Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 14:09, реферат

Описание работы

Қазақстан нарықтық экономикаға өткеннен кейін елімізде бірқатар өзгерістер орын алды. Соның ішінде банктік секторды дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асырды. Біртіндеп жаңа заңдар, нормативтік актілер қабылданып банк жүйесінің дамуына жол ашып берді.

Содержание

Кіріспе

I тарау. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы орны мен рөлі.
1.1. Комерциялық банк бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушы ретінде.
1.2. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктің жүргізетін қызметтері.
1.2.1.Андеррайтингалық қызмет
1.2.2.Брокер, дилерлік қызмет
1.2.3.Кастодиандық қызмет
1.2.4.Репо операциясы
II Тарау.Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің дамуы мен проблемалары.
2.1. Қазақстандық коммерциялық банктің эмитент ретіндегі қызметіне талдау.
2.1.1.Коммерциялық банктің акция шығару мен тіркеу тәртібі.
2.1.2.Облигацияларды шығару тәртібі.
2.1.3.Сертификаттар мен вексельді шығару және айналысқа ендіру тәртібі.
2.2. Банк – кастодиан проблемалары мен перспективасы.

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктер.docx

— 53.48 Кб (Скачать)

      Андеррайтерлер тобы өз қызметін жүргізуде алынатын пайданың қағидалары негізінде эмиссионды синдикат құрады. Эмиссионды синдикат заңды тұлға болып табылмайды, өйткені, ол бағалы қағаздардың нақты шығарылымына негізделетін бірегей міндеттемелерді шешу үшін инвестициялық компаниялардың уақытша құрылатын ұйым болады.

      Синдикат құрудың мақсаты – андеррайтерлер арасында бағалы қағаздарды бөлу жолымен жүргізілетін жаңа эмиссияның тәуекелін басқару.       Андеррайтингтік бірнеше түрлерін ажыратады:

  • келісім андеррайтингі, мұнда эмиссияның бағалық шарттары эмитент пен тек бір синдикат менеджері арасында келіссөз негізінде қабылданады;
  • бәсекелесті андеррайтинг, мұнда эмиссияны дайындауда бәсекелестік бастауларды бірқатар андеррайтерлер жүргізеді, олардың әрқайсысы бағалық шарттарды, эмиссиялық синдикатты дайындайды. Эмитент андеррайтерді конкурстық өтініштер бойынша бағалық жағдайларға негізделіп таңдайды.

        Бағалы қағаздарды ашық орналастыруы андеррайтерлерден эмитентте бизнес жағдайы мен қаржылық жағдайлар талдауын жүргізуге міндеттейді. Андеррайтерлер инвесторлар үшін қажет шешім қабылдауда эмиссия проспектісінде болатын барлық ақпараттар көлемін беруі керек.

      Барлық андеррайтерлер үшін жаңа эмиссия процесінің жетістікті аяқталуын тиімді басқару болып табылады. Бұл процесс мәміленің әрбір

cатысында жоғары стандарттарды қолдайтын үлкен қажеттілікті талап етеді. Ол келісім бастамасынан басталып және клиент жағынан мәміленің жасалуымен аяқталады. 

 

1.2.2. Брокерлік және дилерлік  қызмет.

 

        Банктер бағалы қағаздар нарығында қаржылық брокер ретінде клиент атынан және оның шотынан бағалы қағаздар бойынша сату, сатып-алу функциясын атқаратын делдалдар (агенттер). Банктер, комиссионерлер ретінде бағалы қағаздарды сату-сатып алу мәмілелерін өз атынан клиент шотынан жүзеге асырады. Осы жағдайда банк комиссия келісім шартына негізделеді және клиент талабы бойынша өз атынан бір немесе бірнеше мәмілелерді жасауды ұйғарады және сыйақы алады. Комиссия шарты белгілі-бір мерзімнің көрсетілуімен немесе көрсетілмей-ақ жасалуы мүмкін.

       Банктер өз клиенттері үшін бағалы қағаздарды сату-сатып алу бойынша мәмілелерді тапсырыс берушінің келісім-шарты негізінде жасайды. Сонымен қатар, банктер клиенттердің бағалы қағаздарын сату-сатып алу мәмілелерін биржалық және биржалық емес нарықта да жасай алады. Банк клиент өтінішін қанағаттандыру үшін өзінің портфелінен сатуға немесе клиент үшін бағалы қағаздарды ұсынатын портфельге сатып алуды жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер бойынша операциялыр жүргізген кезде банк дилер ретінде шығады. Дилер облигациялар мен мәмілелерді өз атынан және өз шотынан жасайды. Кейін бұл облигацияларды инвесторға, яғни дилер болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлға, меншік құқығы негізінде сатады.

      Банкке номиналды ұстаушы ретінде клиент шоттарымен брокер-дилерлік қызметті бағалы қағаздар нарығында іске асыру құқы туралы лицензия берілгеннен соң брокер-дилер мен клиент арасында келісім шарт, яғни клиенттік тапсырыс ретінде құжат толтырылады. Бұл құжар, Брокер-дилер Ішкі Ережесі мен Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік актілерімен сәйкес хатталады.

