Қаржы теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 10:44, курсовая работа

Описание работы

қаржының мәні, мазмұны

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3

І. ҚАРЖЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................5

1.1 Қаржының мәні, мазмұны....................................................................................5

1.2 Қаржының атқаратын қызметтері мен рөлі........................................................7

1.3 Қаржы жүйесін басқару және оның қағидалары................................................8

1.4 Халықаралық қаржы жүйесі..............................................................................12

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН
ТАЛДАУ....................................................................................................................17
2.1. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің қалыптасуы......................17

2.2. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің ахуалы.........................................................................................................................19

2.3. Қаржы нарығының экономиканың дамуына жасаған ықпалы.....................24

2.4 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың жолдары......................................................................................................................27

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................32



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................34

Работа содержит 1 файл

Каржы теориясы-курс.doc

— 260.50 Кб (Скачать)

         Мына төмендегі мәліметтер бойынша  еліміз экономикасының  өткен  жылғы өсу барысын өнеркәсіп  саласында, ауылшаруашылығы, құрылыс,  сауда, көлік т.б. көруге болады: 

        Өнеркәсіп. Үстіміздегі жылдың алғашқы  жарты  жылдығында  өнеркәсіп өндірісінің  көлемі қолданыстағы бағамен  1615,1 млрд. теңге болды, бұл былтырғы  жылдың   осындай мерзіміне қарағанда  9,4 пайызға  артық. Кен өндіру өнеркәсібіне  803,9 млрд. тенгенің  өнімі  өндірілді, бұл 2009 жылғы деңгейден 11,5 пайыз жоғары. Өнеркәсіптің бұл саласының осындай өсуі негізінен газ түріндегі табиғи газ (тауарлы шығарым) (47,7 пайызға), газ конденсатын (26,5 пайызға ),  шикі мұнай (9,7 пайызға), көмір (3,0 пайызға) өндіруді  арттырумен қамтамасыз етілді. Сондай – ақ темір – кенді шекемтастар, қорғасын – мырыш және хром кендері, құм және қиыршық тас 2008 жылғы қаңтар – маусымдағыдан артық өндірілген. Тау – кен өнеркәсібі өнімінің құрамында отын – энергетикалық пайдалы қазбалардың үлесіне 720,8 млрд. теңге немесе 89,7 пайызы келеді,  соның ішінде шикі мұнай мен табиғи газдың  үлесіне, тиісінше 658,0 млр. теңге немесе 81,8 пайызы келеді [12, 3 б.]

        Ауыл шаруашылығы.  Үстіміздегі жылдың 6 айында республика  бойынша  ауыл  шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі ағымдығы бағамен 145,9 млр. теңгені құрады, бұл 2008 жылы осы кезеңінен 5,2  пайызға артық. Ауыл шаруашылық  министрлігінің мәліметі бойынша биыл дәнді және бұршақ дәнді дақылдардың егістік алқабы 14,2 млн. гектарды құрады, бұл былтырғы  жылғыдан 2,5 пайызға артық. Сонымен бірге қант қызылшасының егістік көлемі 6,8 пайызға, мақтаның  егістік  көлемі – 6,2 пайызға көбейді, ал дәндік  күнбағыстың   егістік  көлемі – 1,8 пайызға, дәндік жүгерінің егістік  көлемі  1,7 пайызға азайды.

        Құрылыс. 2009 жылғы қаңтар – маусымда  құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 169,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы деңгейден 0,7 % - ға  жоғары. Республика  көлемінде жеке құрылыс ұйымдары атқарған құрылыс жұмыстарының  үлес  салмағы  қомақты – 77 пайыз. 2010 жылғы қаңтар – маусымда жалпы ауданы 1544,2 мың шаршы метр 7926 үй  салынды, соның ішінде  тұрғын  үйге  арналғаны – тиісінше  1241,8 мың шаршы метр және 6443 үй. Тұрғын үй құрылысына  48,5 млрд. теңге инвестиция жұмсалды, бұл 2008 жылғыдан 2,6 есе артық.

        Көлік. 2010 жылдың қаңтар – маусымында  республикадағы жүк тасымалдау  көлемі (коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын көліктік емес  ұйымдар мен кәсіпкерлер тоасыған жүк көлемін бағалауды ескергенде) 821,8 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезегінденгі жүк тасымалдаудан 9,3 пайызға артық. Республиканың темір жол көлігі ағымдағы жылдың қаңтар – маусымында 103,5 млн. тонна жүк тасымалдады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіндегіден 8,2 пайызға жоғары [12, 5 б.]

ҚОРЫТЫНДЫ 

       Бүгінгі таңда қаржы жүйесі  терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырьш, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.

    Нарықтық  қатынастарға көшу барысында қаржы  жүйесінің рөлі мен маңызы шүғыл  артады. Қаржы-кредит нарықтық механизмдердің неғұрлым тиімді жүмыс істейтін секторларының  біріне айналуы тиіс.

          Экономикалық өсудің негізгі мақсаты – халықтың материалдық әл – ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.      

        Қазақстан Республикасының  Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында былай деген еді:

       «Біз алдымызға  анық та  айқын мақсат қойдық: біз жақсы  өмір  сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен де бұрын  балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қаладық. Бұған сіздер  мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей  биікке көтерілдік».

         Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаевтың  халыққа жолдаған  «Қазақстан-2030» бағдарламасында  Қазақстан Республикасының әлеуметтік  – экономикалық дамуында тұрақты  экономикалық өсуге, халықтың жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды қоғам қалыптастыру мақсаттары қаралады.

      Мемлекет  ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік — мәдени шаралаға, мемлекетті басқаруға мен  қорғанысты дамытуға бағыттауын қаржынының бөлу қызметі атқарады.

      Қаржының  реттеу қызметі экономикалық дамуын реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен  жүргізгенде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие саясатында, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде жүзеге асырады.

    Қаржыны ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әртүрлі ынталандырғанда жүзеге асады.

    Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі  әдісі – материалистік диалектикалық-тарихи әдісі қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.           

    Қаржы — бұл қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын  айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұның нәтижесінде ұдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан жеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары, қорланымдары мен қорлары жасалып, пайдаланылады.

    Қаржының  қажеттігі объективті мән-жайдан — тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы — табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жүмсалуына бақылау жасау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы №  735 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары».-/25 б/
  2. Н.Назарбаев, 1 наурыз 2006 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы, Егемен Қазақстан, 2 наурыз, 2006, /3б/
  3. Н.Назарбаев «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасы, 1997
  4. Есентүгелов А. «Қазақстан Республикасының индустриялдық – инновациялық дамуының стратегиясы нақты  және  болашақ» Алматы – 2003 ж./327 б/
  5. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік  және  саяси  жедел жаңару жолында» Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың  2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан Астана журналы № 1(20), 2005 қаңтар - ақпан./4 б/
  6. Қазақстан Республикасының Статистика  жөніндегі агенттігі. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуы» Ақиқат журналы № 1/2009, 1/2010 ж. ж./79/
  7. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С.  «Қаржы» // Алматы – 2005-/481/
  8. Медеуұлы И. Басты мақсат экономиканы көтеру. /Егемен Қаз/, 2010, 7-сәуір, /12 б./
  9. Мауленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ.  «Экономикалық теория», Алматы – 2004 ж./278/
  10. Назарбаев Н. «Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасы», Алматы – 1998 ж./325/

Информация о работе Қаржы теориясы