Депозит операций

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 14:02, реферат

Описание работы

Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивтi операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады. Коммерциялық банктің пассивтi операциялары келесi нысанда жүзеге асырылуы мүмкiн:
— банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебiнен аударулар;
— басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
— депозиттік операциялар.

Работа содержит 1 файл

Депозиттік операциялар реферат [www.topreferat.com].doc

— 111.50 Кб (Скачать)

     Жапония, Испания, Канада, Ұлыбритания  және АҚШ-та депозиттерді сақтандыру бағдарламалары мемлекет бақылауында. Сонымен қатар Испания, Голландия және Ұлыбританияда қалыпты жарна төлеу қарастырылмаған, ақша шығындарды жабу қажеттiлiгіне және қор көлемiнің жоспарлы деңгейiне жеткенге дейiн енгізу қарастырылған. Канада, Жапония және АҚШ-та банктер қалыпты жылдық жарнаны төлейдi.

      Канада банктерiнің депозиттердi  сақтандыру бойынша Канада қорпорациясына  төлейтiн сақтандыру жарнасы банкте  орналастырылған депозиттердің  0,1 пайызын құрайды. Бұл кезде  салымшыға 60 мың Канада долларына дейiнгі көлемде сақтандыру есебiнен клиенттердің барлық салымдары өтеледi.

      Жапонияда банктің депозиттер  бойынша сақтандыру сомасы бiр  салымшыға 10 миллион жапон йенiне  дейiнгі көлемде өтеледi. Сақтандыру  қорының бастапқы жарнасы Қаржы министрлiгінен, Жапон банкiнен және жеке меншiк банктерден енгізiлген. Банктердiң қорға жарнасы басында өте төмен болған депозит сомасының — 0,012 пайыз мөлшерінде, алайда соңғы   кездері жапон банктiк секторы проблемаларының қорытындысында олар ұдайы көтерiлген.

      Депозиттердi сақтандырудың федералдық  бағдарламасы бойынша АҚШ-та банк  шығындары жоғары.  Басында жылдық  жарна салымдардың жалпы сомасынан  0,083 пайыз құраған, 1990 жылы ол 0,12 пайызға  дейiн ал 1991 жылы — 0,15 пайызға  дейiн өстi. Заң бойынша жарналардың жоғары шегі банктiк салымдардың жалпы сомасынан 0,325 пайыз құрауы тиiс.

       Салымның жоғары сақтандырылатын  жарнасына шек кою себептерiн  түсіндірсек. Бiрiншiден, депозиттердi  сақтандыру бағдарламасы мемлекеттiк  больп табылатын елдерде сақтандыру жағдайлары бойынша бюджеттің әр түрлi мүмкін болатын қосымша шығындарын төмендету мақсатында, банктердiң кепiлденген мідеттемелерiне шектеу қойылады. Мысалы, АКШ-та депозиттердi сақтандыру жүйесінде депозиттер әр жеке шотта 100 мың АҚIШ долларына дейiн сақтандырылады, алайда бiр салымшы көрсетiлген сақтау сомасы көлеміндегі бiрнеше шоттың иесi болуы мүмкін. Екiншiден, депозиттердi сақтандыру бағдарламасы мемлекеттiк емес елдерде сақтандыру төлемдерiнің үлкен болуынан банктер өздері күйзелiске түскен банктердің барлық қарыздарын өтеуге қабiлетті болмауы мүмкін. Банктің жүйеде ақша қаржыларын жинақауға ынталандырудың келесi механизмi банктiк құпияны қатаң сақтау. Дамыған елдерде банктiк құпия —құқықтың жеке объектiсi, жасырын ақпараттың жеке түрі. Бiздің республикамызда банктiк құпияны сақтау үшін заң негіздерi бойынша шаралар қарастырылған.

       Соңғы кездері ел зкономикасына  тұрғындардың бос ақша қаржыларын  тартудың депозиттері сақтандырудан  басқа тәсілдерiнің бiрi ретiнде  капиталдар амнистициясы ұсынылады.

       Қазақстан Республикасының депозиттік  операцияларының одан әрi дамуына  әсер етушi келесi факторларды  атап өткен жөн. Бұл факторларды  шартты түрде екi топқа бөлуге  болады. Бiрiншi топты Қазақстан Республикасының  Ұлттық банк жүргізiп отырған ақша несиелiк саясатынан шығатын факторлар құрайды. Оған резервтеу мөлшерін (депозиттер бойынша), қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн және басқаларды жатқызуға болады.

