Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2011 в 20:36, реферат
Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді.
Жоспар:
І.Кіріспе
Ақша түсінігі.
1 Ақшаның және экономикалық категория ретіндегі түсінігі,
экономикалық мәні................................................................................
2Несие ақшалар
3 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайындағы дамуы
4 Ақша айналысының заңдары..........................................................
5 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге
Ақша құн өлшемі ретінде.
Ақшаның бұл атқарымы оның көлемі мен тауардың өзіндік құны анықталған кезде байқалады. Бұл жерде тауардың өзіндік құны, оны өндіру жолындағы қажетті шығынмен тең. Олай болса тауар өндіру, басқаша кызмет көрсету үшін, алдымен еңбек бұйымдарын табу керек, тек содан кейін, солардың көмегімен, керекті өнім шығарылады, болмаса, қызмет көрсетіледі. Осыған байланысты жаңадан шығарылған тауардың өзіндік құны екі элемнттен тұрады. Біріншісі, жоғарыда айтылған еңбек құралдары мен еңбек бұйымдарының құны. Өйткені, ол түгелімен, жаңадан шығарылған өнімнің өзіндік құнына ауысады. Екіншісі, осы өнімді өндіру жолындағы жұмсалатын тірі еңбек күшінің кұны. Сонымен қатар, жаңа өнімнің өзіндік кұнына косылатын, еңбек құралдарының және еңбек бұйымдарының кұны да әрбір тауар өндірушілерде бірдей болмайды. Өйткені, барлық тауар өндірушілердің техника мен жабдықтандырылуы, мамандық дәрежесі және үнемшілдігі әр түрлі. Алайда кез келген тауар, тек қоғамдық қажетті шығынға байланысты бағаға сатылады.
Тауар өндіруші
осы тауарды шығару үшін 10 сағат
уақыт шығарса, екінші тауар өндіруші
13 сағат жұмсады. Тек, осының салдарынан,
бірінші өндірушінің тауарының өзіндік
құны 650 теңге болса, екінші өндірушінің
тауарынің өзіндік құны 800 теңге болады.
Бірақ ол өзінің тауарын 800 теңгеге сата
алмайды. Өйткені, мұндай тауардың нарықтық
бағасы 700 теңге. Осының нәтижесінде,
бірінші өндіруші шығарған шығынын қайтарып,
оның үстіне 50 теңге пайда тапса, екінші
өндіруші 100 теңге, шығын шекті. Егер
осындай тауардың саны жүздеген, мыңдаған
болса, пайда да, шығын да соншалық көбейеді.
Ақша айналыс құралы ретінде.
Ақша айналыс кұралы кызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші колға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз козғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, акша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта аспайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал баска нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі акщаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, акшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне кызмет етеді.
Біздерге ақша айналыс кұралы крызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпарациялардың және тағы басқа қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
Ақша айналыс құралы кызметін атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір-несие тауар мәмілелеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша аз болады.
Егер акцианың айналыстағы
массасы тауар массасынан көп болса, онда
бұл олардың кұнсыздануына, яғни инфляцияға
алып келеді.
Ақша төлем құралы ретінде.
Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем акрі түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем кұралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бірге қаржы-несие қатынастарына да кызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдері төмендегідей етіп топтауға болады:
Ақша төлем кұралы ретінде айналыс құралынан өзара
айырмашылықтары бар. Бұл кызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем кұралы ретінде қызмет атқарады.
Төлем құралы ретіндегі
ақшаның қызметі оның бұдан бұрын
қарастырылған кызметтерінен
Ақшаның төлем
құралы кызметін атқаруына байланысты
ақша айналысы заирі өзінің неғұрлым
толық көрінісін тапты. Егер тауарлар
несиеге сатылса, онда қолма-қол ақша қажет
емес. Бұл айналыстың қолма-қол акшаға
деген қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем
мерзімі жақындаған сайын борыштарды
жабу үшін ақша айналымының қажеттілігі
артады. Өзара өтелетін төлемдер соммасы
айналыс үшін ақшаның санын азайтады.
Егер қандай да бір бөлімде, борыштық міндеттеме
бойынша төлем өз уақытында түспейтін
болса, онда бұл өзімен бірге басқа да
төлемсіздік тізбесін тудырады.
Ақша — қорлану және қазына жинау құралы ретінде.
Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттілігі Т- А -Т айналымының екі актілерге Т - А және А - Т айрылуымен байланысты.
Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты — таза қазына- формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан акшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттілігі тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет.
Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы байлықты білдірмейді. Толық бағалы акшалар материалданған құнның формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз акшалар орындауы мүмкін. Қазыналарды қорландыру алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады.
Металл ақшалар айналысы тұсында ақша жинау кызметі айналыстағы ақша массасын реттегіш рөлін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сактандыру қоры ретінде болады. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің болуына кепілдеме береді. 1998 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінде монетарлық алтынның қалдығы 4178,1 млн. теңгені құрады.
Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралы кызметін атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы кызмет негізінде олар корлану кызметін жүзеге асырады. Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар қорлана бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын сол формада сақтай отырып, олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым кұралы ретінде түсе алады. Шынында да бұл елдегі ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін.
Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
Несиелік механизмнің
арқасында кәсіпорындар мен халықтың
ақшалары банктен берілетін қарыздар
түрінде қайтадан айналыс процесіне түседі.
Сөйтіп, ақшалар бұл кызметінде ұлттық
табыстың қалыптасу, бөлу және қайта бөлу
процесіне дәнекер болады.
Дүниежүзілік ақша қызметі.
Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар кызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу кұралы ретінде қызмет етеді.
Бұл кызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.
Егер де елдің ішінде ақша ұлттық ақша бірліктері формасында қызмет етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстің айтуынша: “Ақшалар өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы кымбат бағалы металл формасын киеді , яғни жалпыға бірдей эквивалент формасына өтеді”.
Бірақ алтын айналасы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етті. 1913 жылы халықаралық есеп айырысулардың 80 %-зы ағылшын фунтстерлингінде бейнеленген аударым вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана кызмет етті. 1976 жылы ақшаның алтын тепе-теңдігі жойылғаннан кейін, көптеген экономистер, енді құнсыз қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікірге келді. Бірақ та, ақша әлі де, әртүрлі елдердің және олардың заңды және жеке тұлғаларының, өзара қарым-қатынастарына кызмет көрсетіп жүр. Мысалы, басқа елдің шаруашылықтарымен жеке тұлғалармен алып-сату, ол үшін өзара есеп ажырасу, несие алу, оны қайтару деген сияқты істер жыл сайын өсіп келеді. Осыған байланысты, қазіргі ақша дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікір, онша дұрыс емес. Ақша бұрынғыша өзінің дүниежүзілік ақша атқарымын орындап келеді. Рас, кез келген ұлттық ақша емес, тек еркін айырбасталымды ақшалар (валюталар). Еркін айырбастауға жатпайтын ақшалар дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды. Сондықтан ақшалары еркін айырбасталмайтын елдер, алдымен өз ақшасын сол кездегі бағаммен еркін айырбасталынатын ақшаға (доллар, евро, иена сияқты) ауыстырады да, содан соң оның өзінің, керекті халықаралық істеріне жаратады. Сондықтан қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын тіпті орындамайды деген түсінікпен келісуге болмайды. Орындайды, тек тежеулі көлемде.
Бреттон-Вудстағы {1944 жылы) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік ақшалардың жаңа формалары: СДР — арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ — еурапалық есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 жылдың қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі " евро" айналымға шықты.
Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелік акшаға өту жолын кеш те болса қайталауда.
Қазіргі уақытта
дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары
жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже
жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктердің
өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан
да олар толыққанды түрде дүниежүзілік
ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл
қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар
арқылы алтын атқарады.
1.5
Ақша табиғатының ерекшеліктері.
XX ғасырда ақша
қызметтері және ақшаның
Батыстың экономикалық
теориясында бұл сұрақ бойынша
пікір талас жүріп жатқанына
кемінде екі ғасыр болды.Егер
қағаз ақша салыстырмалы сиректік қасиетінен
айырылатын болса, онда оның бағалығы
төмендейді. Сондықтан қағаз ақшаның құны
туралы мәселе айналысқа қажет қағаз ақшаның
саны туралымәселемен тығыз байланысты.
Ақшаның мәні оның қызметтерінен шығады
(ең алдымен құралы және айналыс құралы
ретіндегі)
1.6 Ақша айналысының заңы.
Қайта құру кезеңіне дейін "ақша айналымы" мен "ақша айналысы" ұғымдары арасында айтарлықтай шек койылатын.
Ақша айналысы деп - қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өпдіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.