Халықаралық валюталық қор

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 17:54, курсовая работа

Описание работы

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері – вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезендері Лиондағы вексель жәрменкелері мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізіледі. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.

Содержание

Кіріспе ....................................................................................................... 3
1 Халықаралық валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы............................................................................................................
5
2 Валюталық нарықтар ................................................................................. 13
3 Халықаралық валюталық бағам және валюталық «қоржын»................. 20
Қорытынды ................................................................................................. 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................. 31

Работа содержит 1 файл

Халыкаралык валюта коры.30.doc

— 149.00 Кб (Скачать)

ЖОСПАР  

  Кіріспе ....................................................................................................... 3
1 Халықаралық валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы............................................................................................................  
5
2 Валюталық нарықтар ................................................................................. 13
3 Халықаралық валюталық бағам және валюталық «қоржын»................. 20
  Қорытынды ................................................................................................. 29
  Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................. 31
 
 
 

 

Кіріспе  

      Халықаралық валюталық қатынастар – бұл ұллттық  шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы

      Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері  – вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезендері Лиондағы  вексель жәрменкелері  мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды,  онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізіледі. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.

      Халықаралық валюталық қатынастар материалдық  өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас  және тұтыну салаларына қатысты халықаралық  экономикалық қатынастарға делдал болады.

      Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына  тәуелді.

      Халықаралық шаруащылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда-бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде  тарихи түрде қалыптасқан валюталық –экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық–заңдық тұрғысынан қарағанда- белгілі бір қоғамдық-экономикалық формаиция шегінде валюталық  қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік құқық формасы.

      Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері  қалыптасқан: ұлттық, дүниежүзілік, айақтық.

      Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне  қажетті валюталық ресурстарды  қалытастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалыққатынастар жиынтығы ретінде ұлттық жүйе пайда болды. Ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасқан және халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады.Ұлттық валюталық жүйенің ерешелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.

 

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ

ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ 

      Ұлттық  валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму негізінде қалыптасқан  және мемлекетаралық келісім-шарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы-дүниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты.Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің мұндай байланыстығы  олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттнейтін, мемлекетаралық валюталық реттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

      Дүниежүзілік  валюталық жүйені мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші  елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.

      Ұлттық  және дүниежүзілік валюталық арасындағы байланыс пен айырмашылықтар, олардың  элементтерінен байқалады.

      Егер  ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға –елдің ақша бірлігіне  негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе –бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаоалық есептесу бірліктеріне негізделеді.

      Резервтік валюта- халықаралық төлем және резерв құралы функциясынорындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.

      Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:

      -дүниежүзілік  өндірісте, тауарлар мен капитал  экспорттарында елдердің билік  ету позициясы;

      - жоғары тиімді байланыс жүйесі  бар несиелік-банктік мекемелердің  дамыған торабы;

      -басқа  елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық айналымдағы  валютаның еркін айналымдағы және валюталық шектеудің болмауы.

      Резервтік валюта мәртебесі эмитент-елдің  экономикасына белгілі  бір міндеттемелерді  жүктейді; осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация жүргізбеу. Соны мен қатар, ұлттық валютаны резервтік дережеге  көтеру ұлттық шаруашылық үшін төлем балансның  тапшылығын ұлттық валютамен автоматты түрде пайызсыз  және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымне жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.

      Халықаралық есептік ақша бірлігі  – валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдалылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін шартты  дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР және ЭКЮ қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдерінің  арнайы шоттарына жазбаша жазу жолдарымен: СДР –Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ- Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастық  валюталық Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастыққа валюталық Еуропалық қорында пайдалынылады. Олардың шартты құны валюталық  қоржынға кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын және бағамдарын өлшеу негізіде есептеледі.

      Валюталық «қоржын» 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы-несиелік ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және валюталық компоненттердің мөлшері орташа өлшемді баға мақсатына байланысты белгіленеді.

      Валюталардың  орташа өлшемді құны, топқа кіретін  валюталардың АҚШ  долларына қатысты нарықтық құнының сомасында есептеледі. СДР халықаралық есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық қоржын бес валютадан тұрады ( 1.011991 ж.жагдай бойынша): АҚШ доллары -40%,неміс маркасы-21%, жапон йені -17%, француз франкі-11%, фунт стерлинг-11%.

      Елдің  экономикалық және валюталық  жағдайларына байланысты анықталатын валюталардың конверсиялар дәрежесі  валюталық жүйенің келесі бір элементін сипаттайды.Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша бірліктері ретінде еркін конверсиялатын валюталар болады.1978 жылдан бастап  халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдар енгізетін енгізген болатын:

    • «еркін пайдалынатын валюта», яғни халықаралық есеп айырысуларда және валюталық нарықтардың негізгі операцияларында кеңінен қолданатын;
    • валюталық шектеулері бар, жартылай конверсияланған елдердің валюталары;
    • валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің конверсияланбайтын валюталары.

     Валюталық паритет- бұл валюталық бағамның  негізгі болып табылатын және заңды түрде бекітілген екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді. ХВҚ Жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.

     Ұлттық  валюталық жүйенің шегінде ХВҚ  арқылы мемлекетаралық реттеу обьектісі  болып саналатын валютамен жасалатын  операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.

     Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді  мемлекеттік реттеумен байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық елдердің төлем қабілетін сипаттайтын-халықаралық өтімділік валюталық жүйенің элементі болып табылады.Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы, алтын, Халықаралық валюта қатынастағы резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-дағы шоттар кіреді.

        Халықаралық несиелік құралдарды  пайдалану ережелерінің регламенттеуі  және халықаралық есеп айырысулар  жүйелік халықаралық нормаларға ( Женева вексельдік және чектік конвенция, 1930 ж) сәйкес жүзеге асырылады.

       Валюталық жүйенің институтциональдық  құрылымы ұлтаралық және мемлекеттік  деңгейде реттеледі.

      Аймақтық  валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа валюталық  орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады. Аймақтық валюталық жүйе - валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және интеграциялық процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынас-тарын мемлекеттік-құқтык ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция шегінде валюталардың қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады (Еуропалық валюталық жүйе, 1979 ж. наурыз).

     Ваюталық  жүйенің даму кезеңцері өндірістің, дүние-жүзілік нарықтың, халықаралық  еңбек бөлінісінің, дүние-жүзілік  шаруашылықтың дамуымен байланысты болып келеді.

         БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монометаллизмі  базасында алтын монета стандарты формасында қалыптасты. 1867 ж Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындады. Ұлттық және дүниежүзік валюта және ақша жүйелері біріктірген болатын, себебі ақша дүниежүзік нарықта төлемге массасы бойынша қабылданды. Алтын стандарты өндірісті, сыртқы экономикалық байланыстарды, ақша айналысесеп айырысуларды реттеуші ретінде рольін атқарады.

       Кейіннен классикалық алтын монета  стандарты өзін түсіріп алды, ол шаруашылықтың  щаруашылық  байланыстарына  сәйкес келмеді. 1914 ж валюталық шектеу енгізді. Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында пайда болған валюталық былықтан соң, алтын және жетекші валюталарға негізделген мемлекет аралық алтын девиз стандарты құрылды.

            ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ 1922 ж Генуэз конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз стандартты базасында қызмет етті. Ол кезеңдерде резервтік валюта мәртебесі ресми түрде бір валютаға бекітілмеді, бірақ та фунт стерлинг пен АҚШ доллары жетекшілік танытты.

         ҮШІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ 1994 ж Бреттон-Вудстағы ( АҚШ )  валюта-қаржы конференциясында рәсімделді. Қатысушылары 44 ел болды, ХВҚ  Жарғысы бекітіліп, онда дүниежүзілік валюталық жүйенің мынадай қағидалары анықталды:

    • алтынға  және екі резервтік валютаға ( АҚШ доллары және фунт стерлингке) негізделген мемлекетаралық алтын девиздік стандарттың жүйесі белгіленеді. Бұл жерде алтын девиз стандартты халықаралық қатынаста сақталып, ал ақша жүйесі айырбасталмайтын несиелік ақшалара негізделді.
 

      Бреттон-Вудс   келісімі   бойынша   алтынды   пайдаланудың төрт негізгі формасы қарастырылды: валюталардың алтындық паритеті және олардың Халықаралық валюталық қорда есепке   алынуы,   халықаралық   есеп   айырысулардың   қалдығын жабатын  ақырғы құрал және  халықаралық валюта өтімділігінің  компоненті.   АҚШ  долларын   алтынға  теңестіру және

оны шетелдік орталық банктерде  31,10352 г  (1934 ж.) тең 1  тройцк унциясы үшін 35  доллар ресми бағада айрбастау жүзеге асырылып, іс жүзінде долларлық стандарт орын алды;

    • валюталық саясат және валюталық шектеулік халықаралық келісім-шарттарға бағынды;
    • валюталық париттер алтынмен немесе АҚШ долларымен бейнеленді, паритетті өзгерту тек қана Халықаралық валюталық қордың рұқсатымен іске асты;
    • валюталық бағамдардың режимі белгіленді  ( +/- 0,75%-паритеттен ауытқуға болады ).

     60-жылдардың  аяғынан бастап, үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе құлдырады. Төртінші дүниежүзілік валюталық жүйенің қағидалары Кингстонда (Ямайка) 1976-1978 жж. ХВҚ-ға мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда Халықаралық валюталық қор Жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидасы мыналар:

Информация о работе Халықаралық валюталық қор