Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 19:40, курсовая работа
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің маңызы.....................................5
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің экономикадағы негiзгi қызметтерi мен операциялары ..............................................................................5
1.2 Ұлттық банктің –ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері ...................................................................................................10
2. Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі жүргізетін саясаты мен қолданатын шаралары..............................................................................................................21
2.1 Ұлттық банктің ақша-несие және валюталық саясаттарының экономиканы реттеудегі жүргізілу механизмі ...............................................................................21
2.2 Ұлттық банктің инфляцияны реттейтін ақша-несие саясатының жаңа бағдарының маңызы мен қызмет ету механизмі ..............................................27
3. Қазақстан Республикасының пайыздық саясатты жетілдірудің іс-шаралары....................................................................................................................34
3.1 ҚР Ұлттық банкінің пайыздық саясатының 2011 жылға арналған негізгі бағытттары.................................................................................................................34
3.2 Қазақстандағы пайыздық саясатты жетілдіру жолдары.................................38
Қорытынды ................................................................................................................41
Қолданылған әдебиеттер ...............................................................
Сондықтан ендігі жерде Ұлттық банктің негізгі және басты міндеттерінің бірі инфляцияны таргеттеуде ең тиімді әдіс болып табылатын Ұлттық банктің қысқа мерзімді қойылымдарын енгізу болып табылады. Яғни, Ұлттық банк өзінің ақша-несие саясатын жүзеге асыруда «рефинансирование» пайыз қойылымын өзгерту арқылы іске асырады. Биылғы жылы Ұлттық банк инфляцияның қарқынды етек алуына байланысты қысқа мерзімді пайыз қойылымын екі мәрте өсірді. Оның бірінші жолғы өсімі 2005 жылдың 1-ші сәуір айында РЕПО операциясының рефинонсирования қойылымының өсуімен көрініс тапты.
Инфляцияны төмендетудің тағы да бір шарасы неғұрлым қатаң ақша-несие саясаты болып табылады. Бұл шараны Ұлттық банк «экономикалық перегрев» кезінде қолданады. Бәрімізге белгілі алдағы жылдары біздер экономиканы несиелеуді дамыту үшін банктердің несие қызметтерінің ынталы жүруі үшін пайыз қойылымдарын азайтуды қолға алған болатынбыз. Экономикада несие ресурстарының өсуі жалпы қарыз ресурстарының өсуіне алып келлі. Банктердің экономиканы несиелендіру шамасы соңғы 5 жылда 9,2 есеге өсті. Ал оның ЖІӨ-гі үлесі 27%-ға дейін жетті.
Ұлттық банк бұл пайыз өсірулерді капитал келуіне мәселелер туғызбайды. Себебі, Қазақстанға капитал ағымы пайыз қойылымына байланыссыз болып отыр. Оның мөлшері жеткілікті деңгейде сақталуда. Яғни ол тікелей шетел инвестицияларына қатыссыз, ал спекулятивті капитал ағымдарына керісінше тосқауыл қояды. Сонымен қатар қазақстандық банкаралық рынок әлемдік рыноктарға соншалықты интервенцияланбаған, бағалы қағаздар нарығында нақтылы қысқа мерзімді капиталдар кездеспейді, өйткені қазақстандық пайыздар оларды ынталандырмай отыр.
