Несие

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2011 в 17:34, курсовая работа

Описание работы

Несие — нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады

Работа содержит 1 файл

Несие.doc

— 174.50 Кб (Скачать)

    Несиенiң пайдаланылуы  мен оның тар  көлем деңгейiнде әсер етуi көп факторларга, ең бiріншi несиелiк қатымастарға қатысушы жақтардың ықыластарғы  мен мүмкiндiктерiне  байланысты, атап айтқанда:

    — қарыз алушылардың  қарыз қаржыларына  деген мұқтаждығы мен несие және пайыздыық мөлшерлемелердi қайтаруга байланысты щығындарды  азайтуға олардың ықыласты  болуы;

    — банкiлердiң  өз табыстарын  ұлғайту мақсатымен  несие салымдарын  кеңейтуге ықыластылығы.

    Екi жақтың несиелiк тынымдарға ықыластары жасалған несиелiк келiсiмдерде көрсетiледi.

2.2 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің даму тарихы. Ғалымдардың пiкiрiнше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында — ХIV және ХV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болган. Кейбiр галымдар банктердiң бұдан да ертерек феодализм кезiнде төлем делдалдары ретiнде пайда болды деп есептейдi.

    «Банк» сөзi «үстел»  мағынасын беретiн италияндық «Ьапсо» сөзiнен шыққан. Банко — үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретiн алаңдарга қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чеканившихся) әр түрлi монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлi айналасынанi хабары бар, айырбас багамы бойынша кеңестер берiп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерiмен нарықтарда отырады. Х ғасырда Италия әлемдiк сауданың орталыгына айналды, сол себептi де өздерiнiң ерекше банко-үстелдерi бар айырбастаушы банкирлер әйгiлi болады әрі олар Ежелгi Грецияда (трапезиттер деп аталган «трапеза» — үстел), Ежелгi Вавилонда және басқа да елдерде кеңiнен тарайды.

    Бiздiң эрамызга  дейiнгi VI ғасырларда  Ежелгi Вавилонда салым ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжiрибеде кездескен. Мұдай Валюталық және несиелiк операциялар бiздiң эрамызға дейiнгi IV ғасырда Грецияда да тәжiрибеде кездескен.

    VII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап, банктердегi эмиссиялық операциялар Англияда да жүзеге асатын болды және ХIХ гасырдың басында оған елдiң эмиссиялық банкiсi деген атақ (статус, мәртебе) берiлдi. Оның банкноттары төлемнiң әмбебеп, заңды құралына айналды.

    1846 жытлы Германияда жергiлiктi 33 эмиссиялық банктердi бiрiктiрген елдiң орталық банкiсi ретiнде Пруссиялық банк құрылды.

    Ресейде банк iсi  мемлекеттiк тұргыдан  дамиды, ал жекеше эмиссиялық банктер болған жоқ, тек ХIХ гасырдың соңында гана (1894 ж.) орталық эмиссиялық банк ретiнде Мемлекеттiк банк пайда болды.

    ХХ гасырдагы 90-шы  жылдардың басына дейін Қазақстанның банктерi болған емес.

    Кеңес үкiметi тұсында  Қазақстанның өз банк жүйесi болмады, өйткенi республика аумагында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесiнiң филиалдары мен бөлiмшелерi жұмыс iстедi. Сол себептi де банк жүйесiнiң тарихы КСРО тарихымен және революцияга дейiнгi Ресейдiң тарихымен ажырагысыз байланыста болды. Патшалық Ресейдiң банк жүйесiне мыналар кiрдi: Мемлекеттiк банк, акционерлiк банктер, өзара несие қогамы, қалалық банктер, ипотекалық несие банкiсi және басқа несие мекемелер.

