Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 10:30, курсовая работа
Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЕСЕБІ--------------------------------------------------------5
1.1 Инвестицияның мәні және оның түрлері----------------------------------------5
1.2 Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың инвестицияларының есебі----------------------------------------------------------------7
1.3 Инвестициялық қорлардың түрлері: ашық және жабық инвестициялық қорлар және олардың ерекшеліктері--------------------------------------------------10
ІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ----------------------------13
2.1 Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебі------------------------------------13
2.2 Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар қызметтері-----------------------16
2.3 Инвестицияны сатып алудағы бухгалтерлік есепің маңызы-----------------22
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ------------------------------------------------------------------------------------25
3.1 Қазақстандағы инвестициялар жағдайының көрсеткіштері-----------------25
3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары-------------------------------------------------------------------------------------28
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------
Трасталық қорлар. Трасталық қордың қызметінің негізінде қор активтерінің және қордың жариялаған қызметінің мақсаттарының аман сақталуына жауап беретін, қамқоршысы мен қордың басқарушы компаниясы арасындағы нақты бөлініс жатыр. Қамқоршымен келісім-шарт бойынша басқарушы компания қордың инвестициялық портфелін басқарады, тәртіп бойынша, әкімшілік процедураларды жүзеге асырады. Мұндай функциялардың бөлінісі қор мен оның инвесторлары үшін қорға жетекшілік етудің қосымша қорғау құралы болып табылады. Трасталық типті қорлар Ұлыбританияда және Ұлыбританияның бұрынғы колониялары мен Австралия сияқты, британдық жалпы құқығы бар елдерге кеңінен тараған; бұл нысан сирек болса да Америка Құрама Штаттарында пайдаланылады.
Келісім-шарттық қорлар. Кейбір елдердің заңдары бойынша ұжымдық активтерді басқару үшін трасталарды жасауға рұқсат етілмейді, бұл мемлекеттерде (негізінен романо-германдық құқық немесе азаматтық кодекс жүйесімен) ол үшін қордың келісім-шарттық нысаны жасалынған. Мұндай нысан кезінде қор активтерінің заңды иеленушісі болып не басқарушы, не ұйымдасқан инвесторлар болып табылады. Активтердің сақталуына жауап беретін көбінесе банк немесе басқа кредиттік институт, еншілес құрылымы немесе оның бөлімшесі басқарушы болып табылады. Активтерді сақтау функциясымен қордың басқару функцияларын бөлу кредиттік институттардың жоғары репутациясымен және реттеушілер жағынан олардың үстінен қатаң бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Инвесторлардың өздері - акционерлер емес, дивидендтермен және капиталдың өсуін алуға құқықтары бар қатысушылар, бірақ дауыс беру құқықтары жоқ. Олар пайдалана алатын жалғыз құқық — ол өздерінің активтерін сату құқығы, егер оларға ол қорды басқару ұнамаса, одан шығып кете алады. Қорлардың бұл типі Германия және Францияда қолданылады. Операциондық көзқарас бойынша жабық және ашық типтегі қорлар болып бөлінеді.
Жабық типтегі қорлар. Мұнда акциялардың нақты белгіленген саны болады, акционерлік қоғамдағы сияқты акциялардың саны, заңдасқан нысанда құрылады. Сондықтан, қордың акцияларын қаңдай да бір тұлға алатын болса, олардың осыған сәйкес саны басқа тұлға арқылы сатылуы керек және бұл операция қор биржасында акцияларды жай қолдан-қолға беру ретінде жүргізіледі. Қосымша акцияларды жасау және шығару немесе акцияларды жою үшін сатып алу, әдетте акционерлердің келісімін талап етеді.
Ашық типтегі қорлар нақтылы белгіленген капиталы бар жабық типтегі қорға қарағанда олардың капиталы өзгермелі болады. Акциялар сатушылар және сатып алушыларға байланысты әрдайым шығарылып және жойылып отырады. Осындай тәсілмен қор капиталының өсуі немесе төмендеуіне акционерлер жиналысын ұйымдастырмай-ақ уақытымен азая немесе кеңейе алады. Ашық типтегі қордың акцияларын қорлардан сатып алуға болады немесе тұрақты түрде көбінесе күн сайын сатуға ұсына алады.
Инвестициялық қорлар қызметісіне қатысы бар ең негізгі көрсеткіштердің бірі болып қордың барлық таза активтері - қордың нарықтық бағамен бағаланған барлық активтерінің белгіленген процедуралары мең қордың барлық міндеттемелері болып табылады. Қор-дың бір акциясына (жарнапұл) есептегендегі таза активтердің құнын акция құны (жарнапұл) деп атау қабылданған. Бұл көрсеткіштер келесі түрде есептелінеді:
Қордың
таза активтерінің құны (ТАҚ)
= Қордың барлық активтері
- Қордың барлық міндеттемелері;
Акция құны (жарнапұл)
= Таза активтер құны/
айналымдағы акциялар (жарнапұл)
саны
ІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
2.1 Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебі
Қаржылық инвестициялардың есебі 1100 "Қаржылық инвестициялар" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған 2040 "Акциялар", 2020 "Облигациялар" және 2010 "Басқа қаржылық инвестициялар" шоттары кіреді.
2040-2010 шоттары активті, күрделі, негізгі болып табылады. Осы шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың кему операциялары жазылады.
Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді.
Қаржылық
инвестициялар сатып алу
Құнды қағаздар инвестициясының өтелу құны мен оның сатып алынған құнының арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уақыт ішінде амортизацияланады.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы (нарықтық) құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның котировкасы сияқты.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу құнының ең теменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық құнын келесі негізде анықтайды:
- жалпы қоржындық (портфельдік) жиынтығымен;
-
инвестицияның түрі бойынша
- жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша.
Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда — табыс ретінде танылады.
Енді біз баланс құнын анықтаудың тәсілдеріне бір мысал келтіріп көрейік.
Жоғарыда көрсетілген варианттың біріншісі бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияның құнын анықтайтын болсақ, онда ағымдағы кезеңдегі құны сатып алу құнынан 65 мың теңгеге (1565 - 1630) теріс айырмасы болғанын көреміз, демек ол шығыс ретінде танылады.
Ал екінші вариант бойынша акцияның баланстық құны ең кіші баға ретінде сатып алынды (820 мын, теңге 825 мың теңгеден аз), ал облигацияның баланстық құны ең кіші баға ретінде ағымдағы (нарықтық) бағасынан алынды (740 мың теңге 810 мың теңгеден аз). Осы вариантта біріншісі 5 мың теңгеге оң айырмашылығын берген, яғни ол табыс ретінде танылды, ал екіншісі 70 мың теңге теріс айырмашылығын берген, яғни ол шығыс ретінде танылды. Нәтижесінде, екінші варианттың да, бірінші варианттың да айырмашылығы бірдей соманы (65 мыңтеңгені) берген.
Үшінші вариант бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестиция мынадай баланстық құны құрайды:
" А" компаниясы - 280,0 мың теңге сатып алу кұны бойынша;
"Б" компаниясы - 210,0 мыңтеңге ағымдағы құны бойынша;
"С" компаниясы - 150,0 мың теңге сатып алу құнымен ағымдағы
құны бірдей;
"Г" компаниясы - 165,0 мың теңге ағымдағы құны бойынша;
"К" компаниясы - 100,0 мың теңге сатып алу құны бойынша;
Бұр арада бұрындары жүргізілген кдйта бағалау сомасы инвестицияның табысы болып саналады.
Қысқа мерзімді инвестицияларды ұзақ мерзімді инвестицияға аударсақ, онда: олар сатып алу және ағымдағы күнның ең төменгі бағасы бойынша немесе ағымдағы құны бойынша (егер де олар бұрындары осы құны бойынша көрсетілген болса) бағаланады.
Енді біз бұл қалай есептелетіндігі туралы, бір мысал қарастырып көрейік:
- акцияның инвестициясы;
- облигацияның инвестициясы; - басқа да қаржылық ивестициясы.
2.2
Қысқа мерзімді қаржылық
инвестициялар қызметтері
2040 "Акциялар" шотында кәсіпорынның, басқа кәсіпорындардың, банктердің және т.б.-дың акцияларын алуға жұмсалған сомалары есептелінеді. Акция — акционерлік қоғамның капиталына белгілі бір соманың салынғанын куәландыратын және ол оның иесіне дивиденттер түрінде табыстың бір бөлігін алу құқын беретін бағалы қағаз.