       Резервтеу мөлшерi факторының ерекшелiгі  депозиттерді тарту құнын банк операциялары сияқты ұлғайтады. Бүгінгі күнгі салым және депозиттермен жұмыс iстеуде Ұлттық банк айтарлықтай нормативтiк талаптар қоюда. Резервтiк қорға депозиттер бойынша аударым мөлшерінен өсуi несиелер бойынша да мөлшерлеменің өсуiне, сондай-ақ депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің азаюына әкеледi. Несиелер және депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме айырмасының көлемiне банктің тиiстi шығындары мен қажеттi табыстылығы кiрмейдi. Сондықтан қолданылып жүрген нормативтер банк белсендiлігін сақтайды, оның қызметiн депозиттер нарығында әлеуеттi инвесторлар үшін тартымды етедi. Қазақстанда резервтеу мөлшерi депозит түріне байланысты емес, сол себептi мерзiмдiк депозиттердi тарту тиiмдiлігін төмендетедi, Республикада резервтеу механизмi жетiдiрiлетiн болады, сол себептi аталған кезеңде қалыптастан банктiк жүйе тәжiрибесiн қолдану өте орынды.

      Коммерциялық банктер жүргізетiн  депозиттік саясатта әсер етушi факторлардың бiрi Ұлттық банк  бекiтетiн қайта қаржыландыру  мөлшерлемесi болып табылады.

     Депозиттік операциялардың дамуына әсер етушi факторлардың екiншi тобына депозиттік саясатты, ұзақ мерзiмдi жинақтау қорларын енгізудi және солармен қатар пайда болатын салымдар индексациясы мәселесiн, банк беделiн және басқаларды жатқызуға болады. Маңызды тежегіш факторлардың бiрi — салымдарды индексациялаудың тиiмді және шынайы механизмнің болмауында. Осы мәселе банктердің iрi жинақ жобаларын жүзеге асыруда өте орынды. Ұзақ мерзiмдi жинақтау тәжірибелерiн енгізу бағдарламасы, инфляция жылдық есеппен 12-15 пайыз деңгейiнде болғанда ғана тиiмдi болып саналады. Қазіргі кезде банктердің депозиттік қаржыны талап ету және қысқа мерзiмдi депозиттер құрағанына қарамастан, болашақта коммерциялық банктер салымшылар қаржыларын неғұрлым ұзақтау мерзiмге қосуға болатын жинақ, сақтық және басқа да жобаларды ұсына алады.

      Депозиттер нарығын одан әрi жетiлдiру  мен кеңейтудің маңызды факторларының  бiрi — банктің басқа қаржылық  ұстамдармен салыстырғанда беделдi және басқа салым түрлерiмен  салыстырғанда пайыздық мөлшерлердiң  бәсекеқабiлеттiлiгі, сондай-ақ депозиттердің бiр түрінің аумағында банктің қызмет спектрын ұлғайту — арнайы депозиттерде, өйткенi осы депозит салымшылар мүддесiн қорғауда жоғары икемдiлiкке ие. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№  ЖИНАҚ ДЕПОЗИТІ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМШАРТ

заңды тұлғамен шетел валютасында

Алматы қ.                                                               « »    200     ж.

«                 » ААҚ бұдан әрі «Банк» деп  аталады, оның атынан

Жарғы және Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкінің Бас лицензиясы негізінде әрекет етуші және азамат(ша)                        бұдан әрі «Депозитші» деп аталады, Басқарма Төрағасы екінші жақтан, төмендегі мәселелер жөнінде осы Келісімшартты жасады. 

1.1. Депозитші Банктегі №                      депозиттік шотқа     

                                                                                                                                                                     (жазбаша)

    Сома көлемінде           күнтізбелік күнге ақшасын салады, ол   бойынша сома түскен күннен бастап сыйақы есептеледі.

    1.2. Депозитші  депозиттік шотқа шетел валютасын  Депозитшінің немесе       үшінші тұлғаның басқа банктік  шотынан аудару арқылы, қолма  – қол,

        сондай – ақ қолма – қол  емес түрде енгізуі мүмкін.

        Қолма – қол шетел валютасын депозитке енгізген кезде, Банк Депозитшіге депозиттік шоттағы ақша сомасын және ол бойынша сыйақыны қолма – қол түрде төлейді.

        Шетел валютасын қолма – қол  емес тәртіпте енгізген Депозитшінің  өтініші бойынша Банк Депозитшіге  депозиттік шоттағы ақша сомасын және ол бойынша сыйақыны Банк тарифтеріне сәйкес комиссиялық ақысын ұстап қалу арқылы қолма –қол емес тәртіпте төлейді.

