Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесіндегі пластикалық карточкалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 06:45, курсовая работа

Описание работы

Пластикалық карточка – бұл ақпараттың қазіргі жоғары технологиялық алып жүрушісі. Мамандардың айтуы бойынша, пластикалық карточка – бұл Қазақстанның төлем жүйесінің болашағы. Пластикалық карточка жақында тек қана қолма – қол ақшаларды емес, құжаттарды да ауыстырады (жеке куәлік немесе төл құжат орнына – карта суретімен). Барлық әлемде 2,5 миллиардтан астам адам тауарлар мен қызметтерге төлем жасау, жалақы алудың құралы және есептеудің тағы басқа түрлері ретінде пластикалық карточкаларды таңдады. Ендеше, пластикалық карточка қолма – қол ақшалармен еспетеуге қарағанда, қолайлы, әрі сенімді болып табылады. Пластикалық карточкалар шартты түрде:

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................
1 БАНКТІК КАРТОЧКАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік карточкалар ұғымы және оның түрлері............................................
1.2 Банктік карточкалардың мүмкіндіктері мен артықшылықтары..................
2 БАНКТІК КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы төлем карточкалар нарығы және оның қазіргі жағдайы.......................................................................................................
2.2 Банктік карточкаларды шығару және қолдану тәртібі................................
2.3 Банктік карточкалар бойынша операциялар ................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................

Работа содержит 1 файл

Копия Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесіндегі пластикалық карточкалар.doc

— 191.50 Кб (Скачать)

Сіз Карт-есепшотқа/карт-есепшоттан оңай әрі жылдам ақша аудара аласыз. Сіз сенімді тұлғаларыңыздың бірінің атына қосымша карточка ашып, оған өзіңіздің карточкалық есепшотыңызды басқару құқығын бере аласыз. ЦетрКредит Банкінің халықаралық картасын алып шетелге шыққанда, карт-еспшотыңыздағы қаражатты декларациялаудың қажеті жоқ, кез келген  қажетті сома ешқандай қиындықсыз барлық шекарадан өте береді.

Картамен бірге біздің Дербес Сәйкестендіру Нөмірін (PIN-код) аласыз. Оны сете сақтап, ешкімге айтпаған жөн, қандай жағдай болса да ДСН үшінші тұлғаға жарияланбауы қажет. ДСН бойынша жүргізілген барлық операцияларға сіздің дау айтуға құқыңыз жоқ.

Тауарлар мен қызмет көрсетулерге төлем жасау үшін картаны  Visa төлем жүйесінің эмблемасы орналасқан кез келген сауда немесе сервис орындарында пайдалана аласыз. Visa карточкасы бойынша қызмет көрсететін кез келегн банкоматта немесе банк бөлімінен қолма-қол ақша ала аласыз. Төлем карточкасын пайдаланушылар несие лимитін ресімдеп, карточка бойынша несиеге есеп айырыса алады.

Эквайринг

Эквайринг (Acquiring) – пластикалық карточкаларға қызмет көрсету, оған карточканың көмегімен жүргізілетін операциялар бойынша сауда және сервис мекемелерімен есеп айырысу кіреді. Қазіргі сәтте Visa карточкасы бойынша қызмет көрсете алатын сауда және сервис мекемелерінің бүкіл әлем бойынша саны 18 миллионнан асты.

Төлем карточкасымен тауарға/қызмет көрсетуге төлем алу үшін мекемеге: ЦентрКредитБанкімен Төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету туралы шарт ждасау ғана жеткілікті. Пластикалық карточкалармен жүргізілген операциялардан түскен барлық түсім сіздің шартта көрсетілген есепшотыңызға салынады. Клиенттерге қызмет көрсету үшін пайдаланғыңыз келетін жабдықты таңдау.

Мекеменің қалауы бойынша Банк механикалық импринтерлер (бұл кезде Банк операцияны телефон арқылы жүргізуге рұқсат береді ) немесе Электрондық POS-терминалдар (операция жүргізуге автоматты түрде рұқсат беріледі) орнатады.

Қызметкерлеріңізге жалақы төлеу үшін «Жалақы жобасы» атты қызмет көрсетуді  пайдаланыңыз.

                        Жалақы жобасы касса мен инкассацияға қаражат шығындамай-ақ жалақы төлеудің балама тәсілі.

                        Жалақы жобасының аясында қызметкерлерге Visa Electron, Visa Classic және  Visa Gold халықаралық төлем карточкаларын ашылады.

Жалақыны карт-есепшотқа төлеу бухгалтерлер үшін де, қызметкерлеріңіз үшін де ыңғайлы, себебі төлем жасаған сәтте олапр бір- бірін іздемесе де болады. Жалақы Банк файлды алғаннан кейінгі 15-20 минуттың ішінде электрондық түрде аударылады. 

