Мемлекеттік қаржы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 15:39, реферат

Описание работы

Мемлекеттік қаржының экономикалық мәні олардың мемлекеттің қаржы ресурстарын, оның кәсіпорындарын және алынған қаражаттарды мемлекеттің және мемлекеттік кәсіпорындардың қызметтерін орындауға қалыптастыру үшін қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастарын көрсетеді.

Ақша қатынастарының субьектілері:
Үкімет және басқару органдары.
Кәсіпорын, ұйым, мекеме, азаматтар.

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттің қаржысы.doc

— 55.50 Кб (Скачать)

                                                          Мемелекеттік қаржы

Мемлекеттік қаржының экономикалық мәні олардың  мемлекеттің қаржы ресурстарын, оның кәсіпорындарын және алынған қаражаттарды мемлекеттің және мемлекеттік кәсіпорындардың  қызметтерін орындауға қалыптастыру үшін қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастарын көрсетеді.

Ақша  қатынастарының субьектілері:

  1. Үкімет және басқару органдары.
  2. Кәсіпорын, ұйым, мекеме, азаматтар.

Мемлекеттік қаржы үшін мемлекеттік шығындардың өсуі негізгі болып табылады.

Мемлекеттік қаржы қызметтері қаржы қызметтеріне ұқсас: бөлу және бақылау. Дегенмен, мемлекеттік қаржыны сипаттау үшін бөлу қызметінің құрамында:

а) орналастыру;

ә) қайта бөлу;

б) тұрақтандыру қызмет буындарын бөлуге болады.

Мемлекеттік қаржының өз мақсатын орындайтын ерекше звенолары бар. Мемлекеттік қаржы  құрамына кіретіндер: мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік  несие, мемлекеттік кәсіпорындар мен  ұйымдар қаржысы.

Мемлекеттік басшылық деңгейі бойынша экономикалық және элеуметтік салада мемлекеттік қаржы жалпы мемлекеттік қаржы және жергілікті деп бөлінеді.

Мемлекеттік сектордың қызмет етуі мемлекеттік  меншіктің болуына негізделеді. Меншіктің жіктелуіне байланысты мүліктің мемлекеттік заңды тұлға және мемлекеттік қазына түрлері бар.

Мемлекеттің заңды тұлғалар мүлігі – заңды  түрде ерекшеленген және мемлекеттік  кәсіпорындар мен ұйымдардың қызмет етуіне негіз болады.

Мемлекеттік қазына республикалық және жергілікті болып бөлінеді.

Республикалық қазына келесілерден тұрады:

1) республикалық бюджет қаражаттары;

2) мемлекеттің алтын валюта қоры;

3) мемлекеттің меншік құқығынан ерекшеленген мүлік түрі (жер, оның қойнаулары, өсімдік және жануарлар әлемі);

4) республикалық меншікке жататын рекешеленбеген мүлік түрі (қожайыны жоқ, кәмпескеленген, мемлекетке берілген) – қазыналық.

Жергілікті  қазына келесілерден тұрады:

1) жергілікті бюджет қаражаттары;

2) коммуналдық меншікке жататын ерекшеленбеген мүлік. 

Мемлекеттік кірістер жүйесі. 

Мемлекет  меншігіне түсетін қаржы жиынтығы қалыптастырған экономикалық қатынастар жүйесі мемлекеттік кіріс болып табылады.

Кірістер – қаржымен тығыз байланысты қызмет ететін күрделі экономикалық категория.

Кірістер  – құралдар шығынымен байланысты белгілі қызмет нәтижесі.

Кірістердің құрылуы мемлекеттің тікелей  қатысуымен жүзеге асырылады: ол бюджетте орталықтандырылатын қоғамның таза табысының үлесін бекітеді, сонымен  қатар қоғамның жеке табысы үлесін шоғырландырады. 

Мемлекеттік кірістің жіктелуі.  

  1. Меншік  құқығының ұйымдастырушылық – құқықтық  ресімделуі бойынша:
  2. мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар кірістері;
  3. жеке кәсіпкерлік сектордан салықтық түсімдер;
  4. тұрғындардың салықтық  түсімдері;
  5. кооперативтік және ұжымдық ұйымдар мен кәсіпорындардың салықтық түсімдері;
  6. қоғамдық ұйымдардың салықтық түсімдері.
  7. Құрылу саласы бойынша:
  8. материалдық өндіріс саласында құрылатын кірістер;
  9. өндірістік емес салада құрылатын кірістер;
  10. Қаржылық мазмұны бойынша:
  11. салықтық;
  12. салықтық емес (мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруден қаражаттар, ақшалай-заттай лотерея);
  13. Мобилизация әдістері бойынша:
  14. орталықтандырылған;
  15. орталықтандырылмаған.
 