1.3. Банк депозит орналасқан мерзім  ішінде ай сайын жылдық  

           Пайыз көлемінде депозит бойынша  сыйақыны есептейді, бір жыл 360 күнге      тең. Сыйақыны есептеу кезінде депозитке ақшаны енгізу күні мен оларды қайтару күні Банкте бір күн деп есептеледі.

    1.4. Депозитші  депозиттік шотқа шетел валютасында  қосымша ақша сомасын енгізу  арқылы депозиттік сома өссе  немесе депозитшінің келісімінсіз ақшаны алуға уәкілетті үшінші тұлғаның немесе депозитшінің өкіміне сәйкес, сондай-ақ Депозитші мен Банк арасындағы басқа да келісішарт жағдайларына сәйкес Банк талаптарын орындау кезінде депозиттік шоттан ақшаны алу кезінде шетел валютасындағы депозит сомасы азайса, Банк ақшаны түскен не алынған күннен бастап, депозит сомасының өзгеруіне байланысты тарифтік мөлшерлемені ескере отырып, өскен немесе азайған депозит сомасына пайыз төлейді.

    2.1. Банк  Депозитшінің сеніп тапсырған  ақшасын, депозит құпиясын және Депозитші және оның жүзеге асыратын операциялары туралы мәліметтерді құпия сақтауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

    2.2. Депозитші  міндеттенеді:

          а) Банкке депозитті орналастыру  және ол бойынша операциялар  жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын сақтауға;

          б) депозитті орналастыру мерзімі  ішінде өзінің депозиттік шотынан  ақшаны 3 реттен артық алмауға.

    2.3. Банк  депозит бойынша жылдық пайыздық  мөлшерлемені депозит орналасқан  мерзім ішінде өзгертуі қажет болған жағдайда, пайыздық мөлшерлеме өзгергенге дейінгі он күнтізбелік күн бұрын бұл туралы Банктің операциялық залдарында хабарландырулар ілу арқылы ескертеді.

    2.4. Банк  депозитшіге салым сомасы мен  есептелген пайыздарды депозит  мерзімі аяқталғаннан кейін, депозитшінің келісімінсіз шоттан ақшаны алып, қолданыстағы заңдарда көрсетілген салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер сомасын ұстап қалады, сондай – ақ Банктің Банк пен Депозитші арасында бекітілген басқа да келісімшарт жағдайларына сәйкес Банк өкімін орындайды.

    2.5. Осы  келісімшартты Депозитшінің жазбаша  өтініші бойынша тоқтату кезінде  Келісімшартты бекіту күнінен  бастап отыз күнтізбелік күн  өткенге дейін сыйақы төленбейді.

    2.6. Осы  келісімшартты Депозитшінің жазбаша  өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтату кезінде депозит бойынша сыйақы Келісімшартқа отыру күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткенге дейін депозит сақталған күндер санына талап етілгенге дейінгі депозит ретінде төленеді.

    2.7. Осы  келісімшартты Банк тарапынан  мерзімінен бұрын тоқтату кезінде депозит бойынша сыйақы осы Келісімшарттың 1.3. – тармағында көрсетілген пайыздық мөлшерлемеге сәйкес оны нақты орналастыру мерзіміне төленеді.

    3.1. Осы  келісімшарт банктегі депозиттік  шотқа осы Келісімшарттың 1.1. –  тармағында көрсетілген депозит  сомасын орналастыру сәтінен  бастап күшіне енеді және Депозитші  депозиттік шоттағы барлық ақша  сомасы мен оған есептелген  сыйақыны алғанға дейін немесе  Келісімшартты тоқтатқанға дейін күшінде болады.

    3.2. Осы  Келісімшарт әр тарап үшін  бірдей заңды күші бар 2 данада  жасалған. 

    Тараптардың заңды мекен – жайлары

Банк                                                                                                              Депозитші 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қосымша 2

Жеке  тұлғаларға арналған Қазақстан Республикасының  Ұлттық валютасындағы  мерзімді депозит  туралы шарттың типтік нұсқасы 

          № МЕРЗІМДІК ДЕПОЗИТ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМШАРТ 

Алматы қ.                                                               « »    200     ж.

«                                            » АҚ, бұдан әрі «Банк» деп аталады,                          оның атынан Жарғы және Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкінің Бас лицензиясы негізінде әрекет ететін, Басқарма Төрағасы  бір жақтан және азамат(ша)                        бұдан әрі «Депозитші» деп аталады,                               

                                 (аты-жөні)

екінші  жақтан, төмендегі мәселелер жөнінде  осы Келісімшартты жасады:

1.1. Депозитші  

Информация о работе Депозит операций