Банк жалақы карточкалары  бойынша Несие лимитін ұсынады, аталған Несие лимиті болашақ жалақыңыздың кепілімен орташа айлық жалақыңыздың 120 % мөлшерінде есеп айырысуға мүмкіндік береді.

       Halyk Card - әп-сәтте шығарылатын алғашқы қазақстандық карточка.
Егер Сіз шоп-турға аттанатын, Қазақстан бойынша немесе шетелге жедел іссапарға, сондай-ақ демалуға баратын болсаңыз, Егер Сіз Card to card жүйесімен ақша аударуды, жалақыны карточкамен алуды, банкомат арқылы төлем жасауды қаласаңыз,Қазақстан Халық Банкі төлем карточкасын банкке келген күні бірден алудың бірегей мүмкіндігін ұсынады. Halyk Card карточкасының иелеріне стандартты карточка ұстаушыларға арналған

мүмкіндіктің барлығы ұсынылады.

Halyk Card карточкасын алу үшін Халық банкінің кез келген бөлімшесіне барып, жеке куәлігіңіз бен СТН анықтамасының көшірмесін ұсынасыз және карточка беруге өтініш жазып, тиісті шартқа қол қоясыз, сондай-ақ Банкте қолданыстағы тарифтерге сәйкес тиісті комиссиялық төлейсіз.

       Visa Virtuon Card - Интернет желісінде есеп айырысу үшін Қазақстан Халық банкі шығарған Visa International халықаралық жүйесінің арнаулы карточкасы, есеп айырысу жүргізілгенде карточканы көрсету талап етілмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Курс жұмысын қорытындылай келе жоғарыда аталған көрсеткіштер  банктердің дамып келуін  және олар бойынша  есеп айырысу операциялар көлемінің  өсуін айқындайды. Алайда төлем карточкаларының нарығындағы жағдай, оның жедел өсуіне қарамастан мінсіз емес. Қазіргі уақытта төлем карточкаларын ең көп қолданатын тұлғалар Алматы және Астана қалаларында тұрады. Бұл  жерлерде Республикада пайдаланатын POS – терминалдардың жартысы және 2/3  - тен астам карточкаларды қолданатын сауда кәсіп орындары орналасқан. Ал Қазақстандықтардың көпшілігінде карточкаларды қолдану мүмкіндігі шектелген. Бұл проблеманы шешу жолы, Республикамыздың күллі аумағында POS – терминалдар мен карточкаларды қолданатын сауда кәсіп орындарын орналастыру болып келеді. Ол өз кезегінде  банктік карточкалардың одан әрі  жетілдіруіне ықпал етеді.

Банктік карточкалардың кең өріс алуы, олар бойынша  операциялардың қолайлығы мен басқа төлем құралдарынан  артықшылығының көптен болуына байланысты. Банктік карточкалардың қолдануымен операциялардың жаңа түрлері оның мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Курс жұмысымда Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерімен шығарылатын банктік карточкалардың мәнін  және оны қолданудың  проблемаларын зерттедім, коммерциялық  банктердің  банктік карточкаларына   жалпы  теориялық   сипаттама  бердім, банктік карточкалармен  есеп айырысу есебіне  талдау жүргіздім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.      «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы»
Қазақстан Республикасының заңы. 30.03.1995

2.      «Қазақстан    Республикасының    Ұлттық   банкі    туралы»    Қазақстан
Республикасыньщ заңы. 30.03.1995

3.      «Ақша, несие, банктер», Г.С. Сейтқасымовтың басшылығымен, Алматы, 2005.

4.      «Ақша, несие, банктер және ақша айналысы», авт: С.Б.Мақыш., Алматы, 2005.

5.      «Ақша, несие, банктер және валюта қатынастары», авт.: Көшенова Б.А., Алматы, 2000.

6.      Сейткасымов Г.С. Банковское дело. Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998ж.

7.      Лаврушин О.И. Банковское дело. М, 2000 г.

8.     Исин. С. Банковские услуги: проблемы оценки себестоимости и
ценообразования //Банки Казахстана. 2008 ж., 2009 ж., 2010 ж.

9.     Банки Казахстана. №12, 1. -2008

10. Банки Казахстана. №1, 11. -2007

11. Қаржы-Қаражат^Финансы Казахстана. №6, 2007

12. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі.
2009ж., 2010 ж.

13. "Банковские технологии" 2009г.

14. Банки Казахстана №1 «Отекущей ситуации на финансовом рынке»
2010 ж.

15. Банки Казахстан №8,2010 ж. « Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарының жай-күйі туралы» .

16.www.nationalbank.kz

1

 



Информация о работе Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесіндегі пластикалық карточкалар