Мемлекеттік шығындар жүйесі 

Мемлекеттік шығындар – мемлекеттің қызмет етуіне байланысты ақшалай шығындар.

Мемлекеттік шығындар құрамына мемлекеттік бюджет, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар  шығындары жатады.

Шығындардың барлық түрлерінің жиынтығы бағыты және мақсаты бойынша мемлекеттік  шығындар жүйесін құрайды.

Қаржыландыру қағидалары:

  • жоспарлау;
  • мақсатты сипаты;
  • қайтымсыз сипаты;
  • жоспардың орындалу шамасы бойынша қаржыландыру;
  • үнем режимін қадағалау.
 

Мемлекеттік шығынның жіктелуі 

    1. Экономикалық  мазмұны бойынша:
    1. материалдық өндіріспен байланысты және өндірістік емес салаға қатысты шығындар;
    2. қызметтің өндірістік саласы шығындары;
    3. мемелекеттік резервтерді құруға арналған шығындар.
    1. Пәндік (мақсатты) белгісі бойынша:
    1. экономикаға;
    2. әлеуметтік-мәдени шараларға;
    3. ғылымғы;
    4. қорғанысқа;
    5. басқаруға;
    1. Салалық белгісі бойынша.

      А. Материалдық өндіріс саласындағы шығындар:

      1) өнеркәсәп;

      2) құрылыс;

      3) ауыл шаруашылығы;

      4) транспорт және байланыс;

      5) сауда;

      6) жабдықтау және дайындау.

      Б. Өндірістік емес сала шығындары:

      1) білім беру;

      2) ғылым;

      3) денсаулық сақтау;

      4) бос уақытты және демалысты ұйымдастыру;

              5) мәдениет саласы;

         6) қорғаныс;

         7) басқару. 

         Бюджет  және бюджет жүйесі 

         Бюджет  – мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

         Бюджет  – мемлекеттің заңмен және жергілікті өкілді органдарының шешімімен бекітілетін мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуге арналған және салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін әрекеттерден алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген басқа да түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.

         Мемлекет  бюджет экономикалық қатынастар жиынтығы ретінде обьективті сипатта болады. Оның әрекет етуі орталықтандырылған қорларды қажет ететін өндіріс процесімен анықталады.

         Орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен пропорцияларын, оның салалары мен аумақтық құрылымдарын жетілдіруге қол жеткізуге, қажетті мөлшерде экономиканың бірінші кезекті даму бағдарламасы үшін қаражаттар құруға мүмкіндік береді.

         Бюджет  кірістері – бюджетке қайтымсыз  негізде түсетін салық, алым және бюджетке басқа да міндетті төлемдер, капитал әрекеттерінен түсетін  кірістер көлемі.

         Бюджет  шығыстары – шығындар және несиелері  жиынтығы. 

         Бюджет  құрамы 

            Бюджет
 
      кірістер
    шығыстар

                                 
 
 

 
 
  • салақтық  түсімдер;
  • салықтық емес түсімдер;
  • капитал әрекеттерінен түсетін кірістер;
  • алынған ресми трансферттер.

                   

  • қорғаныс;
  • қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік;
  • білім беру;
  • денсаулық сақтау;
  • мәдениет;
  • ғылым;
  • әлеуметтік;
  • қамсыздандыру және т.б.
 

 
Бюджет  дефициті (тапшылығы) дегеніміз – түсімдер мен шығындар арасындағы теріс айырма, басқа сөзбен айтқанда шығындар көлемінің түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуі.

Бюджет  профициті – түсімдер көлемінің шығындар сомасынан асып түсуі. Кірістер мен шығындардың толығырақ тізімі мен топтастырылуы бюджеттік жіктелумен анықталады.

Бюджет  жүйесі – бюджеттердің және ҚР Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер  мен қатынастардың жиынтығы немесе басқаша айтқанда, экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген жеке бюджеттердің жиынтығы.

Информация о работе Мемлекеттік қаржы