Ақшаның дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 20:58, реферат

Описание работы

Ақшаның түрлері

Ақша, пайда болғаннан бері бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Бірақ, бұл өзгеріс оның тек сыртқы түріне ғана тиді, ішкі мағынасы өзгерген жоқ. Ақшаның сыртқы түрінің өзгеру себебі, оның жұмыс істейтін жағдайларымен, яғни қоғамдағы болған өзгерістермен байланысты. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, адамзат өмірінің бастапқы кезінде жалпыға бірдей баламаның (ақшаның), маңызын әртүрлі тауарлар атқарған (оның ішіне мал да кіреді). Бара бара, өндіру мен алмастырудың көлемінің өсуіне байланысты, жалпыға бірдей баламаның маңызын бір текті, оңай бөлшектенетін, сақтағанда бұзылмайтың тасымалдауға қолайлы тауардың орындауы керек болды. Осының салдарында өмірге кесектелген қола, мыс, күміс, алтын ақшалар келді, Одан кейінгі қоғамдық дамудың нәтижесінде, кесек металл ақшаның орнына, металдан дайындалған монеталар пайда болды, оның ішінде алтын ақша да бар. Бұл ақшаның кесек ақшадан айырмашылығы, оған қажетті деректер (мемлекеттің аты, гербісі, басылған жылы, тағы басқалар) басылатын. Бұл сол кездегі ақшаның жетілдірілген түрі болды.

Работа содержит 1 файл

Ақшаның түрлері.docx

— 18.55 Кб (Скачать)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ақшаның түрлері 

Ақша, пайда болғаннан  бері бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Бірақ, бұл өзгеріс оның тек сыртқы түріне ғана тиді, ішкі мағынасы өзгерген жоқ. Ақшаның сыртқы түрінің өзгеру себебі, оның жұмыс істейтін жағдайларымен, яғни қоғамдағы болған өзгерістермен байланысты. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, адамзат өмірінің бастапқы кезінде жалпыға бірдей баламаның (ақшаның), маңызын әртүрлі тауарлар атқарған (оның ішіне мал да кіреді). Бара бара, өндіру мен алмастырудың көлемінің өсуіне байланысты, жалпыға бірдей баламаның маңызын бір текті, оңай бөлшектенетін, сақтағанда бұзылмайтың тасымалдауға қолайлы тауардың орындауы керек болды. Осының салдарында өмірге кесектелген қола, мыс, күміс, алтын ақшалар келді, Одан кейінгі қоғамдық дамудың нәтижесінде, кесек металл ақшаның орнына, металдан дайындалған монеталар пайда болды, оның ішінде алтын ақша да бар. Бұл ақшаның кесек ақшадан айырмашылығы, оған қажетті деректер (мемлекеттің аты, гербісі, басылған жылы, тағы басқалар) басылатын. Бұл сол кездегі ақшаның жетілдірілген түрі болды.

Ең бірінші метал  ақша, біздің заманымыздан бұрынғы, үшінші ғасырда Римде басылған, ал біздің заманымыздан бұрынғы 7-8 ғасырларда, Мидия  мемлекетіңде және Ежелгі Грецияда басылған. Басқа, Европа елдерінде және Ресейде өз металл ақшасын басу, ІХ-Х ғасырларда басталған. Сөйтіп, металдан жасалған ақша өте ұзақ өмір сүрген. Мысалы, Ресейде, 5-10 сомдық алтын ақша, бірінші империалистік соғыс басталғанға дейін қолданылған.

Алтын ақшаның жеке өзіндік құны бар. Сондықтан ол ешуақытта, тіпті инфляция кезінде де құнсызданбайды. Осыған байланысты алтын ақша өз бетімен айналымға қанша керек екенін шамалай алады. Егер айналыстағы алтын ақша, керек мөлшерден артық болса, олар айналымнан шығып, қазынаға сақталуға ауысады, ал егер айналыс керегі алтын ақшамен қамтамасыз етілмесе, олар қайтадан ешқандай кедергісіз айналысқа енеді. Мұндай жағдайда, айналысқа қанша ақша керек екенін анықтап, оны тәртіптеп жатудың ешқаңдай керегі жоқ.

