Банк тәуекелі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 17:07, реферат

Описание работы

Бүгінгі күні Қазақстанның несие нарығы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың несие жүйесінің дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда несие жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және несие құралдарына халықтың сенімін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас бөлігі болған Қазақстан Республикасының несие жүйесі болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Несиелік тәуекел
Банктік несиелеуді сақтандыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

банк тауекели.doc

— 74.00 Кб (Скачать)

         Сақтандыру қатынастарына біріншіден  сақтандырушылар мен сақтанушы,  екіншіден басқа заңды және  жеке тұлғалар- сақтандырылғандар,  сақтандыру агенттері, брокерлер,  банк мекемелері, қаржы, салық,  құқық қорғау ұйымдары, мемлекеттік билік ұйымдары және т.б. қатынасады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

        Жоғарыда айтып кеткендейкез-келген  елде несие жүйесін ұйымдастыру  басты және өзекті мәселелердің  бірі болып табылады. Біздің еліміздің  несие жүйесін дамыған елдер  тәжірибесіне сүйене отырып жасауда. Оған дәлел ретінде мынадай мысал келтіруге болады. Бұрын банктік несие орталықтан қатаң басқарылып, қарыз алушыларға белгілі бір мақсатқа және белгілі бір шектеулі сома берілетін. Қазір нарықтық экономика жағдайында жылжымайтын мүлікті кепілдікке салып күрделі қаражат алуға мүмкіндік бар. Терең экономикалық өзгерістер әлемдік қауымдастыққа ену мемлекеттің несие жүйесін сәйкес түрде өзгертті.

        Қазіргі несие жүйесі күрделі,  әрі көп буынды құрылым. Егер  несие мекемлерінің клиенттерге көрсететін қызметтүрлерін негізге алғанда несие жүйесі үш элементтен құрылады. Орталық банк, коммерциялық банктер және маманданған несие – қаржы институттары. Бұл институттардың коммерциялық банктерден негізгі өзгешелігі – халықтың жинағын тарту арқылы ресурс жинақтау, ал коммерциялақ банктер өз пассивтерін негізінен заңды тұлғалардың уақытша бос қаражатын тарту арқылы құрастырады. Біздің мемлекетте «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы бойынша банк емес мекемелерге депозиттер қабылдауға қатаң тиым салынған, сондықтан Қазақстанда

     Тікелей халықтан депозит жинақтайтын, банк емес институттардың кең таруы мүмкін емес.

        Қазақстан банк жүйесінде банктің  тиімді жұмыс атқаруы үшін проблемалық несиелер банктік бөлімшесі ашылды. Бұл өз алдына, клиенттің төлем қабілетін бағалау, несиені алуға құжаттардың жеткілікті т.б. шарттарын зерттеп, алдында жіберген қателерді ашу керек. Ол осындай қателерді болдырмаудағы тәжірибе жинақтау және болдырмау, пайда болатын несиелерді қайтармаудың негативті экономикалық салдарын минимизациялау болып отыр.

        Айта кететін жайт, банктердің  қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі  болуға тиіс. Ең алдымен, мұның  меншік құрылымы мен аффилирленген  тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілеті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек.Банктердің инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффилирленген тұлғалармен жасалатын мәмәлелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау агенттігінің бұл жұмысты батыл жүргізуі қажет.                    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қр Ұлттық банкі.Статистикалық бюллетень №1(110) қаңтар 2004.
  2. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы/ Алматы; Экономика 2006 – 328бет
  3. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы./ Алматы: Издат Маркет, 2004 – 246бет
  4. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары . Оқу құралы./ Алматы: Издат Маркет, 2007 – 246бет
  5. Саниев М.С. Ақша. Несие. Банктер: Оқу құралы Алматы; Алматы экономика және статистика институты, 2005 – 165бет
  6. Ақша. Несие. Банктер: Оқклық/ Жалпы редакциясын басқарған Ғ.Сғ Сейітқасымов. Алматы; Экономика, 2004 – 466бет
  7. Шаяхметова К:О: Банктік тәуекелдер; Оқу құралы, - Алматы: Қазақ университеті, 2007 ж

Информация о работе Банк тәуекелі