Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 09:06, контрольная работа
Экономиканың банк секторының дамуы кезеңiнде қаржы – несие құралдарының кешенiн орынды қолдануынан олардың өздерiнiң өмiршендiгi, ақша рыногындағы операцияларды жүргiзу нәтижесiнде табыс ала бiлу мүмкiндiгi, немесе керiсiнше, капиталын жоғалту және банкроттыққа ұшырау тәуекел деңгейiне тiкелей байланысты.
Банктің өтімділігін және табыстылығын басқару.
Экономиканың банк секторының
дамуы кезеңiнде қаржы – несие
құралдарының кешенiн орынды қолдануынан
олардың өздерiнiң өмiршендiгi, ақша
рыногындағы операцияларды
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың 2006 жылы 1 наурызында жасаған
Қазақстан халқына жолдауында және Қазақстан
өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында,
еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында
атап өткендей: “Біз Қазақстанның жаһандық
экономикалық үрдістерге сәйкес дамып
келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі
жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына
сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан
шағын да болса өзіне лайық “орын” иемденген,
әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам
бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.
Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны мүддемізге
пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп
тарапты халықаралық экономикалық жобаларға
белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те,
өйткені олар біздің жаһандық экономикамызға
кіруімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы
біздің қолайлы экономикалық – географиялық
жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға
сүйенеді.
Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамшылықтың
жолындағы заңнамалық, әкімшілік және
бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға,
жеке меншік капиталдың келешегі үлкен
кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетулерге
міндетті.
Еліміздің осы халықаралық экономикалық
ұйымға енуі Қазақстанның дүние жүзілік
рыноктағы бәсеке қабілеттілігін нығайту
үшін кең мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін.
Дегенмен осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалана
білу керек” деген болатын [1]. Осы орайда
егер, банк менеджерлерi банк тұрақтылығын
бақылайтын болса, оларға банктiң төлем
жасауға қабiлетсiздiгiн уайымдамауға болады.
Сондықтан олар үшiн бiрiншi орында сенiмдiлiк,
табыстылық және тәуекелдi ең төменгi шегiне
жеткiзудiң проблемасы тұр.
Коммерциялық банктердiң өз клиенттерiнен,
өзге банктерден, ақша және қаржы нарықтарынан,
сондай ақ банктердiң өзiндiк қаражаттарын
табыс алу мақсатында салу, яғни қаражаттарды
қолдану, жиынтығында олардың активтi
операцияларын құрайды. Коммерциялық
банктердiң негiзгi мақсаты табыс алу болғанымен,
олар өздерiнiң қаражатының барлығын дерлiк
табысы жоғары операцияларға (мысылы,
клиенттердi несиелеу) сала алмайды, өйткенi
активтi операцияларды жүргiзуде мұндай
банктер тартылған қаражаттардың қайтарымдылығын
қаматамасыз етуi қажет.
Банктердiң активтi операциялары, операциялардың
жекелеген түрлерi бойынша тәуекелдiң
тиiмдi бөлiнуi және қажеттi өтiмдiлiк деңгейiн
қолдап, заң нормаларын сақтай отырып,
тартылған және өзiндiк қаражаттарды қолдана
отырып жүзеге асыратын операциялары.
Көрсетiлген талаптарды сақтау қажеттiлiгiнен
банктер қаражаттарының бiр бөлiгiн пайдасы
төмен немесе, мүлдем пайда әкелмейтiн
салымдарға салуға мәжбүрлi. Екiншi жағыан,
банктiң қызметiн толық қамтамасыз ету
үшiн оның активiнде ғимарат, құрал жабдықтар,
филиалдық мекемелерге инвестициялар
деген баптар бар[2].
Активтi операцияларды өздерiнiң мiндеттерi
бойынша банк өтiмдiлiгiн қолдау мақсатындағы
және табыс алуға бағытталған операциялар
деп бөлуге болады. Бұл операциялар арасында
банк қызметiн қажеттi деңгейде қолдауға
қажеттi өзара қатынас жасалынады. Банк
өтiмдiлiгiн қолдауды мақсат қоятын салымдарға
жататындар:
- банк кассасындағы қолма- қол қаражат;
- орталық банктiң шотындағы қалдық;
- тез өткiзiлетiн бағалы қағаздарға инвестициялар;
- өзге банктердегi салымдар және шоттарындағы
қаражат.
Бiрқатар елдерде мемлекеттiк қарыз мiндеттемесiне
инвестициялар, несие алуда қамтамасыздандыру
сапасында немесе капитал нарығында тез
өткiзуге болатын қаражат ретiнде көрiнедi.
Жоғарыда аталған салымдардың кейбiреулерi
банкке белгiлi бiр табыс әкелгендiгiмен,
олардың қолда болуының негiзгi себептерiнiң
бiрi, банктiң жалпы өтiмдiлiгiн қолдау қажеттiлiгi.
Компаниялар мен фирмаларды, яғни корпоративтi
клиенттердi несиелеу бойынша банк операциялары,
мәнi тұрғысынан қаражаттарды өтiмдi жайғастыру
деп табылмайды, пайыздық ставкалар арасындағы
табысты алу мақсатында ғана жүзеге асырылады.
Төлем қабілеттiлiк және өтiмдiлiк тұрғысынан,
банктiк операциялар үшiн несиелiк тәуекел
және активтердi жайғастыру мәселелерi
де өте үлкен маңызға ие. Ресурстарды кассалық
қолма - қол қаражаттарға, орталық банктердегi
шот қалдықтарына, мемлекеттiк бағалы
қағаздарға орналастыру дамыған елдерде
нөлдiк тәуекел деңгейiнде болса, фирмаларға,
компанияларға және жеке тұлғаларға берiлген
несиелер, вексельге салым акцепт, өзгеде
ақша нарығының құралдарына салымдар
тәуекелдiлiктiң жоғарғы деңгейiмен жүргiзiледi.
Осыған байланысты банктiк операцияларды
жүргiзуде, банктер үшiн тәуекелдiң бөлiну
мәселесi және қандайда бiр операция түрiнде
олардың үлкен дәрежесiнiң болмауы мәселелерi
үлкен маңызға ие.
Халықаралық несие саласындағы коммерциялық
банктердiң операцияларына үлкен көңiл
бөлуге болады. Мұндай операциялар өзге
банктермен немесе олардың кепiлдiктерiмен
жүргiзiлгенiмен, ондағы өтiмдiлiк және тәуекелдiлiк
дәрежесi өтiмдiлiгi жоғары операциялардан
тәуекелдiлiгi төмен операцияларға дейiн
тербелiп отырады. Коммерциялық банктердiң
мұндай салада операцияларды жүргiзуi,
әрбiр несие түрi бойынша тәуекел дәрежесiн
ескеру негiзiнде болады.
Өтiмдiлiк және төлем қабiлеттiлiк банктердiң
қаржылық тұрақтылығының негiзгi кепiлi.
Банк тұрақтылығы оның сенiмдiлiгiне, табыстылығына
үлкен әсерiн тигiзетiн болғандықтан, бiз
әлемдiк тәжiрибедегi қазiргi кезде оларды
бағалау әдiстерiн оқып бiлуiмiз және осы
алған тәжiрибенi елiмiздiң банк тәжiрибесiне
енгiзуiмiз абзал.
Тақырыптың тағы бiр маңыздылығы қарастырылып
отырған банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiн
басқару әдiстерi. Қазақстанның банк жүйесiнiң
дамуымен және қалыптасуымен байланысты
сұрақтарды зерттеудiң жаңа бағыты болып
табылатындығында.
Факторлық талдау негiзiнде банк тұрақтылығының
банк қызметiне әсерiн зерттеу үшiн бiз
әлемдiк тәжiрибеге үлкен көңiл аударып
отырмыз және соның көмегi арқылы Қазақстанда
тиiмдi де пайдалы банк қызметiне әсер ететiн
жағдайларды анықтап, тәуекелден “қорғану”
әдiстерiн саралап отырмыз. Осы кешегi күнге
дейiн отандық банктер үшiн банк тұрақтылығына
әсер ететiн басты проблема болып алынған
несиелердi қайтармау проблемасы қаралып
келедi. Бұл мәселенi реттеуге Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкiнiң пруденциялдық
нормативтерi бағытталған.
