Ақша қаражаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 18:00, реферат

Описание работы

Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90 – жылдардың орта шеңіне дейін ТМД – мүше елдердің басылымдарында «ақша айналысы» деген ұғымдарға анықтама беріліп, ол бір – біріне дәл ажыратылады. Ақша айналымы деп қолма – қол ақша мен қолма – қол емес ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бар ұғымдардың мәні мен құрылымын өзгеғртпей кейбір ерекшеліктер еңгізді.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................3

І. Ақшаның қызметі...........................................................................................6
Ақша айналысын басқару.......................................................................10
Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі......................................12
Металл ақша айналысы...........................................................................14

ІІ. Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері...................................................17

Несие ақшалары және олардың түрлері.................................................22

Ақша айналысы заңы...............................................................................25

Банкноталар мен қағаз ақшалар айналымы жүйесі, оның

сипаттамасы..............................................................................................27

Қорытынды………………………………………………………………...29

Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………………..31

Работа содержит 1 файл

Ақша айналысы және ақша жүйесі реферат [www.topreferat.kz].doc

— 172.50 Кб (Скачать)

    ХХ ғ. 70 – жылдары алтынға деноминация жүргізілді. Алғашқыда алтын елдің ішкі ақша айналымында айналыс және төлем құралы ретінде пайдаланылса, ал 1976 жылдан бастап ол дүниежүзілік ақша қызметін де  

- 15 -

орындамайды. Алтын мемлекеттің ішкі айналымынан да, әлемдік нарықтын да қағаз және несие ақшаларымен ығыстырылды.

     Қарыз ақшалар. Олардың айналыс  заңдылықтары. Металл ақша айналысының  объективті заңдылықтарын және  капитализм тұсында тауар өндірісінің  қарқынды дамуын айналымға қосымша  ақшаның қажеттілігін арттырып ақшаның дербес құны жоқ ақша таңбаларымен айырбастап мүмкіндігін ашты. Қағаз ақшаның шығу мүмкіндігі мына себептерге байланысты болды:

  • Біріншіден, ақша құн өлшемі қызметін қолдағы алтын ақша емес, ойдағы ақша ретінде атқару ерекшелігіне;
  • Екіншіден, ақша айналыс құралы ретінде өз қызметін шапшаң, ілезде атқару ерекшелігіне, яғни тауар айырбасында ақша делдал болуына байланысты;
  • Бұл мүмкіндіктің іс – жүзіне айналу біраз себептерді қамтитын тарихи ұзақ процесс:
  • Монетаның табиғи ысылып тозуынан оның толық құны жойылып, құр ақша белгісіне айналуы. Мысалы, 1809 – 1829 жж. Еуропа елдерінде монетаның тозу себебінен 19 млн. фунт стерлинг монета айналыстан шығарылған;
  • Мемлекеттің және жеке адамдардың – жасанды ақша жасаушылардың монетаны бұзуы. Мемлекеттің металл ақшаны саналы түрде бұзуы – ол қазынаға қосымша табыс түсіру мақсатында монетаның асыл металл құрамын әдейі төмендетуі.Ақшаның құнсыздануы шаруаларды, кәсіпқойларды, ұсақ саудагерлерді көп шығынға душар етті. Олар патша өкіметіне өздерінің қарсылығын білдіріп, 1662 жылы 25 маусымында көтеріліске шықты. Тарихта ол “мыс бүлігі” деп аталды. Көтеріліс қатал жаншылып, мыс монетаны соғу тоқтатылды. Бүлінген 100 мыс копеектің орнына 1 күміс копеек айырбасталды.
 

- 16 -

     ІІ. Ақша жүйесі және оның даму  кезеңдері.

     Әрбір мемлекеттің өзіне тән  ұлттық ақша жүйесі болады.Ақша жүйесі - ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі ХVІ – ХVІІ ғғ. Капиталистік өндіріс бұл қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастады. Капиталистік өндірістің және тауар ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.

     Ақша жүйесінің типі: ақша – ерекше тауар ретінде өсуіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша құн - өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің типтері кездеседі:

  • Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады;
  • Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.

     Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ  құн эквиваленті қабылданған  металға байланысты металл ақша  жүйесі: биметаллизм және монометаллизм  болып бөлінеді.

     Алғашқы капитал жинау кезінде (XVI – XVII ғғ.) биметаллизм ақша жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды ақшалар қамтамасыз етті. Биметаллизм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ мемлекет ролін алтын мен күміске бекітке ақша жүйесі. Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша қос – металды валюта, онда екі металдан да кең көлемде монета соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.

