Қаржыландыру мен несиелендірудің әдістері. ҚҚаржылық қызметті ағымды және стратегиялық реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 15:31, контрольная работа

Описание работы

Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді.

Работа содержит 1 файл

Қаржыландыру ,несиелендіру әдістері.doc

— 83.50 Кб (Скачать)

        Бөлінбеген пайда кең мағынада  пайда ретінде тұтынуға пайдаланған  және өткен жылдардағы пайдаланбаған  пайда кәсіпорынның қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.

        Кәсіпорындарда пайданы үлестіру  және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді. 

        4. Тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар:

  • кәсіпорынның тапқпн пайдасының өндірістің негізгі және айналмалы қорларының құнына қатысты;
  • кәсіпорынның тапқан пайдасының сатылған өнімнің өзіндік құнына қатысы.

        Кәсіпорын қызметінің тиімділік  деңгейін бағалау үшін алынған нәтижеге (жалпы табыс, пайда) кеткен шығындар немесе пайдаланған ресурстармен салыстырылады. Пайданың шығындармен өлшемдестігі пайдалылықты немесе толығынан пайдалылық мөлшерін білдіреді.

        Практикада пайдалылық мөлшерін  өлшеу екі нұсқада пайдаланады. Бұл пайданың ағындағы шығындармен қатынасы (кәсіпорын шығындары, өзіндік құн) немесе аванстық жұмсау (негізгі өндірістік қорлар және аәналым қаражаты). Бұл екі өлшеуші аванстық жұмсау айналымы жиынтығының көрсеткішіне өзара байланысты. Кәсіпорынның пайдалылық мөлшерін мына төмендегі формуламен есептеуге болады:

        Ө (Б-Қ)

                              П м  =  –––––––

                                          Н қ  + А қ

мұнда:     Ө - өнім көлемі;

                 Б - өнім өлшемінің бағасы;

                 Қ - өзіндік құн;

                 Н қ – негізгі өндірістік қорлардың құны;

                 А қ – айналмалы қаражаттың көлемі. 

        Практикада кәсіпорын қызметінің  бірнеше пайдалылық көрсеткіштері  қолданылады.

        1. Өнімнің пайдалылығын барлық сатылған өнімнің және оның жеке түрлерін есептегенде ғана мүмкін болады. Бірінші жағдайда ол өнімді сатқандағы пайданың және оны өндіруге және сатуға кеткен шығындардың қатынасын анықтайды. Барлық сатылған өнімнің пайдалылығын тауарлы өнімді сатудан алынған пайданың өткізуден алынған түсімнің қатынасына есептеп шығарады; баланстық пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім. Барлық өнімді сатудағы пайдалылық көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және сату табысы жөнінде түсінік білдіреді

        2. Өндіріс қорларының пайдалылығы  баланстық пайданың негізгі өндірістік  қорлардың және айналым қаржыларының  жылдық орташа құнына қатынасы. Бұл көрсеткішті таза пайда  арқылы да есептеуге болады.

        3. Кәсіпорынның жұмсалым пайдалылығы оның қарауындағы мүліктердің құны арқылы есептелінеді. Есептегенде баланстық және таза пайданың көрсеткіштерін пайдаланады.

        Кәсіпорынның жеке қаржысының  пайдалылығы таза пайданың баланс  арқылы есептелінетін оның жеке  қаржысының қатынасымен анықталады.

        Пайданы қалыптастыруға ықпал  ететін несие бойынша процент  мөлшерлемесі:

  • басқа кәсіпорындардың үлес қосуынан түскен табыстар;
  • құнды қағаздардан түскен табыстар;
  • алынған айыппұлдан асып түсу, өсімақы, төлемнің тұрақсыздығы.

        Шығынның белгілі бір мөлшерін  мейлінше тиімдету – шаруашылықты  жүргізудің әр түрлі мәселелерін  шешуге келгенде басты талап  осы болып отыр. Тек қанша өнім  өндірілгендігінің ғана емес, оны  өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының  да маңызы зор. Мәселенің бұлай қойылуы мынаны аңғартады: шикізаттар мен материалдарды жұмсай отырып, шикізаттың әрбір өлшеміне неғұрлым көп өнім алуға, шығарылған бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.

        Егер кәсіпорын ішкі шаруашылық  резервтерін тауып, пайдаланудың  негізгі бағыттарын қорытындылауға  талпыныс жасалса, онда оларды  үш топқа бөлуге болады. Өндіріс  тиімділігі, біріншіден, негізгі өндірістік  қорлардың пайдаланылауын жақсартудың,  екіншіден, айналмалы өндірістік қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттырылады.

        Кәсіпорын қызметінің экономикалық  тиімділігін молайтудың басты  шарты – еңбек өнімділігін  барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату. Басқа да біркелкі жағдайаларда өнімнің өзіндік құны неғұрлым арзан болған сайын тиімділік соғұрлым жоғары болатының белгілі. Кәсіпорынның тиімділігіне сонымен қатар, өнімнің немесе шығаратын тауарлардың сапасы да едәуір ықпал етеді, өйткені жоғары сапалы өндірілетін тауарларды көтеріңкі бағамен сата алады.

Информация о работе Қаржыландыру мен несиелендірудің әдістері. ҚҚаржылық қызметті ағымды және стратегиялық реттеу