Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің жалпы сипаттамасы мен сыныптамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 20:17, реферат

Описание работы

Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда - өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму үдерісіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржылық тұтқалар арқылы араласуын бейнелейді.

Работа содержит 1 файл

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің жалпы сипаттамасы мен сыныптамасы.docx

— 24.76 Кб (Скачать)

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің жалпы  сипаттамасы мен  сыныптамасы

 

Мемлекет тарапынан  экономикалық үдерістерді реттеу кез  келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда - өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму үдерісіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржылық тұтқалар арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика ара қатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, өңірлік және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.

Экономиканы мемлекеттік  қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржылық ресурстарды шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану үдерісі ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің дамуын керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

Мына  бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:

  • 1. Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының әрекетін есепке алу. Қаржылық реттеу үдерісі қаржылық саясаттың субъективті түрде белгіленген бағыты және оны шаруашылықтық практикаға асыру механизмі бойынша өтетіндіктен, экономикалық заңдар мен оларға сәйкес келетін экономикалық категорияларда бейнелеп көрсетілген шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделері неғұрлым толығырақ ескерілсе, бұл саясат пен механизмнің шаралары соғұрлым шынайы әрі практика талаптарына жауап беретін болады. Ал олай болмаған күнде нақтылы экономикалық өмірде қаржылық механизмнің нысандары мен әдістерін күшпен алу реакциясы пайда бола бастайды.
  • 2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкі мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.
  • 3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы. Басқарманыңавтократиялық нысаны шешімдердің валютаризмін, оларды қоғамның қабылдамауын және олардан айыруын, бұрмалама орындалуын, мемлекеттік құрылымдар жұмыстарының төмен тиімділігін: игіліктің сырт көрінісі кезінде қоғам тоқырауға ұшырайды, әлеуметтік-экономикалық мешеулікті және азғындауды тудырады.
  • 4. Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық, жүйенің болуы. Сөздің кең мағынасында заңнамалық жүйе әсері оның заңнамада келісілген таза заңды жауапкершілік шегінен шығып кететін нормалар, соның ішінде шешімді атқару үшін билік құрылымдарының жауапкершіліктері үшін қоғамда «өнегелі климатты» қалыптастыруға мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни басқару саласы, құзырлылық және басқарудың бүкіл иерархиялық құрылымындағы тәртіп ұйғарылады. Бұл қағиданы 3 тармақтағы тұжырымдалған алғышарттың әрекетінсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Аталған алғышарттардың 3,4 тармақтары жалпы азаматтық қоғамның, яғни қоғамның барлық мүшелеріне арналған тіршілік әрекеті үшін тен мүмкіндіктер жасайтын, олардың мүдделері мен әлеуетін ескеретін, бірдей құқықтық қорғалуы мен жауапкершілігін қамтамасыз ететін өркениетті қоғамдық құрылыстың болуын көрсетеді.

Нәтижелікке, яғни мемлекеттік  қаржылық реттеудің нақтылы қорытындысына  оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай шарттарға мыналар жатады:

  • а) технологиялық қайта бөлістер бойынша өндірістердің мүмкін болатын үлкен жинақталымын біртіндеп дамыта отырып, экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;
  • ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық үдерістер мен құрылымдардымонополиясыздандыру;
  • б) рыноктық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ескертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау негізінде бәсекені,кәсіпкерлікті дамыту:
  • в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де, халықаралық кооперация мен енбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше елдердің бірыңғайинтеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік құқықтарының және т.б.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.

Қаржылық реттеудің  көмегімен мемлекет халықтың төлем  қабілеттігінің сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді  өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.

Сонымен бірге қаржылық тұтқалардың көмегімен мынадай негізгі мәселелер шешіледі:

  • материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржылық ресурстардың жалпы деңгейін реттеу;
  • өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;
  • кәсіпорындардың, ұиымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың құқықтық және келісімшарттық тәртібін қамтамасыз ету;
  • кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;
  • кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің ішкі өндірістік ара қатынасын реттеу;
  • ел, өңір, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық және инновациялық үдерістерді реттеп отыру.

Сөйтіп, өндірісті  қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің  экономикалық дамуының үрдісіне қаржылық тұтқалардың көмегімен ықпал жасалады. Әдетте реттеу үдерісі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың жұмыс істеу шарттарының әр алуандығымен, әр түрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеу жүйесін ажыратудың, тұрпаттарға, түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.

Реттеудің екі тұрпаты  бар: ол экономикалық (оның: қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік реттеу.

Қаржылық реттеудің  түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі, кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.б.) реттеуді қамтиды.