      Екі жақ келісімге сәйкес өз мүдделерін сақтау үшін барлық құжаттық өзгерістер туындағанда ақпарат беру керек. Клиент сенімхат негізінде өзінің жеке шоттарына өкілді тағайындауы мүмкін, ол оның клиенттік тапсырыстарына қол қоюға және олар бойынша толық жауап береді.

      Клиент өзінің тапсырмасы орындалғаны туралы брокер-дилердің ішкі ережесіне сәйкес құжат түрінде есеп беруі керек. Сонымен қатар, клиент өз шотындағы бағалы қағаздардың сандық мәліметтерін алуға құқылы және брокер-дилерге бағалы қағаздар портфелі туралы инвестициялық шешімдерді өткізуге беруі мүмкін:      

  • Брокер-дилер келесі міндеттер атқарады:қажетті құжаттар берілген кезде клиенттің бағалы қағаздары мен ақша қаражаттарының есебін жүргізетін сәйкес шоттар ашады;
  • мәміле жасау кезінде клиент тапсырысын орындауды жетістікті ету үшін барлық күш жігер салу;бағалы қағаздар мен мәміле жасау кезінде ең жақсы бағадан төмен бағамен жасауға құқы жоқ;
  • клиенттік талапты орындау кезінде туындаған қақтығыстар туралы клиентті хабардар ету. Қақтығыс туған жағдайда клиент мүддесі шегінде мәміле жасасу;клиент талабы бойынша бағалы қағаздар нарығының ағымдық жағдайы туралы ақпарат беру;
  • брокер-дилер ойына сәйкес нарықтағы жағдай клиентке, оның талабы мен мүдделерін қарсы болатын күдіктер туралы хабарлау және әрі қарай клиент тапсырысы бойынша әрекет ету;
  • клиент талабы бойынша оның жеке шотының жағдайы жөнінде үш жұмыс күні ішінде ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.3. Кастодиандық қызмет.

 

       «Кастодиандық бизнес» және «Кастодиандар»  ұғымы ХХғасырдың 70жылдарда англо-американдық  банк ісі тәжірибесінен енді. Осы кезеңде капиталдың әлем  нарығы интернационализация процесін  кешіріп, капитал ағымы қажетті  деңгейде сенімділікті талап  етті. Сонымен қатар, үлкен көлемді  ақпараттар өңдеуді қажет етті, ал бұл жекеленген инвестор  үшін ауыр болды. Нақты нарықтың  қажеттіліктері қаржы нарығында  жаңа делдал түрінде әкелді  – кастодиандар.

       Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар туралы» заңына сәйкес кастодиандық қызмет – банктер мен банктік емес қаржы мекемелерінің өздеріне клиенттер сеніп тапсырған бағалы қағаздар мен ақша қаражатын сақтауды және есепке алуды қамтамасыз ету жөнінде бағалы қағаздар рыногында атқаратын қызметі.

      Кастодиандық институттардың қызмет көрсетуде екі тобы бар:

  • негізгі қызмет көрсетулер;
  • сәйкестендірілген қызмет көрсетулер.

Бірінші топқа мыналар жатады:

  • Бағалы қағаздарды сақтау және есепке алу;
  • Бағалы қағаздар бойынша дивидиенттер (%) алу;
  • Бөліну, консолидация, конвертация
  • Акционерлердің жалпы  жиналысында клиент сенім хаты негізінде дауыс беру;
  • Бағалы қағаздар портфелінің жағдайы туралы талдау және есеп беру;
  • Ақша шоттарын жүргізу;
  • Шот қалдығына процент есептеу;
  • «Репо» операцияларын орындау.

Екінші  қызмет көрсету тобына мынаны қамтиды:

  • Бағалы қағаздарға инвестициялау мен байланысты ақша ағымын талдау;
  • Бағалы қағаздарды несиелеу;
  • Бағалы қағаздар портфелін  трасталық басқарумен  байланысты қызмет көрсету;
  • Қол жеткізетін ақпараттық қызмет көрсету.

Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар мен мәмілелерді тіркеу туралы»  заңына сәйкес кастодиан келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • Бағалы қағаздар мен мәмілелердің асырылуына бақылау жасау;
  • Клиентердің мәмілеге керекті ақша қаражат пен бағалы қағаздар портфелінің есебін және сақталуын қамтамасыз ету;
  • Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушы ретінде қызметті жүзеге асыру;
  • Клиенттің мәмілесі бойынша төлем агенті функциясын іске асыру.

Кастодиондық  келісім шарт жасасу кезінде бағалы қағаздар иемденуші өз шотында тек  бағалы қағаздарды  ғана емес сонымен  бірге оларды сатудан дивидент түрінде түскен ақшаны да сақтай алады. Мәмілелерді жасауда кепілді беретін және нарықта тиімді қызмет атқару мақсатында кастодиандар депозиттік жүйенің қатысушылары болып табылады.

Сондықтан, бағалы қағаздар нарығында кастодианның қажеттілігі мыналармен сипатталады:

  1. инвестор үшін бағалы қағаз және ақшаның сақтығы мен есебі жөнінде жағдай негізгі артықшылыққа ие;
  2. кастодиан арқылы орталық депозитарий және басқа нарық қатысушылары арасында байланыс жасалады;
  3. бағалы қағаз және ақшаның, сонымен бірге мәміле жасалуы кепілденеді.

Қазақстанда кастодиандық қызметтті жүзеге асыруға  лицензия алған 12 банк қызмет етеді, оның 7 жинақтық зейнетақы қорларында кастодиандық қызмет көрсетеді.

Банктердің  кастодиандық қызметті брокерлік қызметпен  қос атқаруын заңсыз пайдалануын  шектеу мақсатында және Ұлттық комиссияның 26ақпан 2000жылғы №66, «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қосарлана атқару туралы» қаулысына сәйкес, 2000жыл соңынан кастодиандық қызметт брокер-дилерлік қызменпен және клирингтік қызметпен қосарлана атқаруға келесі шектеулерді орындағанда ғана рұқсат етілген:

  • банктің ұйымдық құрылымына бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және брокер-дилерлік қызметті жүзеге асыратын жеке бөлімшелердің болуы;
  • банк 1 бөлімшенің 2 бөлімшенің құзырындағы қызметі мен жұмысын ат қаруға тиым салынады;
  • жоғарыда аталған банк бөлімшелерінің қаржы нарығында басқа қызмет түрін орындауға тиым салынады;
  • осы бөлімшелердің жеке өзіне тән бөлім үйдің болуы;
  • банк бөлімшесінде қызметкердің басқа бөлімшеде орналасуына және онда болуына рұқсат етілмейді;
  • бөлімшелердің жеке есеп және құжат айналым жүйесінің болуы;
  • банктің бір бөлімшесінің қызметкеріне екіншінің құзырындағы құжаттарға және техника бағдарламалық кешендерге етуге тиым салынады;
  • банктің кез келген қызметкеріне тиым салынады.

Кастодианды нарықта контрагент, яғни субкастодиан ретінде таңдауды  шетел кастодиандық институттар, соның ішінде әлемдік  және аймақтық шетелде еншілес құрылымдары  бар кастодиандар жүргізеді. Олардың  елде субкастодианды таңдау процедурасы  өте қиын және көп уақытты талап  етеді. Субкастодианға кандидат іздеуде  мына параметрлерге көңіл бөлінеді:

    1. Субкастодианның клиенттер мүдделеріне бағыты;
    2. Персоналдардың шетел тілінде сөйлеу қабілеті;
    3. Клиенттерге олардың бағалы қағаздар портфелін иемденуінің құны мен статусы жөнінде күнделікті ақпарат беру;
    4. «жеткізу/төлемге қарсы алу» және «жеткізу/ төлемнен бос алымдар» операцияларын уақытымен және сенімді жүргізу;
    5. депозитарлық/кастодиандық қызмет көрсетулер үшін алынатын комиссия сыйақысының дұрыс деңгейі;
    6. депозитарлық операцияларды өткізу тәжірибесі халықаралық стандартқа SAS – 70 сәйкес болуы;
    7. субкастодианның мемлекеттік орган деңгейінде шешім қабылдау қабілеті.

Қазақстандық  банк – кастодианның ірі шетел  инвесторының және жетекші кастодианның болуы – бұл банктің көрсететін қызметтерінің деңгейлік көрсеткіші болып табылады. Бұл оның глобалды кастоди жүйесіне тиісті екенін білдіреді.

Өкінішке  орай көптеген Қазақстандық банк-кастодиандар аталған қызметтердің барлығын орындамай, тек бағалы қағаздар мен ақшаны сақтау және аударумен шектеледі. Ал нарыққа  шетел банк-кастодиандардың енуі отандық кастодиандарды өз қызметін ынталандыруға бәсекелестік тудырады. Бәсекені жетістікті жүргізу үшін қызметтер  саны мен сапасын ұлғайты керек.

      Әлемдік тәжірибеде кастодианның  қор нарығна қатысушы құрылымындағы  орнын мына схемада көруге  болады:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандық  нарыққа сай бұл схеманы қарастырсақ, регистратор орталық депозитариймен қажетті ақпараттар мен бағалы қағаздар мен мәмілені жасап бітіру мақсатында келісім шарт жасасады. Алғашқы кезде  регистратор бағалы қағаз иесіне шот ашады, кейін оларды кастодианға  номинал ұстауға берген кезде  бағалы қағаздар онда сақталады. Кейінгі  қозғалысы, мысалы, қор биржасында сатылуы  кезінде регистротор орталық  депозитариймен келісім жасап шот  ашып береді, өйткені бағалы қағаздар орталық депозитарийдің номиналды  ұстауына ауысады, сәйкесінше реестрге өзгерістер енгізіледі.

Бағалы  қағаз иесі онда кастодиандық келісім  жасалғаннан кейін өз шотында  алғашқы немесе екінші нарықта иемденген  бағалы қағаздарын оларды сатудан түскен дивидент ретіндегі ақша қаражаттарын сақтауы да мүмкін.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктер