Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2012 в 15:40, реферат
Өрт сөндіру – құтқару дайындығының мақсаттары мен міндеттері.
– Бүгінгі күні өрт-құтқару бөлімшелердің техникалық қайта қарулануы бойынша белгілі нәтижелерге қол жеткізілді, бұл, сөз жоқ, жедел ден қою және халыққа қызмет көрсетудің сапалы көрсеткіштерін жоғарылатуға міндетті түрде әсер етеді. Астана және Алматы қалаларының, облыстардың өртке қарсы қызмет органдары бөлімшелерінде әртүрлі мақсаттағы 2591 техника, оның ішінде негізгі және арнайы 1769 өрт автомобильдері және қосалқы 822 техника бар.
Өрт сөндіру – құтқару дайындығының мақсаттары мен міндеттері.
– Бүгінгі күні өрт-құтқару бөлімшелердің техникалық қайта қарулануы бойынша белгілі нәтижелерге қол жеткізілді, бұл, сөз жоқ, жедел ден қою және халыққа қызмет көрсетудің сапалы көрсеткіштерін жоғарылатуға міндетті түрде әсер етеді. Астана және Алматы қалаларының, облыстардың өртке қарсы қызмет органдары бөлімшелерінде әртүрлі мақсаттағы 2591 техника, оның ішінде негізгі және арнайы 1769 өрт автомобильдері және қосалқы 822 техника бар.
Жедел құтқару жасақтары жоғары өтімді арнайы құтқару техникасымен қамтамасыз етілуде. Төтенше жағдайлар орнына құтқарушы бөлімшелер мен жабдықтарды жеткізуге, тіркемені тіркеуге алуға, адамдар мен жүкті тасымалдауға арналған КамАЗ базасында авариялық-құтқарушы 14 автокөлік, топырақта, шалшықты жерде, сусымалы құмда және қалың қарда жүретін Нива (Бронто-Марш 1992) базасында жоғары өтімді құтқарушы 9 автокөлік, жолсыз, су тасқыны, қарлы боран, құлама және жаппай қирау жағдайында төтенше жағдайлар орнына құтқарушы бөлімшелер мен жабдықтар жеткізетін, тіркеуге алатын, сүйрегіш жыланбауырлы 14 тасымалдағыш бар. Сонымен қатар «Пегас» ауа жастықты 5 кеме де бар. Біздің министрліктің ерекше мақтанышы – авиация. Дәл осы бөлімше қиын жерлерден азаматтарды көшіруде, қайырымдылық көмек жүгін жеткізуде халықаралық операцияларды жүргізеді. Қазіргі уақытта ТЖМ «Қазавиақұтқару» РМК балансында 18 бірлік авиациялық техника, оның ішінде 9 ұшақ, 9 тікұшақ бар.
2011 жылы «ТРЭКОЛ» тобындағы жолсызда, батпақта жүретін 4 көлік сатып алу жоспарланды. Бұлар жолсызда, су тасқынында, боранда, зілзала және жаппай қирау жағдайында халықты ол аймақтардан жылдам көшіруге, құтқарушыларды, дәрігерлер мен азық-түлік жеткізуге қысылтаяң жағдайда іздеу және авариялық-құтқару жұмыстары кезінде пайдаланылатын болады.
– Бүгінде республикада 566 биік ғимараттар мен құрылыстар бар. Біздің елімізде де жақын және алыс шетелдердегідей өрт қауіпсіздігі мәселелері құрылысты жобалау кезінде назарға алынады, олар өрттерді уақтылы аңғару мен сөндіруге, халықты қауіпсіз көшіруге бағытталған. Соның ішінде түтіндемейтін басқыш алаңы, түтінге қарсы қорғау жүйесі, көтергіш сорғымен іштегі өртке қарсы су құбыры, автоматты өрт дабылы және автоматты өрт сөндіру жүйесі бар.
Сонымен қатар биік ғимараттар өрт бөлімшелері және өрт сөндіру құралдарын жоғарғы қабаттарға жеткізу үшін жеделсатымен жабдықталған. Өрт сөндіру қызметінің қолында 85 автобаспалдақ және 21 автоиінді көтергіштер бар, оның ішінде 14 бірліктің 50-ден 88 метрге дейінгі биіктікте құтқару жұмыстарын жүргізуге және өрт сөндіру құралдарын жүргізуге мүмкіндігі бар. Министрліктің 2011 жылға арналған бюджеттік қаржыландырылуы шеңберінде түрлі мақсаттағы өрт автомобильдерінің 80 бірлігін сатып алу көзделіп отыр, оның ішінде автомобильдердің 14 бірлігі жұмыс жасау биіктігі 30 метрге дейін жететін өрт автобаспалдақтары.
– 2009 жылы Женевада 187 елдің қатысуымен өткен зілзалалар қаупін төмендету бойынша жаһандық платформаның 2-ші сессиясында зілзалалар қаупін төмендету бойынша қазақстандық платформа ең көп функционалды және тиімділердің бірі болып танылғаны төтенше жағдайларға ден қою саласындағы Қазақстан рөлінің артып келе жатқанын айғақтайды. Тәжікстан, Қырғыз Республикаларының төтенше ведомстволары, БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы Қазақстанның Дүлей зілзалаларға ден қою және қауіпті төмендету жөніндегі орталықты құру бастамасын қолдады, оның қызметі 2010 жылы басталған болатын. Сөйтіп, соңғы жылдары республиканың өрт-құтқару бөлімшелерін инновациялық-техникалық қайта жарақтандырудың белгіленген нәтижелеріне қол жеткізілді. Қазіргі заманғы талаптарға сай келетін өрт сөндірудің жаңа және тиімді технологиялары енгізілді.
Өртке қарсы қызметті қайта жарақтандыру іс-шараларының іске
асырылуы жедел қызметтердің өрттерге және басқа төтенше жағдайларға ден қоюының ұтқырлығы мен жеделдігінің артуына
алып келді, ол өз кезегінде өрттерді оқшаулау мен жою уақытын қысқартуға, олардың салдарынан
адам және
материалдық шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.
– Құтқару және өрт техникаларының саны және сапасына жиі сын айтылып жатады, өртке қарсы қолданылатын арнайы мақсаттағы техникалардың сапасы қандай?
– Астана, Алматы қалаларының биік ғимараттарындағы өрт кезінде өртті сөндіру және азаматтарды құтқару мәселелері қалай шешілуде?
– Сіздің ойыңызша, өрт сөндіру қызметтерінің бөлімшелері Қазақстан
Республикасының азаматтары мен ұлттық байлығын қорғау бойынша алға қойылған міндеттерді орындауға әзір
ме?
____________Б.Е.Әбілқасымов
Жазба – жоспары
Астана қаласы ТЖД “ӨС және АҚЖҚ” ММ 14-ӨСБ
Жеке
құрамына қауіпсіздік
бойынша сабақ
өткізу.
Тақырыбы: “Өрт сөндіру – құтқару дайындығының мақсаттары
Өткізу
шарасы: сынып – топтау.
Мақсат:
14-ӨСБ жеке құрамына сабақ өткізу.
Өткізу
уақыты: 1 сағат.
Дайындаған:
14-ӨСБ-нің
Информация о работе Өрт сөндіру – құтқару дайындығының мақсаттары мен міндеттері