    КСРО-ның банк жүйесiнде, оның iшiнде, Қазақстанда 70 жыл бойы қатаң орталықтандыру мен шогырландыру саясаты үстемдiк еттi, несие-банктiк ықпал ету әдiстерiнде әкiмшiлiк және ұсақ реттемелеу сондай-ақ шаруашылық органдарының қызметiнде де осындай жагымсыз жагдайлар басым болды.

    Ақша-несие катынасының қалыптасқан iс-тәжiрибесi нарық қатынасы тудырган шарттармен сәйкес келмейдi.

    Социалистiк жүйе  гасырлар бойы  қалыптасқан қаржы нарыгының институттары мен аспаптарын жойды. Утопиялық әрi идеологиялық тұжымдаманың негiзiнде КСРО Мемлекеттiк банк түрiнде орасан үлкен дара банк (монобанк) пирамидасы тұргызылды. Ол барлық несие жүйесiн өз уысынан шыгармады, шынайы бәсекелестiктi тәуекелдiктiң бүкiл элементтерiн жойды.

    1990 жылдыiң желтоқсанында Қазақстан Республикасы егемендiкке қол жеткiзгеннен кейiн бiрден нарықтық экономиканың талаптарына жауап бере алатын өзiнiң банк жүйесін құруға кiрiстi. 1991 жылдың қаңтар айында «Қазақ ССР-iнiң банктерi мен банк қызметi туралы» заң қабылданды. Мәнi бойынша бұл заң елдегi банк реформасының бастамасы болды.

    Республикалық Мемлекеттiк банк Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсi болып қайта құрылды. Облыстарда ҚР Ұлттық банктiң бөлiмшелерi ашылды. Республикалық өнеркәсiп құрылыс банкiсi — акционерлiк-коммерциялық банк болып табылатын Тұранбанкке, Аграрлық өнеркәсiп банкiсi — акционерлiк-коммерциялық банк болып табылатын Қазақстан Республикасы Аграрлық өнеркәсiп банкiсiне, Сыртқы сауда банкiсi — акционерлiк-коммерциялық банк болып табылатын Алембанкке, Республика Жинақ банкiсi — акционерлiк-коммерциялық банк болып табылатын Қазақстан Республикасы Жинақ банкiсiне айналды. 1993 жылы бұл банкiстер акционерлiк банктер болып қайта құрылды, ал Жинақ банкiсi Қазақстан Республикасының Халық банкiсi атауына ие болды.

    1989 жылдан бастап  алғаш рет коммерциялық, аралас, кооперативтiк,  жәке меншiк банктерi пайда болды. Осы жылдары коммерциялық банктер — Интеринвестбанк, КРАМДС банк және т.б. ашылды.

2.3 Банктердің экономикадағы ролі. Банк жүйесi — нарықтық экономиканың ең маңызды әрi ажырагысыз құрылымы. Банктер мен ақша-тауар қатынасы тарихи тұргыда қатар (параллель) дамып, бiр-бiрiмен тыгыз байланыста болды. Банктер басқарудың барлық деңгейiндегi халық шаруашылыгымен күн сайын тiкелей байланысты. Банктер арқылы ұдайы өндiрiс процесiне қатысушылардың экономикалық мүдделерi қанагаттандырылып отырды. Бұл арада банктер қаржы делдалдары ретiнде халықтың жинақ ақшасын, шаруашылық органдардың капиталын және басқа да шаруашылық процесiнен босаган еркiн ақшалай қаражатты тартып, оларды қарыз алушыларга уақытша пайдалануы үшiн бердi, бұл қаражатпен ақшалай есеп айырысуды жүргізді, экономикага басқа да көптеген қызмет түрлерiн көрсеттi. Банктерге шогырландырылган қаражат өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруга және қогамдық өнімдердiң айналысқа түсуiне тiкелей ықпалын тигiздi.

   Банктер нарықтық  экономикада ең басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметiнiң процесiнде олар ақша нарыгында тауарга айналатын жаңа талаптар мен мiндеттемелердi тудырады. Мәселен, банктер клиенттердiң салым ақшаларын қабылдай отырып, жаңа мiндеттеменi — депозиттi құрады, ал жаңа талаптың ссудасын қарыз алушыга бередi.

