Банктік емес несиелік ұйымдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 17:03, реферат

Описание работы

Сұраныс пен ұсынысты ұтымдылығына сәйкес пайдалану үшін ресурстардың бөлініп таралуы арқылы нарық экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. Қаржы нарығының және осыған сәйкес мекемелердің жақсы жүйелері ақшаларын жоғары пайдасы бар инвестицияларға аудару арқылы осы процестің бір бөлігі болып табылады. Әлемдік тәжірибе бойынша қаржы жүйесі жоғары дамыған елдер бұл жүйесі нашар дамыған елднрмен салыстырғанда тез, әрі өседі. Сонымен қатар бұл елдер экономикалық жағдайларының шұғыл өзгеруіне жақсы бейімделе алады.

Содержание

І. Кіріспе
1.1 Банктік емес кредиттік ұйымдар
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Кредиттік одақ (КО)
Кредит серіктестігі (КС)
2.2. Сақтандыру компаниялары
2.3. Инвестициялық қорлар
2.4. Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары
ІІІ. Қорытынды
3.1. Қор биржалары

Работа содержит 1 файл

Банктік емес несиелік ұйымдар.doc

— 166.50 Кб (Скачать)

   КС  қатысушылардың жалпы жиналысныда  бекітілген ішкі кредит саясатының ережесімен байланысты КС қарыз операцияларын жүзеге асырады. КС қатысушыларға берілетін кредиттің барынша сомасы, кредиттендірудің шектемесі, кредиттің орнын жабу мен оның жағдайын қамтамасыз етуі мен оның мерзімі баяндалуы керек. Кредит тек қана КС қатысушыларға беріледі.

   КС  қатысушыларға кредит қамтамасыз етіліп немесе қамтамасыз етілмей берілуі  мүмкін. Кредиттің қайтарымын кепіл  мен кепілдеме беруші қамтамасыз ету мүмкін.

   Өздерінің қызметтерін  үйлестіру үшін, ұсынылатын жалпы мүдделерді қорғау, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен өзге де жалпы міндеттерді шешуде КС ассоцияция түрінде, кредит серіктестігінің бірлестігін, сонымен қатар бірлескен қызмет тыралы келісімшарттың негізінде,  консорциум құра алады.

   ҚР  қадағалау және реттеу жөніндегі агенттігі КС міндетті пруденциялды нормативтің және лимит (шектеме) пен басқа міндетті белгілейді. Сонымен қатар ол нормативтер мен лимиттердің орындалуын, формаларын, тәртібін кезеңдігін және қаржылық реттеуіш пен бухгалтерлік есептеме ұсынудың мезгілін белгілейді.

   2006 ж 1 қаңтарындағы мәлімен бойынша  Қазақстанда 80-нен астам кредит  серіктестігі жұмыс істейді, жиынтық  активтерінің мөлшері 10,0 млрд  теңгеден астам, міндеттемелері  – 5,0 млрд астам, баланс бойынша  меншік капиталы – 5,0 млрд теңгеден астам.

   КС 2006 ж 1 қаңтарындағы құрылымының стандарт кредит үлесі – 84%, күмәнді кредиттер  – 15,9%, үмітсіздер – 0,1% 09райды7

   КС  алуан  түрлілігінің бірі ауыл шаруашылық кредит серіктестігі болып табылады (АКС). Олардың негізгі құрылтайшылары – ауыл шаруашылық кооперативтері, фермерлер, шаруа қожалықтары және т.б. АКС қызметіндегі басты бағыттары – ауыл шаруашылығына кредит-есеп айырысу үшін қызмет көрсетуге, мал сатып алу шағындарына, тұқым, тыңайтқыш, себу мен жинау жұмыстарына және т.б кредит беруге жәрдемдесу. АКС қызметінің негізгі операциясы – қысқа және орта мерзімді қарыздарды береді және салымдарды қабылдайды, сонымен қатар делдалдық қызметті де атқарады.

   Кредит  серіктестігі, ломбардтармен, ипотекалық компаниялар және өзге ұйымдармен жекелеген банкілік операция түрлерін жүзеге асыратындармен қатар кредиттендіру жүйесіндегі екінші деңгей болып саналады. Сонымен оның борышкерлері болып шағын және орта бизнес, сонымен қатар жеке тұлғалар есептеледі.

   Кредит  жүйесіндегі үшінші деңгейдегі тек  қана шағын кредитпен айналысатын, яғни өзара кредит қоғамының ұйымдарын құрайды. 

   2.2. Сақтандыру компаниялары

   Белгілі бір сақтандыру жағдайлары болған кездерде ақшалай қордың есебінен сақтандырудың  орнын толтырып, сонымен жәрдемімен (сақтандырылған) жеке және заңды тұлғалардың мүліктік қатынасы бойынша сақтандыру мүдделерін қорғау болып табылады. Бұл ақша қорлары сақтандыру төлемдерінен және заңда тыйым салынбаған өзге де көздерден түскен қаржы арқылы қалыптасады.

   Сақтандырудың түрлері. Сақтанды мынандай болып бөлінеді:

  • Міндетті дәрежелері бойынша:

    А) ерікті;

    Ә) міндетті;

    -  Сақтандыру объектісі бойынша:

         А) жеке;

         Ә) мүліктік.

   Міндетті  сақтандыру – заң талабының күшімен жүзеге асырылатын сақтандыру. (Өз денсаулығын сақтандыру міндеті азаматқа жүктелмеу керек).

   Ерікті  түрдегі сақтандыру – екі жақтан да өз еркімен жүзеге асырылатын сақтандыру.

   Азаматтың жеке басына байланысты өз өмірін, денсаулығын, жұмысқа қабілеттігі және басқа  да мүдделерін сақтандыруы жеке басын  сақтандыруға жатады.

   Мүлікті сақтандыру мен сол мүдделерге байланысты, азаматтық-құқықтық жауапкершілік және кәсіпкерлік тәуекелдікті қосқанда – мүліктік сақтандыруға жатады.

   Азаматтығы  жоқ, шетел азаматтары, өз қызметтерін  ҚР аумағында жүзеге асырып жатқан шетелдік заңды тұлғалар,ҚР заңды  тұлғалары және азаматтарымен бірдей сақтандыру құқығын пайдаланады.

   ҚР  сақтандыру ұйымдарындағы шетелдік инвесторлардың жарғылық қордағы қатысу үлесі 50%-дан аспауы керек.

   Сақтандырушы  тиісті сақтандыру түрлерін іске асыруға құқылы лицензиясы бар, сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған – коммерциялық ұйым.

   Мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдары акционерлік  ұйым немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде, құрылтайшыларды  таңдау бойынша құрылады.

   Мемлекеттік сақтандыру ұйымдару шаруашылық жүргізу  құқығына негізделген кәсіпорын түрінде құрылады. Ұйымдастыру-құқылық және меншік түрлерінің тәуелсіздігіне қарамастан, сақтандыру ұйымдарының жарғылық қорларының көлемін Қаржылық нарықты қадағалау және реттеуі бойынша агенттігі ақшалай қаражатын белгілейді. Мемлекеттік тіркеу мезгілінде сақтандыру ұйымының жарғылық қоры ең аз шамадағы мөлшердің 50%-нанастам емес ақша түрінде қалыптасуы тиіс, сондай-ақ, тиісті банкінің берген құжаты арқылы дәлелденуі керек. Қордың алған бөлігі сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны алу мезгілінде, құрылтайшылық құжаттарының мөлшерін қарастырғанға дейін қалыптасып үлгерулері керек.

   Сақтандыру  компанияларының пассивті және активті операциялары айрықша сипатта болады да, банктердің осыған ұқсас операцияларынан өзгешелеу болып көрінеді.

   Сақтандыру  компанияларының пассивтері заңды  және жеке тұлғалардың сақтандыру сыйақылары төлемдерінің есебі негізінде қалыптасады.

   Өзге  пассивті бап үлесі шамалы, оған пайда есебінен қалыптасқан акционерлік капитал жатады.