Дегенмен, алтын ақшаны пайдаланудың бірқатар киындықтары  бар. Біріншіден, алтыннан ақша басу, алтын шығарумен тығыз байланысты, ал алтын шығарудың, өз кезегінде, қымбатқа түсетіні белгілі. Екіншіден, айырбастау операциясының өсуі, айналыстағы ақшаның көбейуін керек етеді, ал ол үшін алтын шығаруды көбейту керек. Осыған байланысты, қымбатқа түсетін алтын ақшаны, арзанырақ ақшаға ауыстырудың қажеттілігі туды. Сөйтіп, өзінің жеке құны жоқ, қағаз ақша белгісі пайда болды.

Қағаз ақша. Ең бірінші қағаз ақша ХІ-ғасырда Қытайда шықты. Содан кейін VІІ-ғасырдың аяғыңда Солтүстік Америкада, ал ХVІІІ-ғасырдың аяғында, ХІХ-ғасырдың басында Англияда шығарылған. Ресейде 1769 жылы "ассигнация" деп аталатын қағаз ақша шығарылды.

Қағаз ақшалар алтынға, не күміске айырбасталынбайды және оны үкімет тек мемлекеттік бюджеттің  тапшылығын жабу үшін ғана шығарады. Осыған байланысты қағаз ақша мөлшерден артық шығып кетіп, құнсыздануы мүмкін, ал бұл өз кезегінде, инфляциялық жағдайға (ахуалға) әкелетіні анық. Бұл қағаз ақшаның өзіне тән ерекшелігі.

Несиелік ақша (банк билеттері). Несиелік ақшаны айналысқа шығару және оны қолданудан алып тастау, несиелік операцияларды жүзеге асыратын кез келген банктің қолында. (Орталық болмаса Ұлттық банкіден басқа). Шаруашылықтарға несие бергенде, болмаса вексельдерді есепке алғанда, не қайта есептегенде, банктер қарыз алушыларға өзінің банкнотын береді (банк билеттерін). Мұндай несиелік ақша шығару ешқандай Үкіметтің артық шығынымен, болмаса бюджеттің тапшылығымен байланыспайды. Тек, тауар өндірумен, оны өткізудің анық қажеттілігімен байланысты шығарылады. Бұл ақшаның қағаз ақшамен салыстырғандағы үлкен артықшылығы бар. Бұлай болудың ең басты себебі несиенің материалдық құндылықтар мен шаруашылық шығындардың нақты қозғалысына қарай беріліп және қайтарылып отыратыны. Өйткені, мұндай құндылықтар мен шаруашылық шығындар несиенің уақытында қайтарылуын қамтамасыз етеді. Сондықтан несиелік ақша шығару ақша айналысына ешқандай зиян келтірмейді, керісінше, айналымда жүрген ақшаның санын азайтуға, сөйтіп, оның құндылығын арттыра түсуге әсер етеді. Тек, мұндай, қолма-қол ақша беру мен несие берудің, сонымен қатар, қолма-қол ақшаның банкке түсуімен несиенің қайтарылуының байланыстары әрбір операциядан байқалмайды. Оны тек барлық операцияларды біртұтас, жиынтық ретінде қарағанда ғана байқаймыз. Егер, несие жоғарыда айтылған байланыссыз, шаруашылықтардың нақты керегінен артық берілсе, бүкіл халық шаруашылығы бойынша несие көбейіп кетеді де, инфляциялық жағдай туып, оның ұлғая түсуіне апарып соғады.

Қолма-қол ақшаны несиелік айналым құрамымен ауыстыру, несиенің басты атқарымының бірі.

Қолма-қол ақшасыз  айналымдағы ақша. Қолма-қол ақшасыз айналым дегеніміз, қолма-қол ақшаның орнына несие операцияларын пайдалану. Яғни, ақшаны бір есеп шоттан екінші есеп шотқа аудару болып табылады. Ол үшін әртүрлі төлем құжаттары мен құнды қағаздар пайдалынады, Сөйтіп, бұл айналым, несиелік ақшаның пайда болуын қажет етеді.

Бірақ қолма-қол ақшасыз  айналымның, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудан айырмашылығы бар. Олар:

- Кейбір құнды  қағаздар арқылы жүргізілетін  қолма-қол ақшасыз айналым, банктің  қатысуынсыз жүзеге асырылады. Мысалы, вексельдер және басқа да, кейбір төлем құжаттары тиісті жазу (индоссамент) мен ақша алушыға жіберіледі. Бірақ, ақша аударылмайды. Сондықтан мұндай операциялар қолма-қол ақшасыз айналымға жатады.

