Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 09:35, реферат

Описание работы

Халықаралық ынтымақтастық «Самұрық-Қазына» АҚ қайраткерлігінің маңызды құрамы болып табылады, Қор алдында қойылғана негізгі мақсаттарға – ұлттық әл-ауқат өсуі және Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасын жаңғырту және әртараптандыруға жәрдемдесудіқамтамасыз ету жету үшін қажетті.

Работа содержит 1 файл

ҚР білім және ғылым министрлігі.doc

— 91.00 Кб (Скачать)


ҚР білім және ғылым министрлігі

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

 

 

 

 

 

 

 

  

    Реферат

Тақырыбы:     Халықаралық    инвестициялық      ынтымақтастық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:   ______________________

Қабылдаған:______________________

 

 

 

 

Алматы, 2012

          ХАЛЫҚАРАЛЫҚ   Инвестициялық   ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

 

Халықаралық ынтымақтастық «Самұрық-Қазына» АҚ қайраткерлігінің маңызды құрамы болып табылады, Қор алдында қойылғана негізгі мақсаттарға – ұлттық әл-ауқат өсуі және Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасын жаңғырту және әртараптандыруға жәрдемдесудіқамтамасыз ету жету үшін қажетті.

«Самұрық-Қазына» АҚ өзінің халықаралық қайраткерлігін ҚР стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негізгі қағидалары ескерілген ҚР 2010-2014 жыларға арналған жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы және 2020 жылға дейінгі ҚР Стратегиялық жоспары сияқты стратегиялық міндеттерге сәйкес жүзеге асырады.

Қор және оның еншілес кәсіпорындары Ресей Федерациясы, ТМД елдері, Еуропа, АҚШ және Азия елдерінің жетекші компанияларымен тығыз өзара іс-қимыл жасайды.

 «Самұрық-Қазына» АҚ  еншілес кәсіпорындарымен бірге ҚР шетелдермен ынтымастық бойынша екі жақты үкіметаралық комиссия жұмысында белсенді жұмыс атқарады. Шетелдік әріптестермен іскер ынтымақтастықты жылжыту, инвестициялық ынтымақтастық пен трансферт технологияны кеңейту мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ  қамқорлығымен стратегиялық халықаралық бағыттар бойынша екі жақты Іскерлік Кеңестер құрылылады және жұмыс істейді.        

Ресей Федерациясымен ынтымақтастық

Ресей Федерациясы дәстүрлі түрде Қордың ең негізгі әріптестерінің бірі болып табылады. Екі жақ мұнайгаз, тау-кен саласы, электр қуаты, атом өнеркәсібі және экономиканың басқа салаларында өңдеу, қайта өңдеу және тасымалдау саласында өзара тығыз іс-әрекет жасайды.         

Ресей жағымен мұнай транзиты, өткізгіш құбырды дамыту, Каспий қайраңын игеру, газ саласын, Каспий маңындағы газ құбырын салу, қолданыстағы газ көлік жүйесін қайта құру және орталық-азиялық табиғи газды тасымалдау үшін жаңа қуаттарды жасау бойынша ірі жобалар жүргізіледі.

Бірлескен ең ірі жобалардың бірі – Каспий құбыр өткізгіш концорциумы (КҚК), ол бүгінгі таңда қазақстандық мұнайдың шетке шығарылуының негізгі бағыты болып табылады. Қазіргі уақытта тараптар КҚК қуаттарын кеңейту бойынша жобаны жүзеге асырады.

Қазақстан аумағындағы аса ірі мұнайгаз жобаларының бірі Қарашығанақ жобасы жоспарлы түрде даму үстінде.

Екібастұз ГРЭС-2 және 3-ші энергоодақты кеңейту және қайта құру жобасы жүзеге асырылуда, аса ірі қазақстандық көмір қимасы «Богатырь» бірігіп игерілуде.

Ресей Федерациясымен ынтымақтастық сондай-ақ қатынас, почта қызметтері, темір жол көлігі, энергетикалық және әскери-өнеркәсіп салаларында жүзеге асырылуда. «Қазпочта» АҚ РФ Федеральды  мемлекеттік «Почта России» біртұтас кәсіпорнымен тығыз өзара іс-қимыл жасайды.

Еуропа елдерімен ынтымақтастық

Еуропа елдерімен ынтымақтастық «Самұрық-Қазына» АҚ артықшылық бағыттарының бірі болып табылады. Қор экономиканың әр түрлі салаларында ірі еуропалық кәсіпорындармен тығыз жұмыс жасайды. Қордың құрамына кіретін анағұрлым белсенді  компаниялар, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Нидерланды және  Испанияның кәсіпорындарымен өзара іс-әрекет жасайды.

«Қазатомпром» ҰАК АҚэнергетика саласында AREVAфранцуз компаниясымен ынтымақтастықты өрбітуде, онымен бірге жылу бөлетін құрастырмалар өндірісінің жобасы жүзеге асырылуда (ЖБҚ). Сонымен қатар, атом энергиясы Комиссариаты және Францияның қуаттың баламалы көздерімен бірге фотовольттық модульдар жасау жобасы жүзеге асырылады. «Самұрық-Энерго» АҚ Lahmeyer International GmbH и Fichtner GmbH неміс компанияларымен бірігіп Екібастұз ГРЭС-2 3-го энергоодақтың құрылысы және Шардара ГЭС-нің қайта жаңғырту жобасын іске асырады, Siemens компаниясының қатысуымен тораптық ескі подстанцияларды  қайта құру және жаңа тораптық подстанцияларды салу жүргізіледі, қуат көздерінің қайта басталатын саласында ынтымақтастық дамуда.

Қазмұнайгаз саласында,«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еуропалық ірі мұнайгаз  BG (Ұлыбритания), Total (Франция), Eni (Италия), Shell (Нидерланды) және басқалары сияқтыірі еуропалық мұнайгазкорпорацияларымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Тараптар Қазақстан Республикасымен  бірге Каспий өткізгіш құбыр  консорциумы, Солтүстік Каспий жобасы, Қарашығанақ жобасы, Қазастандық тасымалдаудың каспиийлік жүйесі тәрізді ірі жобаларды іске асырады. 

Мұнайхимия саласын дамытуда «Біріккен химиялық компания» ЖШС-і TheLindeGroup және Linexx ірі неміс компанияларымен ынтымақтастықта.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК»  АҚ испан, француз, неміс және темір жол және көлік саласының тағы басқа еуропалық кәсіпорындарымен ынтымақтастықта. Қазақстан темір жол тасымалдаушы міне 10 жылдан астам Patentes Talgo испан компаниясымен ынтымақтастықта іс жасайды. Екі жақ Қазақстан Республикасында «Тұлпар-Талго» ЖШС жолаушылар вагонын шығару бірлескен кәсіпорнын жасады.Alstom Transport француз компаниясымен бірігіп электровоз шығаратын «Электровоз кұрастыру зауыты» ЖШС кәсіпорны жасалды, Астанада жеңіл рельсті трамвай желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Француз компаниясы Systra «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ  «Астана-Алматы темір жол желілерінің жоғары жылдамдықтағы құрылысы» ТЭО жобасының кеңесшісі болып табылады. Неміс SiemensAG компаниясымен бірге  «Temir Zhol Electrification» ЖШС біріккен кәсіпорны  құрылды, бұл ҚР темір жолдарын электрмен жабдықтау жүйелерінде техникалық қызмет көрсету және жаңғырту, қайта құрумен айналысатын болады.

 «Казахстан инжиниринг» ҰК» АҚ француз, испан, түрік және басқа компаниялармен машина жасау саласы және қорғаныс өнеркәсібі салаларында тығыз ынтымақтастықта іс жасайды. Eurocopter (EADS тобы) француз компаниясымен бірге «Қазақстан аумағында вртолет өндірісін жасау» жобасы іске асырылуда. Thales француз компаниясымен бірігіп әскери және азаматтық бағыттағы радиоэлектронды өнімдердің өндірісі жасалды. АО «Казахстан инжиниринг»ҰК» АҚ Indra Sistemas S.A. испан компаниясымен бірігіп ҚР радиоэлектронды күрес жүйесінде қызмет көрсету, сәйкес технологиялар трансфертін жасау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар  Aselsan түрік компаниясымен бірігіп «ҚР аумағында электронды-оптикалық құралдарды шығару бойынша орталық жасау» жобасы жүзеге асырылуда.

Телекоммуникация саласында «Қазақтелеком» АҚ 1994 жылдан бері Deutsche Telekom компаниясымен ынтымақтастықта. 1997 жылы «Қазақтелеком» АҚ германдық өндірушілермен бірігіп Транс-Азия-Еуропа (ТАЕ) талшық-оптикалық байланыс жүйесі (ВОЛС) құрылысы жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта Siemens AG, ТОО «Нокиа Сименс Нетворкс Қазақстан» ЖШС Ұлттық ақпарат супермагисталының 12 мыңнан астам шақырымы SDH и DWDM технологияларын қолданып пайдалануға берілген. Көлік ортасынан басқа Siemens компаниясы жоғары дәрежелі коммутатор жабдықтарын  жеткізуді жүзеге асырады.

Стратегиялық еуропалық әріптестермен ынтымақтастықтың белсенділігін арттыру үшін, Қордың қамқорлығымен қазіргі уақытта Қазақстан-Француз және Қазақстан-Герман Іскерлік Кеңестері іс-қимыл жасайды, Қазақстан-Испан Іскерлік Кеңестерін жасау жоспарлануда.

АҚШ-пен ынтымақтастық

АҚШ – «Самұрық-Қазына» АҚ стратегиялық әріптестерінің бірі. Тараптар мұнайгаз саласында тығыз өзара іс-қимыл жасайды, ҚР осы сала бойынша аса ірі біріккен жобалар жүзеге асырылуда:Каспий құбыр өткізгіш концорциумы, Солтүстік Каспий жобасы, Қарашығанақ жобасы.  ҚР аумағында мұнайгаз саласының аса ірі біріккен кәсіпорны – Теңізшевроил жұмыс істейді. Қордың негізгі әріптестері Chevron, ExxonMobil, ConocoPhillips, Halliburtonи тәрізді корпорациялар болып табылады.

Көлік және қатынас саласында «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ  GeneralElectric компаниясымен бірігіп 200-дан астам тепловоз өлшемін жаңғырту жүзеге асырылды, аймақтың ауа райы ерекшеліктеріне, рельс көрінісі, тасымалданатын жүктердің ерекшеліктеріне жауап беретін  «Локомотив құрастыру зауыты» АҚтепловоз шығару біріккен кәсіпорны құрылды. «Қазақтелеком»  АҚ CiscoSystems компаниясымен бірігіп ҚР ғаламтор мен IP желілерін жаңғыртуды жүргізеді.

Азия елдерімен ынтымақтастық

«Самұрық-Қазына» АҚ азиялық аймақтың серпінді дамып келе жатқан елдерімен ынтымақтастығы халықаралық ынтымақтастықтың ең бір келешегі зор бағыты болып табылады. Қор осы аймақтың елдерінің жаңа технологиялары мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерін пайдалануға ұмтылады, сонымен қатар бұл аймақты халықаралық экономикалық өзара іс-қимылдың әртараптандыру  мүмкіндігі ретінде қарастырады. Қор Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және басқа азиялық елдердің ірі компанияларымен тығыз байланыста әрекет жасайды. 

ҚХР Қазақстан Республикасы мен  «Самұрық-Қазына» АҚ стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады. Тараптар мұнайгаз ресурстарын өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау, атом өнеркәсібі, электрстанция құрылысы, қаржы-инвестиция және басқа салаларда өзара белсенді іс-қимыл жасайды. 

Мұнайгаз саласында Қордың анағұрлым ірі әріптесі болып CNPC (Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясы)  Sinopecи CITICGroup корпорациялары болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» Акционерлік Қоғамы CNHC бірігіп «Қазақстан-Қытай» мұнай және газ құбырларының құрылысы мен тұтыну жобалары жүзеге асырылды, олар ҚР аумағындағы аса маңызды экспорт және транзиттік бағдарғы болып табылады. Қор сонымен қатар, «ПетроҚазақстанИнк.», «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қазгермұнай» ЖШС ірі бірлескен мұнайгаз кәсіпорындары аясында ынтымақтастықта қызмет істейді

«Самұрық-Энерго» АҚ баламалы энергетика саласында Гуандунь ядролық-энергетикалық корпорациясымен (CGNPC) және  Datanкорпорациясымен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының аса ірі инфрақұрылымды нысаны Мойнақ ГЭС-нің  бас мердігері су шаруашылығы мен энергетиканың Қытай халықаралық корпорациясы  болып табылады (China International Water & Electric Corporation).  Атом өнеркәсібі саласында  «Казатомпром» ҰАК» АҚ Қытай ұлттық атом корпорациясы (CNNC) және  Гуандунь ядролық-энергетикалық корпорациясымен (CGNPC) ынтымақтастықты дамытуда.

Қор экономиканың шикізаттық емес секторында Қытаймен ынтымақтастықтың дамуына үлкен маңыз береді. Атырау мұнай өңдеу зауытында полипропилен шығару газхимиялық кешені құрылысы, Ақтау пластикалық салмақ зауытында битум зауытының құрылысы,  «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» (Шымкент НПЗ)  мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құру  сияқты ірі инфрақұрылымдық жобалар бірігіп іске асырылуда.

Екі жақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында, соның ішінде экономиканың шикізат емес секторларында да, Қор қытайлық әріптестермен бірігіп инвестициялық қорлар құрды: CITIC KAZYNA INVESTMENT FUND и KAZAKHSTAN HONG KONG DEVELOPMENT FUND.

Телекоммуникация саласында «Қазақтелеком» АҚ қытайлық Huawei Technologies Co., Ltd. және ZTE Corporation компанияларымен ынтымақтасады. «Қазақтелеком» Акционерлік Қоғамында Huawei и ZTE жабдықтары кеңінен қолданылады, атап айтқанда АҚ CDMA технологиясы бойынша сымсыз қолжетімдік желісінде, сондай-ақ селолық байланыс желісінде   қолданылды.  «Қазақтелеком» АҚ «RTC» ЖШС  (Израиль) және  «ALFA NETWORK» ЖШС (Корея) компанияларымен ынтымақтастық орнату жоспарлануда, олар біріккен экономикалық аймақта «Алатау» ақпараттық технология паркі» импортты ауыстыратын жоғары технологиялықтелекоммуникациялық жабдықтарды шығару өнеркәсібін ашуға даяр екендіктерін білдірді.

2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Қазпочта» АҚ және Қытай почтасының арасында екі елдің аумағы арқылы транзитпен өтетін екіжақты халықаралық почта айырбастау жаңғырды, аптасына 6 мәрте жиілікпен автокөлікпен Хоргос кеден орнында айырбастайды.  

Қор кең инвестициялық мүмкіндіктері  және жоғары технологиялары бар әріптес ретінде Жапонияның қаржы институттары мен компанияларымен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасайды.

«Қазақстан Даму Банкі» АҚ аса ірі жапон қаржы институттарымен, атап айтқанда  Japan Bank for International Cooperation,  Mizuho Corporate Bank, Bank of Tokyo Mitsubishi UFJ, Sumitomo Mitsui Banking Corporation және басқаларымен тығыз ынтымақтастықта іс-қимыл жасайды. Тараптар ҚР әртүрлі аумағындағы энергетика, металлургия, жеңіл өнеркәсіпте жобаларды бірлесіп қаржыландырады.

Мұнайгаз саласында жапон компаниясы Inpex Солтүстік Каспий жобасында қатысады. Энергетика, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі және металлургияда Қордың профильды еншілес кәсіпорындары жапонның аса ірі Marubeni, Toshiba, SumitomoCorporation, мұнай, газ және металл бойынша Жапон ұлттық корпорациясы (JOGMEC) және басқа  кәсіпорындарымен  ынтымақтастық іс-қимыл  жасайды. Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігімен бірлесіп  (JICA) энергетика, көлік және қатынас салаларында жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылады.

«Қазатомпром» ҰАК» АҚ Toshiba және Sumitomo жапон корпорацияларымен бірлесе сирек және жерде сирек кездесетін металдарды өңдейтін әрі Қазақстан аумағында дайын өнімдерді шығаратын жобаларды іске асырады.

«Самұрық-Қазына» АҚ Оңтүстік Кореяның ірі компанияларымен тығыз байланыста. Корей компаниялары мен қаржы институттары энергетика, мұнайгаз, атом және химиялық өнеркәсіп, жоғары технология салаларындағы жобаларға ат салысады.

«Самұрық-Энерго» АҚ оңтүстік кореялық консорциуммен бірлесе отырып, оған KEPCO (KoreaElectricPowerCorporation) электроэнергетикалық корпорациясы мен  Samsung корпорациясы кіреді, Балхаш ТЭС құрылысының жобасын жүзеге асырады. Бұл жобаны іске қосу Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің электр қуатына деген тапшылығын жабу деген сөз.

Қордың еншілес компаниясы «Бірлескен химия компаниясы» ЖШС, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС LGChem корпорациясымен, KEXIM мен K-SURE корей экспорт–несие агенттігімен бірлесе отырып, «Атырау облысындағы біріккен газхимиялық кешені құрылысы» жобасының екінші кезеңін қаржыландырып, жүзеге асырады.

Мұнайгаз саласында «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ KNOC (KoreanNationalOilCorporation) және KC Kazakh B.V.корей консорциумымен ынтымақтасқан, екі жақ  ҚР «Жамбыл» кенін бірлесе барлайды.  Танкер мен кеме жөндеу және кеме жасайтын орындар құрылысы салаларында HyundaiCorporation компаниясымен ынтымақтастық қарастырылуда.

Информация о работе Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық