Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 15:48, реферат
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдық қатынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет.
І. КІРІСПЕ--------------------------------------------------------------------------------3-5
ІІ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ: ЖҮЙЕСІ, ҚҰРЫЛЫМЫ----------------------------6
2.1 Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні-----------------------------6-7
2.2 Қылмыстық заңның құрылымы----------------------------------------------7-9
2.3 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші------------------------------------9-14
ІІІ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ БОЙЫНША ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАР----15
Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру--------------------------------15-16
3.2 Қылмыстық заңның мезгілдегі күші------------------------------------17-20
3.3 қылмыстық заңды түсіндіру----------------------------------------------21-23
ІV. ҚОРЫТЫНДЫ------------------------------------------------------------------24-25
2) жазаның бұрын көзделген бір түрінің орнына (мысалы, бас бостандығынан айыру) жаңа заңның санкциясында басқа да неғұрлым жеңілірек жазалар енгізілсе (мысалы, бас бостандығынан айыру немесе түзеу жұмыстары немесе айыппұл);
3) көзделген жаза мерзімінің ең жоғарғы жазалау шегін азайтса (мысалы, 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырса);
4) сондай жазаның ең төменгі жазалау шегін азайтса (мысалы, 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырса);
5) негізгі жазаны өзгертпестен қосымша жазаны алып тастаса;
6) негізгі жазаны өзгерту мүмкін емес болған жағдайда қосымша жазаның түрін және мерзімін жеңілдетсе;
7) жаңа заң бойынша жазалауды алдыңғы заңмен салыстырғанда бір мезгілде күшейтсе және жеңілдетсе, онда нақты әрекет үшін неғұрлым жеңілірек жаза колданылуы мүмкін.
Бұл орайда алдыңғы заңда белгіленген жазаның ең жоғарғы шегінен, тағайындалған жазаның шегі жоғары болмауы тиіс.
Қылмыстық заңның кері күші сотталған және жазасын отеп жүрген немесе бұрынғы, қатаң норма бойынша жазасын өтеген бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.
Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшін жазасын өтеп жүрген әрекеттің жазаланатындығын женілдетсе, тағайындалған жаза жанадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегінде қысқартылуға тиіс (ҚК-тің 5-бабының екінші бөлігі).
ҚК-тің 5-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, мына жағдайда қылмыстық занның кері күші болмайды:
1) егер ол
әрекеттің қылмыстылығын
2) егер ол жауаптылықты немесе жазаны күшейтсе;
3) егер ол әрекетті жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын болса.7
Қылмыстық заңды түсіндіру
Қылмыстық заңды түсіндіру деп, сол заңды дұрыс қолдану үшін оның мазмұнын заң шығарушының еркіне сәйкес ашып көрсетуді айтамыз.
Түсіндірудің қажеттілігі тек кейбір заң мәтіндерінің анық еместігіне және толық еместігіне байланысты олардың мазмұның ашып көрсетуден ғана емес, сонымен қатар оны пайдалануда басқа заңдардан ажыратып, жігін ашып, бөліп қарастырудан туындайды.
Заңды түсіндіру заңдарды, заңнаманы дұрыс түсінуге, заңдылықты нығайтуға үлкен септігін тигізеді.
Қылмыстық заңды түсіндіру әр түрлі негіздерге байланысты бірнеше түрлерге бәлінеді. Яғни ол:
а) субъектісіне байланысты, яғни кім түсіндіретіндігіне байланысты:
— аутенпткалык, (түпнұсқалық);
— легальды (заңды, ресми);
— соттық;
— дектриналдық, (ғылыми);
ә) көлеміне байланысты, яғни қылмыстық заңның күші тарайтын әрекеттер (қатынастар) шеңберіне байланысты:
— дәлме-дәл;
— таралған (кең көлемдегі);
— шектелген (тар көлемдегі);
б) әдістеріне байланысты, яғни қалай түсіндірілетіндігіне байланысты:
— грамматикалык, (филологиялық);
— жүйелі;
— тарихи болып бөлінеді.
Аутентикалық түсіндіру — бұл заң шығарушы органның өзінін занға түсініктеме беруі. Аутентикалық түсіндірудің заңдылық күші бар және ол жалпыға бірдей.
Легальды/ресми түсіндіру — заң бойынша арнайы өзіне жүктелген осы міндетті атқаруға құзыретті органның заңға түсініктеме беруі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 72-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституцияның нормаларына ресми түсініктеме береді.
Соттық түсіндірме деп — соттың нақты бір қылмыстық істі қараудағы беретін түсіндірмесін айтамыз. Сот түсіндірмесінің нормативтік күші бар. Ол үкімнің заңды күшіне енуінен кейін сол іс бойынша міндетті болады.
Соттық түсіндірменің ерекше түрі болып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының нормативтік қаулылары табылады. Сот талқылауын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құзыретінде. Мұндай соттық түсіндірменің мысалы, Республика Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 23 сәуірдегі "Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін зандарды соттардың колдану тәжірибесі туралы" Қаулысы бола алады1.
Доктриналдық ғылыми түсіндіру — ғылыми мекемелердің, заңгер-ғалымдардың, құқық қолдану және құқық қорғау қызметкерлерінің оқулықтарда, монографияларда, ғылыми-тәжірибелік мақалаларда, баяндамаларда, дәрістерде -заңды күшіндегі қылмыстық заңдарға түсініктеме беруі.
Дәлме-дәл түсіндіру деп заңның өз мәтіні мен зан нормаларының оның мазмұнына және мәнісіне, оның сөйлем құрамына тура келетін түсіндіруді айтамыз.
Таралған (кең көлемдегі) түсіндіру — заңға дәлме-дәл түсіндіруден гөрі кең мағына беретін және осы заң нормасын кең шеңберде қолдануға негіз болатын түсіндіру болып табылады.
Шектелген (тар көлемдегі) түсіндіру — заңға өз мәтініндегі дәлме-дәл көрсетілгенінен гөрі тар мағына беретін және заң нормасының тар шеңберде қолданылуын сипаттайтын түсіндіру. Мысалы, тар көлемдегі түсіндірме, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы "Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жаршысы, 1993. №2. 25 заңдарды соттардың қолдануы туралы" Қаулысында "кісі өлтіруге оқталу қасақана ниеттен болады" деп көрсетілген'.
Грамматикалық (филиологиялық) түсіндіру — заңның мазмұнына грамматикалық анализ жасаумен қатар этимологиялық және синтаксистік ережелердің кәмегі арқылы қылмыстық заңда қолданылатын жекелеген терминдердің, сөздердің және анықтамалардың мәні мен мағынасын ашып көрсетуден тұрады.
Заңда қолданылатын терминдердің, ұғымдардын түсінігі, қылмыстық заң нормаларының өзінде де берілуі мүмкін. Мысалы, "лауазымды тұлғалардың" түсінігі ҚК-тің 307-бабының ескертуінде ашылып көрсетілген.
Заңда қолданылатын
сөздердің, ұғымдардың, терминдердің мағынасы
мен түсініктері Қазақстан
Жүйелі түсіндіру — қылмыстық заңның мазмұнын, оның. қылмыстық заң жүйесіндегі алатын орнын басқа заңдармен және мазмұны жағынан ұқсас заңдармен салыстыра отырып, ажыратуды белгілейді. Яғни, жүйелі түсіндіру осы жолдармен заңның мағынасын аша түседі. Мысалы, КК-тің 109-бабында көзделген қажетті қорғаныс шегінен шығып денсаулыққа ауыр зиян келтірудегі қылмыстық жауаптылықтың негіздерін түсіндіру үшін, осы аталған бапты ҚК-тің басқа баптарымен, яғни 66, 103-баптарымен міндетті түрде салыстыру қажет.
Тарихи түсіндіру — қылмыстық заңды қабылдауға негіз болған әлеуметтік-экономикалык, саяси жағдайларды ескере отырып, заңның мәнін, заң жобасының тарихын және заңның шығарылу себептерін анықтай отырып түсіндіруден тұрады. Қылмыстық заңды түсіндірудің барлық әдістері бір-бірімен тығыз байланысты.8
IV. ҚОРЫТЫНДЫ
«Қылмыстық заң: жүйесі, құрылымы» атты курстық жұмыстың І -тарауында «Қылмыстық заң: жүйесі, құрылымы» деп аталып, онда мынадай мәселелер қаралды: қылмыстық заң жазалау қатерімен тынып салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады.
Қылмыстық заң — қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Сот үкімі, ұйғарымы немесе қаулымы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың тек нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.
Қылмыстық заңның ережелері міндетті болып табылады. Оларды орындау немесе сақтау лауазымды адамдардың сондай-ақ барлық азаматтардың міндеті.
Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген заң шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық кодекстің Жалпы уәне Ерекше бөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап тиісті санмен нөмірленген бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады және бөліктер мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді. Сондықтан, іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар оның бөліктерін де ескеру қажет.
Құқықтық норманың құрылымы мынадай үш түрлі элементтен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция.
ҚК-тің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам ҚР ҚК бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс.
Казақстан Республикасының 1993 жылғы 13 каңтардағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" заңының 1-бабына сәйкес, Республика аумағының шегін құрғақ құрлық, су, жер қойнауы және әуе кеңістігі шегін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетін беткі қабат құрайды. Мемлекеттік шекара Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады.
ІІ-тарауында: «
Қылмыстық заң бойынша
ҚК-тің 4-бабында әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығының сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленетіндігі көрсетілген.
Осы ережелерді басшылыққа ала отырып қылмыстық заңның мезгілдегі күші кезіндегі әрекеттін ғана қылмыстылығын және жазаланатынғын анықтауға болады.
Іске асырылудағы,
күшіндегі заң деп өзінің күшіне
енген және белгіленген тәртіп бойынша
өз күшін жоғалтпаған заң
Республиканың заң және езге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен және Парламент пен оның палаталарының регламенттерімен реттеледі. Мұндай арнаулы заң Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңы9 болып табылады.
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ағыбаев А.Н. /Қылмыстық құқық, жалпы бөлім/ Алматы – 2001 ж.
Звечаровский И.Э. // Уголовная ответственность. Москва - 1995 г.
Наумов А.В. // Қылмыстық құқығы/ Астана – 2001 ж.
Звечаровский И.Э. // Уголовная ответственность. Москва - 1995 г.
Қазақстан
Республикасының қылмыстық
Лейкина Н.С. // Личность преступника и уголоная ответственность
М. 1995 г
Наумов А.В. //Осы заманғы қылмыстық құқықтың негізгі тұжырымдамалары. Алматы – 1999 ж.
Нормативтік –құқықтық актілер
Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1998
1959 жылы 22 шілдеде
қабылданған Қазақ КСР
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік /А-2001
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж
Қазақстан Республикасының қылмыстық – атқару құқығы /Алматы-2002
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1998
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік /Алматы-2001
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік /Алматы-2001
4 Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1998
1959 жылы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексі
Ағыбаев А.Н. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі Ерекше бөлімі
5 Алауханов Е.Қылмыстық құқық//Ерекше бөлім, Алматы - 2005
6 6 Алауханов Е.Қылмыстық құқық//Ерекше бөлім, Алматы - 2005
7 Наумов А.В. // Қылмыстық құқығы/ Астана – 2001 ж.
8 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының нормативтік қаулылары
9 Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңы