Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 09:33, сочинение
11 қыркүйек оқиғасы және әл-Қайде мен терроризм тақырыптары Америкаға Үлкен Таяу Шығыс жоспарын іске асыру үшін жақсы мұрсат туғызды. Ақ Үй басшылары алғашында бұл жоспарды іске асыру үшін халықаралық ортаны өз мақсаттарына жету үшін әзірлеуі керек еді.
- Терроризммен әлемдік күресу үшін Америка негізі болатын әлемдік жиын құру;
Ресей Сыртқы істер министрлігі Жаңа шақырулар мен қатерлер мәселелері жөніндегі департаменттің директоры Илья Рогачевтің айтуынша, соңғы жылдары лаңкестікпен күрес біршама жандана түсті. Бүгінде ол өз нәтижесін бере бастады. Лаңкестіктің алдын алу оңай емес, ол үшін бұл мәселені көп болып қарастырған жөн. Бұл орайда ЕҚЫҰ-ның әлеуеті мен мүмкіндігі зор. “ЕҚЫҰ “қырғи-қабақ” соғыстан кейін өзінің орнын қарастырып жүргені жасырын емес. Өйткені, бұл проблемалар ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің барлығына ортақ”. Илья Рогачев, сондай-ақ Қазақстанның Ұйымға төрағалығы кезінде жүзеге асырған іс-шараларына жоғары баға берді.
Осы мақаласымен Қаддафи саясат алаңында өзін жоғары деңгейдегі саясаткер екенін көрсетті. Бұл мақала 2001 жылғы 11 қыркүйекте болған оқиғадан кейін Либиялық басылымдарда жарық көрді. Кейін осы мақаланың ықшамдалған түрі 2002 жылдың 15-16 қаңтарында «Правда» газетінің №4 санында және «Азия и Африка сегодня» журналының 2002 жылғы №3 санында жарық көрді. Енді осының қазақша мазмұнын ұсынып отырмын.
Қазіргі терроризммен байланысты әлемдік дағдарысты сөз еткенде екі кезеңді айыра білу керек. Бірінші кезең – АҚШ-қа – саяси астанасы Вашингтон мен экономикалық астанасы – Нью-Йоркке қарсы шабуыл.
Бұл жаман, қасақана, жамандық ниеттегі акциясы өте жақсы жоспарланып ұйымдастырылған, бір шоуға ұқсайды.
Екінші кезең – терроризмнің жалпы проблемасы.
Бірінші кезеңге
қатысты айтатын болсақ, АҚШ-қа қарсы
акция оларға оятып іске асыратындардың
себептеріне тәуелдігіне
АҚШ – басқа жақтын көмегінсіз қорғана алатын өзіне-өзі жеткілікті ел. АҚШ-қа қатысты және өздері шеше алатын мәселелерге көмекке дайындығын көрсету ол екіжүзділік болар еді.
Жалпы терроризмге қатысты екінші кезеңге келсек, ол тек АҚШ-қа қатысты емес, ол бүкіл дүниежүзіне қатысты. Мұнда халықаралық ынтымақтастық керек, терроризммен күресті АҚШ жалғыз атқара алмайды және осы күресті АҚШ-қа беру қисынсыз, жөнсіз және пайдасыз болар еді. Өкінішке орай, бұл сұрақ төңірегінде былық, хаос пен түсініспеушілік шықты. Екіжүзділер айтты, бұл күрестен ынтымақтастық – АҚШ-тың атқаратын қызметі деді, бірақ ол олай емес еді.
Терроризммен күрес – 11 қыркүйекте болған соққыға тәуелді бола ма жоқ па, ол біз үшін ортақ өзіндік қорғану. АҚШ терроризмге қарсы күресушілерге рахмет айтпасын, себебі бұл күрес өзіміз үшін, АҚШ үшін емес. Біздің арамызда террорды жақсы көретін адам бар ма? Араларыңдағы кім өзінің, баласының, халқының террор үстемдік еткен әлемде өмір кешкісі келеді? Бұл өте қасірет болар еді.
Әлем танытқан екіжүзділіктің ең жоғарғы сатысы ауқымды көлемдегі шиеленіске әкелді. Біз АҚШ-ты қорғап жатырмыз ба, әлде оларға 11 қыркүйекте соққы бергендерден кек алу үшін жүрміз бе немесе біз терроризмге қарсы күреске халықаралық жоспарды бекіту үшін жүрміз бе, ал егер осымен бітіреміз бе түсінбеушілік пайда болды.
