Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 17:55, реферат
Интеграциялық үрдістердің дамуы халықаралық тауар және оларды өндіру факторларының қозғалысының өсуінен туындаған заңды құбылыс болып табылады. Интеграциялық үрдістің дамуы мемлекеттер арасындағы сенімді өндіріс байланыстарын құруды және өндіріс факторларының қозғалысы мен халықаралық саудаға кедергі жасайтын жағдайларды жоюды талап етті. Мұны тек қана көпжақты саяси келісімдер негізіндегі мемлекетаралық интеграциялық бірлестіктер шеңберінде жүзеге асыру мүмкін болды.
ЖОСПАР
Кіріспе
1. Еуро Одақ – қазіргі замандағы маңызды интеграциялық үрдіс
1.1 Еуро Одақ - халықаралық саяси және экономикалық бірлестік
1.2. Жаңа еуропалық валюта – еуроны енгізудің алғышарттары
2. Бірегей еуропалық валютаны енгізудің кезеңдері
2.1. Еуро және оны енгізу кезеңдері
2.2. Әлемдік экономикадағы еуроның рөлі және маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жаңа стратегиялық
2.2.
Әлемдік экономикадағы
еуроның рөлі және
маңызы
Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі — Халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды буындарының бірі. Халықаралық қаржы-қаражат қатынастары халықаралық нарық жүйесінің үш ірі құрылымының өзара әрекетінен туындайды. Олар валюталық, несиелік және инвестициялық (қаражат жұмсау) жүйелері болып табылады. Келесі кезекте - халықаралық валюталық қатынастар — халықаралық экономикалық қатынастардың ең елеулі және қажетті саласы. Ол әлемдік экономикалық байланыстарда валютаның қызмет етуін, дүниежүзілік шаруашылық салаларының өнімдерінің айырбасын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Халықаралық валюталық қатынастар туралы айтпас бұрын валюта ұғымын, олардың түрлерін ажырату қажет. Әр елдің ұлттық ақша бірлігі бар екені түсінікті. Түрлі себептермен ақша бірлігі ұлттық шекараның сыртына шықса, ол жаңа сапаға ие болады, яғни валютаға айналады. Қолданылу аясына қарай валютаның бірнеше түрін ажыратады.
Әлемдік қаржы жүйесінде
Ұлттық валюта — әр елдің ұлттық ақша бірлігі; алтын, күміс және қағаз ақша түрінде қолданылады. Ең көп қолданысқа түсетіні — қағаз ақшалары. XX ғасырдың 80-жылдарында Батыс Еуропада аймақтық еуропалық валюталық жүйе қалыптасты. Оның ақша бірлігі болып экю қабылданды. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропа Одағының ортақ валютасы — еуро енгізілді.
Әлемдік валюталық жүйе ұлттық және аймақтық валюталар жүйесінің қарқынды дамуы нәтижесінде қалыптасты. Қазіргі кезде жасалатын операциялар төлемі бойынша үш орталық — Лондон, Нью-Йорк, Токио ерекше айқындалады. Сонымен қатар Еуропадағы аса ірі әлемдік нарық орталықтары ретінде Майндағы Франкфурт, Цюрих, Париж, Брюссель, ал Азиядан Сингапур мен Гонконг аталады. Әлемдік валюта жүйесінің дамуы 1968 жылы ортақ есеп бірлігі бар Халықаралық валюта қорының құрылуына негіз болды. Оның қоржынындағы АҚШ долларының үлесі шамамен 42%-ға, жапон иенасы 13%-ға, Батыс Еуропалық түрлі валюталар жиынтығы 43%-ға жетеді.
