4) шатыр - құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жасалып, сауда жабдықтарымен жарақталған және арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын құрылыс;
5) дүңгiршек - арнайы бөлiнген жep учаскесiне орнатылған, сауда залы жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс;
6) дүкен - сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, тұрақты жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс немесе оның бiр бөлiгi;
7) сауда үйi - бiртұтас басқарылатын сауда объектiлерiнiң және қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң жиынтығы орналасқан, сауда қызметiне арналған және сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық және қойма үй-жайларымен және өз аумағы шекарасының шегiнде автокөлiк құралдарын қоюға арналған алаңмен қамтамасыз етiлген тұрақты жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс;
8) сауда базары - аумақта
шаруашылық қызметiн көрсету, басқару
және күзет функциялары орталықтандырылған,
тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн, маңындағы
аумақтан бөлектенген, сауда қызметiне
арналған және өз аумағының шекарасы шегiнде
автокөлiк құралдарын қою үшiн алаңмен
қамтамасыз етiлген оқшауланған мүлiктiк
кешен.
Сауда базарларының қызметiн ұйымдастыру ережелерiн,
олардың түрлерiн, санаттарын және оларға
қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының
Yкiметi бекiтедi.
Сыртқы сауда қызметiн
дамыту жөнiндегi мемлекеттiк
шаралар
Сыртқы сауда қызметiн дамыту
жөнiндегi мемлекеттiк шаралар:
1) экспорттық кредиттердiң кепiлдiктерi
мен сақтандыру жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн
қамтамасыз ету;
2) сыртқы сауда қызметiн дамытуға жәрдемдесетiн
сауда көрмелерiн, жәрмеңкелердi және өзге
де iс-шараларды ұйымдастыру;
3) экспортты дамытудың және iлгерiлетудiң
институционалдық жүйесiн құруды және
оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
4) экспортты дамытудың және iлгерiлетудiң
экономикалық құралдарын қолдану;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген сыртқы сауда қызметiн ынталандырудың
және көтермелеудiң өзге де нысандарын
iске асыру болып табылады.
. Сауданың өзге түрлерi
23-бап. Аукциондық сауда
1. Тауарларды сату жөнiндегi
аукциондық сауда көпшiлiкке жария сауда-саттық
жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
Тауардың бастапқы бағасы сатушының сауда-саттық
жасау кезiндегi тауардың рыноктық құнына
орай айқындалуы мүмкiн, түпкi бағаны сауда-саттық
жүргiзу нәтижесiнде сатып алушы айқындайды.
2. Аукциондық сауда жүргiзу
тәртiбi Қазақстан Республикасының азаматтық
24-бап. Комиссиялық сауда
Комиссиялық сауда Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
25-бап. Тапсырыс бойынша сауда
1. Тапсырыс бойынша сауда сатушының
тауар туралы жарнама және ақпарат таратудың
өзге де әдiстерi негiзiнде мәлiметтер ұсыну
жолымен жүзеге асырылады.
Тапсырыс бойынша тауарларды сату жиынтық
(стандартты) жiберiлiм арқылы да жүзеге
асырылуы мүмкiн. Жиынтық (стандартты)
жiберiлiм түрлi мақсаттағы тауарлардың
жинақталымын қамтуы мүмкiн.
2. Тапсырыс бойынша сауда осы қызмет субъектiлерiнiң тiкелей сатып алушыдан, көшпелi сауда орындарында, телефон немесе почта тапсырысы бойынша тапсырыс беру және (немесе) оны қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
3. Тапсырысты қабылдау және оны орындау жөнiндегi қызмет көрсету бағасы, ақы төлеу тәртiбi, жеткiзу мерзiмi шартпен айқындалады.
4. Тауарды елдi мекен шегiнде
жеткiзу қолма-қол жүзеге асырылады, тауарларды
басқа орындардан жеткiзу көлiк немесе
почта ұйымымен шарт жасасу арқылы да
жүзеге асырылуы мүмкiн.
Тауар басқа елдi мекеннен жеткiзiлген
жағдайда тауар үшiн есеп айырысуды, сондай-ақ
көлiк немесе почта ұйымы көрсеткен қызметтерге
ақы төлеудi сатушының агентi жүзеге асырады.
5. Тапсырыс берушi шарттың талаптары бұзылмай орындалған тапсырысты қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тапсырыс берушi сатушыға тауарды тапсырыс берушiге және керi қарай тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң құнын өтеуге мiндеттi.
26-бап. Шекара маңындағы сауда
1. Шекара маңындағы сауданы Қазақстан Республикасының шекара маңы аумағы мен шектес мемлекеттiң тиiстi шекара маңы аумағындағы жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен шектес мемлекеттермен жасасқан халықаралық шарттармен белгiленген талаптарға сәйкес айқындалады.
27-бап. Көшпелi сауда
1. Көшпелi сауда тиiстi аумақта жоқ тауарларға қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн не осы аумақта сауда объектiлерi болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Сауда қызметiнiң субъектiлерi көшпелi сауданы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлеген арнайы бөлiнген орындарда жүзеге асырады.
3. Көшпелi сауда автодүкендерде
және (немесе) шатырларда жүзеге асырылады.
. Электрондық сауда
1. Электрондық сауда оған қатысушылардың келiсiмi (шарты) негiзiнде электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып, тауарларды сатып алу-сатуға сауда мәмiлесiн жасасу арқылы жүзеге асырылады.
2. Электрондық саудаға
қатысушылардың құқығы мен
3. Электрондық сауданы жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге сәйкес айқындалады.
30-бап. Тауарлармен биржалық сауда жасау
Биржалық сауда Қазақстан Республикасының тауарлық биржалар туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Сауда қызметi субъектiлерiне қойылатын талаптар
1. Сауда қызметi субъектiлерi
өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
1) тиiсiнше сапалы, қауiпсiздiк талаптарына
сай келетiн тауарларды сатуға;
2) тауарларды тиiсiнше жария оферта, шарттар
немесе өзге де мәмiлелер талаптарына
сәйкес белгiленген өлшемдер бойынша сатуға;
3) сатып алушыға тауардың сапасы мен шығарылған
жерi, тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелерi
және талаптар қою тәртiбi, өнiмдi пайдалану,
оны сақтау тәсiлдерi мен ережелерi туралы,
ал талап-арызды және сотқа ұсынылатын,
оған қоса берiлетiн құжаттар ресiмделген
жағдайда, сол сияқты сатушының немесе
дайындаушының (орындаушының) орналасқан
жерi мен өзге де реквизиттерi туралы қажеттi
және дұрыс ақпарат беруге;
4) сауда объектiсiнiң жалпы жұртқа қолжетiмдi
жерiнде өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз етудiң
мемлекеттiк жүйесi талаптарына сәйкес
тексерiлген бақылау-өлшеу аспаптарын
орналастыруға;
5) сатып алушыда тауарлардың массасы
мен ұзындығына қатысты күмән туындаған
жағдайларда, оған бақылау-өлшеу құралдарының
көмегiмен аталған сипаттамаларды өз бетiнше
тексеру мүмкiндiгiн беруге;
6) Қазақстан Республикасының техникалық
реттеу туралы заңнамасында белгiленген
тәртiппен сәйкестiгi мiндеттi расталуға
жататын тауарларды сату кезiнде сатып
алушының талабы бойынша оған сәйкестiк
сертификатын (белгiленген үлгiдегi бланкiлердегi
көшiрмесiн) не сәйкестiк туралы декларацияны
көрсетуге;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында
көзделген тәртiп пен жағдайларда фискалды
жады бар бақылау-кассалық машиналарды
қолдануға;
8) осы Заңның 32-бабында белгiленген қауiпсiздiк
талаптары мен нормаларына сай келмейтiн
тауарды айналымнан алып тастауға, оның
iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген тәртiппен тұтынушыдан сатылған
тауарды оның құнын өтей отырып, қабылдап
алуға;
9) мемлекеттiк органдардың белгiленген
тәртiппен шығарылған ұйғарымдарын орындауға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген өзге де талаптарды сақтауға
мiндеттi.