Акцияларды алған кезде 2040 "Акциялар" шотының дебеті бойынша және төмендегі шоттардың кредиті бойынша шоттардың корреспонденциясы жасалынады: сатып алынған акциялардың сатып алу құнына — 4110 "Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысулар", 6670 "Басқа кредиторлық қарыз және төлемдер", 3320 "Еншілес серіктестіктерге қарыз", 3340 "Тәуелді серіктестіктерге қарыз", 3330 "Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға қарыз".
Акцияларды алған кезде есеп айырысу шоттарын жанай өтіп, ақша қаражаттарының шоттарын пайдалануы мүмкін: 1150 — шоттың дебеті, 1050 "Ел ішіндегі валюталық шоттағы нақты ақша", 1050 "Шетелдегі валюталық шоттағы нақты ақша" шоттарының кредиті — шет мемлекеттердің банкілер мен компанияларының акцияларын алғанда; 1040 "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша", 1010 "Кассадағы ұлтгық валюта түріндегі нақты ақша" — Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы акцияларды алғанда.
Акцияларды сатқан жағдайда және басқа да жағдайда олар есептен шығарылса, онда акцияның баланстық құнына 7410 "Бағалы қағаздарды сатумен байланысты шығыстары" деген шоты дебеттеледі де, және 1150 "Акция" кредиттеледі, сосын ол 1210 шотының дебеті бойынша және 6210 шоттың кредиті бойынша керсетіледі.
Мысал. "Батыс" ААҚ ағымдағы жылдың маусымында жай акцияны алған болатын:
- "Тұрмыс" ААҚ - 10000 дана 300 теңгеден әрбір данасын;
- "Алтын" ААҚ - 8000 дана 450 теңгеден әрбір данасын; '': - "МАЗ" ААҚ - 5000 дана 200 теңгеден әрбір данасын.
Осы алынған акциялардың жиынтығы, "Батыс" ААҚ акцияларының шамамен 20 %-тін ғана құрайды, яғни аталған қоғам олардың қызметіне айтарлықтай әсер ете алмайды.
"МАЗ" ААҚ-ында акцияны алуымен байланысты брокерлердің қызметі 15 мың тенге құраған. Бір акцияның ағымдағы құны мынаны құрады:
"МАЗ" ААҚ ағымдағы жылдың қарашасында қайта сату мақсатында алған болатын, бірақ ол сатылмай қалды, сондықтан оны келесі жылдың басынан бастап, ұзақ мерзімді инвестицияға өткізу туралы шешім қабылданды.
"АЛТЫН" ААҚ ұзақ мерзімді иелік ету мақсатында 5000 акцияны алған болатын, бірақ кәсіпорында және инвестициясының саясатында өзгерістердің болуына байланысты оны келесі жылдың мамырында сатуына тура келді, бұндай шешім ақпанда қабылданған болатын.
"ТҰРМЫС"
ААҚ 10000 дана акциясына 100 мың тенге дивиденд
тиесілі болатын, бірақ сол дивиденд сәуірде
жарияланғанымен ағымдағы жылдың қыркүйегінде
төленді.
Енді
біз осымен байланысты шоттар коопеспонденциясын
жасап көрейік.
1. | Сатушыға қаржылық инвестицияның құны төленді (1000000+15000+2900000+100000) | 4 015 000 | 3310,3390 | 1020 |
2. | «Цемент» ААҚ акцияға қосылған дивиденд құны төленді | 100 000 | 1020 | 2170 |
3. | Қысқа мерзімді
қаржылық инвестицияның ағымдағы құнының
өзгеруіне байланысты және ұзақ мерзімді
категориясына өтуіне байланысты ағымдағы
құны бойынша бағаланып, 1-ші қаңтардан
бастап оның баланыстық құны болып саналады.
«IBC» ААҚ акциясы (5 000х250-1 015 000) |
235 000 | 1110 | 6160 |
4. | «Цемент» ААҚ акциясы бойынша дивиденд есептелінді | 150 000 | 2170 | 6120 |
5. | «Темір» ААҚ 5000
акциясы сатылды
|
2 250 000
2 250 000 |
7410
1020 |
1110
6210 |
6. | «Цемент» ААҚ акциясы бойынша дивиденд есептелінді | 150 000 | 1210,
1020 |
2170 |
7. | Қысқа мерзімді қаржылық инвестицияның ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты «Темір» ААҚ акциясы ұзақ мерзімді инвестициясына ауыстырылды 30000 теңге | ((8000-5000) х 460-8000-5000) х 450| | 30 000 | 1110 | 6260 |
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары