Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәжірибесін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 09:56, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу жұымысың міндеттері төмендегідей:
есеп айырысу ұғымын және оның жіктелуін қарастыру;
қолма-қолсыз есеп айырысудың мазмұны мен оны ұйымдастыру принциптерін айқындау;
Қолма-қолсыз есеп айырысудың қазіргі формалары мен құралдарын нақтылау

Содержание

Кіріспе

3
Қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастырудың теориялық негізі

Есеп айрысулардың мәні және олардың жіктелуі
5
Қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі
8
Қолма-қолсыз есеп айрысу құралдары мен формалары
14


2. Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәжірибесін талдау



2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі
32
2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қызметін талдау
38

3. Қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің қызметін жетілдіру жолдары

3. 1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысуды дамыту
53
3.2 Банктің электрондық қызметін жетілдіру
58


Қорытынды


64
Пайдаланылған әдебитетер тізімі
66
Қосымшалар
68

Работа содержит 1 файл

Дип.-Қолма-қолсыз-есеп-айырысуларды-ұйымдастыру.doc

— 745.00 Кб (Скачать)

Бұл қағидалар, әсіресе мыналарға қатаң қарайды:

  • төлеу орыны – банк,  яғни ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырушы және бақылаушы болды;
  • төлеу уақыты - өнімді тиеген соң немесе қызметті көрсеткен соң жүргізілді, яғни мұнда аванс және коммерциялық несиенің қолданылуына қатаң тиым салынды;
  • төлеушінің келісімі (акцепт) – төлеудің негізіне жатты;
  • төлеу көзі – сатып алушының меншікті қаражаты немесе банктік несие, яғни оны алуға құқығы бар болса ғана;
  • қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формасы, яғни олардың пайдалану аумағы алдын ала анықталады.

Қолма-қолсыз ақшамен  есеп айырысулардың барлығы бірдей банк ішіндегі айналымда жүретін  төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады.

Бірақ аталып өткен  қағидалар, сатып алушының төлем  қабілетін және несиелік қабілетіне қойылатын талаптарды ескермеді, соның нәтижесінде есеп айырысуға қатысушылардың балансының өтімділігіне төлемдер кезегінің бұзылуы кері әсер етті.

Кейіннен экономикамыздың  нарықтық қатынастарға өтуі барысында  қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу  формалары мен әдістері, оларды ұйымдастыру қағидалары толығымен өзгерді.   Қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:

Бірінші қағидасы – барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай қаражаттары банк мекемелеріндегі  шоттарда сақталып, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді.

Мұнда клиенттерге  ақшалай қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау үшін шоттар ашылады. Бұл аталған  қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегі бірінші қағидадан айырмашылығын, барлық кәсіпорындар және ұйымдардың арасындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың банк мекемелері арқылы жүргізілуге міндеттілігінен байқауға болады. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаны банктегі шоттарда сақтауға міндеттілігі - бұл экономиканы әкімшіл-әміршіл әдістер арқылы басқаруға ұқсас болып келеді.

Нарықтың шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды  жүргізу, шаруашылық субъектілердің экономикалық дербестігін және олардың өздерінің  іс-әрекеттері үшін материалдық жауапкершілігін  ескеруі тиіс.

Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың бірінші қағидасының бұл жерде  заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендігін ескерсек, өткен  жүйедегі қағида, ақша айналысындағы  нақты және қолма-қолсыз ақшалардың арасындағы заңды түрдегі алшақтықтың болуына байланысты, тек заңды тұлғаларға ғана қатысты болғандағын айта кету керек.

Қолма-қолсыз ақшамен  есеп айырысудың келесі қағидасы- нарық субъектілерінің қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларын таңдаудағы еркін және оларды банктің араласуынсыз шаруашылық келісім шарттарында бекітуді көздейді.

Бұл қағидасы меншік формаларына байланыссыз кез  келген нарық субъектілерінің келісім  шарттық және есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырудағы бұл қатынастардың  нәтижелі болуы үшін, олардың материалдық  жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестігін сипаттайды. Бұл жерде банктің рөлі тек қана төлемдерді жүзеге асыруда делдал ретінде көрінеді.

2000 жылғы 2 маусымдағы  Ұлттық банк Басқармасының N 266 бекітілген “Қазақстан Республикасының  банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” нұсқаулыққа сай төлеушінің төлем операцияларының барлық формаларында бас субъектіге айналу тенденциясы байқалады себебі, барлық қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларында төлеу туралы бастаманы төлеушінің өзі көтереді. Бұл шарт ел экономикасындағы нарықтық қатынастардың талабына толық сәйкес келеді.

Сонымен қатар, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі қағидасы қолданылады:

1.)  төлемнің  мерзімділігі;

2.)  төлемнің қамтамасыз етілуі.

Төлемнің мерзімділік  қағидасы - шаруашылық несиелік сақтандыру шарттарында, ұжымдық шарттарда  және ҚР Қаржы министрлігінің нұсқауларында  көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыру.

Бұл қағиданы бекітудің  экономикалық мағынасы қаражат алушының төленетін қаражатты қалаған уақытта ғана емес, яғни алдын ала келісілген мерзімде аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.