Реттеу нысандары  аталған түрлерде ағатын қаржылық қосалқы  категорияның тиісті түрі үшін сипатты, сондай-ақ барлығы үшін ортақ үдерістерді білдіреді: мысалы, бюджеттік түрде - қаржыландыру (субвенцияларсубсидиялар, трансферттер), салықта - тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда - сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар - қаржылық реттеудің негізгі нысандары. Мемлекеттік-кредиттік түріндегі нысандар сан алуан.

  • Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады.
  • Реттеудің айрықша нысаны мемлекеттік сатып алу болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорындардың, заңи тұлғалардың және олармен аффиландырылған заңи тұлғалардың олардың қарамағындағы ақшалардың есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы.

Мемлекеттік сатып алудың үдерісі мыналарды кіріктіреді:

  • сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің номеклатурасы мен көлемдерін қалыптастыру;
  • жеткізушіні таңдау, онымен мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасасу;
  • мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттың атқарылуы.

Мемлекеттік сатып алу үдерісін реттеу мына қағидаттарға негізделеді:

  • сатып алуға пайдаланатын ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау;
  • барлық әлеуетті жеткізушілерге мемлекеттік сатып алу үдерісіне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
  • әлеуетті жеткізушілер арасында әділетті бәсеке;
  • мемлекеттік сатып алу үдерісінің жариялылығы.

    Сыныптаудың ең көп элементтері реттеу әдістері болып табылады, олар сондай-ақ жекелеген нысандар үшін (мысалы,салықтардағы мөлшерлемелер әдісі қарыздардағы жаңғырту) айрықшалықты сияқты болуы, немесе бірнеше нысандарда (мысалы, бюджеттерде және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жоспарларында теңестіру, бұл нысандарда резервтер жасау әдісі, әр түрлі нысандар мен түрлер үшін индекстеу әдісі және т.б.) қолданылуы мүмкін. Әдістер дербес амалдарға, тәсілдерге ажыратылады және реттеу жүйесінің неғұрлым жылжымалы, өзгермелі элементтері болып табылады. Мысалы, салық салуда - салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар; табыстарды, мүлікті, активтерді мағлұмдамалау, аванстық төлем және басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде - шығыстарды нормалау, қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, бюджет артығын пайдалану және т.б.

    Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен  қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің  дәрежесі болып табылады.

    Валюталық, қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар  болып табылады: валюта бағамы, ақшалай  капиталға пайыздық мөлшерлемелер, халықаралық төлем қаражаттары мен бағалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдерді сақтандырудың сан алуан әдістері.

    Реттеудің ішкі шаруашылықтық  түрінде коммерциялық немесе шаруашылық есеп, қаражаттарды нормалау әдістері, қаржылық қорларға аударылатын аударымдардың нормативтері және оларды пайдалану қолданылады.Сонымен бірге экономика мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды. Ол, әдетте, өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет етеді.

    Мемлекеттік сатып  алуда мыналар әдістер болып  табылады: ашық конкурс, жабық конкурс,багалы ұсыныстардың, бір дереккөзден, ашық тауар биржалары арқылы сұрау салуын пайдалана отырып жеткізушіні таңдау.

    Қаржылық  реттеу жүйесінің  элементтері - түрлері, нысандары, әдістері қабылданған бағытта экономиканың үйлестірілген тұрақты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуі тиіс. Рынок жағдайларында реттеудің жанама әдістеріне көп көңіл бөлінеді.

    Мемлекет шаруашылық үдерістердің барлық қатысушылары үшін қызметтің ортақ шарттарымен ережелерін, қызметтің басым сфералары үшін олардың преференциалдықтарын (жеңілдіктерін) белгілейді; бұл салықтар, олардың мөлшерлемелері, қаражаттар аударымдарының мөлшерлемелері, субвенциялар, жеңілдіктер, тарифтер, тіркелген бағалар, ақша-кредиттік, валюталық, кедендік және әлеуметтік реттеудің нормативтері. Ықпал жасаудың осы негізгі индикаторларының негізінде сұраным мен ұсыным сәйкестігінің сипатымен ұсынылатын реттеудің қайталама, рыноктық-бағдарланған элементтері қалыптасады: еркін бағалар, кредиттер үшін пайыздық мөлшерлемелер, валюта бағамы, түрлі қорларды қалыптастырудың және шаруашылық жүргізуші субъектілерде оларды пайдаланудың нормативтері.

    Алайда реттеудің  жанама элементтерінің іс-әрекеті әсіресе дамудың белгіленген курстан едәуір ұнамсыз ауытқулары кезінде мемлекет тарапынан тура, директивалық әдістермен толықтырылуы мүмкін.

Пайдаланылған әдебиет

  1. ↑ Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің жалпы сипаттамасы мен сыныптамасы