Бүгін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бидайды терең өңдеу өндірісі жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыратын қарыз алушыларды іріктеу туралы «Нұр-Отан» ХДП, ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің АӨК стратегиясын дамыту департаменті және ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің мал шаруашылығын дамыту және ветеринарлық қауіпсіздік департаменті өкілдерінің және «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ мен оның еншілес компаниялары және Қазақстанның Ұлтық экономикалық «Атамекен» Одағы палатасының, сондай-ақ, «ҚазақстандықАгроОдақ» Қауымдастығының өкілдері қатысқан жиын болып өтті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысына сәйкес, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ келесі бағыттағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыра бастады:
- мал бордақылау алаңдарын салу;
- мал соятын орындар ашу;
- биязы жүнді өндіру және өңдеу өнеркәсібі;
- қазақстандағы астық экспорты инфрақұрылымын дамыту;
- етті қайтадан өңдейтін заманауи кешендерді ұйымдастыру;
- бидайды терең өңдеу өндірісін ұйымдастыру
Бүгінде бидайды терең өңдеу өндірісін ұйымдастыру жөніндегі инвестициялық жоба байқауына Қостанай қаласындағы «Қостанай ұнкомбинаты» АҚ өтініш білдірген. Қазірде мұндай кешенді жүзеге асыруға шамамен 1 млрд 632 млн теңге қажет. Бұл қаржыға сондай-ақ, құрлыс монтаж жұмыстарын жүргізу, инженерлік құрылғылар, құрал жабдық пен шикізат өнімдерін сатып алу қарастырылған.
Бидайды терең өңдеу өндірісін ұйымдастыру жөніндегі инвестициялық жобаны несиелеу шарттарына сәйкес, несие 6 пайыздық өсіммен 12 жыл мерзімге беріледі. Ал, несие өтініштеріне сәйкес, «Қостанай ұнкомбинаты» АҚ несие алты пайыздық өсіммен алты жылға беріледі. Алдағы уақытта бұл жобаның өндірістік қуаты жылына 38 мың тоннаға дейін жеткізілмек.
Бидайды терең өңдеу өңдеу өндірісі жөніндегі кешендерді жүзеге асыру болашақта ұнды қайтадан өңдеуге, ұнның түрлі сорттарын шығауға, кебек пен макарон өнімдерін жалпы қабылданған әлемдік стандарттарға сай әзірлеуге және осы өнімдерді сыртқы нарыққа шығаруға, сонымен бірге жаңадан 80 адамдық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мынадай кредиттер береді:
ауылдық кредит серіктестіктеріне (АКС) кредит беру
ауылдық тұтыну кооперативтеріне (АТК) кредит беру
ауылдық жердегі кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлеріне (АКС) кредит беру
Қазіргі уақытта «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қатысуымен республиканың он үш облысында 153 кредиттік серіктестік құрылған, КС 6 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдарын біріктірді. КС жарғылық капиталдарының жалпы сомасы 4,9 млрд. теңге, оның ішінде Корпорацияның үлесі 832,1 млн. теңге немесе 17%. Корпорация 150 КС-ға сомасы 26 730,0 млн. теңге кредит желісін ашты. 2001 жылдан бастап КС қатысушыларына жалпы сомасы 37,8 млрд. теңге кредит берілді, оның ішінде өтелген негізгі қарыздың көлемі 17,0 млрд. теңге, ссудалық берешектің қалдығы 20,8 млрд. теңгені құрады.
2006-2007 жылдары Корпорация ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, өткізу, сақтау және қайта өңдеу бойынша 69 ауыл шаруашылығы инфрақұрылымы бірлестіктеріне жалпы сомасы 4,7 млрд. теңге кредит берді. 2,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары бірлестіктің қатысушылары болды. Бірлестіктің қызметі ет-сүт, жеміс-көкөніс, балық өнімдерін, тері, дәнді дақылдар мен май өнімдерін жинауға және қайта өңдеуге бағытталған.
Ауылдық жердегі кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлеріне кредит беру бағдарламасы бойынша ауылдық сауда нүктелерін, жол бойындағы сервисті, тамақ өнеркәсібі өндірісін, қонақ үй бизнесін, ауыл туризмін дамытуға 66 жоба бойынша сомасы 672,0 млн. теңге кредит берілген.
Корпорацияны қаржыландырудағы заемдық құралдары.
8 – ші бөлім.
Корпорацияны қаржыландырудағы заемдық құралдары.
8.1. Заемдық қор құрамы мен банктік кредитінің қатыстыру құнының бағасы.
Заемдық қор – кәсіпорын қорының қаржыландыруын заем көздері есебінен қалыптастыру.
Корпорацияның заем қоры құрамына:
1.Қысқа мерзімді несиелер мен займдар;
2.Ұзақ мерзімді несиелер мен займдар;
3.Несиелік қарыз(қаражаттарды тарту түрінде).
Қысқа мерзімді несиелер мен займдар. Айналымдағы активтерді жабу көздері ретінде қызмет етеді.
Шаруашылықта төлемсіздік себебімен алдыңғы төлем жеткізушілерге процентсіз несие ретінде қарастырылады. Батыс корпорациялары тауарлар мен қызмет көрсетуге төлемнің берілген түрін сирек қолданады.
Компанияның бережағы заем берушіге бухгалтерлік есепте алынған несиелер мен займдар қысқа және ұзақ мерзімге бөледі.
Қысқа мерзімді деп өтеу мерзімі келісімшарттағы шартқа байланысты 12 айдан асырмай алынған несиелер мен займдар қарызы.
Ұзақ мерзімді деп өтеу мерзімі келісімшарттағы шартқа сәйкес 12 айдан асатын алынған несиелер мен займдар қарызы.
Жедел деп өтеу мерзімі келісімшартта белгіленген тәртіпте ұзартылған түрде алынған несиелер мен займдар қарызы.
Өтелмеген деп келісімшарттық өтеу мерзіміндегі қарызы төленбеу.
Есеп саясатына келе,қарыз алушы ұзақ мерзімдегі қарызын қысқа мерзімдіге ауыстыруы мүмкін. Алынған несиелер мен займдар қарызын ұзақ мерзімнен қысқа мерзімге ауыстыру несие келісімшартына сәйкес қарыздың негізгі сомасын 1 жыл қалғанда қайтару қажет.Қарыз алушы өтеу мерзімінің өтіп кетуіне байланысты төлемін жеделден өтелмегенге ауыстыруы міндетті. Акционерлік компанияларға қарыз қаражаттарын тарту векселдер мен корпоративтік облигациялар шығару негізінде іске асырылады. Берілген займдар мен несиелер бойынша қарыз шетел валютасында алынса,қарыз алушы РК Ұлттық Банкінің несие операциясының аяқталу күніне сәйкес курсымен тенгеге санауы қажет.Қарыз алу және оны қолдануға байланысты шығыстарға банктік төлемге саналатын пайызды кіргізеді. Алынған несие шығыстарына сол кезеңде туындаған шығындарды қабылдайды.Қарыз алушы оны шығындар операциясында есептейді.
Қысқа мерзімді займдар мен несиелер қарыз алушының айналымдағы активтерін қалыптастыратын қысқа мерзімді міндеттемелерін бухгалтерлік балансында көрсетеді.
Алынған несиелер мен займдар қарыз сомасы пайыздар төлеудің есептік кезеңінің соңында саналатын есебін көрсетеді.
Ұзақ мерзімді тартылған қор(несиелер мен займдар түрінде)айналымнан тыс активтерді қаржыландыруға бағыттайды.
Айналымнан тыс активтерге негізгі құралдар обьектілері, үлкен шығындарды қажет ететін құрылыс пен сатып алу активтері кіреді.
Инвестициялық активтермен байланысты шығындар алдағы уақытта экономикалық тиімділік үшін кәсіпорындар мен акционерлік компаниялардың берілген активтің бастапқы құнын кірістіреді.
Инвестициялық активтерді тартумен байланысты алынған несиелер мен займдар шығындары уақытылы қолданған займ құралдарын қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық кірістері ретінде түсім көлемін қысқартады.
Кірістірілген займ құралдары тек шығындарды төмендету кезінде іске асырылады,ол инвестициялық активтерді қаржыландырумен байланысты, мысалы, құрал-жабдықтар мен құрылыс материалдарының бағасы арзандаса.
Алынған несие мен займдар шығындарының инвестициялық активтердің бастапқы құнына қосылуы былай іске асырылады.
1. Осы активке байланысты сатып алу мен құрылыс шығындарының пайда болуы.
2. Инвестициялық активтерді құруға байланысты жұмыстың басталуы.
3. Займдар мен несиелерге кеткен нақты шығындар.