Халықаралық инвестиция нарығында еуронарықтың үлесі күннен-күнге артып келеді. Алғашында еуронарық XX ғасырдың 50-жылдарында Еуропа жерінде пайда болып, қазіргі танда бүкіл дүниежүзін қамтып отыр. Бірақ жетекші орын әлі де Еуропа еншісінде. Оның ең ірі орталығы — Лондон. Оның үлесіне еуропалық қаржының 1/5-і келеді. Бұл көрсеткішке мүмкіндігі жағынан Жапония мен АҚШ жақындайды. Әсіресе Токио мен Нью-Йоркте орналаскан ішкі офф-шорлық орталықтар күшеюде. Нью-Йорктегі бұл орталық 1981 жылы, ал Токиода 1985 жылы ашылды. Офф-шорлық орталықтағы барлық қаражат шаралары дүниежүзінің кез келген бөлігінде, сол елдің банк және салық жүйесі бақылауынан тыс, ел экономикасынан тәуелсіз, дербес жағдайда жүргізіледі. Еуропа, Жапония, АҚШ-тан кейінгі ірі қаражат орталықтарына — Сингапур мен Сянган, сондай-ақ Кариб теңізі аймағындағы елдер: Багам және Кайман аралдары, Панама жатады.
Еуро валютасы аймағы елдерінде экономикалық өсім байқалуы мүмкін деген сарапшылардың болжамы бар.
Еуропалық Комиссияның соңғы болжамдарына сәйкес, еуро валютасы аймағы елдерінде экономикалық өсім байқалуы мүмкін. Дегенмен, бұл баяу үрдіс болмақ. Сол себепті Еуропада құлдырау басталмайды және еуро өміршең валюта болып қалады.
Бүгінде Австралияда жүрген Еуропалық
Коммиссия төрағасы Жозе Мануэль Барраозу
осындай пікірде. Оның айтуынша, Еуропалық
Комисся мен Еуропалық Одаққа мүше елдердің
ұлттық үкіметтері, еуро аймағы елдеріндегі
дағдарысты жою үшін бар күшін салуда.
Баррозудың байламдары «Стэндард энд
Пурз» рейтингтік агенттігінің ескертуі
жарияланған соң айтылып отыр. Агенттік
еуро аймағы елдерінде құлдыраудың басталуы
туралы ескерткен болатын. Еуропалық Одақтың
соңғы деректеріне сәйкес, еуро аймағының
жалпы экономикалық өсімі сәуірден бастап
маусымның соңына дейін 0,2 пайызға дейін
баяулаған. Осы жылда бұл баяулау 0,8 пайыз
үстінде болған еді.
Қорытынды
Қазіргі таңда Еуро Одақ әлемдік аренада жоғары дамыған аса алпауыт одақ. Оның осы белеске жетудегі ұстанған саясаты қандай және дамудың принціптері мен әдістері қандай соны білу. Еуро Одақ валюталық одаққа басшы бола отырып одан әрі өркендеп дамуда, әрі тұрақтылық тепе-теңдігін ұстануда.
Коммуникация, көлік, кен өндіру, өңдеуші, химия, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, жоғары технологиялы өнімдер, тамақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, туризм саласындағы ынтымақтастық басым болып табылады. Осы секторлардың бәрінде дерлік іс жүзінде Еуро Одақ жетекші орын алғандығы даусыз. Олардың қажетті технологиялары, құралдары, тәжирибесі және басқарудың жаңаша әдістері бар. Байланыс, коммуникациясы және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың келешегі аса зор. Мұндай технологиялардың Еуро Одақта және әлемнің басқа да елдерінде жедел дамуы жағдайында орташа мерзімді келешекте мемлекеттің әл- ауқаты, ұлттық экономиканың жұмыс істеуі, коммуникациялардың жаңа түрлерінің дамуы, ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолданбалы пайдалану деңгейімен айқындалады. Халықтың әлеуметтік әл- ауқатының деңгейі компютерлік-коммуникацияларлық сауаттылыққа тікелей тәуелді болмақ.
Еуро
Одақ Еуропа елдерінің экономикасын
көтеруде басқа дамыған елдерге қарағанда
едәуір алда. Еуро Одақтың әлем нарығындағы
орыны өте жоғары, ақша бірлігі - еуро құнының
құндылығы да көп елдер арасында жоғары,
көптеген экспорттық импорттық операциялар
осы валюта негізінде жүргізіледі. Еуро
Одақ ұстанған саясат өзінің ішкі құпиялылығымен
де ерекшелінеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер