Лизингтік операциялар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 12:19, курсовая работа

Описание работы

Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.

Содержание

І. Кіріспе....................................................................................................................1
ІІ. Негізгі бөлім
1. Лизинг туралы жалпы түсінік
1.1. Лизингтің шығу тегі...........................................................................................2
1.2. Лизингтің операциялардың негізгі түрлері......................................................3
2. Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі
2.1. Лизингтік операциялар есебі.............................................................................6
2.2. Лизингтік келісімшарт......................................................................................14
3. Қазақстан Республикасындағы лизингтің сыртқы жағдайы
3.1. Қазақстан Республикасындағы лизингтің даму жолдары.............................15
3.2. Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері...............................................15
3.3. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері.............................................20
ІІІ. Қорытынды.........................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................22

Работа содержит 1 файл

Лизингтік операциялар есебі.doc

— 193.50 Кб (Скачать)

    Лизинг бойынша марапаттау өз кезегінде екі әдісте пайдаланады: не өсіп отыратын пайыздық мөлшерлемесін, немесе алдын-ала қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін.

    Бухгалтерлік есепте қаржылық лизинг бойынша жасалатын операциялар онда қарастырылған келісімшарттың жағдайына байланысты көрініс табады.

    Бұл мысалдың шарты бойынша негізгі құрал лизинг алушының балансына берілген:

Қатар

 №

Шаруашылық операцияларының мазмұны Сомасы,

теңге

Шоттар  корреспонденциясы
   Дебет  Кредит
  Лизинг  берушідегі операциялардың көрінісі
 1 Негізгі құрал лизингіге берілді:

- құрал-жабдықтың баланстық құнына

- берілген лизинг  мүлігінің келісімшарттық құнына

-ҚҚС-ның сомасына (16 %)

 
  700000 

 900000 

 144000

 
  842 

 334,301 

 334,301

 
 121-125 

 722 

 633

 2 Лизингіге берілген негізгі құралдың құнымен жалпы

лизингтік төлем  сомасы арасындағы айырмасы болашақ кезеңнің табысы

ретінде көрсетілген

 
 
 
 

 300000

 
 
 
  301,334
  
 

 611

  3 Лизигтік қызметтен  марапаттау мөлшерінде алынған табыс ағымдағы

кезеңге жатқызылып көрсетіледі

 
 
 
  300000
 
 
 
  611
 
 
 
  705
 4 Лизинг алушының лизинг бойынша алған міндеттемесі төленді  
  300000
 
  611
 
 301,334
 
 5 Лизинг ретінде  алынған негізгі құрал кірістелді:

- алынған мүліктің  келісімшарттағы құны бойынша

- ҚҚС сомасына(16%)

 
 
 
  900000

 144000

 
 
 
  121-125

 331

 
 
 
  683

 683

 6 Лизинг ретінде  алынған мүлік үшін марапаттау

есептелінді

 
 300000
 
  831
 
  684
 7 Лизинг берушіге берген

міндеттемесі  төленді

 
 1344000
 
  683,684
 
  441,451
 8 Лизинг ретінде  қабылданған негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінді  
 
  108000
 
  935,946,811,

 821

 
 
  131-134
 

       

2. Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі

                                       2.1. Лизингтік операциялар есебі 

    Бухгалтерлік есепте лизинг беруші банктің алынған мүлікті қаржылық лизингке ұсынумен байланысты операцияларын көрсету тәртібі банктің ішкі құжаттарында қарастырылуы және есептік саясатта белгіленуі тиіс.

    Лизинг келісімі жасалып, мүлік мемлекеттік тіркеуден өткен соң, сатушыдан лизинг беруші меншігіне алынып, кәсіпкерлік мақсатына уақытша пайдалануға және ұстауға лизинг алушыға жалданатын мүліктік есепте келесі түрде көрсетіледі.

    Лизинг берушінің лизинг затын сатушыдан алу және лизинг келісімінің шартына сәйкес жолдау:

    - Негізгі құралды алу:

    Дт 1656 «Жалға беруге арналған негізгі құрал-жабдықтар»

 Кт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар».

    - Алынған негізгі құралдар үшін төлем:

    Дт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»

 Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

    Лизинг затын лизинг келісімшарттарына сәйкес, лизинг алушыға уақытша

ұстауға және кәсіпкерлік мақсатта қолдануға беру:

    Дт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

         1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі»

    Кт 1656 «Жалға беруге арналған негізгі құрал-жабдықтар».

    Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей лизинг беруші лизинг бойынша сыйақыларды есептейді. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    Дт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

          1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

    Кт 4305 «Басқа банктерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»

           4420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».

    Егер лизинг алушы өз қаржысы есебінен және лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг затына зиян келтірмейтін жақсарту жүргізсе, лизинг беруші лизинг алушы алдындағы бұл жақсартудың құнын өтеу бойынша лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталғанда өз міндеттемелерін мойындайды.

    Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    Дт 5922 «Банктік емес қызметтен өзге шығыстар»

    Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар».

    Лизинг келісімімен қаралған төлемдерді мерзімінде алғанда лизинг беруші келесі бухгалтерлік өткізбелерді жүзеге асырады:

    а) лизинг бойынша қосылған сыйақыны өтеу бойынша:

    Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

    Кт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

         1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер».

    ә) лизинг затын алу, жеткізу және оны лизинг келісімін жасау кезіндегі баға бойынша лизинг келісіміне сәйкес мақсатында қолдану үшін жұмыс жағдайында келген шығындар мен басқа да кез келген шығындарды қапына келтіру бойынша:

    Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

    Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

         1420 «Клиенттерге берілген қаржы  лизингі».

     Лизинг алушы сыйақы бойынша  төлемдерді, сондай – ақ қаржылық  лизинг бойынша негізгі борыш сомасы кешіктірілгенде, келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады:

    а) Есептелген сыйақы сомасына:

    Дт 1731 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

          1741 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы»

    Кт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

          1740 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  есептелген кірістер».

    ә) Негізгі борыш сомасына:

    Дт 1306 «Банктің қарыздары бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі»

           1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі»

    Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

         1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі».

     б) Негізгі борыш сомасы бойынша  Ұлттық банктің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес құрылатын мәжбүрлі шығын сомасына:

    Дт 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

    5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

    Кт 1339 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)»

    1439 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)».

    Бірмезгілде, есептелген сыйақы мен негізгі борыш өз уақтылы төленбесе (егер бұл лизинг келісімінде көрсетілмесе) лизинг беруші айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасын есептейді. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»

    Кт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)».

    Лизинг алушыдан мерзімі ұзартылған төлемдер қайтарылғанда, келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    а) Айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасына:

    Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

    Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»;

    ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:

    Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

    Кт 1731 «Басқа банктердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизингтері бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

          1741 «Клиенттердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизингтері бойынша мерзімі өткен сыйақылар»;

    б) Негізгі борыш сомасына:

    Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

    Кт 1306 «Банк қарыздары бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі»

         1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі»;

    в) Алдын ала құрылған мәжбүрлі шығындар сомасына:

   Дт 1339 «Басқа банктерге банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)»

          1439 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)»

    Кт 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

          5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу».

    Лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталған соң лизинг заты лизинг шартының келісіміне сәйкес лизинг алушыдан лизинг берушіге қайтарылады:

    а) Егер лизинг заты толық амортизацияланса, онда лизинг беруші аталған лизинг затын қабылдау-өткізу акті бойынша қабылдайды және қажет болса оны одан әрі қолдану бойынша жүйеден тыс есепке кірістейді;

    ә) Егер лизинг заты толық амортизацияланбаса, қалдық құн сомасына лизинг берушіде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    Дт 1652 «Жер, үйлер мен ғимараттар»

           1653 «Компьютерлік қондырғылар»

           1654 «Басқа да негізгі құралдар»

           1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал-жабдықтар»

           1658 «Көліктік құралдар»

    Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

           1420 «Клиенттерге берілген қаржы  лизингі».

    Егер лизинг келісімінің шарты бойынша лизинг заты қайтарылмаса және аталған лизинг заты тоық амортизацияланбаса, онда лизинг алушы мен лизинг берушіге қалдық құнды қалпына келтіруі лизинг келісімшартымен реттеледі.

    Лизинг алушының меншікті қаржысы есебінен жүргізген жақсарту құнын қалпына келтіру кезінде, лизинг берушімен келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    Дт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»

    Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

    Жаңадан құрылған мәжбүрлі шығындар есебінен қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасын лизинг алушы өтеу кезінде келесі бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

    а) Негізгі борыш сомасына:

    Дт 1339 «Басқа банктерге банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)»

Информация о работе Лизингтік операциялар есебі