Нарықтық экономикадағы ақшаның ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 14:39, реферат

Описание работы

Ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1) Ақша
1.1. Ақшаның қажеттігі және шығу тегі
1.2. Ақшаның мәні және оның нарықтық экономикадағы ролі
1.3. Ақшаның түрлері
2) Ақша жүйесі
2.1. Ақша жүйесінің типтері
2.2. Ақша жүйесінің элементтері
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Ақша.Несие.Банк пәні бойынша 1 аптаның тапсырмасы.doc

— 281.00 Кб (Скачать)

 

1.3. Ақшаның түрлері

 

Ақша өзінің даму барысында 2 түрге бөлінеді:

      толық құнды ақшалар

      толық құнсыз ақшалар

   Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) — номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.

Mеталл ақшалар

640 Б.д.б. лидиядан жасалған тиын, үлкейтілген.

   Металл ақшаларға: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны — бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны — гурт деп аталады.

   Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілері) — номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

   Оларға мыналар жатады:

      құнның металдық белгілері—арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;

      құнның қағаздан жасалған белгілері.

Құнның қағаздай белгілері 2-ге бөлінеді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.

Қағаз ақшалар

1896

   Қағаз ақшалар — бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

   Несиелік ақшалар

   Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.

   Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар:

      вексель

      банкнота

      чек

 

2. Ақша жүйесі

2.1. Ақша жүйесінің типтері

 

   Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді. Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады.

   Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементері болады. Ақша жүйесінің типі — бұл ақшаның қандай нысаны болуын сипаттайды. Осыған байланысты, ақша жүйесінің төмендегідей типтерін бөліп қарайық:

      металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;

      несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.

Металл ақша айналысы 2-ге бөлінеді:

      биметаллизм

      монометаллизм

   Биметаллизм – жалпыға балама ролі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген ақша жүйесі.

   Биметаллизмның үш түрі болған:

      қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;

      қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген;

      ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарын жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарын жасауға ерік берілді.

   Биметаллизм XVI—XVII ғасырларда кеңінен тарап, ал Еуропа елдерінде XIX ғасырда дами бастады. Бірақта биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн өлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етілді. Сөйтіп, биметализм ақша жүйесінің орнына монометализм ақша жүйесі келді.

   Монометаллизм – бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.

   Күміс монометаллизмі Ресейде 1843—1852 жылдары, Индияда 1852-1893 жылдары, Голандияда 1847—1875 жылдары қызмет етті. Алтын монометаллизмі (стандарт) алғаш рет ақша жүйесінің үлгісі ретінде XVII ғасырда Ұлыбританияда қалыптасып, 1816 жылы заңды түрде бекітілді. Көптеген елдерде ол XIX ғасырдын, аяғына қарай енгізілді, айталық: Германияда — 1871—1873 жылдары, Швецияда, Норвегияда және Данияда — 1873 жылы, Францияда 1876— 1878 жылдары, Австрияда - 1892 жылы, Ресейде және Жапонияда —1897 жылы, АҚШ-та — 1900 жылы. Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай түрлерге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиздік стандарты.

   Алтын монета стандарты — бұл еркін бәсекенің тұсындағы капитализмнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:

      алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды;

      алтын монеталарды құюға рұқсат етілді (әдетте елдің монета сарайында);

      толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;

      алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын болды.

 

2.2. Ақша жүйесінің элементтері

 

   Қазіргі ақша жүйесі мынадай элементерден тұрады: ақша бірлігі, ақша түрлері және эмиссиялық жүйе.

   Ақша бірлігі

   Ақша бірлігі — барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. Ақша бірлігі ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Кептеген елдерде 1:10:100, яғни ондық бөлу жүйесі бекітілген. Мысалға, АҚШ-тың 1 доллары 100 центке тең, ағылшынның 1 фунт стерлинг — 100 пенсаға, Ресейдің 1 рублі —100 копеекке, Қазақстаннның 1 теңгесі — 100 тиынға және т.с.с.

   Әлем елдерінің ақша бірліктерінің атаулары төменгі кестеде берілген.

 

