Инвестициялау обьектісі ретінде бағалы қағаздардың артықшылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 18:46, реферат

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығы елдiң экономикасын дамытудың басым бағыттарының бiрі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында есепке алудың ең маңызды объектiсі - қаржы инвестициялары болып табылады, яғни инвестордың бағалы қаздарды сатып алуға кеткен шығыны, кәсіпорындағы үлестік қатысуы, қарыз міндеттемелері арқылы кәсіпорындарға заемдер беру. Бағалы қағаздар иесі қаржы инвестицияларды жүзеге асыру кезнде тек бір ғана мақсатты көздейді – табыс алу, капиталды көбейту ең болмаса оның бұрыңғы деңгейінде сақтау, ал бұл инфляция жағдайында өзекті мәселе болып саналады.

Работа содержит 1 файл

Айко БКН.doc

— 95.00 Кб (Скачать)

Инвестициялау обьектісі ретінде  бағалы қағаздардың артықшылығы

 

Бағалы қағаздар нарығы елдiң экономикасын дамытудың басым бағыттарының бiрі болып табылады. Нарықтық экономика  жағдайында есепке алудың ең маңызды  объектiсі - қаржы инвестициялары болып  табылады, яғни инвестордың бағалы қаздарды сатып алуға кеткен шығыны, кәсіпорындағы үлестік қатысуы, қарыз міндеттемелері арқылы кәсіпорындарға заемдер беру. Бағалы қағаздар иесі қаржы инвестицияларды жүзеге асыру кезнде тек бір ғана мақсатты көздейді – табыс алу, капиталды көбейту ең болмаса оның бұрыңғы деңгейінде сақтау, ал бұл инфляция жағдайында өзекті мәселе болып саналады.  
            Бағалы қағаздар нарығы кез келген елдiң қаржы нарығының құрама бөлiгi болып табылады. Халық шаруашылығының саласы, жаңа технологияны енгiзу, жұмыс iстейтiн өндiрiстiң жаңа құрылыс немесе жаңғыртуы, қандай болмасын игеру нақты капиталды бiр моменттi салуды талап ететiндiгiнен, бағалы қағаздар нарығы бүкіл әлемде, барлық елдiң экономикасын дамытуының маңызды факторы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының құралы ретінде бағалы қағаздар болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы қаржы жүйесiнiң құрама бөлiгi бола тұра, капиталды және борыш құралдарын қайта бөлу арқылы өте қолайлы жұмыс салаларын құруын қамтамасыз етедi, бәсекелестікті дамытады және инвестициялардың тиiмдiлiгiнiң жоғарлауына мүмкiндiк туғызады.

Қазақстан Республакасының  нарықтық экономикаға өткеннен кейін  бағалы қағаздар нырығын дамыту шараларын  жүргізу үшін көптеген реформалық саясаттар  жүргізілді. Барлық бағалы қағаздардың түрлері ішінде ең жақсы өтімділік қабілетіне мемлекеттік құнды қағаздар және акция мен облигация нарықтары ие. Ал туынды бағалы қағаздарға сұраныс әлде қайда төмен. Менің ойымша ҚР-да бағалы қағаздар нарығының дамуына үлкен кедергі болып, инвесторларды қорғау туралы тиімді жүйесінің жоқтығымен бірге халықтың экономикалық белгісіздігі болып табылады. 
            Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша екі бағдарлама іске асырылғанына байланысты, бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілерінің сапасын объективті түрде бағалап, болашақта қызмет етуінің перспективасын анықтау қажет.  
Еліміз ақша-несиелік реттеу және қаржы саясаты аумағында атқарылып жатқан жұмыстар арқасында ақша-несиелік саясатты құрастыру мерзімі бойынша көптеген ТМД елдерінен озып кеткенін айта кетуі жөн деп ойлаймын. Жеке тоқталсақ, Қазақстан ТМД елдері арасында: Зейнетақы реформасы, банктік салымдардың кепілдік жүйесі, Ұлттық банк арқылы Әлем банкіне қарызды ұзақ мерзімде қайтару, Ұлттық қорды қалыптастыру және т.б. шараларды бірінші болып енгізді. Мемлекет және шаруашылық субъекттер қаржыны басқарудың қазіргі әдістерді белсенді түрде пайдаланып, құнды қағаздарды (еврооблигациялар, депозитарлық қолхаттар) шетел нарықтарына шығарады, қайта сақтандыру мен тәуекелдерді хеджерлеу механизмдерін қолданады.

