Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 09:43, реферат
Қазақстан егемендік алғаннан кейін мемлекеттік тілдің қоғам дамуының әр түрлі саларында ─ сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық және басқа көптеген бағыттарда білікті мамандарды даярлау ісінде кеңінен қолдану және тереңдете меңгерудің алғы шарттарын іргелі түрде жүргізу бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселелердің бірі. Ақша, несие, банктер ─ қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметтері қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады.
Кіріспе
1. Банк туралы түсінік, оның түрлері, қызметтері
2. Банк жүйесінің даму тарихы
3. Банк жүйесінің құрылымы
4. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет тізімі
Банктер жүйесі
Жоспар:
Кіріспе
1. Банк туралы түсінік, оның түрлері, қызметтері
2. Банк жүйесінің даму тарихы
3. Банк жүйесінің құрылымы
4. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет тізімі
Кіріспе
Қазақстан егемендік алғаннан кейін мемлекеттік тілдің қоғам дамуының әр түрлі саларында ─ сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық және басқа көптеген бағыттарда білікті мамандарды даярлау ісінде кеңінен қолдану және тереңдете меңгерудің алғы шарттарын іргелі түрде жүргізу бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселелердің бірі. Ақша, несие, банктер ─ қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметтері қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез-келген адам үнемі немесе анда-санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатан жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.
Несие жүйесінің негізгі буынын ─ банктер.
Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады
Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:
- Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
- Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;
- Ақша айналымын ретеу.
Банк ─ әртүрлі шаруашылық
субъектілердің төлемайналымы
- Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;
- Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Республикада екі деңгейлі банк жүйесі бар: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк ─ Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк ─ коммерциялық банктер жүйесі.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді.
Банк жүйесі несие жүйесінің
негізгі буыны, нарықтық экономиканың
маңызды қүрамдық бөлігі болып табылады.
Ол несие және қаржы операцияларының негізгі
массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлык қажетті элементтер
мен қажетті пропорцияларды қамтуы керек,
онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін
толықтыруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе
өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей
қатысы бар. Мәселен, кез келген елдің
банк жүйесінде оның негізгі элементтері
кездеседі: эр түрлі тұрпаттағы банктер,
банктік емес мекемелер, банктік инфракұрылым,
банктердің бірлестігі жэне т.б.
Банк жүйесі қүрамдык бөлік ретінде үлкен
жүйе - елдің несие жүйесіне кіреді. Ал,
несие жүйесі елдің экономикалык жүйсіне
кіреді. Сол себепті де банктің қызметі
мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістІк
процесімен тыгыз байланыстырып қарау
қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің
нақты кызметінде бюджеттік-са-лықтық
және басқа да жүйелермен өзара тығыз
әрекеттесіп, экономикалык өмірді басқару
мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп,
сабақтасады. Сонымен, басқа жүйелерден
айрықшалап көрсететін банк жүйесінің
белгілері қандай:
1. Банк жүйесінің элементтері жоғарыда
айтып кеткеніміздей, алгы шебін Орталык
банк кұрайтын нақты бірлікке бағына отырып
өзара әрекеттеседі. Онда кездейсоқ элементтер
болмайды.
2. Банк жүйесі өзінің құрамдык элементтерімен,
олардың өзара әрекетімен анықталатын
өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің Орталық
банкі белгілеген қосымша міндеттерді,
ережені орындайтын өзіне ғана тән тетік
жұмыс істейді.
3. Банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға
кабілетті. Оны біртұтас ретінде жэне
бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер
ретінде керсетуге болады. Бүл оның жекелеген
бөліктерінің кажет болған жағдайда бір-бірін
алмастыра алатындай етіп байланысқанын
білдіреді. Мысалы, Жинақ ақша банкісінің
депозиттік операцияларын коммерциялық
банктер орындай алады, ал ауылдық жерлерде
бұл істі пошталық жйнақ акша жүйесіне
сеніп тапсыруға болады. Қандай да бір
банк банкротқа ұшыраса да, банк жүйесі
сақталып қалады.
4. Банк жүйесі динамикалық жүйе болып
табылады. Ол ұдайы даму, қозғалыс үстінде
болады. Ол жаңа элеменгтермен, жаңа байланыстармен
толыгуы мүмкін. Жаңа несие түрлері мен
қаржы институттары пайда болады.
5. Банк жүйесі «жабық» тұрпаттағы жүйе
ретінде де алға шығады. Олардың тек өздеріне
ғана тән, осы жүйеге гана арналған өз
тэртібі, ережесі, нұскауы бар және банктің
өз құпиялары болады.
Алайда, оны толық мағынасында жабық деуге
де болмайды, өйткені ол сыртқы ортамен,
басқа жүйелермен өзара әрекеттеседі.
6. Банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, «өзін-өзі
ұйымдастыратын» жүйенің сипатына ие.
Тұтастай алғанда жүйесінің әрекет ету
саясатын экономикалық, әлеуметтік, саяси
ахуалдарға карай өзгертіп отырады. Экономикалық
дағдарыс орын алса оган өзінше саясат
ұстанады, экономиканың түрақты даму жағдайында
баска саясатты жүргізеді.
7. Банк жүйесі - басқарылатын жүйе. Ол арнайы
банк заңдарымен әрекет етеді эрі реттеледі
және орталық атқару немесе өкілетті органдарга
багынады.
Осы аталған белгілердің барлығы Қазақстанның
банк жүйесіне тән. ҚР «Банктер мен банк
қызметі туралы» заңында (3-бап) былайша
жазылған:
1. Қазақстан Республикасы (ҚР) екі деңгейлі
банк жүйесіне ие.
2. Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі
болып табылады әрі банк жүйесінің жоғары
(бірінші) деңгейін білдіреді.
3. ҚР Заң актілерімен анықталған айрықша
құқықтық мәртебесі (статусы) бар Қазақстан
даму банкісін қоспағанда барлық басқа
банктер банк жүйесінің төменгі (екінші)
деңгейін білдіреді.
4. Шетелдік қатысушылар банкісі - екінші
деңгейлі банк, меншігінде және (немесе)
баскаруында акцияның үштен бір бөлігіне
ие: а) ҚР бейрезиденттері; э) занды тұлғалар
-ҚР резиденттері, ҚР бейрезиденттерінің
меншігінде және (немесе) басқаруында
50%-дан астам акциясына ие (оқушылардың
салым ақшасы); ҚР резиденттері ҚР бейрезиденттерінің
(сенімді тұлғалардың) қаражатына.
5. Мемлекетаралық банк - халықаралық келісімшарттың
негізінде қүрылған эрі эрекет ететін
банк.
Банк жүйесіне, сонымен бірге, банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік
емес жеке мекемелер де, сондай-ақ, банк
инфрақұрылымын калыптастыратын эрі несие
институттарының өмірлік эрекетін қамтамасыз
ететін кейбір қосымша мекемелер де кіреді.
О.И. Лаврушин банк жүйесінің жеті белгісін
былайша бөліп көрсетеді:
- бірыңғай мақсатқа жауап беретін нақтыға
бағынышты элементтерді қамтиды;
- өзіндік ерекшелігі бар;
- элементтерді өзара алмастыруға қабілетті;
- динамикалық жүйе болып табылады;
- «жабык тұрпат» жүйесі ретінде алға шыгады;
- өзін-өзі реттейтін жүйе сипатына ие;
- басқарылатын жүйе болып табылады.
Әлемдік іс-тәжірибе тарихында банк жүйесінің
бірнеше тұрпаты болган:
- банктің орталықтандырылган бөлу жүйесі;
- нарықтық банк жуйесі;
- өтпелі кезең жүйесі.
Банк орталықтандырылған бөлу жүйесі
бұрынғы КСРО-да жэне социалистік жүйедегі
елдерде жұмыс істеді. КСРО-да ол КСРО
Мемлекеттік банкпен бір деңгейде болды,
ал банктік емес мекемелер болған емес.
Ол елдің бірден-бір эмиссиялық жэне не-сие
институты болды. Онда барлык несие ресурстары
орталык-тандырылып, бөлінеді.Осы жүйеге
қарама-қарсы нарықтык банк жүйесі банктерге
мемлекеттік монополияның болмауымен
сипатталады. Нарықтық шаруашылықта орталықсыздандырылган
басқару жүйесімен көптеген банк түрлері
жұмыс істейді. Олар эмиссиялық және несиелік
қызметларды өзара бөлісіп алған. Коммерциялық
банктер мемлекеттің міндеттемелері бойынша
жауап бермейді, сол сияқты мемлекет коммерциялык
банктердің міндеттемелері бойынша жауап
бермейді.