Инвестициялық активтер құрылысымен байланысты жұмыс уақытында тоқтатылса,алынған займдар мен несиелерге қосылған шығындар тоқтатылады.Берілген жағдайда займ шығындары кәсіпорынның операциялық шығындарына кіреді.
Инвестициялық активтердің бастапқы құнына қосылған несиелер мен займдар шығындары айдың бірінші күнінен тоқтатылады.
Ұзақ мерзімді займдар мен несиелер бухгалтерлік баланста ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінде есептік күннен кейінгі 12 айдан кейін өтеуін көрсетеді.Бухгалтерлік есептегі займдар мен несиелер есептік күннен кейінгі 12 айдың ішінде өтелуі тиісті болғанда, есепік кезеңнің соңында өтелмеген сома статья бойынша қысқа мерзімді міндеттемелерде көрсетіледі.
Баланста көрсетілген есептік жылда өтелуге тиіс ұзақ мерзімді міндеттемелер осы есептік жылдың басына қысқа мерзімді болуы мүмкін. Бұрын саналған міндеттемелер ұзақ мерзімді қысқа мерзімді ретінде болса, бухгалтерлік баланста анықталу керек.
Есептелінген сома пайыздары ерекшелеп санайды. Сонымен қатар,уақытылы өтелмеген несилер мен займдар да ерекшеленеді. Ұзақ мерзімді несиелер мен займдардың аналитикалық есебі олардың түрлері арқылы жүзеге асырылады.
Несиелеу
«Қазкоммерцбанк» АҚ орта және шағын бизнесті несиелеуді, сондай-ақ, жеке тұлғаларға тауар-материалды құндылықтарды кепілге қою арқылы несие беруді жүзеге асырады.
Несие келесі мақсаттарға беріледі:
Тауар айналымын кеңейту;
Келешектегі өсімі үшін капитал айналымын толтыру;
Көрсетілетін қызмет көлемін немесе мен өндірісті ұлғайту;
Машина, құрал-жабдықтар, шикізат және материалдар сатып алу, сондай-ақ, өндірісті дамыту.
Кәсіпкерлікті бастау мақсатында жылжымайтын мүлікті сатып алу, салу және жөндеу жұмыстарын жүргізу;
Өзге де капиталдық өнімдер.
Бастапқы бизнесті несиелеу
Несиелеу шарттары
Несиені пайдалғаны үшін несие соммасынан пайызбен саналатын жылдық пайызбен белгіленген сыйақы алынады. Оның мөлшері несиенің мерзіміне, қамсыздандырылуына, клиенттің статусы мен басқа да факторларына байланысты банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес белгіленеді.
Өтініш беруші несие алу үшін жобаның жай күйі және оның қызметі туралы сараптама жүргізу үшін келесі құжаттар пакетін ұсынады:
- Несие алуға өтініш;
- Құрылтайлық құжаттар (жарғы, құрылтайлық келісімшарт);
- Қожайындық жасайтын субьектінің тіркелгендігі туралы куәлік;
- Статистикалық карта;
- РСИ-дан СТЖ-ны растайтын анықтама қағазын;
- Қарыз алушының анкетасы, бірінші басшылардың анкеталық мәліметтері;
- Соңғы үш жылдың қаржылық есепқисабы;
- Келісімдер мен келісімшарттар;
- Бизнес-жоба (техникалық-экономикалық негіз);
- Қолтаңба үлгісі көрсетілген карта;
- Кепіл обьектісі бойынша құқық беретін құжаттар;
- Төраға мен бас бухгалтердің қолы қойылып және мөрі басылған қызметкерлер туралы анықтама;
- Бағалы қағаздар эмиссиясының проспектісі;
- Бағалы қағаздарды тіркеу туралы куәлік;
- Салық инспекциясынан және бюджеттік емес қорлардан қарыздардың бары (жоғы) туралы анықтама қағазы.
Кепілдікке қабылданатын заттар:
Жылжымайтын мүлік;
Құрал-жабдықтар;
Бағалы қағаздар;
Тауарлық қор;
Кепілдік;
Жеке мүлік;
Автокөлік;
Кепілдің өзге түрлері қабылданады.
Шетелдегі экономиканы реттеудің қаржы-инвестициялық механизмі (Оңтүстік корея республикасы мысалында) Реферат
[ | 17.03.2010, 08:39 |
Шетел инвестицияларын тартудың негізгі жолдары және олардың тиімділігі [8 бет] Қазақстанның инвестициялық саясаты шетелдік, сондай-ақ отандық инвестицияны тартудың қажеттілігімен тікелей байланысты. Өткен кезеңде инвестициялық қызмет жүргізу барысында негізінен, инвестицияның басты әрі нақты көзі болып табылатын шетел инвестициясын тарту мен пайдалануға айрықша назар аударылады. Әйтсе де, мемлекеттің шетел инвестициясын ынталандыруға бағыталған құқықтық базаны қалыптастыру және инвестицияның енуіне қолайлы жағдай туғызу секілді шараларды жүзеге асырғанына қарамастан, қазіргі шетелдік инвестициялау моделі күткендегідей нәтиже бере қоймады. Бұған ұзаққа бармай-ақ, экономиканың көптеген салаларын кеңінен қамтыған, әсіресе, өндіріс саласындағы терең инвестициялық дағдарысты атасақ та жеткілікті. Қазақстан өз егемендігін алған күннен 1997 жылдың соңына дейінгі аралықта сырттан 6,4 млрд. доллар алды. Оның ішінде 3,2 млрд.доллар тікелей инвестиция құраса, соманың қалған бөлігі - әртүрлі қарыздар. 1997 жылы Қазақстан шетел инвестициясы көлемі жағынан таяу шетелдер арасында, тіпті халқының саны мен жер көлемі жағынан бізді бірнеше орап алатын Ресейдің өзін артта қалдырып, бірінші орынды иеленсе, Венгриядан кейінгі екінші орында тұрды. Сол уақытта Қазақстан Республикасының инвестицияға деген сұранысы шұғыл артып, мамандардың болжауынша ол 50 млрд. долларды құраған. Десекте, осында келтірілген мәселелерді назарда ұстай отырып, қазіргі тартылған күүйіндегі шетел инвестициясы Қазақстан экономикасының ірі де күрделі проблемаларын шеше алады деп айту қиын. Пайда табу мақсатында Қазақстан Республикасының қаржылық және қаржылыШетелдегі экономиканы реттеудің қаржы-инвестициялық механизмі (Оңтүстік корея республикасы мысалында) [12 бет] Жоспар
1 Шетелдегі экономиканы реттеудің қаржы-инвестициялық механизмі (Оңтүстік Корея республикасы мысалында) ........................2
2 Шетелдік инвестициялар, оларды Қазақстанда пайдалану ....................7
Қорытынды .....................................................................................................13
Қолданылған әдебиеттер ................................................................................14 қ емес активтеріне салынған барлық шетел капиталдары екі үлкен топқа: тікелей инвестиция және сырттан қарыз бөлу болып бөлінеді. Қазіргі кезде халқаралық қаржы институттары мен шет мемлекеттер Қазақстанға тікелей инвестициядан гөрі кредит беруге құштар болып отырғаны анық байқалуда. Мұның сыры өзінен-өзі түсінікті. Несие үкімет кепілдігімен жақсы қорғалған. Ал инвестициялық салымның қайтарымы ұзақ мерзімді қажет етеді әрі мұнда тәекелдің үлесі жоғары. Экономикалық қаіпсіздік жағынан алып қарағанда займның да белгілі бір дәрежеде тиімсіз жақтары бар. Займдар елдің сыртқы қарызын көбейтеді, оның өтемі елдің валюталық түсімінің қомақты бөлігін қажет етеді. Ал тікелей инвестицияның тиімсіз жағы, инвесторлар қаржысын өзі қалаған жағына салады да қазақстандықтардың мүддесі, қажет еткен сала ескерусіз қалады. Үкімет кепілдігімен сырттан тартылған займдар мен несиелердің экономиканың өндірістік және кәсіпкерлік секторын инвестициямен қамтамаысыз ету мақсатында алынғандығы белгілі. Алдын-ала болжағанындай бұл шара (сырттан қарыз алу көлемін арттыру) экономиканын тұрақтылығын сақтап қана қоймай, оны дамытуға тиіс еді. Әйтсе де бүгінгі таңда Қазақстанда сырттан несие алудың жай-күйін салыстырмалы түрде қалыпты деңгейде деуге болады, біртіндеп борыштарды өтеу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан ахуалды қалыпты деп айта аламыз. Алайда, сырттан несие алу мен сыртқы қарыздың өсуінің жоғары қарқыны ... |