Бюджеттік
жүйенің қызмет ету
принциптері. Біртұтас
және федералды мемлекеттердегі
бюджеттік жүйенің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының бюджеттік
жүйесі ынтымақтық, толығу, бірізділік,
басымдылық, шынайылық, жайдарылық, дербестік,
жауаптылық, тиімділік және нәтижелілік
принциптерге негізделеді. Бұл принциптер
арасында басты болып ынтымақтастық және
дербестік принциптері саналады, олар
бюджеттік процесті ұйымдастырудың да
негізгі принциптері болып саналады. Бюджеттік
кодексте жоғарыда айтылған принциптердің
әр біреуіне түсініктеме берілген.
Ынтымақтастық принцип-бюджеттік жүйенің
ұйымдастыру-экономикалық орталықтандыру
дәрежесін көрсетеді. Ең толық түрде бұл
принцип Кеңес Одағының бюджеттік жүйесінде
болды. Қазіргі кезеңде жергілікті
билік органдарының дербестікке ие болғанына
және оларға қаржылық ресурстармен билік
жүргізу жөнінде бірсыпыра құқық берілгеніне
байланысты ынтымақтық принцип босаңсытылып
қалды.
Республика аумағында әрекет
жасайтын мемлекеттік кірістер
мен мемлекеттік шығыстар жалпы
бірыңғай жүйесі бар екені
осы ынтымақтық принцип арқылы
дәлелденеді. Бұл принцип бюджеттік
жоспарлау әдістемесі мен ұйымдастыру
бірлестігіне және жоспарлау
мен әлеуметтік-экономикалық болжамдау
өзара байланысына кепіл береді.
Осы принциптің негізінде заңнамалық,өкілдік
органдар жағынан бюджет қаражаттарының
қозғалысына тиімді бақылау жүргізіледі.
Бюджеттік жүйенің ынтымақтық
принципі бірыңғай құқықтық база,
бірыңғай бюджеттік жіктеу арқылы
бюджеттерді сапқа тізу,бюджеттік
процесті іске асыруда бірыңғай
шаралар пайдалану, статистикалық
және қаржылық ақпаратқа қажетті
бюджеттік құжаттар формаларының
бірлестігі, бірыңғай ақшалай жүйесі,
бірыңғай әлеуметтік-экономикалық және
салықтық саясатпен қамтамасыз етіледі.
Бұл принципті қолданған бюджетті құрастыру
мен бекітуде көбінесе артықшылығы бар
бюджеттік баптардың болмауына әсерін
тигізеді.
Толығу принципі-бюджеттер мен Ұлттық
қорда республиканың заңнамаларымен қарастырылған,
объективті және сенімді көрсеткіштер
негізіндегі кірістер мент шығыстар толық
көлемінде болуын қадағалайды. Үкіметке
бюджетте қарастырылғаннан басқа ешқандай
да кірістер мен шығыстар болуы тиісті
емес. Сонымен қатар, бюджет қаражаттарын
пайдалануда есепке жатқызудың өзара
талаптары мен талаптар құқығына жол беру
жіберілмейді. Бюджеттің толығу принципімен
бюджет-брутто мен бюджет-нетто түсініктері
байланысты. Бюджет-брутто мемлекеттің
кірістер мен шығыстар бойынша барлық
қаржы операцияларын көрсетеді. Ал бюджет
– нетто тек қана бюджет баптарының қалдықтарын
көрсетеді,яғни әр бап бойынша кіріс түсіруге
жұмсалған шығындарды алғанннан кейінгі
түсімдерді көрсетеді.
Қазіргі кезеңде әлемдік тәжірибеде
бұл принциптің лайықтылығы шамалы
деп есептеледі, себебі оны қолдану
бюджетті қажетті емес өз алдына бөлек
болатын шығыстармен толтыруы мүмкін.
Қазақстанда мемлекеттік қаржы құралдарын
қалыптасуда орталықтырылған әдіс қолданады,
сондықтан 1998 жылдан бастап барлық бюджеттен
тыс қорлар жойылған.