           ҚР  бағалы қағаздар нарығындағы  институционалды инвесторларды  заңнамалық құқықтық қалыптасу  негіздерін екі кезеңге топтастыруға  болады:

  1. Бағалы қағаздар нарығының қалыптасу кезеңі;
  2. Институционалды инвесторлардың қалыптасу кезеңі.

           Бірінші  кезеңнің заңдары Қазақстанның  бағалы қағаздар нарығының қалыптасуына  негіз болды. Қазіргі уақыттағы  күші бар заңдардың жетілдірілуіне  себеп болды. Екінші кезеңнің  заңдары институционалды инвесторлардың  дамуына келесідей заңдардың қабылдануына негіз болды: «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «ҚР-сында зейнетақымен қамсыздандыру  туралы», Сақтандыру қызметі туралы», «Инвестициялық қорлар туралы» ҚР Заңдары. Қазіргі кезде заңнамалық актілердің, соның ішінде «бағалы қағаздар нарығы туралы» заңының және басқа құжаттардың қабылдануы бағалы қағаздар нарығы мен оның инфрақұрылымының дамуы белгілі бір бағытта сипат алып келе жатқанына болжам жасауға негіз болады. Сол себепті Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын игерудің жинақталған тәжірибесінің, оның нақты жағдайының, сапалық және сандық сипатының жүйелік талдауын жасау қажеттілігі артып отыр.

 

    Бағалы қағаз нарығы  қаржы нарығының негізгі құрамдас  бөлігіне жатқызылады. Қазіргі  уақытта, бұл нарыққа ғалымдардың, экономисттердің аса көңіл аударуы сипат алады. Себебі, бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының біріне жатады. Алайда осы нарықтың орнатылуына  он-он бес жыл болғанымен, бағалы қағаз нарығының дамуы онша байқалмайды.

    Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік  артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын  атауға болады.

    Бағалы қағаздар нарығының  дамуы тек мемлекет үкіметіне ғана емес, сондай – ақ нарықта әр түрлі қызметпен айналысатын өндірістік, өндірістік емес кәсіпорындарға, қаржылық ұйымдарға және халыққа да қажет.

    Қазіргі таңда үкімет  тарапынан халық арасында қаржылық  сауаттылықты жоғарылату мәселесін  көтеріп отыр.

    Бағалы қағаздар бойынша  сұрақтардың халық арасында таралуы  нәтижесінде мемлекет бірқатар  сұрақтарды шешуді қарастырады.Олар:

  1. халық жинақтарын бағалы қағаз арқылы шоғырландыру;
  2. Алматы қаласын қаржылық орталық ретінде дамыту;
  3. қаржылық ресурстардың өндіріс немесе өндірістік емес аяларға бөлінуін қамтамасыз ету.

    Әлемдік тәжірибеден  көріп отырғанымыздай, дамыған, дамушы  мемлекеттерде қор нарығының  құралдары,, тетіктері дамыған. Қор  нарығы дамыған елдерде ресурстарды  шоғырландыру мен бөлу үрдісі жылдамдылықпен сипат алады. Олардың қаржылық құралдарға инвестициялау аясы кең. Ал республикамызда бағалы қағаздарды сатып алуды қойып, олардың беделдік дәрежесінің төмендігін көрсетеді. Бұған негізгі себеп ретінде – бұл бағалы қағаздардың басқа қаржылық құралдарға қарағанда бәсекелестік артықшылықтың болмауын тұжырымдауға болады.

    Қазақстанда бағалы қағаздарға  бәсекелес құралдар:

  • алтын;
  • коммерциялық банк депозиттері;
  • шетел валютасы.

    Бүгінгі таңда алтын  тауар нарығымен қатар, қаржы  нарығы буындарының негізгілеріне айналды. Алтын нарығы тек өндірістік, бұйым аяларында ғана емес, сонымен қоса инвестициялау объектісі ретінде танылуы сипат алады. Бұған мемлекеттің ұстанған саясаты әсер етті.

 

 

 

 

 


Бағалы қағаздар нарығындағы  институционалды инвесторлардың қалыптасуындағы құқықтық негіздер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Инвестициялау обьектісі ретінде бағалы қағаздардың артықшылығы