Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 18:56, реферат
Айналым қорлары - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
ШКЭСШОРЫННЫҢ
АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫНыЛ ҚҮРАМЫ МЕН ҚҮРЫЛЫМЫ
Айналым
қорлары - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің,
ұйымдардың өндірістік қорларының бір
өндірістік айналымда түгел тұтынылып
және өзінің құнын дайындалатын өнімге
толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің
табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан
кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Айналым қорлары 2 бөлімнен тұрады:
• өндірістік айналым қорлары;
•
айналыс қорлары (фонды обращения).
Өндірістік
айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым
қорларының ең негізгі
бөлігі болып табылады.
Олар барлық айналым қорларының
өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен металл
өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды.
Өндірістік
айналым қорлары мынадай
•
Өндіріс қалдықтары (запастар). Оларға
- шикізат, негізгі материалдардың, отынның
косалқы бөлшектердің қалдығы (запастар),
бағасы 100 теңгеден кем құнсыз жанғыш және
тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар
жатады.
• Аяқталмаган өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.
•
Болашақ кезеңдердің шығындары — жаңа
өнімдерді әзірлеуге және игеруге кеткен
шығындар.
Айналыс қорларының кұрамына дайын өнім, жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі, кассалардағы ақша қорлары, бітпеген есептесулердегі ақша құралдары жатады.
Дайын өнім — техникалық бақылаудан өткізілген шығарылған дайын өнім. Олар өндіріс процесі аяқталған соң әрі қарай орап, қораптап сатуға дайындауға дейін коймаларда сақталады. Дайындау жұмыстары жүргізіліп бітіп, қажетті кұжаттар толтырылған соң, дайын өнім тұтынушыға жөнелтіледі.
Ақша құралдары - кәсіпорындардың материалдық ресурстарды сатып алуға, еңбекақы төлеуге, мемлекеттік төлемдерді және басқа да ұйымдар мен мекемелерге атқарған қызметтері үшін төлемдер төлеуіне жұмсалатын қаржысы.
Дебиторлық берешек - заңды ұйыммен немесе жеке адаммен шаруашылык өзара арақатынастық қорытындысында кәсіпорынға, ұйымға, мекемеге есептелген борыштың сомасы.
Кәсіпорынның дебиторлық берешегі болуы кәсіпорын қаражатының тікелей көзделген мақсаттан басқа мұқтаждыққа жұмсалғандығы, демек кәсіпорын жұмысындағы елеулі кемшілік ретінде қаралады.
Кәсіпорынның қаржылары айналым қорларын нормалау - кәсіпорындарға, ұйымға өздерінің қалыпты жұмыс істеуінің жылдық жоспарлауын қамтамасыз ету үшін қажетті ақшалай қаражатты ең аз қажетсінудің ғылыми тұрғыда негізделген есеп-қисабы. Айналым қаражатын мақсатты түрде үнемдеп пайдалану өндіріс пен айналыста тауар мен материалдық құндылықтардың қосалқы қорларын қысқартуға, өнімді өт-кізуге, ақшаның қорлануына, шаруашылық органдарының қаржы жағдайының тұрақтылығына және т.б. септігін тигізуге жағдай жасайды.
Бұл арада айналым қаражатының нормативі қолданылады.
Айналым қаражатының нормативі - қаржы жоспарында белгіленетін ақшалай қаражаттың ең аз мөлшері. Ол кәсіпорынға, бірлестікке, ұйымға өздерінің қалыпты, толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тауар - материалдық құндылықтардың ауыспалы қосалқы қорларын құрау үшін қажет.
Айналым қаражаттары 2 түрге бөлінеді: меншікті айналым қаражаты және қарызға берілген айналым қаражаты.
Меңщікті айналым қаражат - кәсіпорындардың, бірлеслестіктердің, ұйымдардың ресурстар жөніндегі тұрақты ең аз қажеттерді қамтамасыз ету үшін бекітілген нормативтерге сәйкес өздерінің тиесілі айналым каражатының бір бөлігі.
Қарызға
берілген айналым қаражаты - кәсіпорындардың,
бірлестіктердің және ұйымдардың
айналым қаражатының қысқа мерзімді
банк кредиті және айналымға
тартылған қаржы есебінен құралған бөлігі.
АЙНАЛЫМ
ҚОРЛАРЫНЫҢ АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕДЕЛДЕТУ
ЖОЛДАРЫ
Айналым
қаражаттары әрқашан да қозғалыста
болып ауыспалы айналым жасайды, яғни
айналыс сферасынан өндіріс сферасына,
өндіріс сферасынан айналыс сферасына
қайта айналып келіп отырады. Мұндай құбылысты
айналыс қорларының кезеңі деп атайды.
Айналым қаржысының айналымдылығы - айналым қаржысының тиімді пайдалануын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. :
Айналымдылық
коэффициенті - сатылған өнімнің көлемін
(Рп) айналым қаражаттарының
орташа қалдығына (СО) бөлу арқылы анықталады:
Ко = Р„ / СО
Айналым қорларының айналымын жылдамдату кәсіпорынның негізгі мақсаты болып табылады және оның мынадай жолдары бар:
•
ғылыми-техникалық прогрестің
соңғы нәтижелерін қолдану;
•
өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру
формаларын жетілдіру;
- арзан конструкциялық материалды қолдану;
•
шикізат, отын-энергетика ресурстарын
үнемді қолдану және т.б.
Айналым
қорларын қолдануды ұйымдастырудың негізгі
мақсаты - өндіріс процессіз үзіліссіз
жалғастыру және сатуға шығарылған өнімді
айналым қорларының ең аз мөлшерінен қамтамасыз
ету.
Өз қозғалысында айналым қорлары үш сатыдан өтеді:
•
ақшалық;
•
өндіргіш;
•
тауарлық.
Ақшалық сатыда дайындық жұмыстары жүргізіледі. Айналыс сферасында ақша капиталы өндіргіш капитаға айналады. Өндіргіш сатыда өндіріс процесі басталады. Өндіргіш сатыда дайын өнім шығарылып, сату сатысы басталады, яғни өндіргіш капитал тауар капиталына айналады да тауар сатысы басталады. Схема түрінде алсақ,
А- Т .... Ө .... Ті - А„
мұндағы: А - кәсіпорынның ақша құралдары; Т - өндіріс құралдары; Ө - өндіріс; Т1 - дайын өнім; А1 - өнімді сатудан түскен ақша құралдары. Кәсіпорындағы айналым қорлары кәсіпорынның өз қорларынан және қарызға алынған ресурстардан тұрады.
Айналым
қорларының кездеріне пайда,
несие, жарғы қоры, бюджеттік
қорлар, кредиторлық берешек т.б.
жатады.