ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының ерекшелігі, мәні және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 23:27, реферат

Описание работы

Мемлекеттік бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақсатан Республикасының заң актілеріне мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады.

Содержание

1. Кіріспе
2. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының мәні, ерекшелігі және түрлері
4. Қорытынды
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

реферат по РЦБ Злиха.doc

— 91.00 Кб (Скачать)

Сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын  экономикасы дамыған басқа да мемлекеттер кең қолданады. Мысалы, жапонияда тұрғын үй және жол құрылысы, инфрақұрылымды дамыту, әсіресе, энергетика корпорациялары, сондай-ақ аймақтық мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыратын үкіметтік мекемелер. Ұлыбританияда Англия банкінің облигациялары жалпыға кеңінен мәлім.

Қорыта  айқанда, әрбір елдің мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, бір жағынан, отандық нарықтың нақты жағдайларына сай болса, екінші жағынан, көптеген елдердегі тәрізді мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының жалпы экономикалық негізін және оның қазіргі жаңалықтарын қамтып көрсетеді. 

  1. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік бағалы қағаздарының мәні, ерекшелігі және түрлері

    Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының пайда болуын және қалыптасуын түсіну үшін оны тарихи тұрғыдан қарастырған жөн. Жоспарлы-әкімшілік экономика жағдайында дамыған КСРО-да барлық шаруашылық субъектілері өздеріне қажетті капиталды я оралықтанған бөлу бойынша бюджеттен, я үкімен бекіткен несиелік жоспар бойынша мемлекеттік банктен алып дамыды. Ол кезде бағалы қағаздар нарығы механизмі арқылы кәсіпорындардың бос капиталды алатын қарыз алу жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік займдардың нарықтық өтімділігі болған жоқ. Мемлекеттік облигациялар мәжбүрлі түрде халыққа сату арқылы тартылды.

    Егеменді  Қазақстанның нарықтық экономикаға  өтуі кезінде мүлікті жекеменшіктендіру  нәтижесінде мүлікке мемлекеттік  меншіктің қысқаруы, халық шаруашылығының құрылымдық өзгеруі, инфляция деңгейінің шарықтауы және басқа да тың өзгерістер мемлекетті қарызды бағалы қағаздарды шығаруға шарасыз әкеліп соқтырды.

    Мемлекеттік бағалы қағаз – ол мемлекеттің  ішкі қарызын білдіретін құжат формасы. Қазақстанда алғашқыда 1995 жылғы 21 сәуірдегі  «Бағалы қағаздаржәне қор биржасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығының 3 бабында «Мемлекеттік бағалы қағаздар Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес ішкі мемлекеттік  займ облигациялары, сондай-ақ басқа бағалы қағаздар» деген сипаттама берілген. 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңның 1 бабында «мемлекеттік бағалы қағаздар – қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болатын қарыз алуға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаздар» делінген. Заң негізінде ұлттық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың мақсаты – халықтың, коммерциялық банктердің, қаржы ұйымдарының уақытша бос ақша қаражатын республикалық бюджеттің кемшілігін қаржыландыруға жұмылдыру және Ұлттық Банктің Қаржы министрлігін тікелей несиелеу көлемін азайту.

     Мемлекеттік  бағалы қағаздардың мәні олар  мемлекеттің қарды-несиелік қатынастарының  жиынтығы болып саналады. Бұл  қатынастарда мемлекет қарыз алушы ретінде негізінен халықтың уақытша бос ақша қаражатын қарызға алып, оны бағалы қағаздар болғанымен, іс-тәжірибеде олардың әрқайсысының өз алдына атауы болады.

    Мемлекеттік бағалы қағаздар, әдетте, бюджеттің  ағымдағы кемшілігін қаржыландыру; мемлекеттік қарыздың жою, атап айтқанда, бұрынғы займды өтеу; мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуын қамтамасыз ету; коммерциялық банктерді өтімді резервтік активтермен  қамтамасыз ету; жергілікті әкімшілік органдарының атқаратын мақсатты бағдарламасын қаржыландыру және әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарды қаражатпен қамтамасыз ету мақсатында шығарылады.

    Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару – Ұлттық банктен қарыз алу және ақша белгілерін эмиссиялаумен салыстырғанда –  бюджет кемшілігін қаржыландырудың экономикалыө тиімділі әдісі. Себебі нарықтық экономика жағдайында Ұлттық банктің несиелік қорын пайдалану оның капиталын нарығын реттеу мүмкіндігін шектейді. Ал бюджет кемшілігін ақша эмиссиялаумен жою айналымға нақты тауарлармен қамтамасыз етілмеген төлем құралдарын шығарумен бара-бар. Ол әрине инфляцияны туындатады.

    Мемлекеттік қарызды бағалы қағаздарды шығарумен  өтеу оны банктік несиемен өтеуден  анағұрлым арзан. Себебі мемлекеттік  қарыз міндеттемелері жоғары өтімді болғандықтан инвесторлар оларды екінші нарықта оңай орналастыруға мүмкіндігі бар. Сондықтан мемлекеттік бағалы қағаздар – ішкі қарызды қаржыландырудың негізгі қаражат көздерінің бірі.

    Мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда екі  артықшылығы бар. Біріншіден, оның жұмсаған қаражат үшін сенімділігі өте жоғары және соған сәйкес жұмсаған негізгі капиталды және түсетін табысты жоғалту тәуекелі төмен. Екіншіден, басқа бағалы қағаздарға немесе басқа жұмсаған капиталға салынатын салықпен салыстырғанда бұл бағалы қағаздарға жеңілдетілген салық салынады.

    Мемлекеттік бағалы қағаздар:

    • Шығару формасы бойынша: құжатты бағалы қағаздар және құжатсыз бағалы қағаз болып бөлінеді. Құжатты бағалы қағаз – ол құжатты нысанда шығарылған бағалы қағаздар. Құжатсыз бағалы қағаз – ол құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қағаздар;
    • өтеу мерзімі бойынша: қысқа мерзімді – айналыс мерзімі 1 жылға дейінгі, орта мерзімді – айналыс мерзімі 1 жылдан  5 жылға дейінгі және ұзақ мерзімді – айналыс мерзімі 5 жылдан артық бағалы қағаздар болып бөлінеді;
    • процент түріндегі табысты есептеу және төлеу бойынша проценттік ставкасы белгіленген, сатылы және ауыспалы бағалы қағаздары болып үшке бөлінеді;
    • айналыс сипаты бойынша нарықтық және нарықтан тыс  бағалы қағаздар болып бөлінеді. Нарықтық бағалы қағаздар  биржада да, биржадан тыс нарықта да еркін сатылады және қайта сатылады. Нарықтан тыс бағалы қағаздар тек алғашқы нарықта ғана сатылады, екінші нарықта қайта сатылмайды. Олар негізінен халыққа сату үшін шығарылады. Олар мемлекеттік әлеуметтік, сақтандыру және зейнетақымен  қамтамасыз ету қорларының бағалы қағаздары;
    • эмитентінің түрі бойынша, бағалы қағаздар қазынашылық, муниципалдық болып бөлініп, оларды сәйкесінше үкімет және жергілікті атқарушы органдар шығарады.

    Экономиканың  нарықтық қатынастарға өту кезеңінде, яғни 1994 жылдың сәуірінде  Қаржы  министрлігі  айналыс мерзімі  3 айлық қысқа мерзімді вексельдерді шығарды. 1996 жылдың сәуірінде ол  мемлекеттік қазынашылық міндеттеме деп, ал  1997 жылдың  22 сәуіріндегі  № 621 Үкімет қаулысымен МЕККАМ–дар – Мемлекеттік қысқа мерзімді  қазынашылық міндеттемелер деп атауы өзгертілді. Кейіннен Үкімет МЕККАМ–дардың айналыс мерзімі ұзақтау жаңа түрлерін: мерзімі  6 ай, мерзімі 12 ай, мерзімі  2-3 жыл болатын   МЕОКАМ деп аталатын мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығарды. Айналыс мерзімі 364 күн  болатын  – ішкі мемлекеттік займның ұлттық жинақ облигациясы (ҰЖО) шығарылды.

    Проценттік  бағалы қағаздарға  МЕОКАМ, сондай –  ақ МЕАКАМ (мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелер) жатады.

  • МЕКАВМ – ол индекстелетін мемлекеттік қысқа мерзімді арнаулы валюталық міндеттеме. 1999 жылы айналыс мерзімі 3,6,9  және 12 ай болатын Қазақстан қор нарығының валюталық құралы.
  • МЕИКАМ – ол айналыс мерзімі  3, 6, 12 ай болатын номиналдық құны  1000 теңгеге тең мемл.индекстелген  қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемесі және т.б. мемлекеттік бағалы қағаздар түрлері бар.
  • АВМЕИКАМ – ол көрсетілген құны 100 АҚШ доллары болатын және өтелу мерзімі 2004 жылдың 8 сәуірі деп белгіленген арнаулы валюталық мемлекеттік облигация.

    Қорыта  айтқанда, 1994 жылы алғашқы мемл.қысқа  мерзімді міндеттемелер шығарылса, 1996 – 1997 жылдары Қазақстан Республикасында  мемл.бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Ол қазіргі кезде Қазақстан бағалы қағаздар нарығының  ең қарқынды дамыған сегменті.  Әйтседе мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында негізінен қаржы құралдарының құрылымына және сауда-саттықтың нәтижесі бойынша бағаслы қағаздардың табыстылығына байланысты маңызды өзгерістер байқалуда. Бұл, Қаржы Министрлігінің шеттен алған қарыз көлемінің төмендеуінің және екіншіден, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы активтерінің  корпоративтік облигациялар секторына құйылуының айғағы.  
     
     
     
     
     

    Қорытынды

Қорыта  айқанда, әрбір елдің мемлекеттік  бағалы қағаздар нарығы, бір жағынан, отандық нарықтың нақты жағдайларына сай болса, екінші жағынан, көптеген елдердегі тәрізді мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының жалпы экономикалық негізін және оның қазіргі жаңалықтарын қамтып көрсетеді.

Мемлекеттік бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің бағалы қағаздар нарығының маңызды құрамдас бөлігі болып есептеледі.

Бағалы  қағаздардың бұл түрі мемлекеттің  экономикалық қызметінің дамуына байланысты пайда болады. Оны атқару үшін мемлекеттің  қаржы жүйесі құрылады. Қаржы жүйесі бірін-бірі толықтырып тұратын екі бөлімнен – бюджеттік және несиелік жүйелерден тұрады.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда екі артықшылығы бар. Біріншіден, оның жұмсаған қаражат үшін сенімділігі өте жоғары және соған сәйкес жұмсаған негізгі капиталды және түсетін табысты жоғалту тәуекелі төмен. Екіншіден, басқа бағалы қағаздарға немесе басқаға жұмсаған капиталға салынатын салықпен салыстырғанда бұл бағалы қағаздарға жеңілдетілген салық салынады. Әдетте мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға  және олардан түсетін табысқа салық салынбайды. Мемлекеттік қарызды бағалы қағаздарды шығарумен өтеу оны банктік несиемен өтеуден анағұрлым арзан. Себебі мемлекеттік қарыз міндеттемелері жоғары өтімді болғандықтан инвесторлар оларды екінші нарықта оңай орналастыруға мүмкіндігі бар. Сондықтан мемлекеттік бағалы қағаздар – ішкі қарызды қаржыландырудың негізгі қаражат көздерінің бірі.

Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару – Ұлттық банктен қарыз алу және ақша белгілерін эмиссиялаумен салыстырғанда – бюджет кемшілігін қаржыландырудың экономикалыө тиімділі әдісі. Себебі нарықтық экономика жағдайында Ұлттық банктің несиелік қорын пайдалану оның капиталын нарығын реттеу мүмкіндігін шектейді. Ал бюджет кемшілігін ақша эмиссиялаумен жою айналымға нақты тауарлармен қамтамасыз етілмеген төлем құралдарын шығарумен бара-бар. Ол әрине инфляцияны туындатады.  

 

      
     

    Қолданылған әдебиеттер тізімі

    1. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. – Алматы:2007.
    2. Адамбекова А.А. Рынок ценных бумаг в Казахстане (учебно-методическое пособие) – Алматы: Институт математики Министерства Образования и Науки РК. 2003.
    3. Абдрахманова Г.Т., Жумабаева З.С. РЦБ: особенности и функционирования в Казахстане. – Алматы: LEM,2002.
    4. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы: Оқу құралы. –Алматы: Экономика.- 1999.

Информация о работе ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының ерекшелігі, мәні және түрлері