Банкаралық ақша аударымдар жүйесі арқылы есеп айырысу

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:56, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының банктері нарықтық экономика жүйесіне өтті. Тәуелсіздік алғанымызда құрылған банктер нарықтық экономикада жақсы жұмыс істеп, соның нәтижесінде пайда алу үшін көптеген әдістер іздестірді. Негізінде Қазақстанның банктерінің кірістері тәуелсіз алған жылдан бастап, қаіргіге дейін онша жоғары көлемде болған жоқ еді. Бірақ, соңғы жылдары, яғни 2003 жылдан бастап банктердің кірістілігі артуда. Оған дәлел болып келетін статистикалық мәліметтер.

Содержание

Кіріспе.
I Бөлім. Кірістер мен шығындарды белгілеудегі критериялары мен әдістері
1.1. Кірістер мен шығындардың белгіленуі
1.2. банктің ақша аударымдар жүйесінің жіктелуі

II Бөлім. Қаржылық нәтижені анықтаудағы кірістер мен шығындар есебінің көрінісі
2.1. Банктің кіріс операциясының есебі.
2.2.Банктің шығын операциясының есебі

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Банкаралық ақша аударымдар жүйесі арқылы есеп айырысу.DOC

— 161.00 Кб (Скачать)

Бағалы қағаздармен  бизнес мынадай элементтерді қамтиды:

  1. банктің өзінің бағалы қағаздарын шығару
  2. оларды нарыққа сату
  3. кәсіпорындарды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқада эмитенттердің бағалы қағаздары мен қайталама нарықтағы операциялары.

Мұндай бизнестен түсетін  табыстар келесідей көзден құралады:

  1. өзінің және басқада эмитенттердің бағалы қағаздарын сату барысында бағамдық айымадан
  2. жекешелендіруге байланысты көрсеткен қызметі (жекешелендірілетін кәсіпорынның есебін талап етілетін стандартқа жеткізу, оның құнын бағалау, акцияларды шығару және орналастыру, реестр жүргізу) үшін комиссия

Салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша  операцияларды жүзеге асыру бизнесі банкке мынандай формаларда табыс алуға мүмкіндік береді:

    • комиссиондық сый-ақылар:
  • шот ашқаны үшін
  • шотты жүргізгені үшін
    • белгілі бір мерзім ішінде белгіленген комиссия (ақша белгісінде)
    • айналымнан алынатын комиссия (айналымнан пайыз түрінде алу)
  • шот бойынша операциялар туралы көшірме берген          үшін
  • шотты жабу үшін
  • қолма-қол ақша беруге немесе есеп айырысуға байланысты операциларды жүргізгені үшін
  • банктің корреспондеттік қатынасы бойынша басқа банктердегі корреспондеттік шоттарындағы кредиттік қалдық үшін алатын пайызы
  • дәстүрлі емес табыс түрлері банктің лизингтік, ақпараттық, кеңес беру, валюта айырбастауға байланысты, клиенттерге оқытып-үйреткені үшін және тағы басқа алынатын табыстар.  Мұндағы лизингтік операциялардан түсетін табысқа; лизингтік төлемдер, пайыздық төлем және комиссия жатады.

Бактің барлық табысын үш топқа бөлуге болады:

  1. пайыздық табыстар;
  2. банктік қызмет көрсетуден алатын комиссиялар;
  3. басқа да табыстар (бағамдық айырма, яғни баланстық құны мен нарықтық құны арасындағы айырма, алынған айып-пұлдар, пениялар және т.с.с.).

пайыздық табыс комиссиялар мен ұштасуы мүмкін. Мысалға, несиелік және факторингтік операциялардан банк пайыздық төлем мен комииссияға иеленеді.

Несиелік пайыз – пайыздық табысьтың басты көзі ретінде банктің берген несиелері үшін қарыз алушылардың төлейтін төлемі болып табылады. Несиелік пайзды мынадай белгілерге байланысты іктеуге болады:

    • несие формасына қарай: коммерциялық, банктік, тұтынку несиелерінің пайызы және т.с.с.;
    • несиелік мекеменің түріне байланысты: орталық Банктің есепке алу пайызы, банктік, ламбарттық;
    • несиелердің мерзіміне қарай: қысқа менрзімді несиелер бойынша пайыз, ұзақ мерзімді несиелер бойынша пайыз;
    • несиелер түріне байланысты: овердрафт, бойынша айналым құралдарына берілген несиелер, вексельдерді есепке алу, мақсатты несиелер бойынша пайызы;
    • операциялар түрлеріне қарай: несиелер бойынша пайыз, банкаралық несиелер бойынша пайыз, депозиттік пайыз бағалы қағаздар мен облигациялар бойынша пайыз;
    • есептеу тәсіліне қарай: жай және күрделі, қарапайым және тура және т.б.

комиссия – банктік операция үшін сый-ақы, латын тілінен аударғанда «comissio»  сөзі тапсырма дегенді білдіреді. Оның мөлшеріне көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны мен қажетті пайда жатады.

Табыс көздері екіге  бөлінеді:

    • тұрақты, оған банктік қызметтен алынатын пайыздық және пайызсыз табыстар жатады;
    • тұрақсыз, оған қайталама нарықтағы бағалы қағаздар мен жасалатын операциялардан және көзге көрінбейтін операциялардан алатын табыстарды жатқызуға болады.

Банктің кірісі ұлттық валютада есептелінеді және мыналардан тұрады:

    • банктің сый-ақы алуына байланысты:
    • ұлттық банктегі және басқа банктердегі корреспонденттік шоттар бойынша;
    • ұлттық банкте орналастырылған депозиттер бойынша;
    • ұлттық банкте қайта қаржыландыруға жарамды жоғары өтімді бағалы қағаздар мен қазыналық міндеттемелер бойынша;
    • сатуға арналған бағалы қағаздар бойынша;
    • басқа да бағалы бағалы қағаздар бойынша;
    • басқа банктерде орналастырылған депозиттер бойынша;
    • басқа банктерге берілген несиелер бойынша;
    • клиенттерге берілген несиелер бойынша;
    • инвеститцияға салымдар және субординарлық қарыздар бойынша;
    • филиалдармен есеп айыру бойынша;
    • лизингтік, факторингтік опреациялар бойынша.
    • банктік қызмет үшін комиссиондық кірістеріне байланысты:
    • аудару операциясы бойынша;
    • бағалы қағаздарды сату, сатып алу бойынша;
    • шетел валюталарын сату, сатып алу бойынша;
    • сақтандыру операциясы бойынша;
    • трасстық операциялар бойынша;
    • кепіл беру бойынша,
    • клиенттердің салымдары мен шоттарын жүргізу бойынша;
    • басқа да комисиондық кірістер.
    • бағалы қағаздар мен акциялар бойынша дивиденттер;
    • есеп кассалық қызметі үшін клиенттерден төленген төлем, клиенттерден телеграфтық, телефондық шығындар төленуі;
    • шетел валютасын сату, сатып алу немесе қайта бағалау бойынша кіріс;
    • қайта бағаланған сатуға жарамды бағалы қағаздарджы сату, сатып алу кіріс;
    • инкассация үшін төлем;
    • кәсіпорындарға, мекемелер мен банктерге көрсеткен басқа да қызметі үшін төлем;
    • банктің негізгі құралдарын және басқа да активтерін сату бойынша кіріс;
    • банк шығыны есебінен өшіріліп, орнына салынған сома;
    • осы жылда анықталған өткен кезең кірісі (өткен жылдағы қателіктерді табу): бұл кіріс түрі банктің клиентке артық төлеп жіберуінен талап етілген сый-ақылар мен комиссиялардан, қарыздардың ерте бастан үмітсіз деп жазылуынан және қарыздардың түсуінен құралады;
    • банк қызметкерінен кінәсінен болған шығындар үшін төленген айып сомасы;
    • алынған айып пұлдар, өсім-ақылар, тұрақсыздықтар және басқа да санкцияларды қолданудан түскен сомалар. Сонымен қатар есеп операцияларын жүргізудегі ережелерді бұзғаны үшін клиенттен алынған айып пұлдары да жатады;
    • банк меншігіндегі мүлікті жалға беруіне байланысты түскен сома. Сонымен қатар, жасалынған келісім-шарттарға сәкес факторингтік және форфейтингтік операциялардың жүзеге асырылуынан болатын түсімдер.
    • күтпеген кірістер (банктің күтпеген жағдайдан келетін кіріс түрі);
    • банктің басқа да кірістері (бұған банктің басқа да әртүрлі кірістері жатқызылады).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 БӨЛІМ.  Қаржылық нәтижені анықтаудағы кірістер мен шығындар есебінің көрінісі.

2.1. банктің кіріс операциясының есебі.

банктің кірістер есебін жүргізу үшін IV класында мынадай шоттар ашылған:

4100 - «Ұлттық Банкте  орналастырылған депозиттер бойынша  сый-ақы (мүдделік) алумен байланысты  кірістер».

4200 – «Сатуға арналған  бағалы қағаздар бойынша сый-ақы  алумен байланысты кірістер».

4300 – «Басқа банктерге  ұсынылған несиелер мен аванстар  бойынша сый-ақы алумен байланысты  кірістер».

4400 – «клиенттерге ұсынылған несиелер бойынша сый-ақы алумен байланысты кірістер».

4500 – «Дилинг операциялары  бойынша кірістер».

4600 – «Банктің комиссиондық  кірістері».

4700 – «Банктің қайта  бағалаудан кірістері».

4800  -  «Басқа да  операциялық кірістері».

4900 – «Айыптар, өсім  ақылар, тұрақсыздықтар».

4999 – «салыққа дейінгі кірістер».

Банк кірісін есептегенде  оның сәйкестігі мен бақылануы қадағаланады. Қызмет көрсетілген кезде клиенттер мен енгізілген сомалар банк балансында бейнеленеді. Заңды және жеке тұлғаларға көрсетілген қызмет үшін алынған нақты ақша түріндегі комиссиондық кіріс:

Дт – 1001

                   Кт – 4801, 4802, 4920

4801 – «жалға беру бойынша кірістер».

4802 – «Басқа да операциялық  кірістер».

4920 – «Басқа да кірістер».

Заңды тұлғаларға көрсетілген  қызмет үшін нақты ақшасыз түрдегі  комиссиондық кіріс:

Дт – 1051, 2203, 1351

Кт – 4250, 4300, 4400

 Жеке тұлғаларға көрсетілген қызмет үшін нақты ақшасыз түрдегі алынған комиссиондық кіріс:

  Дт – 2215 – 2223, 2211

 Кт – 4250, 4300, 4400

Келесі кезеңге төленетін  кірістердің есебі, есеп беру кезеңінің  соңында жүргізіледі:

                                                Дт – 1740, 1860

  Кт – 4250, 4300, 4400

Төлем мерзімі жеткен кезде құжаттардың алдын-ала төлемі түскен кезде:

                                               Дт – 2751

                                               Кт –  4411, 4417

Ағымды айдағы несие  немесе депозит үшін түскен құжаттардың сомасы:

Дт –2203, 1051, 1351

 Кт – 4250, 4300, 4400

Факторинг операциясы бойынша  комиссиондық төлемдерді іздестіру  үшін клиенттің ағымды шотынан ақша қаражаттарын өшіреді:

                                                       Дт – 2203

                                               Кт – 4407

4407 – «факторинг бойнша  сый-ақы алумен байланысты кірістер».

Қарызды нақты ақшамен  берген кезде қарызшыдан нақты ақшаны инкоссациялағаны үшін комиссиондық төлем  іздестіріледі:

                                              Дт – 2221

                                              Кт – 4608 – комиссия

                                              Кт - 1001 

Жалдық төлемді алған  кезде:

                    Дт – 2203 – жалгердің  ағымды шоты

                       Кт – 4801 – жалға беру бойынша  кіріс

 

 

Қаржылық лизинг бойынша  сый-ақы есептегенде:

                                            Дт – 1730, 1740

                                            Кт – 4305, 4420

4305 – «Басқа банктерге ұсынылған қаржылық лизингтер бойынша сый-ақы алумен байланысты кірістер».

4420 – «Клиенттерге  қаржылық бойынша сый-ақы алумен  байланысты кірістер».

Негізгі құралды сатудан  кіріс алғанда:

  Дт – 1001, 2203

                                             Кт – 4920, 4852

4852 – «Негізгі құралдарды  сатып өткізуден түсімдер».

Бағалы қағазды немесе шетел валютасын өткізуден кіріс:

                                              Дт – 1859

                                              Кт – 4530

1859 – «Шетел валютасының  тенгедегі бақылау құны (ұзын валюталық позицияның)».

4530 – «Шетел валютасын  сатып алу, сатумен байланысты  кірістер».

Тауарлы материалдық  артықтарды сатудан кіріс:

                                               Дт – 1001, 2203

                                                Кт – 4853

4853 – «Материалдарды  сатып өткізуден түскен түсімдер».

Инкассация үшін төлем:

                                                        Дт – 2203

                                                        Кт –   4608

4608 – «Банктің басқа да комиссиондық кірістері».

Тексеру кезінде кассадан ақшаның артықшылығы табылса:

                                                       Дт – 1001

                                                       Кт – 4920

Ақша қаржыларын аудару қызметі үшін алынған комиссиондық төлем:

                                               Дт –2203

                                               Кт – 4601

4601 – «банк қызметінің аудару операциялары бойынша комиссиондық кірістері».

Банктің басқа да операцияларынан болатын айыптар, өсім-ақылар, тұрақсыздықтар үшін алынған төлем:

Дт – 1001, 2203, 1051

                                               Кт – 4900

Қарызшының несиені  пайдаланғаны үшін сый-ақы қосылған, бірақ іздестірілмеген кезде:

                                                Дт – 1740

                                                Кт – 4411, 4417

 

 

2.2. Банктің шығын операциясының  есебі.

 

банктің операциялық шығындары дегеніміз – есеп беру кезінде экономикалық пайданың ағымды түрдегі, активтерді қолдану түрінде немесе меншікті капиталдың азаюына әкелетін берешектің пайда болуы. Шығындар есептеу әдісі бойынша тенгеде есептелінеді, яғни ағымды айға немесе жылға тиісті бөлігі жіберіледі.

Осы шығындар есебі үшін V класта шоттар ашылған:

5020 – «Талап ету  депозиті бойынша сый-ақы төлеумен байланысты шығындар».

5150 – «Филиалдар арасындағы  есеп айырулар бойынша сый-ақы  төлеумен байланысты шығындар».

5200 – «Клиент депозиттері  бойынша сый-ақы төлеумен байланысты  шығындар».

5300 – «Бағалы қағаздар  және кері сатып алу бойынша сый-ақы төлеумен байланысты шығындар».

5450 – «Қамтуға ассигнования».

5500 – «Дилинг операциялары  бойынша жоғалтулар».

5600 – «Банктің комиссиондық  шығындары».

5720 – «Еңбек ақы төлеу, жол сапар және міндетті аударулар бойынша шыындар».

5740 – «Жалпы шаруашылық шығындар».

5780 – «Амортизациялық  аударулар».

5900 – «Айыптар, өсім-ақылар, тұрақсыздықтар».

5940 – «Күтпеген шығындар».

5999 – «Табыс салығы»

Банктің операциялық  шығынының көп бөлігін алынған  депозиттермен несиелер бойынша  сый-ақылар құрайды.

Міндеттемелер бойынша  сый-ақыларды есептегенде:

                                                      Дт – 5020, 5055

                                               Кт – 2700, 2720

Комиссиондық шығындар төленген уақытта немесе төлеуші  келіскенде қабылданады:

                                              Дт – 5601 - 5608

                                               Кт – 1051, 2203

Информация о работе Банкаралық ақша аударымдар жүйесі арқылы есеп айырысу