Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 17:04, курсовая работа
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағындаКСРО ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихы мен тығыз байланысты болып келеді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кіреді.
Кіріспе
І-тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
1.1. Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі
1.2. Қазақстан Республикасындағы 91 жылдан бергі банк реформасы және 95 жылғы банк жүйесін реформалау
1.3. Банктік қызметтердің ұйымдық негізі, банктердің типтері
ІІ-тарау. Ұлттық банк жүйесі
2.1. Банктердің Ұлттық, Орталық және Коммерциялық банктермен қарым –қатынасы
2.2. Банктер және олардың клиенттері арасындағы қарым –қатынасы
2.3. Банктік қызметтерді бақылау мен қадағалау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қоғамда бір бір класқа ие коммерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердің экономикалық рөлі күшеюде: Олардың жұмысында бірінші орынға әкімшілдік -әміршілік әдістердің орнын –экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп, экономикаға банктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта түседі.
Бұл жағдайда экономикада
инфляцияның төмендеуінде және олардың
нарықтық жолға көшуінде, ең алдымен
меншікті жекешелендіру мен
Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 300 ден 250 пайызға дейін төмендеуі мен несиелік ресурстар аукциондағы пайыздық мөлшерлеменің 460 тан 280 пайызға төмендеуі, яғни несие үшін төлем сұраныс пен ұсыныс негізінде анықтаған нарыққа айналды. Теңгенің ресми және бейресми валюталық бағамдарының жақындасу тенденциясы бар. Аукциондарда қысқа мерзімді қазыналық вексельдердің сату көлемі жоғарлауда. Инфляция төлемдерінің жағымды сәті ретінде Ұлттық банктің директивті несиелерді беруден бас тартуын атауға болады және олар тек агроөнеркәсіптік несие үшін ғана сақталады. Несиелік ресурсар аукциондарда сатылады.
Ұлттық банк үкіметтің шығындарына несиелер беруді максималды төмендетуде. Мұндай барлық шаралар ұлттық валютаның тұрақтануы және төмендеуі бойынша жағымды нәтижелер береді.
Мемлекеттік меншікке реформа жүргізуде банктердің рөлі маңызды. Банктердің активтері мен пассивтерінің сапасы толығымен, олар қызмет көрсететін клиенттерінің қаржылық жағдайына байланысты. Осы орайда банктік реформа мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру үрдісінен бөлек жүргізілмеуі керек. Сондықтан бан,ктік реформаның негізгі мақсатының бірі –экономикалық жеке секторын құру және кәсіпорындарды жекешелендіруде демеушілік көрсету болып табылады. Бұдан келіп шығатыны –банктік реформа. Мемлекет меншікті жекешелендірудің мүдделеріне бағынуы керек. Өйтпесе олар шығынды несиелерден арыла алмайды. Бұл қазіргі кезде көптеген мемлекет кәсіпорындарының несие портфелі сапасының төмендігіне байланысты.
Банктік реформа кәсіпорындарды тарату және қайта құруда өз үлесін алуы керек. Бұл шығынды және төлем қабілетсіз кәсіпорындарды несиелеуді шектеу мен қатар өміршең кәсіпорындарды несиелеу мүмкіндігін кеңейтеді. Көп шығынды кәсіпорынның өміршең кәсіпорындардын бөлініп және олардың жаңадан құрылған даму банкінеберілуі арқылы қызмет көрсетілуі қалған банктерден нашар, әрекетсіз несиелердің шоғырландыруын болдырмауы тиіс.
Банктік жүйенің
реформасы инвестициялық
Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіпорындардың банктен несие алуларын қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді. Осы мерзімде ол шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруды ынталандырады.
Жекешелендіруші кәсіпорындаға республикада банктік реформаны құрудың барысында қажетті ипотекалық банктер, маңызды көмек көрсетеді, яғни бұл жерде әңгіме жекелендіруші кәсіпорындарға, оған тиісті мүлікті кепілге ала отырып, ипотекалық банктің ұзақ мерзімді несиесін беру мүмкіндігі туралы болып табылады. Бірақ ол үшін ең алдымен Заң базасын жасау керек.