Ұлттық банк арқылы коммерциялық банктерминималды резервтік талаптарға жауап беруге міндетті болады. Ақша-несие саясатының басты жетістіктерінің бірі Қазақстанда валюталық режимді ары қарай либеризациялау. Валюталық режим либеризация жоспары бойынша 2007 жылы 1 қаңтардан бастап резидент еместердің капиталдық операцияларына толықтай либеризация жүргізу керек. Бұл өз кезегінде валюталық операцияларды ұлттық валюта теңгенің толық қанды қызмет етуін қамтамасыз етеді. /7, 3-4 б./
Айырбас бағамына қатысты саясатта Ұлттық банктің алдағы уақыттарда қандай да бір белгіленген шаралармен емес, еркін қалқымалы айырбас бағамы саясатын жалғасытра береді. Осылайша қазақстандық барлық қаржы жүйелермен бірге еліміздің Ұлттық банкі өзінің дамуы барысында сапалы түрде жаңа кезеңге өтті. Ол дамыған елдердің ақша-несие саясаты стандарттарына өте бастауымекн көрініс табуда. Бұл стандарттардың негізі валюта режимдерін либеризациялау және инфляциялық таргеттеу принциптері, банкаралық төлем карточкалары жүйесін дамыту, қаржы жүйесіндегі алдағы уақыттардағы даму және тұрақтылықты сақтау, сонымен қатар Қазақста нРеспубликасы төлем жүйесін дамыту концепциясы.
Сондай-ақ Ұлттық банк еркін қалқымалы ақша айырбасын сақтайды және елімізде 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап валюталық режимдегі валюталық операцияларды лицензиялауды алып тастайды. Осы шара арқылы шетелдік валюталардың еркін қозғалысы негізінде инфляциялық тұрақтылықты және оның төменгі деңгейін қамтамасыз етеді.
3. Қазақстан Республикасының пайыздық саясатты жетілдірудің іс-шаралары
3.1 ҚР Ұлттық банкінің пайыздық саясатының 2011 жылға арналған негізгі бағыттары
2011 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қалыптасып отырған макроэкономикалық алғышарттарға бара-бар жылдық инфляцияның төмен деңгейін ұстап тұруға бағытталған ақша-кредит саясатын жүзеге асыруды өз қызметінің басым бағыты деп айқындайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатының негізгі мақсатын баға тұрақтылығы деп айқындағанына қарамастан, инфляциялық таргеттеу ұстанымдарына көшу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының құралдары ретінде пайыздық ставкалардың тиімділігін көтеруге байланысты анағұрлым ұзақ болашаққа көшіріледі.
Ақша-кредит саясаты құралдарының тиімділігін жетілдіру мен көтеру және қабылданған шаралардың ақша нарығының жай-күйіне ықпалын бұдан әрі күшейту бойынша жұмыс жалғастырылады.
Теңгенің айырбастау бағамы ауытқуының белгіленген дәлізінің қолданысы аяқталған соң, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарылатын өзгермелі валюта бағамы режиміне көшеді. Бұл ұлттық валютаның тұрақтылығымен байланысты, оған әлемдік нарықтағы қазақстандық экспорттың негізгі позицияларына қолайлы баға конъюнктурасы және төлем балансының жай-күйі ықпал етеді. Орта мерзімді кезеңде теңгенің құнсыздануы үшін түбегейлі алғышарттар жоқ. Оған қоса, экономика дамуының 2 және 3 сценарийлерін іске асыру кезінде төлем балансының оң сальдосына байланысты ұлттық валютаның нығаю мүмкіндігі жоғары.
Бұл ретте басқарылатын өзгермелі валюта бағамы режиміне көшу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемеден босатпайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шаралары үнемі өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етуі мүмкін ұлттық валютаның нақты бағамының біршама ауытқуларын болдырмауға бағытталады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңге бағамының икемділігін көтеру мақсатында валюталық нарықта өзінің қатысуын бұдан әрі төмендетуге талпынатын болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайыздық саясаты нарық ставкаларын қысқа мерзімді құралдардың ақша нарығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ставкаларының дәлізі шеңберінде ұстап тұруға бағытталған. Бұл ретте пайыздық саясатты бұдан әрі іске асыру ставкалар дәлізін тарылтуға бағытталатын болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі күш-жігері банктердің өтімділігін алып тастау жүзеге асырылатын ставкалар дәлізінің төменгі шекарасын (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылатын банктердің депозиттері бойынша ставкалар) анағұрлым икемді реттеуге шоғырландырылады. Оған қоса, ставкалар дәлізінің төменгі шекарасын өзгерту орта мерзімді кезеңге болжанатын инфляцияның динамикасымен айқындалады. Дәліздің ең жоғарғы шекарасы болып табылатын ресми қайта қаржыландыру ставкасы ақша нарығындағы ағымдағы жағдайды және инфляция деңгейін ескере отырып айқындалатын болады.