Бүгiнде өзiнiң маңыздылығын жоғалтпай,
бұл проблеманың орнын басқа проблема
алады – ол активтер көлемiнiң жеткiлiктiлiгi.
Өзiмiздiң отандық банктер әлемдiк банк
тәжiрибесiнде бар барлық проблемалармен
кездестi деуге болмайды, бiрақ олардың
саны өсiп барады, ал бұл проблема Қазақстандық
банктер үшiн жаңа болып есептелiнедi, сондықтан
бұл тұрғыда қандай да бiр терең зерттеулер
жүргiзiлген жоқ. Осы орайда, банк тұрақтылығын
қамтамасыз ету саласындағы зерттулер
Қазақстанның банк жүйесiн реформалаудағы
ең түйiндi мәселе болып отыр. Барлық аталған
өзектi мәселелер және себептер осы диплом
жұмысының тақырыбын таңдауға, оның мақсаттары
мен негiзгi мiндеттерiн қорға өз әсерiн
тигiздi.
Диплом жұмысының басты мақсаты банк өтiмдiлiгi
мен төлем қабілеттiлiгiн басқару мәселелерiне
қатысты әлемдiк банк тәжiрибесiн зерттеу
және оның жергiлiктi жағдайға бейiмделуi
болып табылады. Банк өтiмдiлiгi мен төлем
қабілеттiлiгiн бағалау әдiстерi, сонымен
қатар Қазақстанның тұрақты банк жүйесiн
құрау үшiн қазiргi жағдайларда оларды
тиiмдi басқару әдiстерi өңделiп және жетiлдiрiлiп
жатыр.
Қойылған мақсат жұмыстың келесi мiндеттерiн
анықтайды:
1 Банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiн
басқару мәселесiмен байланысты теориялық
сұрақтарды оқып бiлу, олардың құрылымын
анықтау, банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгi
түсiнiгiнiң мазмұнын нақтылау;
2 Банктердiң тұрақты дамуына әсер ететiн
факторлар жүйесiн талдау немесе банк
өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгi моделi
мен принциптерiнiң тиiмдiлiгiн нақты практикалық
мысалдармен дәлелдеу;
3 Талдау нәтижелерi бойынша қорытындылар
қалыптастыру және отандық банк мекемелерi
үшiн банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiн
басқару мәселелерi бойынша нақты ұсыныстарды
өңдеп шығару.
Жұмыстың пәнi және объектiсi ретiнде банк
өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiн бағалау
құралдары және әдiстерiмен байланысты
теориялық және практикалық сұрақтар
саналады. Жұмыстың объектiсi Қазақстан
Республикасының екiншi деңгейдегi банктердiң
қызметi болып табылады.
Диплом жұмысының әдiстемелiк негiзiн Қазақстан
Республикасының банк қызметiн реттейтiн
заңдары, қаулылар, ережелер, отандық және
шетелдiк экономистердiң ғылыми еңбектерi,
оқулықтар, мерзiмдi басылымдардың материалдары
құрайды.
Диплом жұмысын жазудың мақсаты:
1) Екiншi деңгейлi банктердiң банк өтiмдiлiгi
мен төлем қабілеттiлiгiнiң теориялық негiздерi
мен экономикалық мазмұнын ашу.
2) Екiншi деңгейлi банктердiң банк өтiмдiлiгi
мен төлем қабілеттiлiгiне талдау жасау.
3) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi
банктерiнiң өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiн
ұйымдастыру тәртiбi және тиiмдiлiгiн арттыру
жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектi ретiнде Қазақстан Республикасының
екiншi деңгейлi банктерiнiң қызметтерi
алынған.
Диплом жұмысының методологиялық және
теориялық негiзi: отандық және шетелдiк
экономисттердiң жұмыстары, екiншi деңгейлi
банктердiң статистикалық деректерi, заңдар
және нормативтiк актiлер, Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банк ережелер.
