Еңбек нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 19:24, реферат

Описание работы

Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы.

Работа содержит 1 файл

Еңбек нарығы.doc

— 169.00 Кб (Скачать)

Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің' шағын және кең мағынасы болады. Өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағыты нан өндірістік процестің тиімділігін сипаттайтын, бір көрсеткіш түсініледі. Негізгі мақсат осы өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған енімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады. Бұндай көрсеткіште өндіріс шарттары (тапсырманың уақытында орындалуы, жұмысшылардың жарақаттарының саны және басқалар) көрсетілмейді. 
Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар. 
Біріншіге өнімділіктің статикалық коэффициенттері жатады. Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалған
шығындардын өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі. 
Екіншіге өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициенті. 
Егер әңгіме ресурстардың бір түрі туралы болса (
еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) — бұл өнімділіктің жеке көрсеткіші (немесе ішінара өнімділіктің көрсеткіші). Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткішінің формуласы:

ЕӨ = Өнім көлемі / Жанды  еңбек шығындары

Бұның көп тараған  формалары:

  • еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағатта шығарылған өнім;
  • еңбек еткен бір адамның шығарғаны.

Өнімділіктің жеке көрсеткіштері өндіріс процесінің тиімділігіне жалпы сипаттама береді, бірақ көбінесе әр түрлі бағытталған болмаса да, сонда да динамикасы ұқсамайтын. Мысалы, капитал қайтарымы темендейді, ал материал қайтарымы өседі:

Капитал қайтарымы = - Өнім көлемі / Негізгі капитал  шығындар 

Материал  қайтарымы = - Өнім көлемі / Агымаагы материалдық  шығындар

Көпфакторлы еңбек өнімділігі көрсеткішінің бөлімінде мыналар болады:

  • ағымдағы шығындар (жұмысшы күшіне, шикізат, материалдар сатып алуға т.б.);
  • аралас бағалау (осы және басқалар).

Еңбек өнімділігінң көпфакторлық және жалпы көрсеткіштерін есептеудің бастапқы формуласының түрі:

МФ = Q / f(x) 

немесе:

МФ = ΔМФ / МФ¤

Бұнда x — МФ көрсеткішін есептегенде есепке алынатын факторлар
Өнімділікті жоғарылату басқару процесіне және
өнімді, немесе, еңбекті өзгерту (қайта жасау) процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың (шарттардың) жеке біреуі (қандайы болмасын) орын алса, онда өнімділік өседі:

  • 1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды.
  • 2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді.
  • 3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады.
  • 4. Өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді.
  • 5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.

Өнімділіктің көрсеткіштері жүйесінде фирманың іс-әрекеттерінің барлық жағдайлары қамтылады. Сондықтан, әсіресе бүгінгі жағдайда, тек өндіріс факторларын есепке алумен қанағатганбай, адам факторын да есепке алу қажет.

Өндірістің техникалық дәрежесін көтеру Кешендік механизация және автоматизация. Прогресивтік технология енгізу. Өнімнің конструкциясын, техникалық сипаттамаларын т.б. жетілдіру. Еңбек заттарының пайдаланылуын жақсарту немесе оларды басқалармен алмастыру.
Басқаруда еңбекпен өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру Басқару құрылымын. Басқарудағы еңбекті механизациялау және рационалдау EFҰ (HOT) енгізу. Еңбекті мөлшерлеу
Өндіріс құрылымындағы өзгерістерге сәйкес еңбек шығындарының өзгерістері Еңбек сыйымдылығының дәрежесі әр түрлі болатын жеке өнімдер  түрлерінің үлес салмағын өсіру немесе төмендету
Адам факторы Білім дәрежесінің өсуі, өндірістік квалификацияның өсуі, адамдардың еңбекке қатынасы

Басқа салаларда шығындардың айырмашылығын дүниеге әкелетін жағдайлар — жаңа бұйымдарды, технологияларды енгізу, ұйымдық формаларды құруға, өндіруге, дамытуға және сапалық жетілдіруге бағытталған жағдайлар енгізу, еңбек ресурстарының сапасы мен квалификациясы және т.б. жағдайлар. Өндіріс шығындарының құрылымында ресурстардың қандай түрі басым болуына байланысты салалар мына түрлерге бөлінеді: еңбек сіңіргіш, материал сіңіргіш, қуат сіңіргіш. 
Әдетте, материалдық шығындардың үлес салмағының өсуі өндірістің мамандануымен, онда кебінесе кешендік бұйымдарды пайдаланумен байланысты болады. Бүгінгі заманда, салалар масштабында,
шығындардың динамикасын екі қарама-қарсы тенденциялардың сайысы белгілейді. 
Біріншісі,
өндіріс шығындарын өсіреді. Осы жағдайға әкелетін факторлар:

  • тұтынудың, сондықтан өндірістің жекеленуін (индивидуалдық болуын) көздеу;
  • шығарылымдардың (шығарылатын өнімнің) ассортиментінің жиі-жиі өзгертіліп тұруын, алмасуының қажеттігі;
  • НИОКР шығындарының өсуі, қызметкерлердің білім дәрежесін жоғарылату, жарнама т.б.

Екіншісі, тенденция жаңа технологиялардың алдымен ресурстарды үнемдеуді көздейтінімен байланысты. Қазіргі заманда, ілгері дамыған елдерде, көп өнімдер бойынша өндіріс дәрежесінің дамығаны сонша, тіпті оны одан әрі өсіру тиімді емес болып отыр. Бұл жағдайларда өндірісті сапа жағынан жетілдіру мақсатталады. Жаңа өнімдердің сапасының жоғарылауы, көбінесе, олардың бағасының осүіне емес, кемуіне, проценттеп емес, еселеп, әкеліп соғады. Ассортименттің күрделі алмасып жаңаруы әр 5-10 жылда, жаңа технологияға көшу — әр 3 жылда жүріп отырады. 
Жеке региондардың (және елдердің) орналасуының табиғи географиялық жөне
демографиялық айырмашылықтары өндіріс шығындарының регионалдық (елдераралық) дифференциациясын тудырады. Бұдан көп бұрын А.Смит былай деп жазған: «Егер кейбір бөтен ел бізді кейбір тауармен, біздегі бағадан арзан бағамен қамтамасыз ете алса, онда олардан сол тауарларды біздің өндірістің артық өндірген өнеркэсіп өнімдеріне сатып алған жөн». Бұл көзқарас абсолюттік артықшылык теориясы деп аталды. Д.Рикардо өзара пайдалы сауда мен еңбектің халықаралық мамандалуының жалпы принциптерін тұжырымдаған. [3]

Қазақстан «Еңбек өнімділігі-2020» атты тағы бір бағдарлама қабылдады. Бірақ оның болашағы қалай болары белгісіз.

 
Қазақстандағы еңбек өнімділігі адам басына шаққанда орташа есеппен 30–40 мың  долларды құрайды. Ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 200 мың долларға тең келеді.  
 
Машина жасау өнеркәсібінде еңбек өнімділігі адам басына шаққанда 10–17 мың долларды құрайды, АҚШ-та ол адам басына есептегенде 90 мың доллар болады. Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың көпшілігіне тиесілі негізгі қорлардың тозу дәрежесі – 60 пайыздан жоғары. Металлургия саласындағы тозу деңгейі – 58,4 пайыз, машина жасауда – 56,7, химия және фармацевтикада – 45,3, құрылыста 39 пайызды құрайды. 
 
ҰШАТЫН  ЖӘНЕ ЖҮЗЕТІН ҚҰРАЛДАР ДА ҚАМТЫЛҒАН 
 
Қазақстан биыл «Еңбек өнімділігі-2020» бағдарламасын қабылдады. Оны іске асыруға 34,9 миллиард теңге жұмсау қарастырылған. Құжаттың негізінде екі мақсат жатыр. 
 
Біріншісі – қолданыстағы басқару және өндіріс технологияларын жетілдіру, бұл жоғары білікті (соның ішінде шетелдік) мамандарды тарту және заманауи технологияларды енгізу негізінде іске асады. 
 
Екіншісі – технологияларды иемдену негізінде жұмыс жасап жатқан өндірістерді жаңарту (техникамен қайта жабдықтау) және олардың жаңа бәсекеге қабілеттілерін құру, ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру және білікті жобалаушы және инжинирингілік ұйымдарды тарту. 
 
«Еңбек өнімділігі-2020» бағдарламасына барлық салалардың өңдеуші кәсіпорындары қатысады. Оның үстіне шығаруға жоспарланған өнімдердің көлемді тізімі бар. Оған азық-түлік пен көпшілік қолданатын тауарлардан бастап ғарыштық ұшу аппараттары мен олардың бөлшектері, кеме, қайық пен жүзетін құрылымдарға дейін қамтылыпты. 
 
БӘСЕКЕСІЗ НӘТИЖЕ ЖОҚ 
 
Қазақстандағы еңбек өнімділігінің төмен болу себебін түсіну үшін статистика жөніндегі агенттіктің деректеріне жүгінген жөн. 2011 жылдың қаңтар – шілде айлары бойынша тауар экспорты 49 963,8 миллион долларды құрады, ал импорт 21 525,8 миллион доллар болды. 
 

