Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 13:20, курсовая работа
Жоспары экономика жағдайында қаржылық ағындардың жылжуы тек экономикалық ведомстволардың шешімімен анықталды. Сондықтан сол кездері қор биржасына қажеттілік те болмады. 90-жылдары Қазақстан Республикасында қор нарығын жаңғырту айналасында үдеріс басталды. Бүгінгі таңда қор нарығы, нарықтық экономиканың басқа сегменттерімен салыстырғанда өте жылдам қарқынмен дамып келеді.
Кіріспе
Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнауы тек қана бұған дейін болған басқарудың формалары мен әдістерінің трансформациясы, тауар және қаржы нарықтарының функцияларының өзгеруі, экономиканың барлық саласының модернизациялануы ғана емес, сонымен қатар әкімшілік экономика тұсында қажет болмаған кейбір экономикалық қызметтердің, атап айтқанда – қор биржасының және тағы басқаларының жандануына әкелді.
Осы тақырыптың маңыздылығы – қазіргі нарықтық экономика, соның ішінде қазақстандық экономика. Құнды қағаздар мен қор биржаларынсыз қызмет етуі мүмкін емес, олар экономиканың ажырамас бөлшегі болып табылады. Қазіргі таңда қор биржалары нарықтық экономиканы тепе-теңдікте ұстаудың қамтамасыз етушісі.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Курстық жұмыстың міндеті:
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән негізгі көрсеткіштердің бірі – қор биржасы, оның мәні мен даму ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасының қор биржасы.
Жоспары экономика жағдайында қаржылық ағындардың жылжуы тек экономикалық ведомстволардың шешімімен анықталды. Сондықтан сол кездері қор биржасына қажеттілік те болмады. 90-жылдары Қазақстан Республикасында қор нарығын жаңғырту айналасында үдеріс басталды. Бүгінгі таңда қор нарығы, нарықтық экономиканың басқа сегменттерімен салыстырғанда өте жылдам қарқынмен дамып келеді.
Биржа дегеніміз бұл
– ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс
істейтін нарық, онда сұраныс пен
ұсыныстың негізінде ресми
Биржалық тауар түріне байланысты әлемдік практикада:
Биржалық сауданың ерекшелігі ретінде, ондағы мәмілелердің әрдайым бір жерде, қатаң белгіленген уақытта – биржалық сеанс өткізу уақытында және де барлық қатысушыларға ортақ, нақты ережелердің болуын айтуға болады. Биржа биржалық құндылықтармен жасалынатын мәмілелердің келісілуі мен орындалуының анық ұйымдастырушылық құрылымын, анық механизмін және мәмілелердің орындалуының сенімділігі жоғары бақылау жүйесін қамтамасыз етеді.
Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы атқаратын мынадай қызметтерімен көрінеді:
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етеді.
Курстық жұмысты жазу барысында оқулықтар, газет-журналдармен қатар интернет желісі де пайдаланылды. Курстық жұмыста Қазақстан қор биржасы бойынша айлық соңғы статистикалық мәліметтер келтірілген.
Қаржылық қолдануды қосқанда ресурстардың бөлінісі жаңа экономикалық шарттардың формасына сәйкес экономикада қайта құруды міндет етіп қойып отыр. Нарық қатынасы дамыған елдерде қаржы ресурстарын тиімді түрде қайта бөлу қор биржалары арқылы жүзеге асады [1, 231б.].
Қор биржасы - құнды қағаздардың қалыпты айналымы үшін қажетті жағдайлардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйым [1, 231б.].
Қор биржасы - бұл бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі орталандырылған, тіркелген сату орны бар нарық. "Биржа" деген терминнің шығуы туралы көптеген болжамдар бар. Соның бірі ежелгі грек сөзі XVI ғасырда пайда болған, ол Бельгиядағы Брюгге қаласындағы алаңнан (de borse) шыққан; бұл алаңда XIII ғасырда көпестердің жиналыстары өтетін болған. Шамамен 100 жыл өткеннен кейін, XVII ғасырда, биржалар Америка құрлығында да пайда бола бастады. Алғашқы қор биржасы XVII ғасырда Голландияда бағалы қағаздарды шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғасырда биржалар тауар және қор биржасы болып бөліне бастайды. Қор биржаларының ең кең дамыған кезі - капитализмнің монополизм сатысына өту кезеңі, яғни XX ғасырдың басы. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс кәсіпорындарының акцияларын шығару және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркәсіптің өрістеу фазасында экономиканың өсуіне, ал дағдарыс фазасында баяулауына себепші болады.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді, олар сатылатын тауарға байланысты: қор биржасы, валюта биржасы, тауар биржасы, еңбек биржасы.
Биржа түрлі қаржы құралдарын, сондай-ақ валютаны сататын және сатып алатын мамандандырылған сауда орталығы ретінде жұмыс істейді. Бұл – ЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарымен операция жүргізу алаңы. Түрлі инвестициялық құралдарға қаржы салуда, көбіне бұл құнды қағаздар түрінде болып келеді, зейнетақы жинақтары зейнетақы активтеріне айналады.
Биржа бүкіл әлем салымшылары ең төменгі есептік тәуекелі мен соған сәйкес үздік дәрежедегі халықаралық тәжірибесі бар кең спектрдағы қаржы құралдарын саудалауға, сонымен қатар биржаның әр алуан әрі сапалы қызметтерін пайдалануға мүмкіндік алатын аймақтық жетекші қаржы нарығы болып табылады [4].
Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраныс пен ұсыныс негізінде тауармен, бағалы қағаздармен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылар келісімге келу үшін кездесетін орын.
Ұйымдастыру - құқықтық тұрғыдан қор биржасы дегеніміз ресми бекітілген ережелер бойынша, биржалық делдалдардың қатысуымен қор құндылықтарын сатушылар мен сатып алушылар арасындағы сауда мәмілелері жүзеге асырылатын, жұмыс тәртібі реттелген қаржылық делдал мекеме болып табылады. Мұндағы ережелер мемлекет заңдарымен және биржа заңдарымен белгіленеді.
Қор биржасының барынша толық мәні экономикада төмендегідей қызметтерді орындау кезінде көрінеді:
- қор нарығында биржалық делдалдармен бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша жинақталған және қорланған еркін ақшаларды жұмылдыру және шоғырландыру;
- ел үкіметінің шығындар мен өндірісті қаржыландыруы және кредиттендіруі;
- жалған капиталдың қалыптасуы және ұсыныс пен сұраныстың деңгейіндегі көрінетін бағаларды белгілеу, құнды қағаздармен болатын операцияларды шоғырландыру.
Қаржылық ресурстарды қайта бөлу мен жұмылдыру, шоғырландыру процесінде қызмет етуші қор биржасы экономиканың маңызды буындарының бірі болып табылады. Ол қаржылық және өндірістік капиталдың арасындағы делдалы ретінде алға шығып және экономикалық дамудың қозғаушы бірден бір күші болып табылатын инвестициялық процеске ықпал жасайды [1, 231б.].
Қор биржасы мен оның қызметкерлерінің құнды қағаздармен тікелей еш мәміле жүргізбейтінін айта кеткен жөн. Қор биржасы осындай мәмілелерді өткізуге жағдай жасайды, қызмет көрсетіп, сатушы мен сатып алушыны байланыстырады, оларға орын беріп, кеңестік және арбитраждық қызмет көрсетеді, технологиялық қызмет ұйымдастырып, сол мәмілені жүзеге асыру үшін бәрін жасайды.
Әлемде 200-ге жуық қор биржалары бар. Бірқатар елдерде өздерінің ұлттық тарихи қалыптасқан қор биржалары жүйесі бар. Құқықтық мәртебесі тұрғысынан алғанда әлемде қор биржасының үш түрін кездестіруге болады: бұқаралық құқықтық, жеке меншік және аралас.
Бұқаралық-құқықтық типтегі қор биржалары тұрақты мемлекет қадағалауында болады (Германия, Франция). Мемлекет биржа сауда ережелерін құруға қатысады және олардың орындалуын қадағалайды, сауда кезіндегі құқық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, биржа маклерлерін тағайындап, оларды жұмыстан босатады.
Жеке меншік компаниялары ретінде қор биржалары (Англия мен АҚШ) акционерлік қоғамдар түрінде құрылады. Мұндай биржалар мүлдем өз бетінше қызмет жасайтын органдар. Биржадағы барлық мәмілелер елдің заңдарына сәйкес жүзеге асырылады, оны бұзу құқықтық жауапкершілікті талап етеді. Биржалық сауда тұрақтылығын қамтамасыз ету және сауда мәмілелерінің тәуекелін төмендету бойынша мемлекет өзіне еш кепілдік бере алмайды.
Егер қор биржалары
акционерлік қоғам ретінде құры
Бір орталықты (моноцентрлік) және көп орталықты (полицентрлік) биржалық жүйелерді айырады. Бір орталықты биржалық жүйе жағдайында (Франция мен Жапония) басты орында елдің қаржы орталығында орналасқан бір биржа болады, ал қалған биржалар жергілікті маңыз алады (Лондон халықаралық қаржы биржасы). Көп орталықта жүйе жағдайында елде басты қор биржасынан басқа бірнеше ірі қор биржалары қызмет етуі мүмкін (Канада биржалар). АҚШ-та биржалық сауданың дамуы бір орталықты жүйеге де, көп орталықты жүйеге де жатқызуға келмейтін ерекше қор биржаларының жүйесінің пайда болуына алып келеді. Бұл елде Нью-Йорк қор биржасының сөзсіз басымдығына қарамастан, аймақтық биржалық институттар оның қосалқы бөліміне айналмай, өз дербестігін сақтап, жалпы мемлекеттік биржа жүйесі шегінде қызмет жүргізіп келеді.
Қор биржасы қаржы нарығын реттеушілердің бірі болып табылады. Биржаның негізгі рөлі қаржы және несиелік капитал қозғалысына қызмет көрсетуде: бір жағынан, бұл капиталды жинақтап, шоғырландырса, екінші жағынан, мемлекет пен түрлі субъектілеріне несие беріп, қаржыландырады. Қор биржасының ел экономикасындағы ролі меншіктің мемлекет тарапынан кету дәрежесімен, дәлірек айтсақ, жалпы ішкі өнім өндірісіндегі акционерлік меншіктің үлесімен анықталады. Сондай-ақ биржа ролі тұтасымен алғанда құнды қағаздар нарығының даму деңгейіне байланысты.
Биржа неғұрлым ірі әрі дамыған болса, ол өзінде саудаға түсірілетін бағалы қағаздарға соғұрлым қатаң талаптар қояды. Ірі биржалардың тізімдеріне кіргізілу – бұл акционерлік қоғамдар үшін бедел мәселесі және жоғары деңгейінің көрсеткіші.
Биржаға шыққан компаниялардың деңгейі әр түрлі болатынын ескере отырып, биржалар қай компанияның қандай деңгейге сәйкес келетінін көрсететін түрлі санаттарды енгізеді.
Биржа оның құрушыларының (құрылтайшы) еркімен және қызмет ету мерзімінің шектеусіз құралады. Сондықтан, биржаның құрылтайшылары деп өзара құрылтай шартын жасасқан ерікті топ мүшелерін есептейді [2, 199б.].
Құрылтайшы неғұрлым
көп болса, соғұрлым биржаның қаржылық-материалдық
жағдайы мықты болады деп саналады.
Әйтсе де құрылтайшылардың көптігі
биржаны басқаруды
Құрылтайшылардың құрамы биржаның түріне байланысты болады. Мысалы, тауар биржасын құрушылар жеке тұлға да, сондай-ақ заңды тұлға да болуы мүмкін.
Биржаны құрушылардың оны
ұйымдастырушысы ретіндегі
Биржаның жарғысына сай оның мүшесі болып жарғылық капиталын қалыптастыруға не мүшелік жарна, не жабдықтарына мақсатты жарна төлеген жақтар саналады. Жеке тұлға да, заңды тұлға да биржа мүшесі болуы мүмкін.
Биржалық сауда-саттыққа кім қаласа сол қатыса алмайды, тек оның мүшелері ғана қатысады.
Биржаның мүшелері кейбір елдерде тек жеке тұлғалар, кейбір елдерде тек заңды тұлғалар бола алады. Алғашқыларының қатарына бағалы қағаздармен жеке дара сауда жасайтын тұлғалар (биржаның біліктілік талаптарына сай келетін, қаржылық және инвестициялық мәселелер жөніндегі маман) жатады. Заңды тұлғалардан биржада мамандандырылған несиелік-қаржылық мекемелер өкілдік етеді, олардың құрамына тар мамандандырылған биржалық фирмалар (брокерлік фирмалар мен инвестициялық банктер) кіреді.