Төлеу мерзімділігінің  қағидасын енгізудің тәжірибелік  маңызы бар десе болады. Кәсіпорындар және басқа да нарықтық қатынастар субъектілері төлемдердің мерзімділігінің дәрежелері туралы ақпараттарға ие бола отырып, өзінің ақша айналымын ұтымды пайдаланады және заемдық қаражатқа деген қажеттілікті тура анықтайды және өз баланстарының өтімділігін басқара алады.

Мерзімді төлем төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:

  • сауда-саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни аванстық төлем түрінде;
  • сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем тапсырмасы арқылы;
  • сауда-саттық операциясын аяқтағаннан кейін, біршама уақыттан кейін - қарыздық міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы коммерциялық несие жағдайында.

Іс жүзінде мерзімінен бұрын, мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен төлемдерде кездесуі мүмкін.

Мерзімінен  бұрынғы төлемдер – бұл келісілген мерзімінен бұрын ақшалай міндеттеменің орындалысын білдіреді.

Мерзімі кешіктірілген  төлемдер – бұл көзделген уақытта қарыздық міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.

Мерзімі өткен  төлемдер – бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына байланысты туындайды, сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.

Төлемнің  қамтамасыз етілу қағидасы - бұл алдындағы мерзімділік қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде болуын білдіреді. ´тімділік қаражаттарының сипатына  байланысты жедел түрде және алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзара ажыратылады.

Төлемнің жедел түрде  қамтамасыз етілуі, төлеушіде бірінші  класстық өтімді қаражаттар сомасының  болуын түсіндіреді. Бірінші класты өтімділік қаражатарға: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді сипаттағы ақшалай қаражаттар, сол сияқты оларды ұйымдастырудың сондай формалары жатады.

Төлемдердің жедел түрде  қамтамасыз етілуінің әр түрлі формалары  болады (оның ішінде клиенттің немесе банктің есебінен қосқан қаражаттар түрінде). Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді кепілдендіреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар есеп айырысуға қатысушылардың барлығының төлем қабілеті мен несиелік қабілеттігін нығайта түседі.

Демек, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу қағидалары – бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструктивтік қасиетін, немесе қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін білдіреді.

 

 

1.3. Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары мен формалары

 

“Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану  және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай  аударымдарды жүзеге асыру ережесі” туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде  бекіткен N 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес қолма-қолсыз есеп айрысуларда қолданылатын төлем  құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:

  • төлем тапсырмасы;
  • төлем талабы-тапсырмасы;
  • инкассалық үкім;
  • чек;
  • вексель.

Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері  болуға тиіс:

  1. төлем құжатының атауы;
  2. төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы;
  3. ақшаны аударушының (төлеушінің) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;
  4. ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;
  5. бенефициардың (ақшаны алушының) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;
  6. бенефициар-банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;
  7. төлемнің тағайындалу коды;
  8. санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы;
  9. төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса);
  10. бенефициардың және ақшаның аударушының салықты төлеуші ретіндегі тіркеу номері (СТТН)

Төлем тапсырмасымен  есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу формасы.

Төлем тапсырмасы – ақшаны аударушының (төлеушінің)  аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін, тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке комиссиондық және т.б.  төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық төлемдер бойынша.

Төлем тапсырмасы оны толтырған  күннен бастап (оны толтырған күн есепке алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу  сызбасы 1-суретте берілген.

                 

                                                 1                           




                       4                                                           2    



                                                   3

                                                         

 

1-сурет. Төлем тапсырмасы  бойынша тауарлар (қызметтер) үшін  төлемді сатып алғаннан кейін  төлеу барысында есеп айырысу  сызбасы.

 

1 - тауарды  (қызметті) жабдықтау; 2 - төлем тапсырмасын  банкке беру және шоттан қаражатты шегеру; 3 - бенфициар банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4 – бенефициардың шотына қаражат түскендігін хабарлау.

 

Екі жақтың келісуі бойынша  төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем - бұл тауарды жөнелткенге дейін (1-суретті қараңыз); тауарды жөнелткеннен кейін, яғни тікелей келісім беру жолымен (2-суретті қараңыз); немесе ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімінен бұрын және кешіктіріп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.

Төлеуге кепіл болуы  мақсатында төлеуші мәміленің шартында төлем тапсырмасына акцепт беруі  мүмкін.  Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотқа аударып қояды. Төлем тапсырмасы арқылы есеп айрысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиындығы мен ұзақтығы және клиенттің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат бөлігінің шығып қалуы жатады.

Төлем тапсырмасымен  есеп айрысудың артықшылығы, оның әмбебап есеп айырысу формасы  ретінде ішкі банкаралық есеп айрысуларда және мемлекетаралық жабдықтауларға байланысты, тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу және алдын ала төлеу, аванс арқылы төлеуде қолданылумен сипатталады.

 

                                                   1        



                                                5


    4                                                                                  2  



                                                  3

                     

 

2-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша  тауарлар (қызметтер) үшін төлемді  алдын ала төлеу барысында  есеп айырысу сызбасы.

 

1- алдын ала төлеу  барысында тауарды (қызметті) жабдықтау  туралы келісім-шарт жасау; 2 - төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру; 3 – бенефициардың банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4 - бенефициарға оның шотына қаражат түскендігін хабарлау; 5- тауарды (қызметті) жабдықтау.

 

Төлем талап-тапсырмасы. Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған.

Информация о работе Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәжірибесін талдау