   Сақтандыру  компанияларының активті операциялары ірі компаниялар жергілікті органдардың орталық банктің және Қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздарындағы инвестицияларынан, сонымен қатар полистік қарыздарынан тұрады.

   Активті және пассивті операцияларының нәтижесінде  сақтандыру компаниясы пайда алады. Сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру төлемдерінің орнын толтыру арасындағы айырмасының  нәтижесіне операциялық шығындарды қосса инвестициялық қызметке бағытталуы мүмкін сақтандыру қорын береді.

   Сақтандыру  мен қайта сақтандыру компаниялары өздерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қаржылық тұрақтылығының ең аз жағдайларын қамтамасыз етуге жататындар: сақтандыру резервтері мен қажетті мөлшерде меншік капиталының болуы, сақтандырушының жекелеген келісімшарты бойынша ең аз шамадағы нормативті міндеттемелерді сақтау және мемлекеттік уәкілеттік органдар белгілеген норма мен лимиттерді сақтау болып табылады.

   Сақтандыру компаниясының жарғылық капиталы сақтандыру төлемдерін өтеу мен өзінің қызметін қаржыландыру үшін арналған.

   Сақтандыру  резервтері сақтандыру төлемдерінің есебінен құрылады және сақтандыру келісімшарты бойынша тек қана өздерінің міндеттемелерін  атқаруды қамтамасыз ету үшін арналады.

   Компания  меншікті капиталы, басқа да міндеттемелер  мен сақтандыру резервтеріне оның барлық активтерінің сомасын шегерудегі құны ретінде анықталады.

   Компания  міндеттемесінің ең жоғары көлемі қайтадан сақтандырылуда немесе қайта сақтандырушының сақтандырудың жекелеген келісімшарты бойынша сақтандыру резерытермен меншікті капитал сомасының 10%-нан аспайтындай болу керек.

   ҚР  Қаржы ұйымдары және қаржы нарығын  қадағалау мен  реттеу бойынша  агентігі мемлекеттік уәкілеттік органы болып табылады.

   Сақтандыру  ұйымдарының қызметі ҚР «Сақтандыру  туралы» заңымен реттеледі.

   1.01.2006 ж Қазақстанда 36 сақтандыру компаниялары  жұмыс істеді. Олардағы меншік  капиталының тұтастай жиынтығы  – 29,6 млрд теңге, жарғылық капиталы  – 17,7 млрд теңге, сақтандыру төлемінің шығыстары – 6,7 млрд және сақтандыру сыйақысы  - 40,0 млрд теңге шамасында, олардың ішінде міндетті сақтандыру – 4,4 млрд, ерікті жеке басын сақтандыру  - 4,5 млрд, ерікті мүлікті сақтандыру – 31,0 млрд теңгені құрады. Сақтандыру сыйақысының халықтың жан басына шаққандағы қатынасы небәрі АҚШ-тың – 20,0 долларын құрайды. Белгияда – 3283, Австралияда – 2039, Чехияда – 364, Сербияда – 41 доллардан келеді. 
 
 

   2.3. Инвестициялық қорлар

   7 шілде 2004 ж ҚР «Инвестициялық  қорлар туралы» №576-11 заңына сәкес инвестициялық үлестік жарна немесе акционерлік қоры (ИҚ) құрылған болатын.

   ҚР-да инвестициялық қордың 2 түрі бар:

    1. Акционерлік инвестициялық қор (АИҚ);
    2. Үлестік жарна инвестициялық қоры (ҮЖИҚ); олар келесі формада болуы мүмкін: ашық, аралық немесе жабық.

   Ашық  ҮЖИҚ ҚР «инвестициялық қорлар туралы»  заңында белгіленген тәртіп пен  шарт негізінде компания басқарушысынан оның үлестік жарна иесіне үлестік  жарнасын сатып алуды талап ететін құқықты ұсынады. Осы инвестициялық  қордың (ИҚ) ережесіне сай 2 аптада 1 рет ал ҮЖИҚ аралығында – ұзартпай жылына 1 рет сатып алуды ұсынылады. Жабық ҮЖИҚ оның үлес жарнасының иеленушісіне осы қордың үлес жарнасын иеленушісінен жалпы жиналысына қатысу құқығын табыс етеді. Сонымен қатар қордың қарастырылған ережесімен үлес жарнасы бойынша және шарт тәртібінде дивиденттерді алуды ұсынады.

   Жабық түрдегі ҮЖИҚ үлес жарнасын иеленушіге өзіне жататын үлес жарнасын компания басқарушысынан сатып алуды талап  етуге құқы жоқ.

   ИҚ  инвестициялық қызметі лицензиясының  бар кезінде дербес АИҚ инвестицияларының немесе осы қордағы жарналық  үлесті иеленушілердің  немесе басқарушы компания қоры акционерлерінің табыс алу мақсатының жинақталуымен анықталады.

   Басқарушы компания – бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушы, инвестициялық қоржынды лицензияның негізінде басқаруға және ИҚ активтерін сенімгерлікпен басқарып жүзеге асырушы.

   Инвестициялық деклорация – ИҚ активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің шектеу және мақсатын, стратегиясын сақтандыру шарттарын және қор активтерін әртараптандыратын инвестициялық объектілер тізбесін анықтайтын құжат.

   Инвестициялық кіріс (табыс) – олардың инвестициялар нәтижесінде алынған ақша түріндегі ИҚ активтерінің өсімі.

  1. Инвестициялық акционерлік қор (ИАҚ) ҚР «Инвестициялық қорлартуралы» белгіленген заңның талаптарына сәйкес жинақтау мен инвестициялаудың айрықша қызмет түрі болып табылатын  акционерлік қоғам. Сонымен қатар, осы қоғам акционерлері енгізген оның  инвестициялық декларациясын, ақшасын және оның акциясын, осындай инвестициялаудың алынған нәтижесінде төлейді.

   АИҚ жоғарыда көрсетілген өзге қызметті іске асыруға, «алтын акцияны» енгізуге, еншілес ұйым құруға, жай акциядан басқадай қаржылық құралдарын шығарып және орналастыруға құқығы жоқ.

   Офшорлық  аймақта тіркелген заңды тұлғалар, осы компаниямен келісімшарт жасасқан басқарушы компания, тіркеуші мен кастодиян ИҚ құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.

   Басқарушы компания, кастодиян мен тіркеуші өзара байланыста болмауы керек.

   АМҚ жарғысында ҚР «Инвистициялық қорлар туралы» Заңнын белгіленген талаптары мен оның  оның инвестициялық декларациясының шартына сәйкес  инвестициялау қызметі ИҚ-дың айрықша түрі болып табылатыны, АИҚ органдарын ұстаудағы шығынның ең көп мөлшері, түрлері мен тәртібі инвестициялық декларацияда белгіленуі керек.

   АИҚ ақшалары тек қана ұлттық валютаның ақшасымен төленеді. Оларды орналастыру кезінде акциялардың жарым жартылай төлемдеріне жол берілмейді.

  1. Үлестік жарна инвестициялық қоры (ҮЖИҚ).

   Үлестің жарна инвестициялық қор заңды  тұлға болып саналмайды, ол шексіз мерзімге құрылады. Үлестік инвестициялық жарна қорының меншік активтерінің үлесіне құқық беруді басқарушы компания шығаратын үлес жарнасымен куәландырады.

   Үлестік жарна  құжатталмаған формада шыққан атаулы эмиссиялық бағалы және үлестік инвестициялық жарна қорындағы оның меншік үлесін дәлелдейді. Оның жұмысы тоқтаған кезде, сонымен қатар үлестік инвестициялық жарна қорының меншіктігімен, басқа да құқықтарға байланысты және үлестік инвестициялық жарна қорының активтерін өткізуден (сату) түскен акцияны алуға құқық береді.

   Үлестің инвестициялық жарна қоры активтерінің ең аз мөлшері есептік айлық алу мың еселік көрсеткішін құрайды.

Информация о работе Банктік емес несиелік ұйымдар