Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 10:40, доклад
жұмыс және демалыс уақыты
Жұмыс уақыты
Жұмыс уақыты – бұл
жұмысшының жұмыс берушінің актілеріне
және еңбек келісім-шартына сәйкес
қызметтік міндеттерін
Жұмыс уақытының ұзақтығы:
қалыпты (аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс)
ртылған
толық емес
Жұмыс уақытына мыналар жатады:
дайындалу-қорытынды жұмыстар (тапсырма алу, материалдар, құралдар, техникалармен, құжатамамен танысу, жұмыс орнын дайындау және тазалау, дайын өнімді өткізу және басқалары)
технология, еңбек ұйымы, еңбекті нормалау және қорғау ережелерінде қарастырылған үзілістер, жұмыс орнындағы немесе жұмысшының өз уақытын дұрыс қалыптастыра алмағандағы күту уақыттары, мейрам және демалыс күндеріндегі кезекшілік
еңбек, ұжымдық келісім-шарт, жұмыс берушінің актілерімен немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен анықталған үйде кезекшілік ету және бюасқа да кезеңдер
Жұмыс уақытын қысқарту төмендегі тұлғалар үшін бекітіледі:
он сегіз жасқа жетпеген жұмысшылар
ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайындағы қызметкерлерге
бірінші және екінші
топтағы мүгедектерге
Толық емес жұмыс уақыты:
толық емес жұмыс күні
толық емес жұмыс аптасы
күнделікті жұмыс уақытының нормасын бір мезгілде азайту (жұмыс ауысымы) және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерін қысқарту
Назар аударыңыз!
Толық емес жұмыс уақытымен жұмыс істеген қызметкердің жыл сайынғы еңбек демалысы төлемінің шектелуіне әсер етпейді.
Жұмыс аптасының түрлері:
Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы
Бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасы
Күнделікті жұмыс уақыты (жұмыс ауысымы):
Бес күндік жұмыс аптасы кезінде – 40 сағаттық апталық норма бойынша 8 сағаттан аспауы тиіс, 36 сағаттық апталық норма кезінде 7 сағат 12 минуттан және 24 сағаттық апталық норма кезінде 5 сағаттан аспауы тиіс
Алты күндік жұмыс аптасында – 40сағаттық апталық норма кезінде 7 сағаттан, 36 сағат апталық нормада 6 сағаттан және 24 сағат аптаоық норма кезінде 4 сағаттан аспауы тиіс
өнер және мәдени саланың кәсіби ұйымның шығармашылықпен айналысатын қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне, спортсмендер, жаттықтырушыларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, жұмыс берушінің актілерімен, ұжымдық және еңбек келісім-шарттарға сәйкес басқа жұмыс уақыты бекітіледі
Түнгі уақыт сағат 22.00 -06.00 аралығы болып саналады.
Үстеме жұмыстар:
әрбір жұмысшы үшін тәулігіне екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, қауіпті (аса қауіпті) және зиянды жұмыстарды атқаратын қызметкерлерге тәулігіне бір сағаттан аспауы тиіс
айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауы тиіс
Үстеме жұмысқа жұмылдыру тек жұмысшынының жазбаша келісуі арқылы, басқа жағдайда Еңбек Кодексі бойынша жүзеге асырылады.
Жұмысшының келісімінсіз үстеме жұмыс мына жағдайда беріледі:
елдің қорғанысына қажетті жұмыстарды өндіруде, сонымен қатар төтенше жағдайлар, табиғи апаттар мен өндірістік апаттардың алдын алуға немесе оларды жоюға байланысты жұмыстар кезінде
суқұбырлары, газқұбырлары, жылуқұбырлары, энергияқұбырлары мен басқа да жүйелердің қалыпты қызметін бұзатын басқа жағдайларға жол бермеу
ауысымдағы қызметкер келмеген жағдайда, егер жұмыс міндетті түрде адам ауыстыру арқылы үзіліссіз жүруді талап етсе жұмысты жалғастыу кезінде
Үстеме жұмысқа мыналар жатпайды:
жүкті әйелдер
он сегіз жасқа толмаған қызметкер
Жұмыс уақытына мыналар кіреді:
күнделікті жұмыс уақыты (жұмысшының өтеген және өтелмеген уақыттары кіреді)
үстеме жұмыстар, түнгі уақыттағы жұмыстар, демалыс күндері, мейрам күндері, іссапарлар
төленетін және төленбейтін уақыттар, сонымен қатар жұмысшының немесе жұмыс берушінің кесірінен жұмыс уақытынан айырылу
жұмыс уақытында жұмысшыны басқа орында қызметке жұмылдыру, сол уақыт мерзімін бекітілген еңбек келісім-шартына сәйкес есеп құжаттарына толық жұмыс уақыты ретінде белгілеу