Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2011 в 17:42, курсовая работа

Описание работы

Ақша айналысы қазіргі нарықтық экономикада маңызды элементтердің бірі болып табылады. Себебі ақша құрылымының есебін ескермеген жағдайда халық шаруашылығы жағдайларын экономикалық саясаттың мақсаттарын анықтау және тәжірибелік іс шараларын өткізу кезінде көптеген қателіктер болуы мүмкін. Ақша айналысының тұрақтылығы оның жақсы функциялануының ерекше маңыздылығын береді.

Содержание

Кіріспе





1.Ақша айналымының түсінігі және мәні


1.1 Ақша айналымы және ақша айналымының заңы


1.2 Қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымдары



2. Ақша айналысының кұрылымы


2.1 Ақша массасы және оның жылдамдығы


2.2 Ақша агрегаттары және ақша базасы



3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы



Қорытынды



Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

ақша айналымы.doc

— 148.00 Кб (Скачать)

    Айналыста көбіне қолма – қол ақшалар жүретіндіктен, оларды ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері айналыста болады. Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз ғана бөлігін құрағанмен, оның маңызы өте зор. Өйткені қолма – қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.

    Қазақстан Республикасында қолма – қол  ақшаны Ұлттық Банк банкнота түрінде  эмиссиялайды, ал екінші деңгейдегі банктер  оның эквивалентін    қолма  – қол емес формада төлеп алады. Коммерциялық банктердің операциялық кассасынан қолма – қол ақшаның көп бөлігі клиенттерге беріледі. Яғни клиенттер заңды тұлғалар болатын болса, онда ақша кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына түседі , ал клиент жеке тұлға болатын болса, онда ақша тікелей халыққа беріледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасындағы қолма – қол ақшаның бір бөлігі олардың өзара есептесуіне жұмсалса, ал басым көп бөлігі халыққа әр түрлі ақшалы табыс түрінде ( яғни жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, дивиденттер  төлеу мен бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім және сол сияқты түрінде ) беріледі.

    Қолма – қол ақша, негізінен, халықтың ақшалы табысынан және оны жұмсаудан  түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігі жарна, сақтандыру төлемін, пәтер ақысы  мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лотерея сатып алуға, айып пұл және тағы сол сияқтыларды төлеуге жұмсалады.

    Жалпы айтқанда, ақша коммерциялық банктердің төлем – кассалық бөлімдерінен клиенттер  арқылы айналысқа түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін клиенттердің ( негізінен, сауда орындары және халыққа қызмет көрсететін орындардың ) кассасы арқылы айналыстан шығады. Сөйтіп, қолма – қол ақшаның қайталама айналысы аяқталады.

    Мемлекеттің қолма – қол ақша айналысы –  бұл белгілі бір уақыт мерзімінде қолма – қол формада жүргізілген барлық төлемдердің сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Бұл айналым көбіне халық табыстарының түсуімен және  олардың шығындалуымен байланысты болады.

    Ақша  айналымын реттеудегі маңызды элемент- қолма- қол ақшаны пайдалану. Қазіргі кезде біздің елде кәсіпорындар арасындағы өзара есепке қолма- қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселенген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек саудамен есеп айырысу үшін есептеуге чектерін енгізумен шектелуде.

    Қолма – қол емес ақша айналымы ( төлем  айналымы ) – ол банктегі шот иесінің  жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы  ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның  төлем құралы ретінде қызметтің  атқарылуы. Ол бүкіл ақша айналымының  басым бөлігін құрайды. Төлем айналымы төлеушілері мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазбаша түрде, сол сияқты олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.

    Қолма – қол емес ақша айналымы қазіргі  таңда көптеген мемлекеттерде басым  қолданылады. Ол көбінесе чектер арқылы, несие карточкалары төлем тапсырыстары арқылы, төлемнің электронды құралдары арқылы және тағы басқа есеп айырысу құжаттары арқылы ( қазыналық вексельдер, сертификаттар) қызмет етеді.

    Қолма – қол емес ақшаның төлем айналымын  екі тобқа бөлуге болады: тауарлы операциялар бойынша және қаржылық міндеттемелері бойынша төлем айналымы. Бірінші топқа тауарлар және көрсетілген қызметтер бойынша есеп айырысулар жатады, ал екіншісіне бютжет төлемдері ( табысқа салық, қосымша құн салығы, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы және тағы осы сияқты төлемдер ) және бюджеттен тыс төлемдер, банк ссудаларын өтеу, несиенің пайызын төлеу, сақтандыру компанияларымен есеп айырысулар кіргізіледі.