Екіжүзділердің
тырысып баққаны, қорқыныш пен ашкөздік
– міне осыған әкелді қазіргі шиеленіс.
Терроризмге қарсы күресте
Бірақ біз қазіргі таңда аса көзіміз ашық және адал болуымыз керек. Кім АҚШ-мен ынтымақтастық пен біріккен одаққа кіріп олардың жауларына жауапты соққыны беру үшін келсе, онда оны ашық түрде жасасын. Бір-бірімен одаққа кіре отыра көмектесу бұл тарихтағы бірінші оқиға емес және соңғысы да болмайды. Әрбір мемлекет өз таңдауында ерікке ие – АҚШ-мен Ауғанстанға немесе Усама бен Ладенге қарсы күресу.
Терроризмге қарсы күрес шындығында халықаралық ынтымақтастықты, ұзақ уақытты және жаңа саясатты қажет етеді. Терроризм – қиыры жоқ теңіз, және біз өзімізді олардың түбіне жетеміз деп алдамауымыз, ойламауымыз керек. Бұл ауыр сұрақ.
Мәселен, терроризм деген не? Мұнда міндетте түрде бізде әр түрлі түсінік пайда болады. Егер біз халықаралық дәрежеде еркін, мөлдірлікпен терроризм дегенді талқыласақ, сонда біз терроризмнен тәуелсіз жаңа әлемді құра аламыз. Себебі белгілі: менің қатынасымдағы терроризм сен үшін жақсы іс болып шығады, егер мен сенің жауың болсам. Міне сізге мысал.
Либиялық бір жас адам Пешаварда жаттығудан өтті, кейін Ауғанстанда жұмыс жасады. Ағылшын арнайы қызметтері оған Қаддафиға қастандық жасауды бұйырады, оның себебі осы есеп арқылы революцияны жою болып табылады. Либия Локерби ісіндегі кінәлілерді АҚШ-қа немесе Англияға тізе бүге отыра оларды береді. Террорист әлем жұртшылығы алдында террорлық акт жасады. Бірақ Құдай бомбаға жарылуға мүмкіндік бермеді, дегенмен оның оталдырғышы жанып жатты. Бұл ғажайып оқиға болды. Ол жарылғанда – трибунада тұрған көптеген қонақтар, адамдар балаларымен шейіт болар еді.
Террорист мойындады, британдық барлау офицері де мойындады. Бұл Ауғанстаннан келгендермен террористік акция британ барлау қызметімен жоспарланып ұйымдастырылған. Сонымен, мені Британияның жауы деп санағандықтан, олар маған қарсы мен олай ойламайтындай террористік акт ұйымдастырады. Мен өзімді Британияның, немесе манағы жас ауған-либиялықты жау деп санамаймын. Мен өзімді террордың құрбаны санаймын және маған қарсы әділетсіздік жасалды.
Терроризм – нақты факт және шындық. Және ең қауіптісі – осымен айналысатын адамдардың ақталғаны. Бірақ, егер Солтүстік Ирландияның мәселесі барлық жағынан қанағаттандырылғанда, Британия санайтындай ирландық озбырлық, террор, Ирландық Республикалық Армия санайтындай әділетті және заңды күрес болмас еді. Егер Палестина мәселесі осындай жолмен шешілгенде, онда израильдіктер санайтындай палестиндік террор немесе палестиндіктер санайтындай заңды күрес болмас еді. АҚШ-пен арабтар арасында мүлдем жаугершілік болмас еді.
Дегенмен мұндай көріністерімен терроризм өшірілмейді. Басқа да мәселелермен басқа да зорлықпен, террормен айналысатын Ирландия мен Палестинадан алыс жатқан мекендерде, мысалы, Филиппинде, Шешенстанда, Кашмирде, Тибетте, Басковтар елінде, Корсикада, Шри-Ланка және т.б. басқа жерлерде топтар бар. Шешенстанда болып жатқан жағдайды Ресей, АҚШ және Сауд Аравиясы қалай анықтайды? Ресей оны террор деп санап, өз мемлекеттілігінің территориялық тұтастығына жасалған қастандық деп қабылдайды. Ал Америка болса, Ресейдің Шешенстандағы әрекетін адам құқығын бұзатын өзін-өзі билеу құқығына қарсы әрекет деп қабылдайды. Сауд Аравия мешіттерінде бұны қасиетті соғыс (джихад) деп қабылдап, оған жеңіс тілейді. Мен мұны Ресей мұсылмандарына жасалған оңашалап, ядролық держава азаматтығынан айырып, орыс азаматтары секілді мұсылмандар да бір кездері жоғарғы мансапты орындарды алуға және мемлекет басқару ісінде қатысу процесіне қарсы жасалған қастандық деп ойлаймын. Ешқандай әсері жоқ қортық мемлекет құру арқылы оларды Ресейден аластату ол мұсылмандарды мұндай мүмкіндіктерден айыру деген. Босния мұсылмандарымен осылай болды, олардың мемлекеті Босния және Герцеговинеде олардың саны аз болды. Бұрын олар Югославияның азаматтары болатын, және келешек Югославияның азаматы ретінде мұсылман Джемал Биедич елде Б.Титодан кейінгі екінші адам болып Югославия үкіметінің төрағасы болды. Енді мұндай орынды мұсылмандар Боснияда ие бола алмайды. Боснияның бөлектенуі мұсылмандар үшін қастандық пен апат болды. Шешенстандағы жағдай да осындай.