              Экспорт              Импорт
Тауар топтары миллион доллармен пайызбен миллион  доллармен пайызбен
Өсімдік текті және мал өнімдері, дайын  азық-түлік тауарлары 815,2 1,6 2 310,9 10,7
Минералды өнімдер 39 404,7 78,9 3 254,4 15,1
Химиялық  өнімдер және онымен байланысты өнеркәсіп  салаларының өнімдері 1 859,5 3,7 2 855,0 13,3
Металдар  және олардан жасалған бұйымдар 5 920,1 11,8 3 105,8 14,4
Машиналар, жабдықтар, көліктер, аспаптар және аппараттар 555,9 1,1 8 002,7 37,2
Басқа да тауарлар 1 408,4 2,9 1 997,0 9,3
Барлығы 49 963,8 100 21 525,8 100
 

  
Минералды ресурстар мен металдарды есептемесек, деректерге қарағанда, Қазақстан  экспорттаудан гөрі ел шетел өнімдерін  көбірек тұтынады. Өңдеуші өнеркәсіп  көп дәрежеде бәсеке жоқ ішкі нарықпен шектеледі, ал бұл еңбек өнімділігін арттыруға деген мүддені жоққа шығарады. 
 
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОСАЛ ТҰСЫ 
 
Биыл шілде айында Қазақстандағы өнеркәсіп дамуы институтының президенті Мейрам Қажыкен Bnews.kz сайтында «Еңбек өнімділігі-2020» бағдарламасын қаржыландыруға қатысты түсінік берді. «Бұл -инвесторлардың ақшасы емес, бюджеттің ақшасы. Сонымен бірге 15 миллиард теңге – «ҚДБ-Лизингтің» ақшасы» дейді Мейрам Қажыкен. 
 
«ҚДБ-Лизингтің» «Қазақстан Даму Банкі» компаниясының еншілес ұйымы ретінде «Самұрық-Қазына» қоры жүйесіне енетінін ескерсек, бұл да мемлекеттің қаражаты. Бірақ бұл қаражат та жеткіліксіз болып шықты. 
 
-...Көбірек, анағұрлым көп ақша керек. Жеті-сегіз есе, тіпті он есе көп керек болар, – дейді Мейрам Қажыкен. - Ақша бар, бірақ бюджет оны бөліп бере алмайды, оның үстіне модернизацияны қолдау бюджеттің қызметтік міндеті емес. Бұл - нарық институттарының міндеті, нарықтық инфрақұрылым құру керек деген сөз. 
 
Өкінішке қарай, ол «нарықтық инфрақұрылым» дегенді қалай түсінетінін анықтап жатпады. Ол экономиканың зор үлесін құрайтын жеке меншік құрылымдарды меңзеген көрінеді, алайда бұл құрылым бағдарламаның жүзеге асуына мүдделі болмай отыр. 
 
Сөзден іске көшу үшін мемлекеттің тап осы кезеңде бағдарлама қарқынын шапшаңдата алатын нарықтық (ең алдымен, салықтық) механизмдерді енгізуі қажет . 
 
ҚЫТАЙ ТӘЖІРИБЕСІ 
 
«Еңбек өнімділігі-2020» бағдарламасы модернизацияны лизинг көмегімен іске асыруды көздейді. Осы ретте бірден бірқатар сұрақ туындайды. Кім кейін құнын төлеп сатып алу құқын сақтай отырып, мүлікті жалға  береді? Кім бәсекелестерін өсіп-өнсін дейді? Потенциалды бәсекелесіне су жаңа технологиялар мен жабдықтарды кім бере салады? 
 
Қытай басқа жолды таңдады. Қытай бизнесі билікпен бірігіп, қиын-қыстау кезеңді бастан кешіп жатқан Еуропада агрессиялық саясат жүргізіп отыр. Соңғы үш жылдың ішінде Қытай Еуропа Одағының экономикасына 40 миллиард доллардан аса инвестиция салды. Қытай Еуропаның жүзден аса кәсіпорнын тікелей және жанама түрде бақылап отыр. Бейжің сатып алған мүліктердің ішіндегі мәлім болғандарының қатарына «Вольво»; «Медион» неміс компаниясының 37 пайыздық акциясы; Manassen фирмасындағы үлестің 75 пайызы; «Юнайтед Бисквитс» ағылшын компаниясы кіреді. 
 
Қытай болашақта пайдаға жарайтынның бәрін сатып алды. Нәтижесінде не көріп отырмыз? Технологиялар мен жобалар шетелдік кәсіпорындардан біртіндеп Қытайға ағылып жатыр. Қытай олардан қазірдің өзінде тиісті пайда таба бастады. 
 
Қытай билігі өз кәсіпкерлерін ынталандырып жатыр, ал олар шетел кәсіпорындарын иемденуге ынталы әрі олардың акцияларын сатып алады. 
 
Ал Қазақстандағы ахуал қандай? Мұндағы билік те, ең бай қазақстандықтар да (мәселен, «Форбс» журналының тізіміне енген адамдар) көршілерінің тәжірибесінен үлгі алуға ұмтылар емес. Олар шикізат пен мол ақшаны сыртқа шығаруды артық көреді.

Информация о работе Еңбек нарығы