Банк өтімділігі – бұл
салымшылар мен қарыз берушілер
алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында
және шығынсыз орындау қабілеттігі.
Банктің міндеттемелері нақты және потенциалды
деп екіге бөлінеді.Банктің нақты міндеттемелері:
талап ету депозиттері, мерзімді депозиттері,
тартылған банк аралық рессурстар, несие
берушілердің қаражаттары түрінде банктің
балансында көрсетіледі. Ал потенциалды:
немесе баланстан тыс міндеттемелерге:
банктен берген кепілхаттар, клиенттерге
несие желілерін ашу т.б. арқылы көрсетіледі.
Егер коммерциялық банктің борыштық және
қаржылық міндеттемелерді уақытында орындау
үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен
басқа да өтімді активтері болып, сонымен
қатар басқа көздерден қаражаттарды тез
арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті
болса, онда бұл өтімді банк б.т.
Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді,
сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін
міндеттемелерді уақытында орындауын
сипаттайды. Міндеттемелерді орындау
үшін кассадағы және корреспондентік
шоттардағы (Орталық банкте және басқа
да коммерциялық банктерде) қалдықтармен
сипатталатын банктік ақшалардың барлығы;
қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер;
банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен
алынатын банкаралық несиелер сияқты
қаражат көздері пайдаланылады
Осы аталған қаражат көздерін пайдалану
банк үшін шығыстармен байланысты болмау
керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі
ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа
активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын
ала келісіп қойған шарттардың негізінде
жүзеге асырылуы керек.
Банк өтімділігі мынадай қызметтерді
атқарады:
• депозиттиерді алу мен несиелерге байланысты
сұранысты қанағаттандыру;
• тиімділік тәуекелін азайту және банктің
сенімділігін қамтамсыз ету;
• активтерді зиянсыз сату
• тартылған қаражаттары бойынша төлей
алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.
Коммерциялық банкті басқару органдарына оның акционерлерінің жалпы жиналысы(жоғарғы басқару органы),Директорлар кеңесі (қадағау кеңесі)-жалпы басқару органы,банктің Басқармасы (атқарушы органы),банк Басқармасының төрағасы,тиісті операциялық қызмет басқармалары (дирекциялары),сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысы сайлайтын Ревизиялау (тексеріс)комиссиясы жатады.
Директорлар
кеңесінің төрағасы мен мүшелері,банк
Басқармасының төрағасы мен мүшелері,банктің
бас бухгалтері және оның орынбасарлары,банк
филиалының бірінші басшысы мен
бас бухгалтері,банктің тиісті басқармаларының
(дирекцияларының),
Коммерциялық банк аясындағы басқару мынадай:
1)Коммерциялық банктің қаржылық қызметін басқару (банкітің өтімділігін басқару;банк өтімділігін басқарудың қазіргі заманғы жолдары;табыстылықты басқару);
2)Банктік
тәуекелдері басқару(банктік
3)Банктік
маркетинг(банктік маркетинг
4)банк
қызметкерлерін басқару(
Коммерциялық
банктің ұйымдастырылу құрылымы
оның алға қойған стратегиялық мақсат-міндетеріне,негізгі
банктік операциялық қызметіне,
Коммерциялық
банктің құрылым ел эконмикасының
банктік секторында қалыптасқан
объективті-субъективті мән-
1.Коммерциялық
банк акционерлерінің жалпы
2.Кредиттік
басқарма:қысқа мерзімге
3.Валюталық басқарма:валюталық бөлім;шетелдік корреспонденттік шоттар бөлімі.
4.Депозиттік
операциялар басқармасы:қор
5.Делдалдық операциялар басқармасы: трастық (сенімгерлік) бөлімі; бағалы қағаздар бөлімі.
6.Есепке алу-операциялық басқармасы:есеп айырысу бөлімі;операциялық бөлім;кассалық операциялар бөлімі; инкассациялау бөлімі;бухгалтерия.
7.Қызметтер
көрсету бөлімдері:кадрлар
Информация о работе Банктің өтімділігін және табыстылығын басқару