    Жаңа мiндеттеменi  және жаңа талапты  тудыратын бұл  процесс қаржылық  делдалдың негiзiн құрайды. Қаржы ресурстарының несие берушiден қарыз алушыга қозгалысы, орналасуы, агылуы және осылармен байланысты болатын қаржы институттарынның қызметi қаржылық делдал деп аталады.

     Банктер ақшалай  капиталды әр түрлi көздерден шоғырландыра отырып, ақшалай қаражаттың жалпылама «пұлын» қалыптастырады әрi оларды қолданысқа түсетiн капиталга айналдырады және шарттары әр қилы несиелер талабын қанагаттандырады.

    Банктер нарықтық экономикада монополистерге айналып, барлық қаржылық капиталдарга ие болады. Олар делдалдық қызметтiң негiзiнен шыгып, ұдайы өндiрiстің барлық фазасының салаларына дендей енедi. Несие жүйесi «сыйқырлы күшке» ие және ең қатерлi жолмен нақты өндiрiске араласуы ықтимал. Басқа тұста К.Маркс «Сауда мен өнеркәсiпке үстемдiгiн жүргiзетiн агылшын банкiсi секiлдi мекеменiң орасан зор билiгiне» назар аударады. Банктер шаруашылық өмiрдiң орталыгына, барлық экономиканың ең басты жүйке торабына айналды.

    Банк жүйесінің  мақсаттары мен  мiндеттерi негiзiнен  тұтас экономиканы басқарудың мақсаттары мен мiндеттерiне ұқсас. Алайда, банктер басқарудың қосалқы жүйесi ретiнде экономиканы баскарудың жалпы мақсаттарына қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн өзiндiк ерекшелiгі бар жеке мiндеттердi орындайды. Банктердiң рөлi экономиканы басқарудың органы ретiнде өздерiнiң қызметтерiн орындау процесiнде және банк iсiн ұйымдастырудың жалпы принциптерi сақталғанда анықталады.

    Банктер экономиканы басқару процесiнде экономикалық қатынасты бiлдiретiн басқарудың экономикалық әдiстерiн пайдалнады, ал, әрбiр когамiның экономикалық қатынасы ең алдымен мүдде ретiнде алга шыгады, ал, экономикалық мүдде өндiрiстiң мақсаты, оның қозгаушы факторы болып табылады. Осыган қарай экономикалық әдістсрдiң көмегiмен басқару экономикалық мүдделерге ықпал етуден тұрады. Мүдденiң осындай ұгымына қарай былайша тұжырым жасауга болады: оларга кажеттiлiктердi канагаттандыру арқылы әсер етуге болады және басқарудың, экономикалық әдiстерiне жүгiну арқылы банктермен, мысалы, әр түрлi несие қаражатына мұқтаж әр қилы экономика буындарының қажеттiлiктерiн канагаттандыратын несиелеу жолымен немесе қогамдық өнімнің ұдайы қозгалысын қамтамасыз ететiн, экономиканың тоқтаусыз (үзiлiссiз) жұмыс істеуi үшiн экономиканың қажеттiлiктерiн қанагаттандыруга арналган қолма-кол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру жолымен ықпал етуге болады. Банктер уақытша қайтарылмаган несие үшiн жогары пайызды, мерзiмi кешiктiрiлген төлем үшiн өтемақыны, есеп айырысу операциясы барысында бұрмаланган ереже үшiн айыппұлды  өндiрiп алу арқылы өз мүдделерiн гана емес, сонымен қатар, осы операцияларга қатысушы басқалардың да мүдделерiн қоргайды.