     Биметаллизмнің үш түрі болған:

  1. Қатар жүретін валюта жүйесі-онда   алтын  мен  күміс  монеталардың

    - 17 -

    арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты бекітілген.

  1. Қос валюталы жүйе – онда металдардың санының арақатынасын мемлекет бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.
  2. “Қосалқы валюта жүйесі”- онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем құралы деп саналғанмен іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүреді.

     Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа  мемлекеттерінде XVI – XVII ғғ. Пайда болып, тіпті ХІХ ғ. аяғына дейін қолданылып. Ақша ретінде екі металды қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездесті. Дегенмен 1865 ж. Франция, Бельгия, Швеция және Италия биметализмді сақтап қалу мақсатында келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде (1865 – 1878 жж.) Латын монеталық одағы конвенциясы бекітіліп, ол бойынша металдан да құны 5 франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасына тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алтын мен күмістің нарықтық құнына сәйкес келмеді.

     Биметаллизм жүйесі өскелең капиталистік  шаруашылықтың талабын қанағаттандыра  алмады, себебі құн өлшемі ретінде  екі металды қатар қолдану  ақшаның бұл қызметіне қайшы  келді. Жалпыға бірдей құн өлшемі  ретінде тек тауар жүреді. Ондай тауар не алтын, не күміс. Оған  қоса ХІХ ғ. аяқ шегінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістін құны кеми бастады. Бұл кезде алтын мен күмістің нарықтық арақатынасы 1:20, 1:22 тең болды. Ал заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен болғандықтан алтын монеталар айналысқа шығып, қазына қорына айналды. Алтын ақша айналыстан шығуы Коперник – Грешем заңына айтылған “жаңа жақсы ақшаны айналыстан ығыстырды” деген ақшаның өмірдегі көрінісі. 

- 18 -

     Монометаллизм жүйесі. Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан биметаллизмнің орнына монометаллизм ақша жүйесі өмірге келді.

     Монометаллизм – ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана металл(не алтын, не күміс) қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн белгілері мен монеталар алтынға немесе күміске айырбасталды. Күміс монометаллизм Қазақстанда 1852 – 1893 жж., Голландияда 1847 – 1875 жж., Ресейде 1843 -1852 жж., қолданылды.

     Патшалық Ресейде күміс монометаллизм  1839 – 1843 жж. Жүргізілген ақша реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлшемі болып құрамында таза күмістің 4 мысқалы 21 бөлігі бар күміс рубль есептелді. Сонымен қатар айналысқакүміске еркін айырбасталатын несие ақшалары да шығарылды. Дегенмен күміс ақша елдің күйзеліске шығарған ақша айналысын түбегейлі ретке келтіре алмады. Себебі бұл кезде басыбайлы шаруашылық (крепостничество) құлдырап, мемлекет бюджетті мен сыртқы сауда балансының шаруашылығы елде жүргізілген  ақша реформасын нәтижелі ете алмады. Оған қоса, 1853 – 1856 жж. болған Қырым соғысының шығындарын өтеу мақсатында айналысқа қосымша несие ақшалары шығарылды, іс – жүзінде олар қарыз ақшаға айналды. Сөйтіп Ресейде күміс монометаллизм орнына алтын монометаллизмі келді.

     Алғашқыда алтын монометаллизм  ақша жүйесі ретінде ХYІІІ ғ. аяғында Ұлыбританияда қалыптасып, ол 1816ж. Алтын жүзінде бекітілді. Ал басқа мемлекеттердің көпшілігінде ХІХ ғ. үштігінде: яғни Германияда 1871 – 1873 жж., Скандинавия мемлекеттерінде (Швеция, Норвегия, Дания) 1873ж., Австрияда – 1892 және Жапонияда – 1897 ж., АҚШ – та 1900ж. енгізілді.

     Құн белгілерінің алтынға айырбасталу  ерекшеліктеріне байланысты алтын  монометаллизмнің үш түрі болады.

   

                                                    - 19 -

     Алтын монеталы стандарт оған негізгі төмендегі белгілер тән:

  • Елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді не ол ақшаның барлық қызметтерін тақарады;
  • Алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;
  • Айналымдағы несие ақшалары ( банкнота, майда металл монеталар) көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталар айырбасталады;
  • Алтынды, шетел валютасы елден еркін алып шығып және елге әкелуге, сондай ақ алтын нарығының екін жұмыс істеуіне рұқсат берілген.

     Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы – еркін бәсеке кезінде пайда болып, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауданың өркендеуіне және капитализм шетелге шығаруға жол ашты. Алтын елдің ішінде сыртқы саудада да еркін жүруі үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде алтынның сақтаудағы қоры болуы шарт.

    Бірінші дүниежүзілік соғыс бюджеттің тапшылығын арттырды. Оны жабу мақсатында айналысқа шығарған ақша массасы эмиссиялық банктің сақтаудағы қорынан асып кетті. Сондықтан кембағалы ақшаларды алтын монетаға еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды. Осы кезде алтын монеталы ақша стандарт соғысқа қатынасқан елдердің барлығында және басқа да көптеген мемлекеттерде жойылды.Банкнотаны алтынға айырбастау тоқталып, алтынды шетелге шығаруға тиым салынды. Алтын монета айналыстан шығару қор жинау және байлық құру құралына айналды. Алтын монеталы стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға түсті.

     Алтын құймалы стандарт – оның  алтын монеталы стандарттан айырмашылығы  бұнда алтын монета айналымы  құймайды және оны еркін соғу  жойылды. Алтын құймалы стандартта  банкнотаның белгілі бір сомасы алтын массасының белгілі бір салмағына айырбасталды. 
 

- 20 -

     Алтын девизді стандарт - ол девиздерге (яғни, белгілі бір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйе Австрияда, Германияда, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Осы кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айналыстан да алынып тасталды. Міне тек осындай қосалқы алтын девизді ақша жүретін елдердең алтынмен айналысы сақталды. Ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта валютаның курсының төмендеуіне немесе сату арқылы жүзеге асырылды. Сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына байланысты болды.

     1929 – 1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық мемлекеттерде әр кездегі алтын монометаллизмнің барлық формасы жойылды. 1944ж. Бреттон – Вудсте құрылған Халықаралық валюта несиесі еркін айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық алтын девизді стандартты, мәнінде алтын долларлы стандартты бекітті. Оның келешегі, яғни алтын долларлы стандарт – тек АҚШ доллары алтанмен байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт орталық банктер мен үкімет мекемелері үшін ғана берілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына байланысты 1971 ж. Бастап алтын құймаларын долларға сатуды тапты, сондықтан алтын доллары стандарт та айналыстан шықты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

- 21 -

     2.1. Несие ақшалары және олардың түрлері. 

     Несие ақшалары – сатып алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын (толық құнды ақшаның орнына жүретін) құнның қағаз белгісі немесе қарызды өтеудегі ақшаның төлем құралы қызметін атқаруы.

     Несие ақшалары да қағаздан  жасалады, бірақ оларды, әдетте, банктер  әр түрлі шаруашылық процестеріне  байланысты жүргізілетін несиелік  операцияларды орындағанда шығарады. Сөйтіп, қарыз бергенде банк қарыз алушыға өзінің несие ақшасын беруі мүмкін, яғни қарызды пайдалану мерзімі өткеннен кейін берілген қаржы қарызды өтеу үшін банкке қайтарылуы керек. Қарыздың бір бөлігі банкке түскен қолма-қол ақшамен де өтеледі. Сонда несие ақшаларын айналымға шығару және оларды кейін қайтарып алу шаруашылық процестерге байланысты орындалатын несие операцияларының негізінде жүргізіледі.

     Банктің кассасынан қолма – қол ақша беру мен қарыз берудің арасындағы байланыс және банкке қолма – қол ақшаның түсуі мен қарыз берешегін өтеудің арасындағы байланыс әрбір жеке қарыз операциялардың: қарызды беру мен оны өтеу және банктің кассасына қолма – қол ақшаны беру мен кассаға ақша түсіру операциялардың жиынтық көлемінде көрінеді.

    Несие ақшалары өте ерте заманнан пайдаланып келеді. Мысалы, төлем міндеттемесінің ең жай – түрі қолхат сауда келісімдерінде жаңа дәуірге дейінгі бір мың жылдықта Васионда пайда болған.

     Қазіргі несие ақшаларының эволциясы:  вексель, банкнота, чек, несие карточкалары болып есептеледі.

     Вексель ХІІ ғ. Италияда алғашқыда халықаралық сауда, кейін ішкі сауда айналысында қолданылған. Вексель - төлем міндеттемесі, ол несиеге алған тауардың құнын төлем уақыты келгенде келісілген жерде өтеу қарыздардың сатушыға жазбаша түрде берген құжаты. Тауарлы төлем міндеттемесі коммерциялық вексель деп аталады. 

Информация о работе Ақша қаражаттары