Кееден одағы бүгін және ертең

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 20:22, доклад

Описание работы

Үш ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған аталмыш одақтың берері мол. Ресми деректерге сүйенсек, қазірдің өзінде біраз игіліктер байқалуда. Дегенмен халықтың бұған қатысты пікірі әрқилы. Тұрғындар әсіресе, күнделікті тұтыну тауарларына деген баға шарықтап кетеді-ау деген үреймен жүрген сыңайлы. Онымен қоса, бөркін аспанға атып жатқан кәсіпкерлер де көрінбейді. Ал Кедендік одақ нақ осы кәсіпкерлікке кең өріс беруі тиіс болатын.

Работа содержит 1 файл

КЕДЕНДIК ОДАҚ Бүгін ертең.docx

— 18.85 Кб (Скачать)

КЕДЕНДIК ОДАҚ: БYГIН, ЕРТЕҢ. ЖЕТІЛДІРЕТІН ТҰСТАР БАРШЫЛЫҚ.

КЕДЕНДІК ОДАҚ 

 

 

Үш айдан кейін Кедендік одақтың күшіне енгеніне бір жыл толады. Аз уақыт емес. Азды-көпті нәтиже шығаратын кез. Ендеше көз салайық ...

Үш ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған аталмыш одақтың берері мол. Ресми деректерге сүйенсек, қазірдің өзінде біраз игіліктер байқалуда. Дегенмен халықтың бұған қатысты пікірі әрқилы. Тұрғындар әсіресе, күнделікті тұтыну тауарларына деген баға шарықтап кетеді-ау деген үреймен жүрген сыңайлы. Онымен қоса, бөркін аспанға атып жатқан кәсіпкерлер де көрінбейді. Ал Кедендік одақ нақ осы кәсіпкерлікке кең өріс беруі тиіс болатын. Алайда аймағымыздың кейбір кәсіпорын, фирма басшылары әзірге күткен үміттерінің ақталмай тұрғандығын алға тартып отыр. Олар өздерінің өтініш-тілектерін арқалап «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Павлодар облыстық филиалында өткен «Қазақстан Кедендік одақты дамыту аясында» атты семинар-дөңгелек үстел отырысына жиналды. Бұл шара еліміздің жаңа кедендік саясаты мен Кедендік одақтың артықшылықтарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Кедендік одақтың аясында бірыңғай кеден тарифі (БКТ) бойынша келісімнің күшіне енгендігі белгілі. Бұл - еліміздің Ресей федерациясы және Беларуссия мемлекетімен тығыз экономикалық байланысқа көшкендігінің белгісі. Жалпы Кедендік одақ оның құрамына кіретін мемлекеттер арасындағы бажсыз сауда-саттықты білдіреді. Яғни үш мемлекет арасындағы сауда кедендік баж салығынсыз жүргізіледі. Оның есесіне жыл басынан бері Кедендік одақтың құрамына кіретін мемлекеттер арасында басқа шет мемлекеттер үшін бірыңғай келісілген кедендік баж салығының мөлшерлемесі қолданылуда. Осы арқылы одақ құрамына кірмейтін елдерден әкелінетін тауарларға деген баж салығы көтерілді.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Кедендік одақтың кедендік Кодексі енгізілді. Осы арқылы үш мемлекет арасында кедендік рәсімдеу алынып тасталды. Кеден қызметінің тек санитарлық, эпидемиологиялық, ветеринарлық, көлік, фитосанитарлық бақылауы ғана жүргізілуде. Ал келесі жылдың бірінші шілдесінен бастап үш мемлекет арасындағы ішкі шекарадан аталмыш бақылаудың да барлығы алынып тасталмақ. Тек шекаралық бақылау ғана қалады. Демек әкімшілік кедергілер мүлде болмайды. Бұл одақ құрамына кіретін елдер арасындағы тауар айналымының одан әрі дами түсуіне септігін тигізеді. Оның кәсіпкерлер үшін өте қолайлы екендігін атап өткен жөн. Себебі әкімшілік тосқауылдар тауар тасымалдауға қатты кедергі жасайды.