Өтпелі кезеңнің банк жүйесіне Шығыс Еуропаның
жэне посткеңестік мемлекеттердің, оның
ішінде Қазакстанның осы заманғы банк
жүйелерін жатқызуга болады. Оны нарықтык
жүйеге де жатқызуга болады, алайда, ол
алдындагы банк жүйесінің әлі арылып біткен
жоқ, әлі де өтпелі кезең, даму жағдайында
тұр. Бұл жүйені дамушы банк жүйесіне,
дамыған тұрақты жүйедегі өнеркәсібі
өркендеген елдердің банк жүйесіне де
жатқызуға болады. Оның біріншісінде банк
қызметінің нормативтік және зандық базасы
әрдайым өзгеріп отырады, банктердің саны,
банк жүйесінің құрылымы үдайы өзгереді.
Мәселен, Қазакстанның да, Ресейдің де
банк заңдары соңғы 10-15 жылда кем дегенде
2 мәрте түбегейлі өзгерді, оларға үдайы
толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.Банктердің
саны он жэне одан да көп есеге кемісе,
кейде жаңа банктер, банктік емес мекемелер
пайда болады, енді бірде олар банкротқа
ұшырайды немесе бір-бірімен қосылады.
Немесе банктен банктік емес мекемеге
айналады. Бір сөзбен тұжырымдап айтқанда,
өтпелі кезеңиің әлі тұрақтанбаған банк
жүйесі даму сатысында тұр.
Банк жүйелерінің дамуы елдегі саяси жағдай
мен эконо-микалық қатынастың жэне т.б.
даму деңгейіне тәуелді. Банк қызметі
қандай шамдца реггелетініне қарай банк
ісін ұйымдастырудың екі тұрпаты бөліп
көрсетіледі:
- мамандандырылған банк ісі, онда банктер
мен банктік емес мекемелер операцияларының
арасына қатаң шекара қойылады, соңғысы
үшін заңға тыйымдар мен шектеулер енгізеді;
- барлық несие институттарына әр түрлі
қаржылық-несиелік қызмет көрсетуін жүзеге
асыруына мүмкіндік беретін әмбебап банк
ісі.
Банк жүйесінің даму үлгісімен бірнеше
мемлекеттің банк жүйелерін келтірейік.
Ағылшын банк жүйесі Англия Банкісінен
(елдің орталык банкісі), депозиттік банктерден
(ақшалай салым ақшаны қабылдаумен жэне
несиелеумен ғана айналысады), сауда банктерінен
(сыртқы сауда саласында), достастық банктерінен
(аса ірі 7 шетелдік банк), шетелдік банктерден
(50), консорциумдік банктерден, есеп-қисап
үйлерінен (қысқа мерзімді операцияларды
орындайды (олардың саны - 9) жэне бірқатар
банктік емес мекемелерден тұрады.
Швейцария банктердің елі, әрбір 1,5 мың
тұрғынға бір банктен келеді. Оның банк
жүйесі 500-ден де көп банктік ұйымдарды
біріктіріп отыр. Бұл елде ұлттық банктерден
басқа 3 банк категориясы бар:
- біріншісі - 3 аса ірі банк - Швейцарияның
Біріккен бан-кісі, Швейцариялық банк
корпорациясы, Швейцариялык несие банкісі;
- екіншісі - несиелеу мен есеп айырысуга
маманданган, негізінен жергілікті салымшылармен
жұмыс істейтін контоналдық, жергілікті
және жинақ ақша банктері;
- үшіншісі - инвестициялық портфельдерді
басқарумен айналысатын жекеше банктер.
Банк құрылымын кайта құру үшін Мемлекеттік
банктің монополиясын банк деполарына
тарту кажет болды. 1988 жылға дейін Орталық,
коммерциялык жэне инвестициялық банктердің
қызметларын орындайтын КСРО Мемлекеттік
банкісінің әмбебеп несие мекемесінен
еш айырмашылығы болмады десек артык айтпаймыз.
Қазақстандағы КСРО Құрылыс банкісінің
республикалык кеңсесі қаладағы - өнеркэсіптегі,
көліктегі жэне шаруашылықтың басқа салаларындағы
инвестицияларға қызмет көрсетті. Акционерлік
негізде жұмыс істейтін КСРО Сыртқы сауда
банкісі валютадағы және валютамен операцияларды
жүзеге асырды.
Республикалық Мемлекеттік банк Қазақстан
Республикасы ¥лттық банкісі боп қайта
құрылды. Облыстарда ҚР Ұлттық банктің
бөлімшелері ашылды. Республикалық Өнеркәсіп
құрылыс банкісі акционерлік-коммерциялық
банк болып табылатын Тұранбанкке, Аграрлық
өнеркәсіп банкісі акционерлік-коммерциялық
банк болып табылатын Қазакстан Республикасы
Аграрлық өнеркәсіп банкісіне, Сыртқы
сауда банкісі акционерлік-коммерциялық
бенк болып табылатын Алембанкке, Республика
Жинақ банкісі -акционерлік-коммерциялық
банк болып табылатын Қазақстан Республикасы
Жинақ банкісіне айналды. 1993 жылы бұл банктер
ак-ционерлік банктер боп қайта құрылды,
ал Жинақ банкісі Қазақстан Республикасының
Халық банкісі атауына ие болды.
1989 жылдан бастап алғаш рет коммерциялық,
аралас, кооперативтік, жеке меншік банктері
пайда болды. Осы жылдары коммерциялық
банктер - Интеринвестбанк, КРАМДС банк
жэне т.б. ашылды.
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.
Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадаы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
- өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;
-ақша айналымын тәртіпке
Банк -өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қараатын тарту, орналастыру және басқа банктік операцияла жүргізетін мекеме.
Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру атқарымынан, бір жағынан банк уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші.
Банктердің ақша қаражатын шоғырландыру, кейіннен оларды қайта бөлу, өндіріс пен айналымның үздіксіздігін қатамасыз етіп қана қоймай, бүкіл ұдайы өндірістің процессін жеделдетеді.
Банк ісінің ерте сатысының өзінде банктер ақша қаржысын сақтауды, оларды, ішкі және сыртқы экономикалық, айналымдардан сауда операцияларына сәйкес аударуды қамтамасыз еткен және олар елдің ақша белгісін, екінші елдің валютасына айырбастаушы болып көрінген. Одан бері банктің ісінің техологиясы айтарлықтай өзгерген.
Қазігі кезеңде
нарықтық типпен дамыған
Қазақстан Республикасында «Қазақстан Респубикасы банктер жәе банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында «Қазақстанның екі денгейлі банк жүйесі бар бірінші денгейдегі мемлекеттің Ұлттық банкі, ал басқа бактердің барлығы екінші денгейлі яғни коммерциялық банктер» делінген.
Банк және тауарлы, ақшалай қарым қатынастардың даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүреді және өзара тығыз байланыста болады. Банктік шаруашылық өмірдің орталығы барлық эконмиканың негізгі түйіні болып табылады.
Банк жүйесінің даму тарихы
Банктер несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Себебi банк мемлекетпен кәсiпорындардың . Акционерлiк Қоғамның және шаруашылық субъектiлердiң халықтың бос ақшасын шоғырландырып iс жәзiндегi капиталға айналдырады. Осы айтып өткен бағытына байланысты банк төлем есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. операцияны жәргiзедi.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай ақ олардың қандай операцияларды орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банкттер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) ХIV-ХV ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI-XVII ғасырларда Венецияда,
Генуеде, Миланда, Амстердамда,
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде феодализм тұсында, пайда болған деп атайды. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктегі төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болғанын айтады /3/.
Дегенмен осы декектерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Банк италян сөзiнен Bank – орындық мағынада “Айырбас орындағы-Айырбас орны” дегендi бiлдiредi. Бұл айырбас орыны туарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың жекелеген тұлғалардың әртүрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олардың сауда саттық барысында әртүрлі формадағы монетаар кедескен. Банктер пайда болар алдын ақша сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларын айырбастуға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушылар біртінде, банкирлерге айналды,
Біздің түсінігімізше банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығы ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, оар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. IV ғасырда Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіпи отырған.
Тарихшылардың пайымдауынша алғашқы банктік операцияларды жекелеген тұлғалар және қолында ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері жүргізген екен.
Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары елгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің салымдары, ал Дельфада Аполлон шіркеуіне барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Сөйтіп, алғашқы банктер жинақталған ақша қаражаттарын қозғалыссыз жатуға болмайтындығын, оарды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.
Банктер несиелік оерациялар жүргізумен қатар, салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі.
Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Алғашы акционерлік банк Ағылшын банкі 1964 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алды.
Мұның өзі алғашқы бактердің капитализмнің мануфакиура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда блғанын куәландырады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышарттарын ғана сипаттайды.
Анықтамалық басылымдарда банк «ірі несиелік мекеме» ретінде сипатталады. Несиелік істің даму денгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналдыру нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беуін тоқтатады. Несие теке қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиентінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін бітұтас орталыққа айналды. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын яғни мемлекеттің құрылу кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандықтан тарих куә.
Ежелгі Римде нормалары болан, ол нормаларға сәйкес б.э.д. III ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерде кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қана қоймай, сондай ақ жер бөлімшелерін сатып алу сату, және басқа да операцияларды орындаған.