1.2. Қазақстандағы 1991 жылдан бергі банк реформасы және 95 жылғы банк жүйесін реформалау
Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктердің өз жүйесі шеңберіңдегі, оның жекеленген буындарының арасындағы өзара қарым –қатынастар жүйесін қайта құру, жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор.
Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі, дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегінде макроэкономикалық формасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп сынайды. Бірінші категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра боп қалған мақсатты несие мен банктік тәжірибені мемлекеттік үлестіру жүйесінің ескі тәжірибесімен келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесі. Екінші категорияға банктердің «сапасыз» қарыздары мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындарын жатқызымыз.
Бұл мәселелер өміршең мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қаржылық ресурстардың өміршең емес кәсіпорындарының пайдасына кетуіне жол береді.
Бұдан басқа бұрынғы жүйе мекемелер мен кәсіпорындар арасында төлем төлеулер мен есеп айырысуларды дұрыс жүргізе алмады.
1992 жыл ішінде
Қазақстанның экономикасына нес
1993 жылы Ұлттық банктен
7,5 млрд. Теңге сомасында
Ұлттық банкінің несиені қайта қаржыландыру тәжірибесінің жетіспеушілігі келесіде: банктер қаржылық емес несиелерге емін –еркін кіру мүмкіндігіне ие бола отырып, депозиттік ресурстарды өз бетінше шоғырландыру ынтасынан айырылуда. Бұдан басқа мұндай несиелерді субъективтік негізде орналастыруда кедергі болған тағы да бір фактор –бұл төмен пайыздық мөлшерлеме қарыздарға деген қажеттіліктің көбеюіне және несиелік тапсырыс бойынша орталықтандырылған тікелей несиелендірген мемлекеттік кәсіпорынның қаржылық тәжірибесінің әлсіреуіне әсер етеді.
Мемлекеттік кәсіпорындар мұндағы арзан несиелерді алып, көбінесе оларды инвестор үшін емес, жалақы төлеуге және материалды құндылықтарды жинақтау үшін пайдаланады. Инфляция деңгейі мен Ұлттық банк несиесінің номиналдық пайыз мөлшерлемесін салыстыруға болады: соңғысы 1992 жыл наурыз айында 25 пайызға жылдық мөлшерлемені құраса, бөлшек сауда бағаларының жылдық инфляциясы 500 пайыздан жоғары болған. 1992 жылы қараша айында номиналды пайыздық мөлшерлемесі 65 пайызға дейін жоғарлағанда, инфляция 1000 пайызды құраған. Бұл кезде арзан несие алатын кәсіпорындар өздерінің қаржылық жағдайын жақсартуға және жұмыстарын қайта құруға асыға қоймады.
Осылайша мемлекеттік кәсіпорындарды қолдайтын тікелей несиелеу саясатының төменгі пайыздық мөлшерлеме саясатымен берілуі несиелік ресурстарды дұрыс орналастырмауға әкеледі.
Арнайы банктердің өздерінің кәсіпорындарын олардың өтімділігін ескермей, тікелей несиелендіру мерзімі өтіп кеткен қарыздарының ұлғаюына әкеліп соқтырады, ал осы кезде жаңадан пайда болған нарықтық қатынастарға бағытталған кәсіпорындар банктерден несие алуға қол жеткізе алмады.
Төменгі пайыздық мөлшерлемесінің
саясаты жинақ ақшаларды
Несиелік ресурстарды үлестіру сипатына мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялық және жеңілдетілген несиелерді беру тәжірибесі кері әсерін тигізеді. Субсидиялық несиелер толтыруы әлеуметтік қорғауға арналған, сонымен қатар кәсіпорындардың дәстүрлі тиімсіз жұмыстарын көрсететін шығындар, т.б. Олар Ұлттық банктердің қайта қаржыландыратын несиелерге қарағанда, төменгі пайыздық (1992 жыл 4 тоқсанында 65 паыз төмен) мөлшерлеме бойынша беріледі.
1992 жыл Ұлттық банктің несиелерінің үлесі барлық қайта қаржыландырылған несиелерінің 70 пайызын немесе барлық несиелік салымның 42 пайызын құрады. Жеңілдікті несиелердің негізгі бөлігі ауылшаруашылық және дайындаушы кәсіпорындардың үлесіне тиді.
1993 жыл мақсаты үкіметтік
бағдарламаларға берілетін
Ұлттық банк кәсіпорындарының қарыздарының жаппай есеп айырысуын жүргізу кезінде қарық кәсіпорындарға субсидиялық жеңілдетілген несиелер берді. 1992 жылы осы мақсаттарға берілген несиелердің үлесі барлық жеңілдік несиелерінің 30 пайызы болды. Несиенің негізгі бөлігі өтелмей қалды.
Дегенмен жоғарда аталған несиелер кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға берілгені мен де, олар кәсіпорындар шығындарын қаржыландырудың құралына айналды. Сонымен қатар, субсидиялық және жеңілдетілген несиелер бойынша номиналды пайыздық мөлшерлемесі мен инфляция деңгейінің арасындағы үлкен айырмашылық қаржылық алып –сатарлыққа мүмкіндік туғызды.
Несиелік жұмсалымдардың жалпы сомасында мемлекеттік емес қарыз бюджеттің тапшылығын жабу үшін үкіметке берілген несиенің үлес салмағы жоғары: 1992 жылы 1 қаңтарда олар тиісінше 13,7 және 11 пайызды құраса, 1993 жылы 1 қаңтарда 1,5 және 2 пайыз, ал 1993 жылы бюджеттік тапшылықты жабуға 877 млн. теңге берілді немесе ол несиенің барлық сомасының 11,8 пайызды құрайды.
1991 жылы 1 қаңтарда
уақында төленбеген есеп
1992 жыл соңында
Қазақстан мен Ресей, екі
1993 жылғы қараша айында Ұлттық банкке Ұлттық валютаның енуімен ақша несие саясатын жүзеге асыру, бюджетпен банктер мен өзара қарым қатынаста классикалық қағидаларды ендіруі банктердің қызметтерін реттеу жүйесін нығайтуға қатысты толық жауапкершілік жүктелді.
Ұлттық валютаның еңгізілуі сәтінен бастап, 1995 жылға дейін орталық банктің қызметін атқару жүйе қызметін реттеп отыратын нормативтік құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлерімен тәжірибесі жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай –несиелік саясат жүргізу тәжірибесін қолға алды.
1995 жылы 15 ақпан айында
Қазақстан Республикасы
Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейін сәтті жүзеге асырылған жағдайда келесілерге қол жеткізу мүмкіндігі болжанған:
Ұлттық банкінің негізінен алассикалық орталық банктерге тән валюталық және ақшалай несиелік реттеулердің барлық құралдар жиынтығын еңгізуді аяқтау және оны пайдалану. Бұл өз кезегінде Ұлттық банкке тиімді ақшалай несиелік саясатын жүргізуге және банктік заңдармен анықталған Ұлттық банкінің белгіленген негізгі міндеттерді толығымен орындалуына мүмкіндік береді.
Экономикалық ынталандыруды дұрыс қолдану мен нормативтік реттеуді жетілдіру және Ұлттық банк тарапынан бақылауды күшейту есебінен барлық коммерциялық банктер қызметінің сапасын жақсартуды жүзеге асыру; олардың капиталдандыру деңгейін жоғарылату және халықаралық стандарттарға сай банктер тобын қалыптастыру.
Банкааралық несиелік және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету жолдарымен оларда қалыптасатын пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағам тұрақтылығына қол жеткізу, ал Ұлттық банк оларға тек өзінің тікелей және жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етеді;