Ақша айналысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 21:35, курсовая работа

Описание работы

Ақша айналысы қазіргі нарықтық экономикада маңызды элементтердің бірі болып табылады. Себебі ақша құрылымының есебін ескермеген жағдайда халық шаруашылығы жағдайларын экономикалық саясаттың мақсаттарын анықтау және тәжірибелік іс шараларын өткізу кезінде көптеген қателіктер болуы мүмкін. Ақша айналысының тұрақтылығы оның жақсы функциялануының ерекше маңыздылығын береді.

Содержание

Кіріспе

1.Ақша айналымының түсінігі және мәні
1.1 Ақша айналымы және ақша айналымының заңы
1.2 Қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымдары

2. Ақша айналысының кұрылымы
2.1 Ақша массасы және оның жылдамдығы
2.2 Ақша агрегаттары және ақша базасы

3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Ақша айналысы.doc

— 148.00 Кб (Скачать)

    Екі деңгейлі банк жүйесін қалыптастырғаннан  кейін,ақша ретеушілері жиынтық  сұранысты  реттеуге  және ақша қаражаттарының әр алуан түрлерімен формаларын  бір уақытта  қолдану  мүмкіндігін қамтамассыз  ету үшін  бағытталған болатын.

    Ақша  массасының  құрылымы  мен  динамикасының  анализі  ақша айналымының  реттеу  механизімін  жасауда  маңызы  зор. Айналымдағы ақша көлемі  Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің несие  эмиссиясының  көмегімен  болжамдалады.  Несиелеу процесі кезінде,  алтынволюталық  қорлардың өсуі  және  шетел волютасын сатып алу нәтижесінде оның  активтері көбейеді.  Бұл,  сонымен бірге,  пассивтердің  өсуіне,  яғни  ақша  агрегаттарының ( қолма – қол ақша,  міндетті  резервтер )  пайда болуына  әкеледі.    

    Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкінің қолма – қол ақша айналымын реттеудегі басты қызметтерінің  бірі - экономика субъектілерінің  қажеттілігін ұлттық валюта ақша белгілерімен дер кезінде және тұтас қанағаттандыруы.

    Осы жұмыстарға байланысты Ұлттық Банкінің филиалдарының эмиссия – кассалық реттеуімен екінші деңгейдегі банктердің кассалық жұмысы, купюралық құрылымды жақсарту, ұлттық валютаның ақшалай белгілерінің саудасын қолдау, айналымнан ескі үлгілерді алып тастау жүргізіледі.

    Ұлттық  Банкінің ақша – несие саясатының шарттарына байланысты Республикада экономикалық жағдай жағымды қалыптасуда, өнеркәсіптер мен халықтың мемлекет саясатына  сенімнің артуы мемлекеттегі ақша ұсынымына  оң әсер тигізеді.

    Жиынтық Ұлттық табыс пен ақша массасы көрсеткіштерінің өсуі, ақша массасының өсуі қолма – қол ақшамен емес, банк депозиттерінің өзімен байланысты. Ол монетизация деңгейін көтереді. 2004 жылы оның 19,8 % дейін көтерілуі ( 2003 жылдың соңында 18,6 % ) халық пен шаруашылық субъектілерінің ұлттық валютаға сенімін көрсетеді.

      Қазіргі кезде қолма – қол  ақша эмиссиясының көлемі және  ұлттық валюта белгілерінің көлемі  тек шаруашылық субъектілердің  сұранысына байланысты. 
 
 
 
 
 
 

                                        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 

    Осы курстық жұмысты қорытындылайық. Жоғарыда аталып кеткендей, ақша айналымы - тауарлар мен қызметтерді қолма – қол және қолма – қол емес формада жүзеге асыратын, мемлекеттің ішкі экономикалық айналымындағы ақшалардың қозғалысы.

    Ақша  айналымы екі бөліктен тұрады: қолма – қол ақша айналымы және қолма – қол емес ақша айналымы.

    Ақша  айналысы – белгілі бір мезгілде қолма – қол ақшамен өтеліп, ақша айналымының бөлігі болып табылады. Ал ақша айналымы қолма – қол  және қолма – қол емес ақша белгілерін қамтамасыз ететін ақшаның қызметі.

    Ақша  айналысының заңы, яғни оның мәні –  ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысын ақша өлшемінің  айналым соңына бөлген кезде оның теңесуі ақша айналысының құралы қызметін орындау үшін қажет.

    Сонымен қатар, ақша айналысына әсер ететін жағдайлар қарастырылған болатын. Соның бірі – ол несиенің даму деңгейі. Егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақща қажет және тағы басқалар.

    Сондай  – ақ, ақша коммерциялық банктердің төлем – кассалық бөлімдерінен клиенттер арқылы айналысқа түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін клиенттердің кассасы арқылы айналыстан шығады. Сөйтіп, қолма – қол ақшаның қайталама айналысы аяқталады.

    Ақша  айналымын жеделдету үшін электрондық  төлем жүйесі қолданылады. Ол сонымен  бірге айналыс шығындарын азайтуға, есеп айырысуды тездетуге, айналыстағы қолма – қол ақшаны азайтуға кең жол ашады.

    Қолма – қол емес ақша айналымы ( төлем  айналымы ) – ол банктегі шот иесінің  жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы  ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретінде қызметтің атқарылуы. Қолма – қол емес ақшаның төлем айналымын екі тобқа бөлуге болады: тауарлы операциялар бойынша және қаржылық міндеттемелері бойынша төлем айналымы.

    Қолма – қол ақша және қолма – қол  емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бір – біріне тәуелді.

    Ақша  массасы – бұл жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы. Ақша массасының компоненттерін анықтаудың әр түрлі концепциялары бар. Оның құрамы сол елдегі несие – ақша жүйесімен анықталады.

    Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі  бір күнге ақша айналымындағы  сандық өзгерістерді талдау үшін, сол  сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс - шаралар  жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Ондай көрсеткіштер ақша агрегаттары деп аталады.

    Қазақстан Республикасындағы ақша агрегаттары  келесідей:

    М0 – айналыстағы қолма – қол  ақша немесе банк жүйесінен тыс ақша;

    М1 – М0 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері;

    М2 – М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы  аудармалы депозиттері;

    М3 – М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы  басқа да депозиттері;

    Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкінің қолма – қол ақша айналымын реттеудегі басты қызметтерінің  бірі - экономика субъектілерінің  қажеттілігін ұлттық валюта ақша белгілерімен дер кезінде және тұтас қанағаттандыруы.

    Осы жұмыстарға байланысты Ұлттық Банкінің филиалдарының эмиссия – кассалық реттеуімен екінші деңгейдегі банктердің кассалық жұмысы, купюралық құрылымды жақсарту, ұлттық валютаның ақшалай белгілерінің саудасын қолдау, айналымнан ескі үлгілерді алып тастау жүргізіледі.

    Ұлттық  Банкінің ақша – несие саясатының шарттарына байланысты Республикада экономикалық жағдай жағымды қалыптасуда, өнеркәсіптер мен халықтың мемлекет саясатына  сенімнің артуы мемлекеттегі ақша ұсынымына  оң әсер тигізеді.

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қолданылған әдебиеттер 
 

    1. Свиридов  О. Ю. Деньги. Кредит. Банки. Серия «Учебники, учебные пособия». – Ростов –  на – Дону: «Феникс», 2001. – 448с.
    2. Көшенова Б. А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы / - Алматы: Экономика, 2000. – 328 бет.
    3. Ақша. Несие. Банктер: Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған Ғ. С. Сейітқасымов. – Алматы: Экономика, 2001. – 466 бет.
    4. Матлин А. М. Деньги и экономические решения. – М.: Дело, 2001. – 272 с.
    5. Лаврушин О.М. Деньги. Кредит. Банки. – Москва, 1999. –
    6. Баймуратов У. Б. Национальная экономическая система. – Алматы.: Ғылым, 2000. – 536с.
    7. Нитина К.А. Деньги .Кредит.Банки.-Санкт-Питербург,ЮНИТИ

      2001.-297с. 

    1. Дробат  Ю.Л. Экономическая система.-Москва.:Асафа 2004.-302с.
    2. Есипова Р.Р. Денежный оборот Республики.-Алматы,2000.-254с.
    3. Каренова Е.Г. Международный оборот денег.-Тараз,2000.-401с.
    4. Торова Ю.П. Экономические решения.-Москва,2003.-365с.
    5. Миронов П.О. Деньги.Кредит.Банки.-Москва,1999.-473с.
    6. Немигаило П.В. Эволюция денег.-Алматы:Cизиф,2003.-524с.
    7. Летников М.Д. Денежный оборот.-Москва,1998.-453с.
    8. Микосян А.И., Ефремова П.Ч. Денежный оборот.-Екатеринбург

      -ЮНИТИ,2001.-492с.

Информация о работе Ақша айналысы