- Кейбір ақша алушылармен  есептескенде төлеушінің банктегі  шотта жатқан ақшасы, жалпыға  бірдей төлем құралы ретінде  шот иесінің рұқсатынсыз пайдаланылады;

- Егер, қолма-қол  ақшасыз есеп айырысуға қатысушылар,  алдағы уақытта ешқандай міндеттеме  алмайтын болса, вексель арқылы  жүзеге асырылатын қолма-қол ақшасыз  айналымға қатынасатын вексель  беруші, алдағы кезде сол вексельде  көрсетілген төлемді уақытында  төлеуге міндеттеме алады.

Өз ретінде, қолма-қол  ақшасыз есеп айырысу қолма-қол  ақшаның айналымынан төмендегідей өзгешелігі бар:

- Қолма-қол ақшасыз  есеп айырысуда 3 жақ қатынасады: сатушы; сатып алушы және олардың  есеп шоттарына тиісті жазу  жасайтын банк;

Қолма-қол ақшасыз  есеп айырысушылар банкпен несиелік байланыста болады. Оған дәлел, есеп айырысуға қатынасушылардың бәрінің де банкіде есепшоттары бар және сол есеп шоттарда азды-көпті ақшасы бар. Міне, сол ақшалар банктердің шот иелерінің алдындағы міндеттемесі болып табылады. Әрбір есеп айырысу операциясынан кейін банктің міндеттемесі не көбейеді, не азаяды. Осының өзі, есеп айырысуға қатынасатын тұлғалардың банкпен несиелік байланыста екенін дәлелдейді.

Сонымен қатар, қолма-қол  ақшасыз есеп айырысу мен қолма-қол  ақшамен есеп айырысудың біртұтастығы және өзара байланыстылығы байқалады. Мысалы, есеп айырысудың екі нысанында да бір ғана ақша қатынасады (доллар, рублъ, теңге т.т.). Оның үстіне есеп айырысудың бір нысанындағы ақша екінші нысанына оп-оңай ауысады Егер, есеп шот иесі касса чегімен өз шотынан ақша алса, бұл ақшаның есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз нысанынаң қолма-қол ақшалы нысанына ауысқаны. Егер де, ол өзінің есеп шотына қолма-қол ақша әкеліп салса, көрініс керісінше болады, Есеп айырысудың екі нысанының бір тұтастығының тағы бір дәлелі, екеуінің де несие негізінде пайда болуы .

Айналымдағы ақша жиыны  және ақша базасы. Осы екі ұғымның екеуі де қазіргі нарықтық жағдайда, бұрынғы шаруашылық жүргізудің социалистік әдісіндегіден басқа мәнге ие болды және оларды есептеу әдісі де өзгерді. Бұрын айналымға керекті ақшаның саны, К.Маркстің заңына сәйкес, анықталатын.

Бұл заң нарық  кезінде үйлеспейді деген пікірмен соңғы жылдары іс жүзінде қолданылмай  жүр. Сөйте тұра, нарық кезіне лайықты заңды ешкім ойлап тапқан жоқ. Шынында, мұндай заң шығару қиынға түседі. Өйткені, көп жағдайда есеп айырысу қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады. Сондықтан бұл екі нысанның шегі жоғалып кетті. Есеп ажыратушылар өз келісімімен керек деген нысанды таңдай алды.

Бұлай болудың басты  себебі нарық жағдайында қолма-қол  ақшамен және қолма-қол ақшасыз  айналым бір тұтас айналым  болды. Осыған байланысты айналымдағы ақша жиыны осы бір тұтас айналымның көлемі болып табылады.

Қазақстан бойынша  бұл көрсеткіш 2000 жылы 45,9 пайызға  өсіп, 2001 жылдың басында 399,5 млрд. теңгеге жетті. Қазіргі жағдайда айналымдағы ақша жиынын сипаттау үшін әртүрлі агрегаттар қолданылады.

