Қазақстан Республикасы банктерінің пайыздық саясатының теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 18:40, курсовая работа

Описание работы

Осы бөлімде мемлекеттің ақша – несие саясатында пайыздық саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылды. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар, ақша – несие саясатының субъектілері анықталды.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………...........3-4

Қазақстан Республикасы банктерінің пайыздық саясатының теориялық негіздері

1.1 Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні………………………………...........5-8
1.2 Пайыздық саясаттың теориялық аспектілері………………………….............9-12

Қазақстан Республикасы банктерінің пайыздық саясатына талдау

2.1 2006 – 2008 жылдардағы Қазақстандағы пайыздық саясатты талдау........13-15
2.2 Пайыздық саясаттың механизмдері және оның ерекшеліктері…………....15-17

Екінші деңгейдегі банктердің пайыздық саясатының даму перспективалары

3.1 Пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірибесі……………………....18-19
3.2 Қазақстандағы пайыздық саясатты жетілдіру жолдары……………………20-21

Қорытынды………………………………………………………………………....22-23

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………....24

Работа содержит 1 файл

Айко курсовая.doc

— 227.50 Кб (Скачать)

 

2.3 Пайыздық саясаттың механизмдері және оның ерекшеліктері

 

Монетарлық саясат өте  күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы саясаттың тиімділігі әр бөліктің сапалы жұмысына тәуелді. Ақша-несие саясатының төрт түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:

1) Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының " [9,23](1) мәнінің өзгеруі;

2) Ақша нарығыңцағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;

3) Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық шығындардың (әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы;

4) Жиынтық  сұраныстың   өзгеруіне   байланысты өнім көлемінің өзгерісі.

Ақша ұсынысының өзгерісі мен жиынтық ұсыныс реакциясының арасыңца тағы екі аралық баспалдақ  жатыр, осы жағдайлар соңғы нәтижеге көп ықпал етеді.

Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің  өзгерісі экономикалық агенттердің  қоржын активтерінің құрылымының өзгеруіне  байланысты болады, ал бұл өзгерістер Орталық банктің ақша саясатын кеңейтуінің салдары. Мұндай саясаттың салдары ретінде активтің басқа түрлерін сатып алу, несиесінің арзандауы, нәтижесінде пайыз мелшерлемесінің төмендеуі байқалады.

Ақша нарығының реакциясы  қисығының тікшелеу болуынан ақшаға сұраныстың сипатына, түріне тәуелді болады.

Ақшаға сұраныс пайыз  мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал болса, онда ақша жиынының өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі әсер етеді. Және керісінше, ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне әлсіз әсер етсе, онда ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуіне алып келеді.

Келесі қадам, пайыз  мөлшерлемесінің өзгерісіне байланысты жиынтық сұранысты түзету болады. Әдетте пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық шығындар әсер етеді деп есептеледі. Егерде ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің едәуір өзгерісі болды деп жорамалдасақ, онда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық сұраныстың сезімталдығы байқалады. Басқа жағдайлар тұрақты болса, онда осы шарттан жиынтық табыстың мультипликаторлык мәнінің кеңейуі пайда болады.

Табыстау механизмі қадамдарының бұзылуына байланысты ақша саясатының төмендеуі немесе мүлдем нәтижесіз болуы мүмкін.

Мысалы, ақша нарығында  пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгерісі немесе пайыз мөлшерлемесіне жиынтық сұраныс реакциясының болмауы, онім көлемі мен ақша жиынының арасындағы байланысты үзеді. Мүңдай құбылыс нарықтық экономикаға көшіп жатқан мемлекеттерде байқалады. Ақша саясатын жүргізуде табыстау механизмінің сапалы жұмысынан басқа да қиындықтар кездеседі. Орталық банктің пайыз мөлшерлемесін өзгертуі экономикаға өр уақытта дүрыс әсер ете бермейді, сондықтан да Орталық банк пайыз мелшерлемесін бір тұрақты деңгейде ұстап тұру арқылы инвестицияны тұрақтандырады, демек мультипликатор арқылы өнім көлеміне әсер етеді. Егер экономикада өрлеу болса және жалпы Ұлттық өнім өссе, оңда ақшаға трансакциялық сұраныс өседі. Нақты ЖҮӨ ақшаға сұраныстың бір параметрі:

 [2,59] (2)

Ақша    ұсынысының   тұрақты жағдайында пайыз мөлшерлемесі өседі, демек ақша ұсынысын бұрынғы қалыпты жағдайда ұстау үшін, Орталық банк ақша ұсынысын өсіруі қажет. Мұндай жағдай ЖҮӨ өсуін қосымша ынталандырады және инфляцияның пайда болуына әкеледі.

Экономикадағы құлдырау және ақшаға сұраныстың азаюы жағдайында Орталық банк пайыз мөлшерлемесінің төмендеуін болдырмау үшін, ақша ұсынысын азайтуы қажет. Бірақ мүндай жағдай жиынтық сұранысты төмендетіп, экономикадағы құлдырауды шиеленістіре түседі.

Ақша-несие саясатының жанама әсерлерін де ескерген жөн. Мысалы, егерде Орталық банк ақша ұсынысын өсіру қажет деп есептесе, онда ол құнды қағаздар нарығынан облигация сатып алу арқылы ақша базасын кеңейте алады. Бірақ ақша ұсынысының өсуімен қатар пайыз мөлшерлемесі төмендей бастайды. Бұл жағдай екі коэффициентке әсер етуі мүмкін (сг және гг.). Халық депөзиттегі қаржыларының бір бөлігін нақты ақшаға айналдыра алады, онда [3,43] (3) өседі, банктер артық резервтерщ осіреді, ол [4,112] (4)мөнін өсіреді.

Мұндай шаралардан кейін ақша мультипликаторы төмендейді, бұл жағдай ақша жиынын кеңейту тенденциясының төмендеуіне әсер етеді.

Ақша-несие саясаты  келемді сыртқы кешеуілдеуге ие бола алады (шешім қабылданғаннан бастап, нәтижеге дейін), өйткені экономикадағы инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі тербелістері ЖҮӨ көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады.

Ақша-несие саясатының қазіргі кезеңдегі тиімділігі Орталық  банктің саясатына деген сенімділікпен  тығыз байланысты.

Ақша-несие саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен тығыз байланысты.

Егерде Орталық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердің көбеюі және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруіне әкеледі. (Мысалы валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы әседі.) Салық-бюджет және ақша саясаттарын бір-біріне сәйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай іс-әрекеттердің нәтижесі ақша саясатымен байланысты болады.

Пайыз саясаты - орталық эмиссиялық банктің коммерциялық банктермен операциялар жүргізгендегі есептеу пайызын реттеу және басқа несие мекемелері пайыздық мөлшерлемелерінің қатарласа жүруі. Бұл саясат ұлттық валюта бағамын демеп, басқа валюталар бағамының беделін түсіруге бағытталған. Шаруашылық жағдайы нашарлаған жағдайда, есептеу мөлшерлемесі төмендейді, мұның өзі несиелерді арзандатып, несие операцияларының кеңеюіне және елде инвестицияға деген сұранымның өсуіне ықпал етеді. Экономикалық өрлеу жағдайында орталық банктер есептеу пайызын өсіру арқылы несиеге деген сұранымды шектеуге тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

 

 3. Екінші деңгейдегі банктердің пайыздық саясатының даму перспективалары

 

         3.1 Пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірибиесі

 

АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалары біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктердің категорияларына депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдың резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды процестерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды. АҚШ-тың банк жүйесінің резервтерінің тағайындалу негізі коммерциялың банктердің қызметіне бақылау жасауды білдіреді. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялың банктердің несиелеу қабілетіне әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару Кеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтеудің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық, банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады деген Кэмпбел Р. Макконелл, Стэнли Л. Брю.

Федералды резервтік жүйе экономикалың құлдырау кезеңінде міндетті резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған.

Ұлттың банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциалдың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады:

1. Міндетті резервтер;

2. Резервтеудің альтернативтік тәртібі.

Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттық, банк орташа айлық, қайта қаржыландыру мәлшерлемесінің 50% көлемінде теңгедегі резервтер бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша Лондондағы депозиттер нарығындағы (LIVID) бір айлық депозиттің орташа өлшемді мөлшерлемесінің 50% көлемінде пайыз төленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2006-2009 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң болжамы

 

Көрсеткіштер

2006 есеп

2007

Болжам

2008

2009

ЖІӨ, млрд. теңге

7457,1

8725

9988

11459

Өткен жылға %-бен ЖІӨ-нің  нақты өзгеруі

109,5

 

108,3

 

108,3

 

108,9

ЖІӨ, млрд. АҚШ долл. ресми  бағам бойынша

56,1

 

68,7

 

78,6

 

90,2

ЖІӨ, млрд. АҚШ долл. сатып  алу қабілетінің шамасы (САҚШ) бойынша

160,7

 

173,9

 

194,2

 

218,1

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ долл. ресми бағам бойынша

3703

 

4486

 

5092

5799

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ долл. САҚШ бойынша

10619

 

11358

 

12571

 

14018

Тұтыну бағалары индексі (жылға орташа алғанда), %-бен

 

7,6

 

5,7-7,6

 

5-7

 

5-7

Ақша базасы, млрд. теңге

663

 

939

 

1184

 

1416

Ақша массасы, млрд. теңге

2065

 

2789

 

3561

 

4413

Экономиканы монеталандыру  деңгейі, %

271

 

32

 

35,7

 

38,5


 

 

 

 

 

                 

 

 

                      3.2 Қазақстандағы пайыздық саясатты жетілдіру жолдары

 

Әлемдік тәжірибеде Орталық банктің және коммерциялық банктердің несиелері арасында тұрақты өзара байланыс байқалады. Бұндай байланыстар әртүрлі елдер бойынша ерекшелінеді, мысалы Германияда Орталық Банктің ставкалары несиелер бойынша банктік ставкалардың ең жоғарғы шегін белгілейді, ал Франция мен Италияда ең төменгі шегі белгіленеді.

Орталық банктің несиелері  банктік ресурстар көзі болып  табылады, соған сәйкес пайыздық саясаттың әсер етуі жалпы экономикаға таралады. Ақша-несиелік реттеудің осы құралы Қазақстандық банктік жүйені реформалау кезінде ереқше танымал болды, себебі ҚРҰБ-нын, резервтері сыртқы факторларға қарсы түру үшін жеткіліксіз болды, ал ашық нарықтағы операциялар дамымады.

Ал қазіргі кезде  ақша-несие саясатының жалпы бағыты ставка деңгейлерін бақылау сақталуда, бірақ осы құралдың мәні біртіндеп азайып келеді. Бірақ, пайыздық саясаттан толық бас тарту мүмкін емес, өйткені осы құралдың инфляцияға қарсы тиімділігінің маңыздылығы зор. Мысалы, АҚШ ресми ставкаларды белгілеуден бас тартқан елдердің бірі болып саналады. Германия, Жапония, Швеция елдерінде ресми пайыздық ставка инфляцияға қарсы реттеу құралы және ұлттық валюта бағамын реттеуші ретінде пайдаланылады.

Әлемдік тәжірибеде пайыздық саясатқа жанама әсер ету шараларына көшу тенденциясы байқалуда. Бірақ, көптеген жағдайларда пайыздық ставкаларда жанами реттеу банктік резервтер келеміне әсер ететін әдістер арқылы ставкаларды тікелей белгілеуді ауыстыруды болжайды.

Нарықты экономикасы  дамыған елдерде макроэкономикалық реттеу салаларында жеткілікті мөлшерде көп тәжірибе жинақталған. Бірақ осы салада басқа елдердің тәжірибесін толық пайдалану қажетті нәтижеге қол жеткізбейді. Сондықтан макроэкономикалық реттеудің мақсаттары мен әдістерін таңдау кезінде экономиканың дамуының нақты тарихи жағдайын ескеру қажет.

Ақша-кредит саясатын iске  асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн  жүзеге асырады:

1) қарыздар беру;

2) депозиттер қабылдау;

3) валюталық интервенциялар;

4) Қазақстан Ұлттық  Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын  шығару;

5) мемлекеттiк және  басқа да бағалы қағаздарды  сатып алу және сату, оның iшiнде  керi сатып алу құқығымен;

6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;

7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.

Қазақстан Ұлттық Банкi қайта  қаржыландырудың ресми ставкасын  ақша рыногының жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен  ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық  болжалдарға қарай белгiлейдi.

Мемлекеттiк және басқа  да бағалы қағаздарды сатып алу мен  сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы  ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.     

Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде  қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi.

Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының  жалпы көлемiн реттейдi.

Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн  Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.

Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатты экономикадағы диспропорцияны бірте-бірте жоймай елестету мүмкін емес.

Инфляцияға қарсы саясаттың басты элементі - қаржыны сауықтыру мен халық шаруашылығы экономикасын тұрақтандыру, залалды және шамалы рентабелді шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын тауарлаға бағаны көтеру жолымен емес, интенсификация негізінде және өндірістің тиімділігін көтеру арқасында қол жеткізіледі. Шетел несиелерін солай пайдаланған маңызды, оларды тезірек иесіне қайтарып, сөйтіп аса мол пайда табу. Шетел ғалымдарының пайымдауынша, Қазақстандағы аса пайдалы салаларға — түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, мұнай өндеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және туризм жатады. Сондықтанда осы салалар басымдылықлен дамуы қажет. Сырткы саудамен айналысатын кәсіпорындарға толық валюталық өзін-өзі өтейтін жолға көшіру керек. Бір сөзбен айтар болсақ, тұрғындардың өмір денгейіне әсер ететін инфляцияның келеңсіздігін төмендету үшін шаралар жүйесін іске қосқан жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     ҚОРЫТЫНДЫ

 

   Курстық жұмыстың жазылуын аяқтай келе төмендегідей ой- тұжырымдамалар жасауға болады.Жалпы, курстық жұмыстың жазылу құрамы кіріспе, үш бөлім, алты сұрақты, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиеттер қамтып отыр.

Бірінші бөлімде Ұлттық банктің экономикадағы ролі, мәні және мақсаты мен қажеттілігі қарастырылды, сонымен қатар Ұлттық банктің пайыздық саясаты, ақша – несие саясатының түрлері қарастырылды, сонымен қатар пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірбиелеріне сипат берілді. 

Осы бөлімде  мемлекеттің ақша – несие саясатында пайыздық саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылды. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар, ақша – несие саясатының субъектілері анықталды.

Информация о работе Қазақстан Республикасы банктерінің пайыздық саясатының теориялық негіздері