Алайда біз осы аймақтағы мәселені шеше алатындай болжам жасасақ, онда зорлық пен террорды тәжірибеден өткізуші топтар Солтүстік және Оңтүстік Америка, Европа және Жапонияда бар. Енді біз топтармен күресте жеңдік делік, сонымен қатар есірткімен айналысатын мафиоздық бандылар, жалған ақша жасаушылар (қазіргі кезде айналымда 500 млрд. АҚШ доллары бар), арам ақша алумен айналысатын қаскүнемдер бандылары, заңсыз қару-жарақ сатушылар, балаларды, әйелдерді ұрлау тағы қалады. Олардың артынан Сиэтл және т.б. қалалардағы қарсылық білдіруші массасы, өз жұмысынан айрылған жұмыссыздар, кедейшілік, демографиялық жарылыс, эмиграция, азшылық, этникааралық және діниаралық күрестер, бүлікшіл ғалымдар, хакерлер, электронды биологиялық вирустардың соғысы және т.б. жалғастыра әкетеді.
Егер Пешаварда әскери дайындықтан өткен, және Ауғанстанға өткен бен Ладенмен бірге жүрген жас адамдарға болжам жасасақ, содан соң дүниенің төрт бұрышына кеткен «Аль-Каида» ұйымының мүшесі болып табылады, онда жілікті майлы басты адамдары да Британиядан қоныс тепкен болар. Егер әлем терроризмге қарсы күресте ынтымақтасатын болса, онда біз оған дәлелді келтіре аламыз. Дегенмен, шынымен де террористер базасына пана болған мемлекеттерге соққы беріле ме? Мен олай ойламаймын, бірақ айта аламын: біз террористер пана болған елдермен осылай жасаймыз, тек Британиядан басқа!
Жоқ, бірінші кезекте – бірақ Британия, себебі онда жауынгерлердің жілікті майлы бөлігі орналасқан. Біз бірнеше қызметте отырған Британияның жұмысшыларының рухани көсемі Тони Бэннің айтқанын, және де соның қатарында Лейбористік партияның: «Егер Америка өзінің Америкасындағы еврейлерден қорыққандықтан израильдіктерді қолдайтын болса, онда біз де Британияда террористер жағына шығамыз, себебі Британиядағы жеті миллион мұсылмандардан қорқамыз, олардың көп бөлігі британ азаматтары». Тони Бэнн айтпағанды бізге британ баулау қызметінің басшысы жеткізді. Себебі араб мемлекеттері өздері жайлы айтты: неге біз британдықтардың өздерінен АҚШ-қа үлкен одақтас болмаймыз ба? Бастапқыда Америка Британиямен не істейтінін көреміз…
Егер біз екі стандартты саясатты қолданатын болсақ, онда таразы салмағы бір жаққа ауады; терроризмге қарсы халықаралық келісімнің берекесі қашады, және біз оларға қарсы шайқаста жеңілеміз.
Өзін-өзі қорғаудағы АҚШ құқығы мен біздің жалпы терроризмге күрес құқымызбен араластыру, бен Ладен мен талибтерді, исламмен терроризмді теңдестіру интернациональдық әрекеттің құлдырауына әкеліп соғады. Терроризмге қарсы күресте өзін-өзі қорғауда АҚШ-ң құқығы төңірегінде жасалған қадамдардағы асығыстық бұл күрестің мәнін қашырады, және терроризмнің пайда болу салдарын анықтауда жалпы бағдарламаны іске асыруға және АҚШ жауы ретінде ғана емес, жалпы жау ретінде оған күресте кедергі болады. Мен американ үкіметіне интернциональдық жауапкершілікпен өзінің халқының алдында өзінің ұлттық жауапкершілігін араластыру тиімсіз деп ойлаймын. Және мұндағы қателік осы ахуалға сай келмейтін, және басқа жағдайдағы шығанақтағы («Шөлдегі дауыл») соғысты клондау әрекетін іске асыруға талпыныстан болып отыр.