Ақша агрегаттары

Елдегі айналымда  жүрген ақша жиынының бөлігін құрайтын ақша құралдарының бөлек түрлері  өздеріне тән өтімділік деңгейіне  сәйкес ақша агрегаттарына бірігеді немесе оларды ақша кешендері деп  те атайды. әр түрлі елдерде бұл ақша агрегаттарының саны әртүрлі. Мысалы, АҚШ-та, Жапонияда, Италияда 4 агрегат қолданылса, ФРГ-да 3, ал Францияда тіпті 10 ақша агрегаты бар.

Типтік ақшалы агрегаттарды жалпы сипаттайық.

М0 ақша агрегаты қолма-қол  ақшаны сипаттайды. Демек, бұл ең өтімді ақша агрегаты деген сөз.

М1 ақша агрегаты айналымдағы  қолма қол ақшаны және талап етілгенге  дейінгі банктік шоттарда жатқан ақшаларды, чектік салымдарды және жол  чектеріндегі ақшаларды сипаттайды.

М2 ақша агрегаты М1 ақша агрегаттарынан және мерзімдік салымдарда жатқан ақшалардан, чектік емес жинақ  салымдарынан және ақша нарығының өзара  қорларындағы шоттарда жатқан сомалардан құралады.

М3 ақша агрегаты М2 ақша агрегатымен қоса жеке ұйымдар мен  фирмаларға тиесілі қомақты мерзімдік  жинақ салымдарынан тұрады.

L ақша агрегаты  ең кең ауқымды ақша агрегаты  болып табылады, мұнда М3 ақша  агрегаты және әртүрлі бағалы  қағаздар кіреді.

Қазақстанда қатаң  монетарлық саясат қолданылып отырғанын  байқауға болады. Басқаша айтқанда, Ұлттық банк, айналымға тиісті көлемде ақша шығармай отыр. Олай істемесе Ұлттық ақшаның (теңгенің) құны төмендеп кетеді. Осының салдарынан Республиканың шаруашылығында көптеген өзара төлемеушілік орын алып келеді.

Ақша базасы дегеніміз  айналымда жүрген қолма-қол ақшаның  екінші дәрежедегі банктердің кассаларындағы және корреспонденттік шоттарындағы ақшаның  және олардың Ұлттық банкте сақталатын міндетті қорларының қосыңдысы.

Қазақстанда бұл  қосынды 2001 жылдың басында 134 млрд теңге  құрады. Бұл өткен 2000 жылдың басымен салыстырғанда 5,7% өскені.

Алтынды кредит ақшамен  ығыстыру ары қарай дамуын ақша қызметтерін (банкнот, вексельдер, чектер) атқарушы тұлғалардың кредиттік карточкаларға  айырбастау қарқыны күшейе түсті.

Кредиттік карточка ақшаның төлем құралы қызметін атқарады.

Кредиттік карточкалардың түрлері:

1. Жаңартылатын карточкалар.  Магазин, ресторандарда қолданылады.  Карточкалардың қарыздары жабылғаннан  кейін қайтадан жаңартылады.

2. Бір айлық карточкалар. Туристік фирмалармен есеп айырысу үшін қолданылады. Қарыздар айдың соңында жабылуы керек.

3. Фирмалық карточкалар.  Әр түрлі фирмалар әр түрлі қызмет жөніндегі шығындарды төлеу үшін шығарылады.

4. Сыйлықтық немесе  алтын кредиттік қарточкалар.  Олар тек жоғары жылдық табысы  бар клиенттерге беріледі.

Кредиттік карточкалар 1915 жылдан бастап пайдаланылады, ол кезде  олар ең бірінші рет АҚШ-та қарызды жазу түрінде пайда болған.

Ақша эволюциясының  осы заманғы кезеңіне электронды ақшалар жүйесі сай келеді. Олардың  көмегімен ақша операциялары жүргізіледі: банк есебінен ақша алу, салымдарды қабылдау, төлемдер, чектік кітапшалар беру, дебет-карточкалары және т.б. Электронды чектік кітапша болып табылатын смарт-карточкалар пайда болды.

Қазақстанда электронды ақшалар жүйесі қалыптасу сатысында.

Бірінші пластикалық "ақшалар" шектелген көлемде 1989 ж. Сыртқы Экономбанктан шығарылды. Қазіргі кезде оларды елдің ірі банктері шығара бастады.

Информация о работе Ақшаның дамуы