Ойлап қарасаңыз, кәсіпкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Шетелден тауар тасымалдаймын немесе керісінше экспортқа шығарамын десең де өз еркің. Әсіресе Кедендік одаққа мүше елдер арасындағы тауар айналымы еш кедергісіз жүргізіледі. Алайда аймағымыздың кәсіпкерлері іс жүзінде мәселенің мүлде басқаша екендігін айтып отыр. Мысалы, Беларуссия, Ресей елдерінен жеңіл көлікті тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер кеденнен өтер кезде салық төлегендігі жөнінде бір парақ анықтама қағазын алу үшін он күн күтеді екен. Ал Кедендік одақ күшіне енбей тұрғанда мұндай жұмыс небәрі бір тәуліктің ішінде атқарылған. Бұл - бір ғана мысал. Онымен қоса, облысымыздың ірі кәсіпорындары шетелден түрлі техникалық жабдықтар, тауарлар тасымалдаған кезде қай тауарды, қай жерде, қашан және қалай рәсімдеуден өткізу керектігін білмей дал. Соған қарағанда, еліміздің кедендік жүйесінде орын алған жаңашылдықтарды насихаттау, түсіндіру жұмысы кенжелеп тұр деп айтуға негіз бар. Мұны тиісті орган өкілдері де мойындап отыр.

Енді баға саясатына келетін болсақ. Облысымыздың кәсіпкерлік және өндіріс басқармасының жүргізген арнайы мониторингіне сүйенсек, шет елдерден импортталатын тұтыну тауарларына деген баға көтерілмеген көрінеді. Тек фармацевтикалық, киім-кешек, аяқ киім, үйге қажетті керек-жарақтарға, тұрмыстық техникаға деген баға сәл қымбаттап отыр. «Аты аталған тауарлар бағасының өсуі тек бірыңғай кеден тарифінің енгізілгендігіне байланысты емес. Ол тауарлар онсыз да жыл сайын қымбаттап отырады. Бұл аталмыш өнімдер түрлерінің көбеюіне, жаңа материалдардың пайда болуына және әлемдік нарықтағы шикізатқа деген бағаның өсуіне байланысты. Ең бастысы, күнделікті тұтыну тауарларының басым бөлігі бұрынғы бағамен сатылуда», - дейді аталмыш басқарма бастығының міндетін атқарушы А.Ғабдуллинова. Жалпы, Кедендік одаққа байланысты еліміздің тұтыну нарығына қатысты барлық өзгерістер біртіндеп жүргізілетін болады. Онымен қоса, Қазақстан үшін дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар, елімізде өсірілмейтін жеміс-жидектің бірқатар түрлеріне, полимер, картон және тағы басқа 400-ге жуық қажетті өнім түрлеріне 2013 жылға дейін ауыспалы кезең берілген. Яғни аты аталған тауарларға кедендік тарифтің өсімі әсер етпейді. Демек олардың мемлекет ішінде босатылу, сатылу бағасының күрт өсуіне жол берілмеуі тиіс.

Жағымды жаңалық. Ресми статистикаға жүгінсек, Кедендік одақ күшіне енгелі бері аймағымызда босатылатын отандық тауарлардың үлес салмағы біршама артқан. Ал Ресейде жасалған тауарлардың үлесі бес пайызға, одақ құрамына жатпайтын мемлекеттерден әкелінетін тауар екі есеге азайған.

Не десек те, Кедендік одақ - келешекке бағытталған жоба. Оның әлі де болсын жетілдіре түсетін тұстарының бар екендігі - заңды құбылыс, дейді шараға қатысушылар. Ал кемшін кеткен тұстарын анықтап, ретке келтіру - баршамыз үшін ортақ міндет. Сол себепті, Павлодар облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы А.Нұғманов дөңгелек үстел отырысына қатысқан барлық кәсіпкерлерге өтініш-тілектерін қағаз бетіне түсіріп беруді сұрады. Бұл өтініштер, өз кезегінде, жоғары деңгейде қаралмақ.


Информация о работе Кееден одағы бүгін және ертең