Кеден субъектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 22:01, реферат

Описание работы

Кеден аясында қызмет атқаратын бірнеше кеден субъектілері бар.Мен сол кеден субъектілерінің ішіндегі кеден сарапшыларының қызметің, олардың қасиеттерін, құқықтары мен міндеттерін талдағым келіп тұр.Кедендік сараптамаға қатысы бар субъектілер – кедендік сараптамаға қатысы бар тұлғлар.
Сараптама жүргізу үшін арнайы ғылыми мәліметтердің болуы міндетті шарт. Сарапшының ғылыми құзыретін солар құрайды және маманның сарапшылыққа белгіленуіне қажетті ғылыми білімдерінің жиынтығын құрайды.

Содержание

Кіріспе
Кеден субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
Кеден сарапшыларының іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.
Кеден сарапшысының құзыреті,білімі мен арнайы білімдері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Кеден субъектілері реферат.doc

— 103.50 Кб (Скачать)

                                                    Жоспар

Кіріспе

  1. Кеден субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
  2. Кеден сарапшыларының іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.
  3. Кеден сарапшысының құзыреті,білімі мен арнайы білімдері.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Кіріспе

 

   Кеден аясында қызмет атқаратын бірнеше кеден субъектілері бар.Мен сол кеден субъектілерінің ішіндегі кеден сарапшыларының қызметің, олардың қасиеттерін, құқықтары мен міндеттерін талдағым келіп тұр.Кедендік сараптамаға қатысы бар субъектілер – кедендік сараптамаға қатысы бар тұлғлар. Олар кеден органдарының, басқа да құқық қорғаушы және сот органдарының сараптама белгілеуге өкілеттігі бар мемлекеттік билік органдарының жеке тұлғалары мен заңдық тұлғалары, лауазым иелері; қызмет бабы бойынша мемлекеттік сарапшылар, сарапшы коммерциялық кәсіпорындардың сарапшылары мен жеке сарапшылар; сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары, кеден шекарасы арқылы тауар тасымалдайтын (көлік құралдарын және басқа да заттарды) немесе өтетін тұлғалар, сонымен қатар осы тауарларға жауапты тұлғалар және олардың өкілдері (кеден делдалдары, декларанттар, адвокаттар).  «Сараптама» сөзі латынның «expertus» деген сөзімен байланысты, ол «білуші,тәжірибелі,хабардар» дегенді білдіреді. Сараптама дегеннің өзі – арнайы бір салалардың білімдерін жұмылдыруды қажет ететін мәселелерді шешу үшін білікті адам (сарапшы) жүргізетін зерттеу. Сараптаманы жүргізу үшін сарапшылар жалпыға белгілі білімдер немесе арнайы білімдерді қажет етеді. Сарапшы ретінде ғылыми қызметкерлер, теоретиктер, практиктер,инженерлер, дәрігерлер қатысады, бірақ сарапшы қызметін атқару үшін олардың бәрінің қандай жағдайда да сол салада ғылыми білімі болуы шарт, ал олардың қорытындысы ғылымға сүйенуі керек. Өзінің қорытындысын сарапшы шынайы ғылыми тұрғыдан, осы ғылым зерттейтін құбылыстардың заңдылығын бейнелейтін ғылыми жетістіктер тұрғысынан жасауы тиіс. Сараптама жүргізу үшін арнайы ғылыми мәліметтердің болуы міндетті шарт. Сарапшының ғылыми құзыретін солар құрайды және маманның сарапшылыққа белгіленуіне қажетті ғылыми білімдерінің жиынтығын құрайды. 

 

 

    1. Кеден субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.

Кедендік тексеру жүргізу кезінде кеден органдарының лауазымды тұлғаларының құқықтары мен міндеттері 
1. Кеден органдарының лауазымды тұлғалары кедендік тексеру жүргізу кезінде: 
1) тексерілетін тұлғадан коммерциялық, көліктік құжаттарын, бухгалтерлік есеп және есептілік құжаттарын, сондай-ақ оның ішінде электрондық тасымалдағыштағы тексерілетін тауарларға қатысты ақпаратты талап етуге және алуға; 
2) оларға қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тексерілетін тұлғалардан тауарлардың ұсынылуын талап етуге; 
3) кедендік бақылау мақсаттары үшін есептілікті ұсынуды талап етуге; 
4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік тексеру жүргізу үшін қажетті, ұйымдардың шоттары бойынша ақша қаражатының қозғалысына қатысты, оның ішінде банктік құпияны құрайтын ақпаратты банктерден және өзге де несиелік ұйымдардан талап етуге және алуға; 
5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес салық, және өзге мемлекеттік     органдардан, оның ішінде коммерциялық,                                банктік, салықтық     және      заңнамамен қорғалатын құпияны құрайтын  қажетті       ақпаратты                 және     құжаттарды сұрау салуға және  алуға; 
6) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес көшпелі кедендік тексерулерді жүргізу кезінде тауарларға түгендеу жүргізуге (түгендеу жүргізуді талап етуге); 
7) кедендік тексерулерді жүргізуге байланысты халықаралық сұрау салуларды жіберуге; 
8) кедендік тексеруді жүргізу туралы (тексеруді тағайындау туралы актті) шешімді (нұсқаманы) және қызметтік куәліктерді көрсете отырып тексерілетін тұлғаның объектісіне қол жетімділігіне; 
9)көшпелі кедендік тексерулерді жүргізу кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу туралы акт жасай отырып тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүзеге асыруға; 
 
10) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезінде алу актісін жасай отырып тексерілетін тұлғадан құжаттарды немесе олардың көшірмелерін алуға; 
11) оларға қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілдермен иелік етуге бағытталған әрекеттердің жолын кесу үшін көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзіміне кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен бекітілген тәртіпте тауарларға тыйым салуға немесе алуға; 
12) тауарлар орналасқан үй-жайларды мөрлеуге; 
13) кеден одағының заңнамасымен және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен қарастырылған өзге де әрекеттерді жүргізуге құқығы бар. 
2. Кедендік тексерулер жүргізу кезінде кеден органдарының лауазымды тұлғалары: 
1) тексерілетін тұлғаның құқықтарын және заңды мүдделерін сақтауға, заңсыз шешімдермен және әрекеттермен (әрекетсіздігімен) тексерілетін тұлғаларға залал келтіруге жол бермеуге; 
2) көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін тұлғаның белгіленген жұмыс режимін бұзбауға; 
3) кедендік тексерулер барысында алынған кез келген ақпаратты тек кеден мақсаттары үшін пайдалануға; 
4) кедендік тексеруді жүзеге асыру кезінде құпиялы мәліметтерді және белгілі болған салықтық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламауға; 
5) көшпелі кедендік тексеру жүргізу тәртібіне қатысты кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасының ережелері туралы қажетті ақпаратты тексерілетін тұлғаның талабы бойынша ұсынуға; 
6) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен қарастырылған жағдайда қоспағанда, кедендік тексерулер жүргізу барысында алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, тексерілетін тұлғаның келісімінсіз олардың мазмұнын жарияламауға; 
7) тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде, соның ішінде сараптаманы (зерттеу) белгілеу және жүргізу кезінде, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу кезінде тексерілетін тұлғаны оның құқықтары және міндеттері туралы ақпараттандыру; 
8) кеден заңнамасымен және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Кедендік сараптама тағайындау және жүргізу кезінде декларанттың, тауарларға қатысты уәкілетке ие өзге тұлғаның және олардың өкілдерінің құқықтары 
1. Кедендік сараптама тағайындау және жүргізу кезде декларант, тауарларға қатысты уәкілетке ие өзге тұлға және олардың өкілдері: 
1) олар бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын алу үшін кедендік сарапшыға (сарапшыға) қосымша сұрақтар қою туралы қолдаухат ұсынуға; 
2) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысымен танысуға және кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органында осындай қорытындының көшірмесін алуға; 
3) кедендік сараптама жүргізу үшін кеден органдарының сынамалар мен үлгілерді іріктеп алуына қатысуға; 
4) қосымша немесе қайтадан кедендік сараптама өткізуге қолдаухат жазуға құқылы. 
2. Декларанттың, тауарларға қатысты уәкілетке ие өзге тұлғаның немесе олардың өкілдерінің қолдаухаты қанағаттандырылған жағдайда сараптама белгілеген кеден органының лауазымды тұлғасы тиісті шешім шығарады. 
Қолдаухатты қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда кеден органының лауазымды тұлғасы бұл туралы қолдаухат берген тұлғаны жазбаша түрде хабардар етуге тиіс.

 

   

 

 

  • Кеден сарапшыларының іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.

 

Кеден сараптамаларын жүргізу  кезіндегі сарапшылардың іс жүргізу  құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері, сондай – ақ сарапшыға қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапқа тартылатынын ескерту тәртібі Қазақстан Республикасы заңнамасымен нақтыланады. 

Кедендік сарапшының (сарапшының) құқықтары мен міндеттері 
1. Кедендік сарапшы (сарапшы) мыналарға: 
1) кедендік сараптаманы өткізуге қатысты материалдармен танысуға; 
2) кеден органының рұқсатымен кедендік сараптама өндірісіне өзге де кедендік сарапшыларды (сарапшыларды) тартуға; 
3) кедендік сараптама жүргізу үшін материалдарды алған кезден бастап 1 (бір) күн ішінде егер қойылған сұрақтар өз құзыретінен шығатын. Болса немесе өз құзыретіне жатпайтын сұрақтардың жауаптарын ұсыну кедендік сараптамадан бас тартуға; 
4) кедендік сараптама өткізу үшін материалдарды алған кезден бастап 3 (үш) күннің ішінде жазбаша түрде кедендік сараптама өткізу үшін қосымша материалдарды сұрауға; 
5) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын беру үшін керекті материалдар мен құжаттарды алу, оның ішінде зерттеу үшін сынамалар мен үлгілерді алуға; 
6) өзінің арнайы танымы және құзыретіне сәйкес оның алдына қойылған сұрақтарды анықтау; 
7) арнайы және өзге де деректерде шығарылған ғылыми техникалық ақпараттарды пайдалануға; 
8) өзінің сынаулары және зерттеулерінің нәтижелерін және (немесе) басқа зерттеу немесе сараптама ұйымдары жүргізген сынамалар мен үлгілерді зерттеу нәтижелерін пайдалануға; 
9) кедендік бақылауды жүргізуге қатысуға құқылы. 
2. Кедендік сарапшы (сарапшы): 
1) кедендік сараптамаға қатысты материалдармен танысуға; 
2) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысына кедендік мақсаттар үшін маңызға ие, олар бойынша сұрақтар қойылмаған жағдайлар туралы тұжырымдама қосуға; 
3) Кедендік сараптамаға ұсынылған сынамалар мен үлгілерді рұқсат етілуі мен дұрыстығын сақтау кезінде зерттеулер жүргізуге, зерттеу нәтижесінің толық, жан-жақты және әділдігін бағалау негізінде кедендік сараптаманың (сараптаманың) қорытындысын ұсынуға; 
4) Кедендік сараптаманы өткізу нәтижесінде алынған мәліметтерді жарияламауға, кеден одағының кедендік заңнамасымен көрсетілген жағдайлардан тыс өзге де мақсаттарда пайдаланбауға және үшінші тұлғаларға бермеуге; 
5) кедендік сараптаманы өткізудің белгіленген уақытын сақтауға міндетті.

Сарапшы мынаған құқылы:

  • сараптаманы тағайындаған адамнан немесе органнан қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін беру туралы өтініш айтуға;
  • кеден ережелерін бұзу туралы істі жүргізетін адамның (судьяның) рұқсатымен жауап алу ісіне қатысуға немесе жауап беруші адамға кеден сараптамасына қатысты сұрақтар қоюға;
  • сараптамалық зерттеу барысында өзіне қойылмаған сұрақтар бойынша іс үшін мәні бар мән – жайлар анықталған жағдайда оларды қорытындыда атап көрсетуге;
  • кеден сараптамасына қатысы бар мән – жайларды зерттеу үшін оған өзінің қатысу уақытының шектелгені туралы сотқа өтініш айтуға;
  • кеден ережелерін жүргізетін немесе қарайтын тұлға иә болмаса қылмысты іс бойынша тергеу жүргізуші адам, прокурор, сот (судья) ережені немесе сарапшының заңды мүддесін бұзса заңда белгіленген тәртіппен олардың іс - әрекетіне немесе шешіміне шағым айтуға.

Сарапшы мыналарға міндетті:

- кедендік сараптамаға қатысты материалдармен танысуға;

- Қазақстан Республикасының кедендік, әкімшілік, қылмыстық – процессуалдық заңнамасының талаптарын ескере отырып, алдына қойылған мәселелер бойынша сараптамалық зерттеулердің нәтижелерін өзінің арнайы білімдеріне сәйкес толық, жан – жақты және объективті бағалау негізінде қорытынды беруге; ол осы қорытынды үшін жеке жауаптылықта болады;

- сараптамаға ұсынылған тауарлар,сынамалар мен үлгілер және басқа да материалдар қосымша мәліметтер алуды қажет етпестен – ақ алға қойылған мәселелердің шешілмеу себептерін атап көрсетіге;

- кеден ережелерінің бұзылуы туралы істі жүргізетін немесе қарайтын тұлғаның не анықтама жүргізуші адамның, тергешінің, прокурордың немесе соттың (судьяның) шақыруы бойынша өзі берген қорытындыны түсіндіру немесе толықтыру үшін келуге;

- заңнамада көрсетілген негіздемелер болған жағдайда өз міндетінен бас тартуға;

- сараптама тағайындаған органның рұқсатынсыз кеден ережелерінің бұзылуы туралы істің немесе алдын ала тергеудің мәліметтерін жария етпеуге;

- зерттеу үшін алынған материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге;

- сарапшының арнайы білімін пайдалануға мүмкіндік беретін мәліметтер болған жағдайда сараптама белгіленген органның тапсырмасымен болсын, ықтиярымен болсын кедендік құқық бұзушылықтарды жасауға эәне оларды бүркемелеуге мүмкіндік берген жайларды анықтауға;

- зерттеу жүргізу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға.

Сарапшы мыналарға құқылы емес:

  • кеден зертханасының (құрылымдық бөлімшесінің) басшылығы жазбаша нұсқау бермейінше сараптама жүргізуге кірісуге;
  • сараптаманы белгілеу туралы тапсырмада (қаулыда, ұйғарымда) көрсетілмеген және зерттеу объектілері болып табылмайтын тауарларды, сынамаларды, үлгілерді, іс материалдарын зерттеуге;
  • өзіне заңды түрде берілмеген мәліметтерді өз бетінше жинауға және пайдалануға;
  • тұлғалар әрекетінің құқықтық бағалануына жататын мәселелерді, сондай – ақ құзыреттілік шегінен тысқары басқа да мәселелерді шешуге;
  • өзі қызметте тұрған (тұратын) мекеменің,кәсіпорынның, ұйымның құжаттарын зерттеуге байланысты іске маман ретінде қатысуға, ревизия жүргізуге, тауарлардың сынамаларын, үлгілерін алуға немесе инвентаризация жүргізуге қатысуға. Кеден зертханасының қзыметкері маман ретінде қылмыстық іс бойынша және кеден ережелерінің бұзылуы туралы іс бойынша процессуалдық әрекетке, сондай – ақ тауардың сынамалары мен үлгілерін алуға қатысатын болса, оны сарапшы ретінде жұмысқа тартуға болмайды);
  • өзіне тапсырылған сараптаманы жүргізуге басқа тұлғаларды тартуға;
  • сараптама жүргізілетін тауарларды, сынамаларды, үлгілерді, құжаттарды және басқа да материалдарды қызмет бөлмесінен тыс жерде сақтауға.

   Сарапшының қорытындысы.  Қорытындыны сарапшы тек жазбаша  түрде жасап, оған (әр бетіне) қол қояды, қорытынды өндірістік зерттеулерді егжей – тегжейлі сипаттаудың, солардың нәтижесінде жасалған тұжырымдардан және алға қойылған сұрақтарға берілген тиянақты жауаптардан тұруы тиіс.

   Сарапшының қорытындысы 3 бөлімнен: кіріспеден, зерттеу бөлімінен және тұжырымнан тұрады.

   Қорытындының  кіріспе бөлімінде сараптаманың атауы, сараптама туралы мәліметтер, сараптама материалдарының түскен күні және қорытындыға қол қойылған күн, сараптама жүргізудің негіздемелері, сараптамаға келіп түскен материалдар мен зерттеудің басқа да объектілерінің атауы, істің мән – жайы және қорытынды бері үшін мәні бар мәліметтер, сараптама жүргізу орны, сарапшының шешуіне берілген сұрақтар атап көрсетіледі.

   Қайталама және  қосымша сараптама жүргізу кезінде  кіріспе бөлімде бастапқы сараптамалар  туралы мәліметтер баяндалады.

   Қорытындының  зерттеу бөлімінде зерттеу үдерісі  мен оның нәтижелері баяндалады, сондай – ақ анықталған фактілерге ғылыми түсініктеме беріледі.

   Сарапшының тұжырымы  қорытындының кіріспе бөлімінде  жазылған ретпен қойылған сұрақтардың  жауаптары түрінде баяндалады. Әрбір қойылған сұраққа тиянақты жауап беріледі немесе белгілі бір себептермен оны шешудің мүмкін еместігі көрсетіледі.

   Сарапшыға сұрақ  қойылмаған, бірақ зерттеу барысында  анықталған мән – жайлар туралы тұжырымдар қорытындының соңында жазылады. Қорытынды әрі – сәрі түсінікке жол бермейтіндей анық, нақпа – нақ тілмен жазылады.

   Қорытындыға сараптаманы  жүргізген срапшы (сарапшылар) қол қояды да кеден зертханасының мөрімен куәландырылады, содан соң кеден зертханасының (құрылымдық бөлімшесінің) басшысы оны сараптама белгіленген органға немесе жеке тұлғаға жібереді. Қорытынды мен оның қосымшасы екі дана етіп жасалады, бірінші сараптаманы белгілеген органға жібереді, ал екіншісі кеден зертханасында қалады.

   Сараптамалық  зерттеудің объектілері болған заттар мен құжаттар  (сынамалар мен үлгілерді қоса) оралған және мөрленген түрдегі тиісті белгілермен және қорытындымен (актімен) немесе қорытында беру мүмкіндігің болмауы туралы хабарламамен бірге сараптаманы белгіленген органға қайтарылуы тиіс.

 

  • Кеден сарапшысының құзыреті,білімі мен арнайы білімдері.

   Сараптама жүргізу  құқығына сараптама мекемелерінде  жұмыс істейтін және сараптамалық  қызметке арнайы рұқсаты лицензиясы  бар сарапшылар ие болады. Мұндай  куәлік алу үшін узденушінің  базалық (кеден, заң, материалтану, тауартану, өнертану және т.б.) білімі, кеден ісін және сараптаманың негіздерін білуі, сондай – ақ оның ақпараттық белсенділігі мен кәсіптік, квалиметриялық және мәдени тұрғыдағы хабарлығы болуы тиіс.

   Ақпараттық белсенділік – адамның осы заманғы ақпараттардың негізін игеруге талпынуы. Ол сарапшылыққа кандидаттың ниетіне, қабілетіне және мүмкіндіктеріне байланысты.

   Кәсіби хабардарлық  кеден ісінің даму тарихы мен  қазіргі күйіне, сондай – ақ сараптаманың белгілі бір тобына, нақты түрлерінің көлемі мен нысанына сәйкес білім көлемін қамтиды.

   Кеден сарапшысы  мына жайлардан кәсіби хабардар  болуы керек:

- сәйкестігіне сараптама  жүргізіліп жатқан ұлттық стандарттар  мен регламенттер талаптарының  мәні;

- шетелдерде кедендік сараптама қызметін жүргізудің әдістемелік, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқытық мәселелері.

   Квалиметриялық  хабардарлық – сарапшының өнім сапасын бағалаудың сандық әдістемелерімен айналысатын ғылым – квалиметрияның негіздерін білуін көздейді. Квалиметрия сандық бағалаудың негізгі әдістері мен қазіргі талдау аспаптарын, сондай – ақ сарапшының зерделенетін материалдар мен бұйымдар сапасының объективті сараптамалық бағасын табуға және қолдануға, оның ңшңнде сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын дұрыс таңдауды жүзеге асыруға және оларды бағалау шкаласын сауатты жасауға талпынысын пайдаланады.

Информация о работе Кеден субъектілері