Шынайшылық принцип деген бюджеттің
қабылданған көрсеткіштерінің республика
мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық
дамуының орта мерзімді жоспарлары және
ортамерзімді фискальдық саясаттың бекітілген
параметрлері мен бағыттарға сәйкестігі.
Сондықтан бюджет көрсеткіштерінің шынайшылығы
экономикалы ахуалы және өндіріс көлемін
объективтік бағалау мен әлеуметтік-экономикалық
даму жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштеріне
негізделеді.
Шынайшылық принцип бюджет атқару
жөнінде есеп беруді бұрмалауын
болдырмау мен жоюға қажет.
Ол мемлекеттің қаржы операцияларын
әділетті көрсету мен бекітілген
сомалар бюджеттік белгілеулерге
пайдалануын қарастырады. Шынайшылық
даму болжамдар мен бағдарламалар көрсеткіштері
және бюджеттік резервтер барлығымен
қуаттандырылған негіздегі барлық кіріс
көздері мен шығыс бағыттары есептемелерімен
дәлелденіп анықталады.
Бюджет жүйесінің жайдарылық
принципі бекітілген бюджет пен оны
атқару есебі жөнінде бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялауын керек етеді.
Бұл қоғам мүшелерінің әр біреуіне мемлекеттің
болашақ кірістері мен шығыстары, әсіресе
қаражат шығындарының негізгі бағыттарымен,
оның ішінде әлеуметтік салаға арналған
қаражаттар көлемімен танысуға мүмкіншілік
береді. Жайдарылық принциптің түсінігіне
толығырақ сипаттаманы былай беруге болады-ол
бюджеттік заңнамалар аумағындағы нормативтік-құқықтық
актілер, бюджеттер мен оларды атқару
жөніндегі есептер мен фискальдық саясат
жөнінде басқа да ақпараттарды міндетті
түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы
мен мемлекеттік қаржы бақылау жүргізу.
Жергілікті бюджеттердің жөнді мен тиімді
іс-әрекеттерінің шарттары болып дербестік
пен теңгерулік табылады. Бюджеттердің
дербестік принципі маңында олардың
кірістері өздік қайнар көздерінің түсімдері
арқылы қалыптасу мен сол кірістер көлемінде
ғана пайдалану бағыттары анықталуы түсініледі.
Бұл принципті қолдану әр деңгейдегі
бюджеттер арасында түсімдерді тұрақты
түрде бөлуін кірістіру мен олардың жұмсау
бағыттарын анықтау және мемлекеттік
басқарудың барлық деңгейлерін бюджеттік
заңнама негізінде бюджеттік процесті
өз еркі іске асыруына құқық берумен қамтылады.
Бұл принцип биліктің өкілетті
және атқарушы органдарының аймақтар
деңгейінде қаржы ресурстарды
пайдалану мен жұмсау жөніндегі
құқықтарын бірсыпыра кеңітеді, себебі
жергілікті бюджеттерді атқарған процесте
қосымша алынған кірістерді жоғары деңгейдегі
бюджетке қайтарып алуы мен жергілікті
бюджеттер қосымша ресурстармен қамтылмаса
оларға қосымша шығындар мен салуы жіберілмейді.
Бюджеттердің дербестігін бюджет
жүйесінің барлық буындарының
түсімдер көздері заңмен бекітілу
мен бюджет құралдарын әрбір
деңгейдегі билік органдарының заңмен
анықталған өкілеттіктері негізінде пайдалану
құқықтары қамтиды. Барлық деңгейдегі
бюджеттердің теңгерулігі бюджеттік-қаржы
саясатының қажетті талабы болуы мүмкін.
Мысалы, бюджеттерді қарастыру мен бекіткенде
олардың тапшылықтарының шекті мөлшері
тағайындалуы мұмкін.
Бюджеттік жүйе қашанда болса
тұрақты әрекетті болуы керек,
яғни бюджеттік құрылыста, бюджеттік
процесте, бюджеттік процедуралар
мен қатынастарда ешқандай дөрекі
өзгерістерсіз. Бұл бірізділік
принципке негізделеді. Ол принцип
мемлекеттік басқару органдары бюджеттік
қатынастар аумағындағы бұрын қабылданған
шешімдерді сақтау қажеттілігін көрсетеді.
Кейбір уақытта мемлекетте экономиканың
бөлек бір салалары немесе
іс-әрекет салаларының бірінші
кезекте дамуы қажетті болады.
Осыған байланысты ел немесе
аймақтардың әлеуметтік-экономикалық
дамуының басымдылықты бағыттары
жасалады. Сондықтан, басымдылықтық
принциптің түсінігі бюджеттік
жүйеде бюджеттік процесті осы
басымдылықты бағыттарға сәйкес
іске асыруды білдіреді.
Бюджеттік жасаудан бастап, оны
атқарумен аяқталуына дейін бюджеттік
жүйе әрекеті бюджет ресурстарын оңтайлы
көлемінде пайдалана отырып, бюджеттік
бағдарламалар паспорттарымен қарастырылған
белгілі бір әсершіл нәтижеге жету қажеттілік
талаптарға бағынады. Бұл тиімділік және
нәтижелік принциптің мазмұнына сәйкес,
себебі оның керек екендігі болып бюджеттік
құралдардың бекітілген көлемін пайдалануда
нәтижелі жетістіктерді қамтамасыз ету
табылады.
Бюджеттік процестің әрбір қатысушысы
міндетті түрде бюджеттік заңнамалар
талаптарын орындауы тиіс. Сондықтан
бюджеттік жүйеде жауаптылық принципі
іске асуда, себебі бұл принциптің талабы-бюджеттік
заңнаманы бұзғаны үшін бюджеттік процеске
қатысушыларды жауапкершілікке тарту.
Жоғарыда айтылған принциптер
негізінде әр мемлекет өз бюджеттік
жүйесін жетілдіреді, бірақ біртұтас
және федералды мемлекеттердің
бюджеттік жүйелерін ұйымдастыруда
мемлекеттік құрылымына байланысты
ерекшеліктер бар. Мемлекеттің
федералдық жайластырушылығына үшбуынды
бюджеттік жүйе сәйкес. Мұндай жүйенің
маңында орталық бюджет (одақтық, федералдық),
федерация мүшелерінің бюджеттері (республика,
штаттар) және жергілікті бюджеттер кіреді.
Біртұтас мемлекеттерде екібуынды бюджеттік
жүйе қолданылады – орталық (республикалық)бюджет
және жергілікті бюджеттер.
Федералды жайластырушылықты мемлекеттерде
бюджеттік жайластырушылық бюджеттік
федерализм принциптеріне негізделеді.
Федерализм басқару әдіс ретінде мемлекеттің
барлық мүдделерін оның әрбір бөлімдерінің
мүдделерімен тіркестіреді және аумақтардың
өздеріне берілген сауалдарды шешу дербестігін
сақтай отырып, елдің бірлігі мен тұтастығын
қамтамасыз етеді.
Сондықтан, бюджеттік федерализмді
федералдық билік пен ұлт-мемлекеттік
және әкімші-аумақтық билік арасындағы
әрбір деңгейдегі бюджет кірістерін
оңтайлы, ғылыми негізді бөлу
мен олардың шығындарын қаржыландыру
себебіндегі қатынастар деп анықтауға
болады. Бюджеттік федерализм төменде
көрсетілгендей негізделеді:
- федералдық
бюджеттің бастаушы рөлін сақтап, аумақтық
бюджеттердің дербестігінің жоғары деңгейін
қамтамасыз ету арқылы мүдделерді тіркестіруге;
- әрбір буынның
бюджеттер құқықтарының теңбе-теңдігі
мен үшбуынды бюджеттік жүйе барлығына;
- аймақтарға
қаржылық жәрдем көрсету мен олардың дамуын
теңестіру мақсатына федералдық бюджеттен
бөлінген құралдардың көлемі есебінің
мемлекеттің барлық субъектілеріне біріккен
критерийлерді пайдалану.
Кірістерді
федералдық деңгейде орталықтандыру жалпымемлекеттік
экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды
орындау, мемлекет қаржыларының тұрақтылығын
қамтамасыз ету мен аймақтар арасында
қаржы ресурстарын қайта бөліс үшін өндіріледі.
Кірістерді бюджеттер арасында бөлгенге
дейін биліктің әрбір деңгейіне жүктелген
өкілеттікке сәйкес олардың шығыстары
шектелуі тиіс
Федералды мемлекеттерде жергілікті
бюджеттердің кіріс пен шығыстары
федерация мүшелерінің бюджеттеріне,
ал федерация мүшелері өз кірістері
және шығыстарымен федералды
бюджетке кірмейді. Біртұтас мемлекеттерде
жергілікті бюджеттер өз кірістері және
шығыстарымен республикалық бюджетке
кірмейді, яғни олар дербесті болады. Жоғары
экономикалық және әлеуметтік тиімділікке
жету үшін шығыстар неғұрлым жергілікті
әкімші-аумақтық бірлікке жақын болуы
қажет, себебі сол бірлік мүдделеріне
жұмсалатын шығыстар.
Мемлекет біртұтас немесе федералды
болсын олардың бюджеттік жүйелерінде
бюджеттер әр түрлі деңгейде
оңашалану мен дербестігі болуы
мүмкін, бірақ та орталық бюджет
маңында әлеуметтік-экономикалық
процестерді басқаруды орталықтандырылған
деңгейге байланысты төменгі
тұрған бюджеттерге қатынасты
белгілі бір реттеуші рөлі
сақталады. Қазақстан республикасында,
екі буынды жүйе қолданылады
– республикалық
бюджет және жергілікті
бюджеттер.
Бюджеттік құрылым.
Бюджеттік қатынастар
мен бюджетаралық
байланыстар
Мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік
мекемелер мен халық арасындағы
қаржылық қатынастарды бюджеттік
қатынастар деп атайды. Бұл қатынастардың
қаржылық қатынастар бөлігі ретіндегі
ерекшелігі, біріншіден, олар мемлекет
қатысатын бөліс процесінде болуынан,
екіншіден, олар жалпы мемлекеттік мұқтаждықты
қамтамасыз етуге арналған ақша құралдарының
орталықтандырылған қорды қалыптастыру
және пайдалану байланысынан тұрады.
Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық
байланыстар қаржылық ресурстарды
қалыптастыру, бөліс және қайта
бөліс процестері арқылы белгілі болады.
Олар өз арнауы мен нақты іске асуы бюджеттік
жүйе арқылы көрінеді, яғни барлығы әр
түрлі деңгейдегі бюджеттер, бюджетаралық
арақатынастар мен бюджеттік жайластырушылық
арқылы.
Бюджеттік құрылым – ол елдің
мемлекеттік бюджеті мен бюджеттік
жүйені ұйымдастыруы және олардың
өзара байланысының ұйымдастырушылық
формалары. Бюджеттік жайластырушылық
түсінігі бюджеттік жүйенің құрылымын,
бюджеттік жіктеуді, бюджеттік жүйе
мен бюджеттерді құру принциптерін
енгізеді.
Бюджеттік құрылым елдің мемлекеттік
құрылымдық формасымен анықталады
және биліктің орталық пен
жергілікті органдарының республикалық
және жергілікті бюджеттерді
құрастыру, қарау, бекіту мен
атқаруі кірістер мен шығыстарды
бөлу жөніндегі өкілеттіліктерін реттейтін
құқықтық нормаларға негізделеді. Бұлар
бюджеттік жүйенің буындарын құрайды,
ал олардың өзара байланысы бюджетаралық
қатынас механизмі арқылы іске асады.
Қазақстан Республикасының бюджеттік
жайластырушылығы мемлекеттік құрылымның
біртұтас формасына сәйкес, мұнда
елдің әкімшілік-аумақтық бірліктерінде
автономия да, мемлекеттілік те
жоқ. Олар барлығы біріккен құқықтық актілерге,
биліктің біріккен органдарына, саясаттық,
экономикалық және әлеуметтік процестерді
орталықтандырылған басқаруға бағынады.
Жалпы айтқанда, бюджеттік құрылым әрекеттегі
негізгі құқықтық актілер және экономикалық
– әлеуметтік процестердегі бюджеттің
рөлі мен мәні арқылы анықталады.