2011 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мерзімдері мен шарттарына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операциялары бойынша ставкаларды саралау туралы мәселені қарайды.
Екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі қысқа мерзімді ноталары мен депозиттері қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай-ақ банктердің артық өтімділігін айықтырудың негізгі құралдары болып қалады.
Қысқа мерзімді ноталардың эмиссиясы мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығын қолдауға, мерзімі 1 жылға дейінгі қаржы құралдары бойынша қисық кірістілікті қалыптастыруға бағытталады. 2011 жылы ақша нарығындағы өтімділік жағдайы түбегейлі өзгермейді. Осыған байланысты қысқа мерзімді ноталардың айналыс мерзімін қазіргі деңгейде – 3 және 6 ай ретінде қалдыру болжанып отыр.
Қажет болғанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау үшін қайта қаржыландыру заемдарын береді. Бұл операциялардың мерзімі қысқа болады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бұл ресурстарға сұраныстың өсуін күтпейді. Сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарымен операциялар жүргізу арқылы өтімділікті беру мүмкіндігі қарастырылады.Банктердің өтімділігін реттеу бойынша құралдардың тиімділігін көтеру мақсатында Қазақстан қор биржасында автоматты РЕПО секторында банктермен тікелей және кері РЕПО операцияларын жүргізуді жаңарту мүмкіндігі қарастырылатын болады.
2011 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ең төменгі резервтік талаптар тетігін жетілдіру, оны қолданудың тиімділігін, негізінен резервтік активтердің құрамын өзгерту бөлігінде көтеру бойынша жұмысты бастайды. Банктің резервтік активтерінің базасынан шетел валютасындағы активтерді алып тастау мәселесі қаралатын болады. Орта мерзімді кезеңде (2012-2013 жылдары) резервтік активтер құрамынан банктердің кассаларындағы қолма-қол ақшаны алып тастау мәселесін қарау да жоспарланып отыр. Банктердің өтімділігімен жағдайдың елеулі нашарлауын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін төмендету мәселесін қарай алады.
Барлық сценарийлік нұсқалар бойынша инфляция бойынша мақсатқа 6-8% шегінде қол жеткізу ақша-кредит саясатының тиісті шараларымен қамтамасыз етілетін болады. Инфляциялық қысымның күшеюіне әкелуі мүмкін артық ақша ұсынысының ұлғаюы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айықтыру операцияларының өсуімен қатар жүретін болады.
Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты қалыптасып отырған макроэкономикалық жағдайға бара-бар болады. Экономикадағы ақша ұсынысы экономиканың өсуіне сәйкес келетін деңгейде сақталады. Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты банк секторындағы өтімділікті икемді реттеу арқылы кредиттік белсенділікті қайта қалпын келтіру проблемаларын шешу үшін жағдайлар жасайтын болады. Сонымен қатар бұл шаралардың тиімділігі банк секторындағы құрылымдық қайта құруларға байланысты болады.
Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты, оның ішінде валюта саясаты ықтимал экономикалық пайдаларды да, теріс салдарларды да және Бірыңғай экономикалық кеңістік келісімдері шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудан туындайтын Қазақстан Республикасының экономикасы үшін тәуекелдерді ескеретін болады.
Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамдарының орындалуына ықпал ететін болады.
Экономика дамуының анағұрлым қолайлы сценарийлерін (2 және 3 сценарийлер) 2011 жылы іске асырған жағдайда ақша-кредит саясаты кейінгі жылдары осы құжатпен белгіленген негізгі бағыттар шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Ақша-кредит саясатының және төлем балансының негізгі өлшемдері, оның ішінде ақша-кредит саясатының кейінгі жылдарға арналған шаралары 2011 жылдың нәтижелері бойынша нақтыланатын болады.
3.2 Қазақстандағы пайыздық саясатты жетілдіру жолдары
Әлемдік тәжірибеде Орталық банктің және коммерциялық банктердің несиелері арасында тұрақты өзара байланыс байқалады. Бұндай байланыстар әртүрлі елдер бойынша ерекшелінеді, мысалы Германияда Орталық Банктің ставкалары несиелер бойынша банктік ставкалардың ең жоғарғы шегін белгілейді, ал Франция мен Италияда ең төменгі шегі белгіленеді.
Орталық банктің несиелері банктік ресурстар көзі болып табылады, соған сәйкес пайыздық саясаттың әсер етуі жалпы экономикаға таралады. Ақша-несиелік реттеудің осы құралы Қазақстандық банктік жүйені реформалау кезінде ереқше танымал болды, себебі ҚРҰБ-нын, резервтері сыртқы факторларға қарсы түру үшін жеткіліксіз болды, ал ашық нарықтағы операциялар дамымады.
Ал қазіргі кезде ақша-несие саясатының жалпы бағыты ставка деңгейлерін бақылау сақталуда, бірақ осы құралдың мәні біртіндеп азайып келеді. Бірақ, пайыздық саясаттан толық бас тарту мүмкін емес, өйткені осы құралдың инфляцияға қарсы тиімділігінің маңыздылығы зор. Мысалы, АҚШ ресми ставкаларды белгілеуден бас тартқан елдердің бірі болып саналады. Германия, Жапония, Швеция елдерінде ресми пайыздық ставка инфляцияға қарсы реттеу құралы және ұлттық валюта бағамын реттеуші ретінде пайдаланылады.
Әлемдік тәжірибеде пайыздық саясатқа жанама әсер ету шараларына көшу тенденциясы байқалуда. Бірақ, көптеген жағдайларда пайыздық ставкаларда жанами реттеу банктік резервтер келеміне әсер ететін әдістер арқылы ставкаларды тікелей белгілеуді ауыстыруды болжайды.
Нарықты экономикасы дамыған елдерде макроэкономикалық реттеу салаларында жеткілікті мөлшерде көп тәжірибе жинақталған. Бірақ осы салада басқа елдердің тәжірибесін толық пайдалану қажетті нәтижеге қол жеткізбейді. Сондықтан макроэкономикалық реттеудің мақсаттары мен әдістерін таңдау кезінде экономиканың дамуының нақты тарихи жағдайын ескеру қажет.
Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:
1) қарыздар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) валюталық интервенциялар;
4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;
5) мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;
6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық болжалдарға қарай белгiлейдi.
Мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.
Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатты экономикадағы диспропорцияны бірте-бірте жоймай елестету мүмкін емес.
Инфляцияға қарсы саясаттың басты элементі - қаржыны сауықтыру мен халық шаруашылығы экономикасын тұрақтандыру, залалды және шамалы рентабелді шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын тауарлаға бағаны көтеру жолымен емес, интенсификация негізінде және өндірістің тиімділігін көтеру арқасында қол жеткізіледі. Шетел несиелерін солай пайдаланған маңызды, оларды тезірек иесіне қайтарып, сөйтіп аса мол пайда табу. Шетел ғалымдарының пайымдауынша, Қазақстандағы аса пайдалы салаларға — түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, мұнай өндеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және туризм жатады. Сондықтанда осы салалар басымдылықлен дамуы қажет. Сырткы саудамен айналысатын кәсіпорындарға толық валюталық өзін-өзі өтейтін жолға көшіру керек. Бір сөзбен айтар болсақ, тұрғындардың өмір денгейіне әсер ететін инфляцияның келеңсіздігін төмендету үшін шаралар жүйесін іске қосқан жөн.
Информация о работе Қазақстан Республикасының пайыздық саясатты жетілдірудің іс-шаралары