Білім берудегі кредиттік технология

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 11:49, реферат

Описание работы

1997 жылғы Лиссабон конвенциясының және 1999 жылғы Болон декларациясының талаптарына сәйкес 2003-2004 оқу жылдарынан бастап Қазақстанның бір қатар жоғары оқу орындарында кредиттік оқу жүйесі енгізілді.
Біздің республикамыздың жоғары оқу орындарында кредиттік жүйені енгізуде шетел мемлекеттерінің тәжірибесі мен халықаралық тәжіриебенің маңызы өте зор.

Работа содержит 1 файл

Б¦л¦м берудег¦ кредитт¦к технология.docx

— 41.58 Кб (Скачать)

Білім берудегі кредиттік  технология.

 

1997 жылғы Лиссабон конвенциясының  және 1999 жылғы Болон декларациясының  талаптарына сәйкес 2003-2004 оқу жылдарынан  бастап Қазақстанның бір қатар  жоғары оқу орындарында кредиттік  оқу жүйесі енгізілді.

Біздің республикамыздың жоғары оқу  орындарында кредиттік жүйені енгізуде шетел мемлекеттерінің тәжірибесі мен халықаралық тәжіриебенің маңызы өте зор.

Кредиттік оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім  беруді  таңдап  алған траекториясын регламенттеу болып табылады

Кредит – білім алушының оқу үрдісі көлемін бірыңғайлы бірлікпен есептеу тәртібімен жүргізіледі. Академиялық үрдіс бойында, 1 кредит – білім алушының бір апталық аудиториялық жұмысының 1 дәрістік, тәжірибелік (семинарлық) және студиялық академиялық сағаттары міндетті түрде 2 сағаттық (100 минут) бакалаврлық СӨЖ студенттің өздік жұмысымен жалғастырылады.

Қазақстан Республикасы жоғары білім  беру саласына кредиттік оқу жүйесін  енгізіудің басты мақсаты – ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне тереңдеп енгізу және ҚР оқу орындарын бітіріп шығушы мамандардың алған дипломдарын әлемдік еңбек нарығында ешқандай шектеусіз қолдануға болатынына қол жеткізу.

Кредиттік оқу жүйесінің негізгі бағыттары:

 

– жоғары оқу орындарының классикалық дәстүрлерін сақтай отырып жоғары сапалы білім беру:

– алған білімнің іргелілігі, жүйелілігі, білім беру үрдісінің сабақтастығы, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік беретін көп нұсқалылығы;

– басқа білім беру мекемелерімен білім беру нәтижесін салыстырып, оның жақсы нәтижелерін бірлесе мойындай отырып іске асыру үрдісіне енгізуге қол жеткізу;

– білім алудың сабақтастығына үнемі қолдау жасап отыру;

– білім берудің тұлғаландырылған (жеке тұлғамен тікелей жұмыс істеу) қағидасын жүзеге асыру;

– студеттердің ілімді жылдам қабылдауға қалыптасуына қол жеткізу.

 

Еліміздің жоғары оқу орындарында  оқытудың кредиттік технологиясы 2001 жылдан бастап енгізіліп келеді. Сонан  бері 10 жыл мерзім өтсе де бұл жүйе оқу үрдісіне толығымен енгізілді  деп айтуға болмайды. Сол себептен, бүгінгі таңда министрлік кредиттік оқыту технологиясын ары қарай дамытуға бағытталған саясатын дұрыс жүргізіп келеді.


Информация о работе Білім берудегі кредиттік технология