    Банктер өз қызметтерiн орындау процесiнде қызметтiк (экономикалық) салалық (министрлiктер, ведомоствалар, компаниялар, фирмалар) және аумақтық (жергiлiктi органдар) басқару органдарымен өзара тығыз байланысты болады, ягни әрекеттеседі.

    Банктер экономикалық  басқарудың органдары  болып табылгандықтан, өз клиенттерiнiң алдындагы олардың жауапкершiлiгi экономикалық сипатта болады.

    Банктердiң экономикалық  жауапкершлiгi ең  алдымен өздерi  қызмет көрсететiн  шаруашылық органдардың  қай ведомствоға  жататынына және  қандай меншiк  түрiнде кiретiнiне қарамастан олардың шаруашылық және қаржылық қызметiнiң нәтижелерiмен байланысты. Банктердiң айналысына оларга (банктерге) тәуелсiздiк болатын немесе банктердi өздерi дербес тыңдайтын құқыққа ие фирмалар мен компаниялар топтасады. Банктер бiрдей жагдайда пайданы қамтамасыз ететiн несие саясатын жүргiзеді, өзiне клиенттерiне тиiмдi операцияларды ұйымдастырады.

    Банк жүйесiне  когамның барлық  ақша қорлары,  атап айтқанда, мемлекеттiң  қаражаты, шаруашылық буындардың қаражаты, халықтың жинақ ақшасы және т.б. жиынтықталган. Банктер осы қорларды қалыптастыруга белсендi қатысады, олардың пайдаланылуына бақылау қояды, ақша айналымын реттейдi әрі осылайша ұдайы өндiрiс процесiнiң барысына әсерiн тигiзеді. 
 
 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды.

    Қорыта айтқанда,  халық пеп шаруашылық органдарына қызмет көрсететiн қаржы-несие ұйымы несие жүйесiнің жұмысы шаруашылық құрылымды  дамытуда айрықша роль ойнайды. Қаржы-несие тетiгiнiң тиiмдiлiгi мен үздiксiз жұмыс iстеуiне тек жеке шаруашылық  бiрлiктерiнің қаражатты уақтылы алып тұруы гана емес, сонымен бiрге тұтас ел экономикасының даму қарқыны да тәуелдi.

    Несиенiң ғылыми-техникалық прогрестi жеделдету қызметi гылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенiң көмегiнсiз көптеген гылыми-зерттеу орталықтарының  жұмыс жасауы қиынға туседi. Сондай-ақ несие өндiрiске гылыми технологияларды жаңалық ретiнде енгiзу үшiн де аса қажет болып табылады. Себебi, ондай шығындар бастапқыда кәсiпорынның қаражатымен, оның iшiнде орта және ұзақ мерзiмдi банктiң несиелерi есебiнен қаржыландырылады

    Бiз дамыган нарықтық экокомикасы бар елдердiң қазiргi кездегi несие жүйесiн сипаттаушы кейбір маңызды мәселелерге ғана тоқталдық. Өз экономикасын нарықтық жолга қайта құрушы  Қазақстан үшін әлемдiк банк жүйесiнің қазiргi кездегi даму тенденциялары‚ үлкен қызыгушылық –туғызады, өйткені нарықтық  экономикаға өту өзiндiк нарыктық несие жүйесiн құруды талап етедi. Республикамыз үшін шет ел тәжiрибесiн толығымен  меңгерген тиiмдi болады, өйткені экономика нарыққа өтудiң ең басында тур, ал Батыс болса мұнда бұрыннан қызмет етуде, бiрақ осы тәжiрибеде барлық жагымды жайттардың  алган дұрыс болады, өйткенi ол өтпелi кезек жагдайында өз қолданысын табары сөзсiз. 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1)  Сейітқасымов Ғ.С.  «Ақша Несие Банктер»: Оқулық. – Алматы: «Экономика», 2005. 

2)  Мақыш С.Б. «Ақша  айналысы және  несие»: -Алматы: «ИздатМаркет», 2004. 

Информация о работе Несие