Тмд және кейбір елдердің ақша бірліктері

Елдің атаулары

Ақша бірлігі

Елдің атаулары

Ақша бірлігі

Қазақстан

1 теңге = 100 тиын

АҚШ

1 доллар = 100 цент

Ресей

1 рубль = 100 копеек

Англия

1 фунт стерлинг = 100 пенса

Украина

1 гривня = 100 копийка

Израиль

1 шекель стерлинг = 100 агора

Беларусь

1 рубль = 100 копеек

Жапония

1 иен = 100 сена

Өзбекстан

1 сум = 100 тийн

Сауд Арабиясы

1 риал = 100 халал

Қырғызстан

1 сом = 100 тыйн

Түркия

1 лир = 100 куруш

Тәжікстан

1 сомони = 100 дирам

Кувейт

1 динар =100 дирхам = 1000 филса

Әзірбайжан

1 манат = 100 гепик

Қытай

1 юань = 10 цзяо = 100 финям

Армения

1 драм =100 люма

Йемен

1 риал = 100 филса

Молдова

1 лей =100 бань

Кипр

1 фунт =100 миллима

Біріккен Араб Әмірлігі

1 динар = 100 филса

Үндістан

1 рупия 100 пайса

Ауғанстан

1 ауған = 100 пул

Марокко

1 дирхам = 100 сантима

Египет

1 фунт = 100 пиастра

Моңғолия

1 тугурик =100 мунгу

Австралия

1 австралия доллары = 100 цент

Тайланд

1 бат = 100 сатанга

Ирландия

1 ирландия фунты = 20 шиллинг =240 пенса

Бразилия

1 крузейро = 100 сентаво

 

   Ақша түрлері

   Ақша түрлеріне — бұл заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1 долларлық банк билеттері; 100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс, және мыс-никелдік монеталар жүреді. Ұлыбританияда айналыста: 50, 20, 10, 5 және 1 фунтстерлинг банкноттар, 1 фунт стерлинг, 50, 10, 5, 2 пенсалық монеталар, 1 және 1/2 пенилер, сондай-ақжаңа 10 және 5 пенсалардың құнына тең келетін 2 және 1 шиллингтер де бар.

   Ал, Қазақстанның бүгінгі ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік банктік билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік металл монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі 64x100 мм. су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар кейіннен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды. Бірақ, бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста жүрмейді, олардың орнында металдан жасалған монеталар қолданылыста жүр. Қазыналық билеттер айналымда жоқ.

   Эмиссиондық жүйе

   Эмиссиондық жүйе — бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді. Мысалға, АҚШ-та банкноттарды айналысқа шығарумен Федералды резервті жүйе, Ресейде — РФ Орталық банкі, ал Қазақстанда — Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айналысады. Ұлттық Банктің қарамағында еліміздің банкнота жасайтын — Банкнота фабрикасы (Алматыда) және монета жасайтын - Монета сарайы (Өскеменде) бар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

   Ақша дегеніміз – тауардың тауары, оның өз бойында түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілегн заттардың қандайына болса да айнала алатын сыйқырлы құрал .Құнының ақшалай нысанасының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға – құнның ақшалай көрініс. Оның құнын жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туған емес. Эканомиканың қатынастардың дамуы мен байланысты алтынға да осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде қайталануы, оның осы қасиетін түсіндірген. Сондықтан, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүниесін жеке дара бөлініп шығып, жалпы эквивалент рөлін атқарады. Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:

      Ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;

      Онда абстракты еңбек болатындығын;

      Тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатынын көрсетеді;

   Тауар мен ақша арасындағы бірлікте қарама – қарсы қаишылықта тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы; өндіруші қоғамға қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды, оны ақшаға айналдыра алмастырады.
Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамның қажетті де оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны болып есептеледі.
Егер жеке қажеттілікті қанағаттандырса ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне, тауар мен ақша арасындағы бірлікте қарама-қайшылық осылай түсіндіріледі. Ақша тауарлы шаруашылыққа адамдардың қоғамдық қатынастарын бейнелейді. Яғни, ақша- зат емес , адамдардың арасындағы айналыс құралы . Ақшаның қызметі; құн өлшеуші, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау, дүниежүзілік ақшалар.
   "Ақша - зат емес, ол қоғамдық қатынастар жиынтығы". Шын мәнінде бұл афоризм, егер адам қоғамнан бөлініп кетсе, оған ақшаның қажеті жоқ деген мағынаны білдіреді. Робинзон Крузоға да ақшаның керегі болған жоқ. Оның мұхитқа батып бара жатқан кемеден құтқарып қалған заттары елсіз аралда пайдаға жарады, тек ақша қажетсіз бос қағаз болып қалды.
   Ақша - тарихи дамыған экономикалық категория (санат). Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әр түрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен, есеп жүргізу және бақылау кұралы ретінде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері түрінде өнімнің көлеміне және түріне жоспар бекітті. Сол сияқты өнім бағасын да орталық органдар бекітті. Өндірілген өнім тұтынушыларға келісімшарт бойынша натуралды өлшеммен бөлінді.
   Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әр түрлі меншік жағдайында (мемлекеттік, кооперативтік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуде төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.
   Сонымен қатар қазіргі кезде кәсіпорындарды жекеменшіктендіру де, мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да, әр түрлі өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б. жүргізіліп жатқан іс-шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.
   Ақша нарықтық экономикада ақша-несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда.

Информация о работе Нарықтық экономикадағы ақшаның ролі