Егер шығанақтағы екінші соғыс деп аталатын уақытты қайталағанда, онда бұл қателік болып табылар еді. Сол кезде бір мемлекет екінші мемлекетті оккупациялады. Кувейт Ирактан қорғану үшін әлемнен және АҚШ-тан көмек сұрады. Бұл жердегі сұрақ тек АҚШ-қа қатысты емес, әлемге қатысты болғандықтан, әлемді саналы, саяси түрде, және БҰҰ – ресми, халықаралық-құқықтың жағынан тартуға болар еді.
Ендігі іс басқа – 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-қа қарсы шабуыл берілді, және олардың бұл іске жауап беруге күші жетеді. Бірақ терроризмге қарсы күрес – бұл барша әлемге ортақ іс. Сұрақ туады: біз арабтар, біз мұсылмандар, сонда исламға қарсымыз ба? Кім бен Ладенге қарсы болса, исламға қарсы болғаны ма? Жоқ, бәрі емес, кім бен Ладенге немесе «Аль-Каида» ұйымына қарсы болғандар, исламға қарсы шығады. Бәрі емес, кім талибтерге қарсы болса, исламға қарсы тұрады. Біз бен Ладенге қарсы емеспіз, және ауған қозғалысының бір отряды «студенттер қозғалысына» да («Талибан») қарсы емеспіз. Біз осы аймақта пайда болған еретиктер қозғалысына қарсы тұрамыз, еретиктер өз кезінде шыншыл Халифалық әділетті болған Төрт Халифаның үшеуін: Омар, Осман және Әлиді өлтірген. Біз елімізден құпия түрде кеткен Ауғанстанда Кеңес Одағына қарсы жалдамашы болып соғысқан топтың құрбаны болдық. Айтпақшы, сол кезде Кеңес әскері Мәскеуге адал ауған үкіметінің өтінішімен кірген болатын. Дәл осылай аймаққа қазіргі кезде шетел әскерлері осы мемлекет үкіметінің өтінішімен кірген болатын.
Кейін жалдамалылар бұзақылықпен жауыздықты тудыра, өз жолындағылардың барлығын өлтіріп, сонымен қатар балалар мен әйелдердің мәйітінің үстінен мазақ ете келді. Олар өз әрекеттерін исламды бұзатын шақырулармен қоса әкелді. Олар күпірлік құйынын, құдайсыздықты, бұзықтықты, жаман қылықтарды, басқаларды имансыздыққа жала жабуды таратқысы келді. Және осының бәрі анықталмаған мақсатқа, теориясыз, белгісіздікке келтіретін екпінді, ашынған қозғалыс үшін болатын. Оларда тек бір ғана ниет – өлтіру және өлтіру, мәйіттер үстінен санасыз келемеждеу. Өздері ештенені түсінбей, мәнсіз сөздермен былапыттады.
Олар бізге қарсы соғысқандықтан, біздер де осындай адамдарға қарсымыз және олармен соғысамыз. Бірақ біздің дәлеліміз күштірек, себебі біз өркениетті қоғамды қорғаймыз, дінімізді олардың күпірлігінен, бұзықтықтан, арандатушылықтан қорғаймыз. Бұл керекті, заңды өзін-өзі қорғану. Бізге жаңа Халифатты қабылдау тиімсіз және оларға барша күшті жұмылдыра күресеміз. Біз енді жаңа Халифтың алдында басымызды имейміз, ол Аллахтың атымен билеймін дейді, бірақ іске келгенде Аллах оған мұны бұйырмаған еді. Біз енді Халифтің Аллахтың атынан билейді дегенде сенетін аңқау емеспіз.
Бұндай қармаққа аңқау адамдар ғана іліккен, сонымен қатар мейірімділер де. Олар моджаедттер болып жалдамалылар ретінде шайқасты. Сиқыршылық Сиқыршыға қарсы оралды. Енді қармаққа жеңіл қолданылатын адасқан қызмет етушілер түседі. Кейін бұдан көңілдері қалған кезде олар өз елдеріне және дәл сол Америкаға қайтадан террормен, ессіздікпен алғашқы топтар секілді болып қайта оралады. Және сол уақытты біз бір кездері өзіміз еккен тікенекті басамыз.
Информация о работе Басқыншылық соғыс және жаңа үлгідегі Таяу Шығыс