    Қазіргі кезде пластикалық картачкаларды  қолдану қолма- қол ақшасыз есеп айырусуды ұйымдастыруда ең бір прогрессивтік құрал екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Олардың көптеген түрлерінің ішінде, негізінен, магнитті жолағы бары кең қолданылады. Өркениетті мемлекеттерде жоғары қорғалу дәрежесі бар микропроцессорлы карточканы айналымға енгізу үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.

    Қолма – қол емес ақша айналысы – бұл  белгілі бір уақыт аралығындағы клиенттердің шоттары бойынша несиелік ұйымдарға немесе келісімді есеп айырысуға, қолма – қол ақшаларды  қолданбай, ақшалай қаражаттарды аудару. Бұл айналыс мемлекеттің ақша айналысының үлкен бөлігін құрайды.

    Қолма – қол ақша және қолма – қол  емес ақша айналымдары өзара тығыз  байланысты және бір – біріне тәуелді. Өйткені ақша үнемі бір айналыс  аясынан кетпей, оған одан әрі қызмет жасай береді. Ал банктегі шотқа қаржының айдарылуы қолма – қол ақшаның берілуінің кепілі. Сондықтан қолма – қол  емес ақша төлем айналымы қолма – қол ақша айналымының ажырамас бөлігі болып табылыды және екуі бірге қосылып  мемлекеттің ақша айналымын қалыптастырады..

    Есеп  айырысу операциялары банк операцияларының  негізгілерінің біріне жатады. Есеп айырысу  операцияларын жүргізу үшін әр түрлі  шоттар қолданылады. Олардың арасында кең тарағандары: ағымдағы, есеп айырысу  және тағы басқа шоттары.

    Банктердің  есептесу операциялары: инкассо, аудару және аккредитив болып бөлінеді.

    Инкассо- әр турлі құжаттарды пайдаланып, клиенттердің тапсыры бойынша және олардың  шотына банктердің ақша түсіру операциясы. Инкассоға чектер, векселдер, бағалы қағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.

    Инкассолық  операцияның екі түрі бар:

    • жай инкассо – клиенттің банк арқылы коммерциялық құжатсыз қойған төлем талабы негізінде банктің үшінші жақтың ақша алуға міндеттенген операциясы. Жай инкассо тауарсыз есеп айырысуда қолданылыды;
    • құжатты инкассо – үшінші жаққа клиенттен алған құжатты көрсету және оны тек төлемді қолма – қол алғанда немесе акцептелгенде ғана беру нәтижесінде банктің жүргізетін операциясы.

      Аудару операцияларында клиент  банкідегі өз шотынан белгілі  бір соманы көрсетілген жаққа  аудару жөнінде тапсырма береді. Мұндай операцияны жүргізгені үшін банк коммерциялық ақы алады.

    Аккредитив ( латын сөзі – « сенемін » ) – бір банктің екінші банкке аккретивте көрсетілген шарттарды орындағанда  белгілі бір соманы жеке немесе заңды  тұлғаға төлеу жөнінде берген жазбаша тапсырмасы.

    Аккредитивтің негізгі түрлері: ақшалы және құжатты.

    • Ақшалы аккредитив – атаулы ақшалы құжат. Онда белгіленген мерзім ішінде аккредитивте көрсетілген соманы түгел немесе бөліп – бөліп, оны иемденушіге төлеу жөнінде корреспондент - банкке берген тапсырма жазылған.
    • Құжатты аккредитив – келісім, ол бойнша эмитент - банк клиентінің нұсқауымен және оның өтініші бойынша үшінші жаққа төлемді жүргізу немесе оның үкімі бойынша төлеуі, сондай – ақ ол берген аударым вексельді акцептеуі, құжаттарды есептеуі немесе сатып алуы керек. Эмитент - банк көрсетілген операциялардың кез келгенін жүргізу өкілдігін басқа банкке беруіне болады.

    Электронды  төлем жүйесі – ол қағазсыз тасымалдаушы, электронды сигнал жіберу арқылы ақша сомасын аудару. Ол банктік шоттардың жағдайын бақылау, сондай – ақ несиелік және есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін қолданылады.

    Банк  клиенттеріне қызмет көрсететін электрондық  төлем жүйесіне:

    • автоматтандырылған есеп айырысу палатасы;
    • банктік автоматтар;
    • сауда ұйымдарындағы терминалдар;
    • үйде банктік қызмет көрсетулер жатады.

    Электрондық төлем жүйесін қолдану ақша айналымын  жеделдетуге, айналыс шығындарын азайтуға, есеп айырысуды тездетуге, сайып  келгенде айналыстағы қолма –  қол ақшаны азайтуға кең жол ашады.

    Сонымен, бүкіл ақша айналымы: қолма – қол және қолма – қол емес ақшалар болып бөлінеді. Сондай – ақ:

    • өнімді өндіру және сатупроцесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
    • тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
    • ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  1. Ақша  айналымының құралдары
 
    1. Ақша  массасы және оның жылдамдығы

     

    Қандай  да болмасын елдің ақша – несие  саясатын сипаттайтын негізгі параметр болып ақша массасы саналады. Ақша массасын тауарлар мен көрсетілген  қызметтерді төлеу үшін ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде анықтауға болады.  Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу – есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне әсер етеді.

    Ақша  массасы – бұл жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

    Ақша  массасының компоненттерін анықтаудың әр түрлі концепциялары бар. Бірінші  концепция бойынша ақша массасы  айналыстағы қолма – қол ақша мен қолма – қол ақша айналысынан  немесе қолма – қол емес ақшалардан тұрады. Төлем айналысындағы ақшалардан басқа әр түрлі бағалы қағаздар қолданылуы мүмкін – вексельдер, чектер депозиттік сертификаттар, тағы басқалары.

    Екінші  концепцияны қолдаушылар вексельдерді, чектерді және кей кезде басқа  да бағалы қағаздарды қолма – қол емес ақша айналымына жатқызады.

    Үшінші  концепцияны қолдаушы экономистер  қолма – қол ақшаның барлығына  қарсы шығады да, ақша деп тек  қолма – қол ақшаларды санайды.

    Ақша  массасының құрамы сол елдегі несие  – ақша жүйесімен анықталады.

    Ақша  массасының нақты құрамы әр мемлекттің өзіне тән ақша - несие жүйесімен  анықталады. Мысалы, АҚШ- та ақша массасын анықтау үшін - төрт, Швецария мен  Германияда - үш, Ұлыбританияда- бес, Францияда - екі ақша агрегаттары қолданылады.

    Өнеркәсібі  дамыған елдердің қаржылық статистикасында мынадай ақша агрегаттары қолданылады:

    М1 – айналыстағы нақты ақшаларды және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды;

    М2 – М1 + коммерциялық банктегі мерзімді және жинақ салымдары ( 4 жылға дейінгі );

    М3 – М2 + арнайы несиелік мекемелердегі жинақ салымдары;

    М4 – М3 + ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттар;

    Қазақстан Республикасының ақша массасының құрлымына  келесі ақша агрегаттары кіреді:

  • М0 - айналыстағы қолма- қол ақша;
  • М1 - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есеп шоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалырдың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді;
  • М2 - өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;
  • М3 - өзіне М2 агрегатын және мемлекіттік займ облигацияларын біріктіреді;

    Ақша  массасы бірнеше жолмен өсуі мүмкін:

  • банкноталар мен монеталар эмиссиялау есебінен.
  • Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуымен;
  • мемлекеттк бюджеттің кемшілігін жабу үшін орталық банктің үкіметке несие беруімен
  • Орталық банктің асыл металлдарды, шетел валютасын және мемелекеттік бағалы қағаздарды сатып алуымен;
  • чек шығарумен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде заим беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару);

    Ақша  массасының көлемі және оның өсу темптері маңызды экономикалық айнымалыларға  әсер ететіндіктен, ұлттық экономика  дамуының негізгі мақсаттарына да әсер етуі мүмкін.

    Ақша  массасын  өлшеудің екі түрі бар: трансакциондық және өтімділік бойынша өлшеу.

      Ақша массасын трансакциондық  өлшеу ақшаның айналым құралы  ретіндегі функциясына негізделеді.  Бұл ойды қолдаушылар ақшаның  мәні тауарлармен қызметтерді  төлеу үшін қолданылады деп  санады. Олардың ойынша , айналыс құралы қызметін атқаратын ақшалар, яғни активтерді басқа активтерден  ерекшелендіретін маңыздылығы осыда. Барлық активтер құнды сақтау қызметін атқарады, олардың ішіндегі кейбіреулері ғана айналыс  құралы ретінде  қолданылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы